Ауа райы
Мерекелер

Даналы Жұмашұлы ЕРАЛИЕВДаналы Жұмашұлы ЕРАЛИЕВ 21.01.1954 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.

1971 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1977 жылы «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

1977-1979 жылдары Қызылорда облыстық ауруханасында неврология саласы бойынша интернатурадан өтті

1982-2002 жылдар аралығында облыстық психоневрологиялық ауруханада дәрігер-ординатор, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.

1992 жылдан бастап Қызылорда облыстық әлеуметтік қорғау басқармасында мамандандырылған дәрігерлік-еңбек сараптау бөлімінің төрағасы.

2002 жылдан осы күнге дейін ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде мамандандырылған медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімінің басшысы.

2008 жылы ҚР президенті Н.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес «Астананың 10 жылдығы» медалімен; 2014 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен; Қызылорда облысы әкімінің; ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің; Қызылорда облыстық Кәсіподақ Комитетінің «Алғыс хаттарымен» бірнеше рет марапатталған.

Отбасылы, 3 бала, 4 немере тәрбиелеп отырған үлгілі жанұя.

Ұлы Ермек - Қорқыт ата университетінің "Құқықтану және экономика” факультетін және Қызылорда облысы Заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Жеке кәсіпкер.

Қызы Жаннұр - ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде бас маман. Жанұялы, бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Кенжелері Ернұр орта мектепті «Алтын белгімен» аяқтаған. Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетін «үздік» дипломымен бітірген. Бүгінде еліміздің Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Бельгия корольдігінің астанасы Брюссель қаласында атташе және сол елдегі елшіміздің көмекшісі.

Сағымбай Қарақұлұлы ҚұлсартовСағымбай Қарақұлұлы Құлсартов 1936 жылы, 26 қарашада Ақтөбе облысында дүниеге келген, ұлты - қазақ, білімі - жоғары.

1961 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» факультетін бітірген.

1961-1965 жж еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы №1 медициналық санитарлық бөлімінің хирург дәрігері ретінде бастады.

1965 жылдан бері Қызылорда облыстық денсаулық сақтау саласында хирург қызметін атқарып келеді.

1965-1982 жж Қызылорда облыстық ауруханасының хирургия бөлімшесінің хирург дәрігері, меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1982-1988 жж Қызылорда облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас хирург маманы.

1988-1993 жж Қызылорда облыстық ауруханасы бас дәрігерінің хирургиялық саласы бойынша орынбасары.

1967-1999 жж Хирургтардың облыстық қоғамының төрағасы.

1993-2001 жж Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас хирург маманы.

2001-2003жж Аталған басқарманың орталықтандырылған бухгалтерияның жинақтау-сараптау бөлімінің топ басшысы – дәрігері.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Қызылорда облыс хирургтарының ассоциясының директоры болып сайланған.

2003-2005 жж Қызылорда облыстық медициналық статистика және талдау бюросының статистик дәрігері.

2005 жылдан осы күнге дейін облыстық медицина орталығында кеңес беру диагностика бөлімшесінің хирург дәрігері қызметін атқарып келеді.

Хирургтардың Қызылорда облыстық қоғамының төрағасы болған уақытында:

-хирургия саласының дәрігерлерінің біліктілігін көтеру,

-дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін аттестациялаудан өткізу,

-облыс халқының аурушандығын төмендету жолдары,

-халық арасында медициналық білімді насихаттау жұмыстарымен айналысты.

Сонымен қатар, облыстағы емдеу алдын алу мекемелерінде және аудандық орталық ауруханаларға жоспарлы және жедел көмек көрсетіп отырды.

Сағымбай Қарақұлұлы Құлсартов  жұмыс істеген уақытта өзін тек жақсы жағынан көрсетті: білікті маман, өз ісіне аса жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарап, облыстың хирургия саласына зор үлесін қосты, ізінен ерген әріптестеріне тәжірибе бөлісуден жалықпайды.

Білімін жетілдіру мақсатында жақын шетелдердің ірі ғылыми орталықтарында дәріс алған.

Қызылорда облысының тұрғындарына жедел және жоспарлы хирургиялық көмек көрсетуді көмек көрсетуді ұйымдастырған.

Медицина саласында қызмет атқарған уақытында ғылыми мақалалары жарық көрді.

Жалпы дәрігерлік өтілі - 55 жыл.

Жоғары біліктілік санаттағы дәрігер хирург Сағымбай Қарақұлұлы Құлсартов «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, «Еңбек қызыл ту» орденімен марапатталған, «Алтын дәрігер» атағы берілген. Облыстық медицина орталығының «Құрмет кітабына» енгізілген, ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасымен, денсаулық сақтау саласының Алғыс хатымен, «Облыстық медицина орталығының дамуына қосқан үлесі» үшін медалімен, 2015 жылы ҚР Үкіметінің «Құрмет» орденімен марапатталған.

Әріптестері, науқастар және облыстың медициналық қауымы арасында сыйлы. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп өсірген. Немерелері бар.

РШЫМБЕТОВ ҚҰБЫЛ2015 жылғы «Сыр медицинасының үздгі» медалінің иегері -РШЫМБЕТОВ ҚҰБЫЛ

 

 

"Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары”

Акционерлік қоғамының филиалы –

"Қазалы теміржол ауруханасының” директоры

 

 

Ршымбетов Құбыл 1948 жылы 13 қарашада Қызылорда облысы Арал ауданы, Қасқа-Құлан ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1967 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, осы оқу орнының емдеу ісі факультетін 1973 жылы бітіріп шықты.

Осы жылы Қазақ теміржолына қарасты Жамбыл теміржол ауруханасында біржылдық интернатурадан өтті.

1974 жылы Қызылорда теміржол ауруханасына жолдамамен жұмысқа орналасты.

1974 жылдан 1977 жылға дейін осы ауруханада терапевт дәрігер болып және инфекция бөлімінде бөлім меңгеруші болып қызмет атқарды.

1977 жылдың қаңтар айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасында дәрігер терапевт, дәрігер инфекционист болып қызмет атқарды.

1979 жылы Қазалы теміржол ауруханасына бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды, 1994 жылдың тамыз айынан 1997 жылдың ақпан ай аралығынды осы аурухананың бас дәрігері қызметін атқарып келеді.

1997 жылдың ақпан айымен қыркүйек айы арасында Қазалы орталықтандырылған аудандық ауруханасының бас дәрігерінің қызметін атқарды.

1997 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері қызметін осы уақытқа дейін атқарып келеді, қазіргі қызмет атауы директор.

Бұл уақытқа дейін, теміржол ауруханасы да затына сай атын өзгертті, 2000 жылдың 17 қантардан бастап «Көліктік медицина қызметі» ААҚ басқарма төрағасының №1 бұйрығына сәйкес «Көліктік медицина қызметі» ААҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы құрылды. 2005 жылдың 25 мамырдан бастап «Көліктік медицина қызметі» АҚ басқарма төрағасының №39/17 бұйрығына сәйкес қайтадан тіркеуден өтуіне байланысты «Көліктік медицина қызметі» АҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы болып өзгертілді. 2010 жылдың 12 қантардан бастап «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ директорлар кенесінің №1 хаттамасына сәйкес «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта ұйымдастырылды.

1981 жылдан І санаттағы дәрігер терапевт.

1996 жылдан жоғарғы санаттағы дәрігер терапевт, 2006 жылы І санаттағы дәрігер ұйымдастырушы.

Төмендегідей салалар бойынша білімін жетілдірді:

Алматы қаласында 1976 жылы (жұқпалы аурулар), 1980 жылы Алматы қаласында (Гастроэнтерелогия), 1988 жылы (Рефлексотерапия)

1986 жылы Ташкент қаласында (Управления и организация лечебно профилактической помощи)

1987 жылы Қызылорда қаласында кардиология жөнінде семинар, қарқынды терапия инфаркт миокарда стенокардия, 2001 жылы Қызылорда қаласында денсаулық саласын реформалау жөнінде, 20001 жылы Қызылорда қаласында (терапия, кардиология, гастроэнтерология өзекті мәселелері)

1989 жылы Юрмола қаласында (Электропунктура)

1994 жылы Ақтөбе қаласында (сақтандыру медицинаны жоспарлау)

2001 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының "Избранные вопросы анестезиологии, реаниматологии и интенсивной терапии” және "Избранные вопросы эндокринологии, кардиологии и интенсивной терапии” тақырыбы бойынша Қызылорда қаласында өткен 1 ай көшпелі циклына қатысты.

2004 жылы Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтауының жоғарғы мектебінде "Актуальные вопросы управления стационарной помощи населению”-144 сағат тақырыбы бойынша білімін жетілдірді

2005 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының "Современные вопросы терапии”- 144 сағат тақырыбы бойынша Қызылорда қаласында өткен 1 ай көшпелі циклына қатысты.

2006 жылыАлматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтауының жоғарғы мектебінде "Актуальные вопросы управления ресурсами здравоохранения”-144 сағат тақырыбы бойынша білімін жетілдірді

01.03.-30.03.2006г. аралығында Ақтөбе ГМИФУВ "Актуальные вопросы организации медико-санитарной помощи",

2007 жылы Қызылорда РК МЗ ВШОЗ "Актуальные вопросы управления и экономики здравоохранения при реформировании системы"-144 сағат.

2009 жылы Қызылорда "Вопросы оплаты стационарной (стационарозамещающей) помощи для руководителей и специалистов в области здравоохранения"- 42 час.

01.10.-29.10.2009 жыл аралығында РГКП АГИУВ "Профилактика профессиональных заболеваний"-144 час.

с 16.11.-21.11.2009 тема "Вопросы оплаты стационарной (стационарозамещающей) помощи для руководителей и специалистов в области здравоохранения"- 42 час.,

г.Астана Национальный мед.холдинг 08.-09.09.2010г.тема "Госпиталь будущего".

Кызылорда ВШОЗ 27.09.-08.10.2010г.цинкл "Организационно-правовые и экономические основы функционирования гос.предприятий на праве хоз.ведения" (св.ПК№14708),

Учреждении ИМТ ПППЭ 01.11.-20.11.2010 тема "Профпатология (медицина труда) и организация медицинской помощи рабочим промышленных предприятий"- 162 час.

Алматы ВШОЗ 07-12.05.2012 тема "Эффективное управление государственным предприятием на праве хозяйственного ведения"- 54 сағат.

Алматы РУМЦГЗ 03-07.09.2012 повышение "В области Гражданской защиты"

Жаңа типті аурухана құрылысының толық аяқталуына, және ауруханаға қажетті медицина саласындағы озық үлгідегі аппаратуралармен жабдықталуына тікелей ықпал жасады:

2009 жылы - УЗИ, плазмаферез, лазер аппараттары, гастрофиброскоп, "Барокамера”, "Маммография”, ультрадыбысты доплерограф, Электрокардиограф «ЭК-3Т-01-«Р-Д»» «Россия», Проявочный процессор (Китай), ВС-3000 Автомат гематологиялық анализатор (Китай), ВА-88 Полуавтоматты биохимиялық анализатор (Китай), эндовидеолапаротомия аппараттары көмек көрсету үшін ішкі резервті пайдалана отырып, су мен емдейтін бөлім және медициналық аппаратурамен қамтамасыз етілді.

2010 жылы - Офтальмоскоп прямой, Эхоэнцефаллограф портативті жиынтығымен, стол операционный 3008С, Комп.суточный мониторинг ЭКГ и АД «Валента», Комплекс аппаратно программный электроэнцефалографический Мицар ЭЭГ, Стерилизатор ВК-75, Парафинонагреватель Каскад – 15, АПП ударно волновой терапии BTL-5000, АПП механотерапевт CERAGEM, Прибор д/комб физиотерапии портативный, АПП искуств вентиляции РО-6-06.

2011 жылы - Монитор пациента РМ-7000, BTL-4000COMBI – ПРИБОРД/КОМБ физиотерапии, Рефрактометр ИРФ-454Б2М, Светильник однорефлекторн передв НС-1, Светильник однорефлекторн передв НС-1, Цистоскоп универсальный ЦУ-1, Стоматологическая установка, Электроскальпель – коагулятор, Индикатор внутриглазного давления, Настольная зубтехническая бормашина, Рентгеновский диагностический комплекс, Стекло просвинцованное рентгензащитное, Стерилизатор ГП-40, Электрокардиограф многоканальный, Весы электронные В1-15 САША, Паровой стерилизатор ВК-75-01, Индикатор внутриглазного давления ИГД-02 ПРА, Ларингоскоп с 4-мя клинками взрослый. Қазалы, Арал, Қармақшы және Байқоныр халқына медициналық көмек көрсету үшін Гемодеализ бөлімі ашылып, қазіргі таңда жұмыс жасауда.

2012 жылы - Комплект деталей к компрессионно дистракционным аппаратом Г.А Илизарова для лечения переломов костей, насос инфузионный шприцовый SEP-10S, портативный аппарат ИВЛ, многосрезовый спиральный компьютерный томограф Nel Viz Dial в комплекте. Блокирующий остеосинтез, комплект гемиопротез тазобедренного сустава. ЭХО-С,ЭЭГ аппараты,физиотерапиялық кабинетке «Биоптрон» аппараты алынды.

2012 жылдан бастап Мемлекеттік тапсырыс арқылы жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек, травматология саласынан көрсетіледі, оған жауапты дәрігер травматолог-ортопед Канатов А.К. Оталар жасап аудан көлемінде науқастардың ризашылыға бөленіп келеді. 2012 жылы – 20 ота жасалып, 2013 жылға 24 ота жоспарланды. Барлық қажетті медициналық құрал жабдықтармен жабдықталған, біліктілігін жетілдірген, маман сертификаттарын алған.

2013 жылы - Аппарат УЗД лизинг негізінде алынды:

Қарқынды емдеу палатасына 3-аппарат алынды:

1) Тропанинге қан анықтауға арналған иммуноферментік анализатор,

2)Қанның 15 түрлі параметірін анықтауға арналған газдалған анализатор ,

3) ИВЛ-аппараты ,

3-электрокардиограф,аудиометр,спирометр,

УЗД аппараты алынды.

2014 жылы

1) Автоматтандырылған гематологиялық анализатор Mythic 18 жиынтығымен

2) Бинокулярлы микроскоп Микмед-5

3) Нейрохирургиялық инструменттерінің жиынтығы (88 атауы бар)

4) Окшеге « Шиатсу » әдісі бойынша массаж жасау Массажері

5) Массажер әуе-компрессиялық қол үшін

6) ылыту ауданы орташа қуатты м2 -5000 тік газды Қазан.

7) Камера дезинфекционная предназначена

8) Дезинфекциыға және дезинсекцияға арналған Дезинфекциялық камера.

 

Теміржол мекеме басшыларымен бірлесе отырып, мекемелерден сауықтыру, физиотерапиялық көмек көрсету кабинеттерін ашты. Сонымен бірге халыққа медициналық қызмет көрсету үшін, елді мекендерге алғашқы медициналық көмекті жақсарту және жақындату мақсатында 7 медициналық пункттің жұмыс жасауына ықпал жасады:

  1. Алтай медициналық пункті. Мекен жайы: (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Алтай бекеті).
  2. Ойынды медициналық пункті. Мекен жайы: (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Ойынды бекеті).
  3. Кубек медициналық пункті. Мекен жайы: (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Кубек бекеті)
  4. Майлыбаш медициналық пункті. Мекен жайы: (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майлыбаш бекеті)
  5. РЗД-99 (Қызыләскер) медициналық пункті. Мекен жайы: (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы РЗД-99 бекеті)
  6. Байқожа медициналық пункті. Мекен жайы: (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Байқожа бекеті)
  7. РЗД 101 медициналық пункті. Мекен жайы: (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы РЗД-101 бекеті)

Және Теміржолшыларға медициналық көмек көрсету, профилактикалық жұмыс жасау мақсатында «Қазақстан теміржолы» АҚ «Ұлттық компаниясы» Қызылорда магистралдық желі бөлімшесінің есебінен келісім шарт бойынша 6 рейс алдында тексеру пунктінің жұмыс жасауына ықпал жасады:

  1. Қазалы локомотив рейс алдында тексеру пункті (Әтеке би кенті, Михайлюк көшесі 31 үй ТД-23 ғимаратында).
  2. Қазалы «Қамқор вагон» ЖШС-ның «Қазалы вагон жөндеу депосы» рейс алдында тексеру пункіті (Әтеке би кенті, Михайлюк көшесі номерсіз ЖШС-ның «Қазалы вагон жөндеу депосы» ғимаратында).
  3. Сексеуіл локомотив рейс алдында тексеру пункті (Сексеуіл стансасы , Деповская көшесі 1 үй ТЧЭ-36 ғимаратында).
  4. Сексеуіл темірдол мекемелерінің рейс алдында тексеру пункті (Сексеуіл стансасы , Деповская көшесі 1 үй ТЧЭ-36 ғимаратында).
  5. Төретам локомотив рейс алдында тексеру пункті (Төретам стансасы , Жанкожа көшесі номерсіз үй вогзал ғимаратында).
  6. Арал локомотив рейс алдында тексеру пункті (Арал стансасы , ЖПривокзальная көшесі номерсіз үй №6 Эксплуатация депосының ғимаратында).

Аурухана аудандағы экологиялық жағдайға қарамастан халыққа медициналық қызметті жоғарғы деңгейде көрсетуде.

Асқазан, ішек ауруларын болдырмау, алдын алу туралы мақаласы облыстық және аудандық газеттерінде жарық көрді, аудандық радиодан әңгіме өткізді.

1987-1991 жылдары Халық депутаттары поселкелік кеңесінің депутаты болды.

2001 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.

2003-2007 жылдары Аудандық маслихатының депутаты болды.

2004 жылы Денсаулық сақтау ісінің үздігінің иегері болды.

2005 жылы "Темірдолға 100 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.

2006 жылы Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментінен "Аудан деңгейінде емдеу-диагностикалық жұмыстарына жаңа технологияларды белсенді енгізу” номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

2006 жылы Қазалы ауданының әкімінің денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізіп, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетудегі қызметі үшін "Жыл дәрігері” номинациясымен марапатталды.

2007 жылы Астана қаласында өткен "Қазақстанның провизорлармен дәрігерлердің ІІІ-съезіне” қатысты.

2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалымен наградталдым.

2011 жылы Гонконг қаласына тәжірибе алу үшін «медициналық мекемелерін басқару» мамандандырылған іскер бағдарламасына қатыстым.

2012 жылы«Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі ушін» кеуде белгісімен марапатталды.

2013 жылы Барселона қаласында Высшая школа Менеджмента в Барселоне Graduate Schoolof Managementin Barcelona мамандандырылған іскер бағдарламасына қатысты.

2013 жылы «Лучшие люди» құрмет белгісімен марапатталды.

2013 жыллғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша «Шапағат» медалімен наградталды.

2014 жылы «Мировые тенденции здравоохранения. Опыт Индии» көшпелі тәжірибиелік семинарына қатысты.

2015 жылы ҚР Президентінің сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін, ҚР Президентінің Алғысын алды.

2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды (куәлік №0034 28.05.2015 бұйрық №400)

Бірнеше рет облыстық, аудандық және мекеме мақтау қағаздарымен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жыл сайын мереке күндері «Наурыз», «Медицина қызметкерлері», «Карттар күніне» орай аурухана зейнеткерлерін мереке іс шараларына шақырып сый-сияпат беріп отырады және жағдайы төмен от басыларға жәрдем көрсетеді.

Жалпы жұмыс өтілі - 42 жыл, аурухана басшысы қызметінде - 21 жыл

Жанұялы, 5 баласы бар.

 

 

Алдакияр Махамбетжанов Алдакияр Махамбетжанов 1948 жылы 18 желтоқсанда Арал ауданы, "Жаңақұрылыс” елді мекенінде дүниеге келген. 1972 жылы Қырғызстан мемлекеттік медицина институтын "емдеу ісі” мамандығы бойынша бітірген. 1972-1973 жылдары Фрунзе қаласының №2 қалалық ауруханасында "хирургия” саласы бойынша интернатурадан өткен. 
1972 – 1973 жылдары Нарын облыстық ауруханасы, хирургиялық бөлімше дәрігері, 1973-1975 жылдары №2058 әскери бөлімнің медициналық көмек бекетінің дәрігері, 1975-2000 жылдары Арал аудандық ауруханасының перзентхана акушер-гинекологы, 2000 жылы Арал аудандық перзентхана бас дәрігері қызметтерін атқарған. 1990 жылдан бастап аурухананың перзентхана бөлімінде ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) дәрігері. Ол УДЗ бойынша жоғары санаттағы дәрігер.     
Соңғы білім жетілдірулері:
- 2010 жылы ҚР ДСМ АГ және П ҒО, Алматы, 162 сағат, "Медициналық генетиканың өзекті сұрақтары”;
- 2013 жылы, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, 108 сағат, "Ультрадыбыстық диагностика”;
Ол жүкті әйелдер мен гинекологиялық науқастарға ультрадыбыстық зерттеу, яғни визуалды сәулелік диагностика жүргізеді. 
"Тошиба-350 А Коревизион” УД жабдығында жұмыс істейді.