Ауа райы
Мерекелер

Ө М I Р Д Е Р Е К

 

Бейісов Мұхтар Бейісұлы 1957-1967 жылдары Арал қаласында Т.Г.Шевченко атындағы орта мектепті бітірген.

1968-1970 жылдары әскери борышын Чехословакия жерінде өтеді.

1970 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының педиатриялық бөлімшесіне оқуға түсіп, оны 1976 жылы бітірді.

1977-1979 жылдары Қармақшы ауданында бас бала дәрігері қызметін атқарды.

1979-1982 жылдары Қызылорда қалалық біріккен балалар ауруханасында ЛОР дәрігері;

1982-1992 жылдары облыстық Денсаулық сақтау басқармасында алғашында инспектор, одан облыстық бас бала дәрігері;

1992-1999 жылдары қалалық біріккен балалар ауруханасының бас дәрігері;

1999-2000 жылдары №4 қалалық емхананың бас дәрігері;

2000-2003 жылдары облыстық наркологиялық диспансердің бас дәрігері;

2003-2004 жылдары қалалық Денсаулық сақтау бөлiмiнiң меңгерушiсi;

2004-2015 жылдары №2 қалалық емхананың бас дәрігері қызметтерін атқарған.

2015 жылдан Қызылорда облысы медицина қызметкерлерiнiң "Сыр медицинасы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Мұхтар Бейісұлы облыстық бас балалар дәрігері қызметін атқарған жылдары балалардың науқастығы мен шетінеу көрсеткіштерінің жақсаруына көп күш салады. Облыс бойынша нәрестелерге неонатология, балалар реанимациясы салаларының дамуына ықпал жасап, сәбилердің өлімін екі есеге дейін азайтты.

Оның тікелей араласуымен облыста алғаш рет халықаралық ЮНИСЕФ бағдарламалары енгізілді.

Қалалық біріккен балалар ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеген кезінде аурухананың материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Балаларға мамандандырылған көмек көрсету бөлімшелерінің саны 3-тен 12-ге дейін көтерілді.

1997 жылы аурухана жанынан педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының облыстық бөлімі ашылды. 1998 жылы аурухана базасында Республика бала дәрігерлерінің басын қосқан "Экология және балалар” атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

№4 емханада бас дәрігер болған кезінде тозығы жеткен емханаға жаңа ғимарат алуға көмектесті.

№2 емханада Мұхтар Бейісұлының басшылығымен бұрын-соңды болмаған кабинеттер ашылды: балалар неврологы, УЗИ, маммография, кардиология, эндокринология, психология, әлеуметтік зерттеу. Дәрігерлердің саны 3 есеге, аяжандардың саны 2,5 есеге өсті. Материалдық базасы жақсарды.

Наркологиялық диспансерде бас дәрігерлік қызмет атқарған кезінде дәрігерлер саны екі есеге артты, дәрігерлердің, мейірбикелердің санаттық дәрежесін иеленуі анағұрлым өсті. Мекемедегі қолданыстағы медициналық құжаттар түгелдей қазақ тіліне көшірілді.

Диспансерде наркологиялық көмекті заман талабына сай ұйымдастыру үшін физиоте-рапевтік кабинеттер және сыр шашпай (анонимдік) емдеу, психотерапия кабинеттері ашылды.

Емделушілердің спортпен айналысуына жағдай жасау үшін екі жазғы спорт алаңы салынды.

Сырқаттарды имандылыққа баулу мақсатында "Намаз оқу” бөлмесі ашылды.

Қазақстан Республикасы педиатрларының 2, 3, 4 съездеріне қатысып, Президиум мүшесі болды. 1986 жылы педиатрлардың Бүкілодақтық 12-съезіне делегат болып қатысқан. СССР "Денсаулық сақтау ісінің үздігі” медалімен, КСРО "Денсаулық сақтау ісінің үздігі” медалімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградасы "Ерен еңбегі үшін” медалімен, Денсаулық сақтау министрлігінің "Медицина саласына қосқан үлесі үшін” медалімен, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың (2005, 2010 ж.ж.) және облыс әкімінің Алғыс хатымен екі рет, 2016 жылы Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Отбасылы, үш баласы, сегіз немересі бар.

 

 

 

 

 

А В Т О Б И О Г Р А Ф И Я

 

Беисов Мухтар Беисович с 1957 по 1967 годы учился в средней школе имени Т.Г.Шевченко в городе Аральск.

С 1968 по 1970 годы проходил военную службу в рядах Советской Армии в Чехословакии.

В 1970 году поступил в Актюбинский Государственный мединститут и в 1976 году закончил педиатрический факультет.

С 1977 по 1979 годы работал в Кармакчинском районе главным педиатром района.

С 1979 по 1982 годы - ЛОР-врач Кызылординской городской объединенной детской больницы.

С 1982 по 1992 годы работал инспектором областного управления здравоохранения, затем главным педиатром области.

С 1992 по 1999 годы работал главным врачом Кызылординской городской объединенной детской больницы.

С 1999 по 2000 годы возглавлял поликлинику №4 в поселке Тасбугет, в должности главного врача.

С 2000 по 2003 годы - главный врач областного Нароклогического диспансера.

С 2004 по 2015 годы - главный врач городской поликлиники №2.

С 2015 года председатель Кызылординского общественного объединения медицинских работников "Сыр медицинасы”.

В годы деятельности в качестве главного педиатра области свой многолетний опыт и функциональное знание посвятил своевременному выявлению больных детей, их оздоровлению, в целом снижению детской смертности по области.

Особое внимание уделял на развитие неонатальной и детской реанимационной службы в городе Кызылорда и во всех районах области.

При его непосредственном участии была впервые внедрена программа ЮНИСЕФ, которая позволила в 2 раза снизить показатель младенческой смертности.

В годы службы на раличных постах в системе здравоохранения области показал огромную организаторскую устремленность. Будучи главным врачом городской объединенной детской больницы, он укрепил материально-техническую базу больницы и увеличил количество отделений с 3-х до 12-ти. В 1997 году на базе больницы открыл филиал Научного центра педиатрии и в 1998 году на базе больницы провел Республиканскую научно-практическую конференцию "Экология и дети” с участием ведущих педиатров Казахстана.

В годы управления городской поликлиникой №4 способствовал выделению нового здания для поликлиники.

В городской поликлинике №2 под его руководством были открыты кабинеты: детский невролог, УЗИ, маммография, кардиология, эндокринология, психология, социальные исследования. Особое внимание уделялось улучшению качества медицинской помощи, повышению уровня квалификации медицинских работников. Количество врачей увеличилось в 3 раза, а медсестер в 2,5 раза. А также была значительна укреплена материально-техническая база.

В период работы главным врачом областного Наркодиспансера количество врачей увеличилось в два раза, а также возросло число медработников с 1-ой квалифицированной категорией.

Медицинская документация учреждения была полностью переведена на государственный казахский язык.

С целью улучшения качества лечебно-профилактической помощи больным, страдающим наркоманией и другими заболеваниями на базе диспансера были открыты физиотерапевтический, психотерапевтический кабинеты и кабинеты анонимного лечения и функциональной диагностики, отвечающие требованиям времени.

Была открыта комната для Намаза. А для укрепления физического состояния находящихся на стационарном лечении больных построены две спортивные площадки.

Прошел курсы "ПСМП организация и управление”, "Организация и управление здравоохранением в условиях реформирования здравоохранения”, "Избранные вопросы экспертизы качества медпомощи”, "Технология доказательной медицины в общественном здравоохранении”.

С 1998 года организатор здравоохранения высшей категории.

За огромный вклад в деле развития здравоохранения области, снижение показателей детской смертности в регионе и внедрение новых методов управления в медицине удостоен почетного звания "Отличник здравоохранения СССР”. В 2005 и 2010 году награжден "Благодарственным письмом” Президента РК Н.Назарбаева. В 2007 и 2013 году "Благодарственным письмом”, а в 2016 году "Почетной грамотой” акима области.

За эти годы трижды избирался делегатом Республиканского съезда врачей-педиатров, а в 1986 году делегатом Всесоюзного 12-съезда врачей-педиатров, который проходил в Москве.

Награжден медалью РК "Ерен еңбегі үшін”; медалью "За вклад в развитие медицины” Министерством здравоохранения РК.

Семейный, имеет 3-детей и 8-внуков.

 

0
Бірлестіктің Жарғысы. jargy_kaz.doc [743 Kb] (cкачиваний: 9)