Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?
Азамат әлемі
 
АДАМҒА САУЛЫҚ ТІЛЕГЕН

Адамның бірінші байлығы - денсаулық. Дені сау адам ғана қоғам үшін, ел-жұрты үшін игілікті еңбек ете алады. Ауырмай, сырқамай, күліп-жадырап жүргенің - ең бақытты шағың. Алайда өмір біркелкі ағыспен өтпейді. Қиындығы да, қысталаңдығы да болады. Соның ішінде кейде науқас меңдеп, дерт иықтап, ақ халатты абзал жандардың алдына барамыз. Гиппократ антына берік дәрігерлер әрбір адамның денсаулығы, саламаттылығы үшін алғаусыз еңбек етеді. Сондай ел құрметіне бөленген дәрігерлердің бірі - Шарапат Медетов. Адам жанына, тәніне ем берген дәрігерлігінен басқа Шарапат Алпысбайұлы осы медицина саласының білгір ұйымдастырушыларының бірі болып ел-жұртқа танылды. Өңіріміздің әлеуметтік, қоғамдық дамуына осы ауданның азаматы ретінде бел шеше, белсене қатысып, жұртшылықтың алғысына бөленуде.

Елбасымыз өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай, туған жердің елжанды перзенттері сол өзі тұрып жаткан өңіріне маңдай терін сылып қызмет ету керектігі айтылған. Сондықтан да "Туған жер", "100 есім" аталымдары бойынша жаңаша ойлау, жаңаша өмір сүруге ұмтылу, заман көшіне жаңаша ілесу мәртебесіне ие болған жандарды жерлестері де мақтан тұтады емес пе. "Ауылын көріп азаматын таны" дегендей, қаламыздьң орталығындағы еңселі емханаға кірсеңіз, іші мұнтаздай тап-таза. Барша дәрігерлер зыр жүгіріп науқастарды қабылдап жатады. Сондай-ақ кезек мәселесін де оңтайландырып шешкен. Емханаға бас сұққан қаншама науқас күн сайын ем-домын алып, өз тіршіліктеріне алаңсыз араласып кетіп жатады. Емханада дәрі аттарынан бастап басқа да толтыру қағаздары қазақ тіліне көшкен.

Тіл - ұлт белгісі. "Дәрі-дөрмек адамға қалай әсер етсе, жылы жүректен шыққан сөз де науқасқа солай әсер етеді" дейді хадисте. Иә, көңілі ортайып, жанарына кірбің ұялап келген адамға әп дегеннен дәрігерден жылы сөз есіту дем береді. Осы ұжымның тиянақты да ұқыпты қызметін көріп, ұжым басшысы Шарапат Медетовтің тынымсыз еңбегін танығандай боласың.

1988 жылы Алматы медициналық институтының балалар емдеу факультетін бітіріп келіп еңбекке араласқан. Бір жылдай әуелі Қызылорда қаласындағы №1 емханасында интернатурадан өткен. 1989-1992 жылдары туған жеріне оралып, "Арал" кеңшары ауруханасының бас дәрігері болып қызмет етті. 1992-1994 жылдары аудандық иммунолог болса, 1994-1996 жылдары жұқпалы аурулар бөлімшесінде инфекционист дәрігері болды.

Талапшылдығымен танылған Шарапат Алпысбайұлын аудандык денсаулық сақтау бөлімінің басшылары 2000 жылы аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындады. Ал 2004-2009 жылдары орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары болды. 2009 жылдан бастап аудандық емхананың бас дәрігері ретінде үлкен ұжымға басшылық еткен ол халық денсаулығын сақтауда, оларға берілетін медициналық көмектің ауқымын кеңейтуде үлкен еңбек етті. Содан да болар еңбегінің өтеуіндей болып "ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі" белгісімен марапатталды.

Ал Арал аудандық диагностикалық емхана Ұлттық бизнес рейтингі орталығының шешімімен бүкіл Қазақстан емханаларының ішінде ерекше шығып – III-ші орын, ал Қызылорда облысы бойынша I-ші орынға ие болды. Адал, ізденімпаздық еңбегі үшін білікті дәрігер "Даңқ" орденімен марапатталған. Халық денсаулығының сақшысындай болған білікті басшының қызметіне жұрт дән риза.


Жеткерген
ЖАСАНОВ,
Сапақ аудандык ардагерлер
кеңесінің төрағасы
«Арал әлемі» газеті №2(22), 19 қаңтар 2018 жыл.

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІЕлбасы Жолдауында алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойғанымызды ескер­тіп, ол үшін 100 нақты қадам Ұлт жоспары жүзеге асырылып жатқанын және оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойғанын атап өтті. 100 нақты қадамның бірі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу болатын. Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін толыққанды енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. МӘМС жүйесіндегі көрсетілетін медициналық пакеттің 2020 жылға дейінгі мерзімге шегерілуінің бірден-бір себебі елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтыған шамамен 3 млн-ға жуық тұрғын анықталған. Олардың МӘМС жүйесіндегі медициналық пакетті пайдалануы мен жарналарын төлеуі қиындық тудыруда және өмір сүру деңгейінің әртүрлілігінде болып отыр.

2018-2019 жылдар аралығында халыққа медициналық көмек Тегін медициналық көмек­тің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қаржылық оператор болып табылатын МӘМС Қоры арқылы қаржы­ландырыла отырып көрсетіледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакеті шеңберінде қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарымен келісімшарт бекітуді аяқтады. Ең алдымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жедел медициналық көмек және өзге де бағыттар бойынша көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекітілді. Елбасының биылғы Жолдауында ТМККК шеңберіндегі медициналық көмектерді оңтайландыру керектігі нақты айтылған. Ол үшін мемлекеттің ­халыққа медициналық көмек беретін көлемін нақтылай түсу қажет. Сол себепті бұл аталған пакеттегі медициналық көмектердің түрлері бір жолға қойылуы тиіс. ТМККК көлемінде көрсетілмейтін медициналық көмектер МӘМС жүйесіне кіргізілетін болады. Сол кезде халықтың МӘМС жүйесіне кіруге мүдделілігі пайда болады.

Жолдауда айтылғандай, елімізде алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін ұйымдардың әлеуетін арттыру көзделген. Аталған медициналық ұйымдарды қолдау дамыған елдерде жоғары санатта.

Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласында 30-дан астам ақпараттық жүйе жұмыс жасайды, оның 25-сі электронды денсаулық сақтау орталығында орналасқан. Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттігін баса айту керек.

Бақыт ИСМАХАНБЕТОВ,

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры»

КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша

филиалының директоры.

http://syrboyi.kz/negizginews/16888-zhaa-mmkndkterge-zheteleyd.html
ГОРМОНДАР (қазақша презентация). Оны осы жерден gormondar.rar [1,46 Mb] (cкачиваний: 0)  жүктеп алуға болады. 

Рухани білімді, тәрбиелі маман дайындау - басты мақсатымыз!

Г.С.СЕЙДІЛДАЕВА,

Қызылорда медициналық

жоғары колледжінің «Мейірбике ісі-2»

бөлімінің меңгерушісі,

М.К. ЕСДАУЛЕТОВА,

арнайы пән оқытушысы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады»-делінген.

Осындай болашақ бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындайтын білім ордаларының бірі - Қызылорда медициналық жоғары колледжі болып табылады. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы айтылған міндеттерді орындауда колледж алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қойып отыр.Қазіргі таңда осы заманға сай сапалы білімі бар жоғары инновациялық технологияларды жақсы меңгерген орта буын медицина қызметкерлерін дайындайтын колледждің 90 жылдық мерейтойына орай «Зертханалық диагностика» мамандығының студенттері дайындығының заманауи талаптарға сәйкестігін анықтауда «Химия», «Анатомия», «Зертханалық жұмыстар техникасы» пәндері бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиада барысында студенттердің заманауи дайындық деңгейі, мемлекеттік оқыту стандартына сәйкес өз мамандығы бойынша кәсіби тапсырмаларды өздігінен шешу деңгейі анықталды.

Байқау шартына сәйкес қатысушылар 3 кезең бойынша тапсырмалар орындады. Бірінші «Тестілеу кезеңінде» қатысушылардың теориялық білімі анықталды. Екінші кезеңде«Менің болашақ жұмыс орным» тақырыбындаконкурсанттар қазіргі таңдағы лабораториялық медицинаның жетістіктері, инновациялық технологиялармен, тың жаңалықтармен таныстырды. Қазылар алқасы қатысушылардың авторлық позициясын, мәліметтердің өзектілігі және хабарламалардың жаңашылдығын, конкурсанттың материалды таныстыруда жаңа технологияларды қолдануы және коммуникативтілігі, презентацияның көрнекілігі, мультимедиялық технологияны қолдануын бағалады. Олимпиаданың іс-тәжірибелік бағдарлау кезеңінде пәндер бойынша ситуациялық есептерді шешу барысында алған білімдерін сарапқа салды.

«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім» деп Мұхтар Әуезов атап көрсеткендей, рухани ұлттық қажеттілікке жарайтын мықты білім алған, рухани ұлттық тәрбие алған болашақ мамандарды дайындау-колледждің басты мақсаты!

Рухани білімді, тәрбиелі маман дайындау - басты мақсатымыз!
Рухани білімді, тәрбиелі маман дайындау - басты мақсатымыз!

Жақсылық Досқалиев тегін медициналық көмектің жаңа үлгісін түсіндіріп берді

 

2018 жылғы 10 қаңтар

 

АСТАНА. ҚазАқпарат -ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Жолдауында мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Академик Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін медициналық көмектің көлемін өзгертуге тура келеді. «Қазіргі кезде тегін медициналық көмек бар. Оған мемлекеттің өзі кепілдік беріп отыр. Оның құрамына барлық медициналық қызметтер кіреді. Былайша айтқанда, бүгінде ол қызметтің бәрі бюджет есебінен атқарылады. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізгенде кепілдендірілген медициналық көмек шегеріледі. Өйткені кейбір медициналық қызметтер бюджеттен емес, арнайы медициналық қордан төленеді», - деді Ж.Досқалиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Ғалымның айтуынша, тегін медициналық көмек шегерілсе де,оның негізгі бағыттары қала береді.«Біріншіден, адам өміріне қауіп төнгенде тегін медициналық көмек көрсетіледі. Ондайда сақтандыру куәлігің бар ма, жоқ па, ешкім сұрамайды. Өйткені адамды құтқару қажет. Екіншіден, инфекциялық аурулар кезінде тегін қызмет болады. Сосын туберкулез сияқты аурулар бар. Оны да мемлекет өз мойнына алып отыр. Үшіншіден, сан алуан психикалық аурулар кездеседі. Бұдан бөлек, вакцинация, скрининг, орфанды, яғни сирек кездесетін аурулар, тегін дәрілер және тағы басқа шаралар бюджеттің есебінен атқарылады. Президенттің айтып отырғаны да сол, кімге, қандай және қай кезде тегін медициналық көмек беріледі. Соның бәрін ретке келтіру керек. Қалған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға беріп тастауға болады», - деп атап көрсетті Ж.Досқалиев. Айта кетейік, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауда Мемлекет басшысы ғылыми онкологиялық орталықты құру міндетін де белгіледі.

 

Автор: Арман Асқаров


http://www.inform.kz/kz/zhaksylyk-doskaliev-tegin-medicinalyk-komektin-zhana-ulgisin-tusindirip-berdi_a3118958

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЕШҚАНДАЙ КҮМӘН ТУҒЫЗБАЙДЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады. Оны енгізудің қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайды. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырмаған дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізу талап етіледі. Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажет. Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады", - деді Назарбаев. Қазақстан Президентінің айтуынша, халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. "Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет. Бұл тәжірибе әлемде бұрыннан бар. Оны батыл әрі белсенді түрде енгізу керек", - деді Президент. Оның айтуынша, онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет. "Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуге тиіс. Біз кардиология, босандыру және өкпе ауруымен күресу кезінде атқарған істеріміз сияқты жұмыстарды да жүргізуіміз керек. Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады. Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, "қағаз қолданбайтын ауруханаға" көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет. Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керек", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Жолдауында медицина кадрларына қатысты мәселелерге жауап берді. "Бүгінде бізде Назарбаев Университетінің бірегей Медицина мектебі бар. Онда біріктірілген университет клиникасы жұмыс істейді. Бұл тәжірибе барлық медициналық жоғары оқу орындарына таратылуға тиіс.Осы және басқа да шараларды іске асыру үшін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу қажет", - деді Қазақстан Президенті.

https://syr-media.kz/news/1404-leumettk-medicinaly-satandyru-zhyesn-engzud-azhettlg-eshanday-kmn-tuyzbaydy.html

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ (FOTO)

Аудан орталығы Әйтеке би кентінде 150 орындық орталық аудандық аурухана пайдалануға берілді.
Облыс әкімі Қ. Көшербаев жаңа емдеу мекемесінің ашылу салтанатына қатысып, дәрігерлер мен кент тұрғындарын жаңа аурухананың ашылуымен құттықтады.
Аймақ басшысы аурухана ұжымының жұмысына сәттілік тілеп, жаңа «Жедел жәрдем» көлігінің кілтін табыстады.
Аудандық аурухананың ашылуына қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Абай Тасболатов, Мұхтар Ерман және Геннадий Шиповских пен аудандық денсаулық сақтау саласының ардагері Орақ Кеубасов қазалылықтарды қуаныштарымен құттықтады.

Астанада тегін дәрі-дәрмек емханалар арқылы берілмек

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ (FOTO)
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ (FOTO)
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ (FOTO)
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ (FOTO)
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ (FOTO)
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ (FOTO)

 

 
 
Қызылорда Облысының Әкімдігі

АЯЛЫ АЛАҚАН ИЕСІ

Аса ұқыптылық пен жауапкершілікті қажет ететін мамандықтың бірі-дәрігерлік.Өмір мен өлімнің ортасында жатқан науқас дертінің бетін кері қайтарып, өмірге қайта әкелетін де осы мамандық иелері.

Дәрігер болу мейілінше ақ желең киюмен шектелмейді. Оған жарқын көңіл, жайсаң жүрек, теңіздей терең білім керек. Басқа мамандықтармен салыстыра қарағанда да бұл мамандықта көптеген айырмашылықтар бар. Мысалы, медициналық академияларда 8, 9 жыл білім аласың, теориялық біліміңді аяқтағаннан кейін 1 жыл интернатурадан өтесің. Сырттай оқи алмайсың...Орта мек­теп түлектерінің дәрігер мамандығын таңдайтындары бірен-сараң болатыны сон­дықтан. Дәрігерге білім мен біліктілік, сонымен қоса батыл жүрек те қажет.

Мына дүниеде перзенті үшін ана тілегінен артық ештеңе жоқ. Балалары жақсы азамат болып қалыптасып, өмірден өз орындарын тапса, ата-ана үшін осының өзі зор мәртебе.

Оқуда үздік, қоғамдық жұмыстарда белсенді Альбина ана тілегін іштей сезінетін. Өзі білім алған Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектепті "Алтын белгіге” бітіріп, 1995 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина академиясына грантпен оқуға түседі. 2002 жылы академияны "Акушер-гинеколог” мамандығы бойынша бітіріп, туған топырағы Жосалы кенті орталығындағы аудандық емханада акушер-гинеколог болып білім жолын еңбек жолымен ұштастырады. 2012 жылы аудандық аурухананың гинекология бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалады.

-Дәрігер мамандығын таңдауыма анам Кемалова Айгүл тікелей ықпал етті. Анам да гинекология бөлімінде 20 жылдан астам медбике болып қызмет атқарған. Әкем Жұмабаев Сайран механизатор болып еңбек еткен. Өкінішке орай, өмірден ерте кетті. Анамыз біздерді аяқтан тұрғызып, мамандық алуға көп көмек көрсетті. Қазір еңбек демалысында. Шүкір, анамыздың ақылын, әкеміздің өсиетін тыңдап өскеннен жаман болғанымыз жоқ. Ата-ананың баласынан ел-халықтың баласына айналдық.

Бөлімге ауырып келіп, айығып шы­ғып жатқан көптеген аналардан, қыз-келін­шектерден алғыс алып жатамыз. Дәрі­герге бұдан жоғары марапат болмас. Әрбір мамандықтың өзіне тән қыр-сыры болады. Сол сияқты дәрігерліктің де қызық-қуанышы, қиындығы болатыны жасырын емес. Қиналып келген науқасқа қолыңның шипасы дарып жазылып жатса, жүкті болып келген аналар он екі мүшесі сау ұрпақты өмірге әкеліп, отбасына аман-есен оралып жатса соған қуанамыз, марқаямыз. Әр әйелге жеке-жеке қарап, түрлі ем қолданамыз. Әр әйелдің босану үстінде жаныңды шүберекке түйіп тұрасың. Қиындығы осы болар.

Бөлімде 16 адам қызмет жасаймыз. Аға мейірбике Айнаш Ыбрашева, мейірбикелер Күләш Орынбаева, Ләззат Жүсіпова, Шәрбану Андаева, Нағима Мұхамедиярова, Жанат Дембаева, Мая Жұмалиева, тағы басқалары бөлім мақтаныштары десек болады.

-Аурушаңдық көрсеткіштері туралы не айтасыз. Аналар арасында түсік көп деген әңгімелерді жиі естиміз. Онымен 2013 жылы аудан аумағына құлаған "Протон” зымыранымен байланыстырып жатады. Сіздің дәрігер ретіндегі пікіріңіз?

-Қазіргі кезеңде жүктілікке есепте тұратын әйелдердің пайыздық көрсеткішіне жүгінсек, түсіктің жоғарылығы анық­талады. Ал, түсіктердің ішінде жетілмей қалған жүктілік көп кездеседі. Оның себебі жатырішілік инфекциялардан, халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайына және сіз айтып отырған экологиялық жағдаяттардан іздеуімізге толық негіз бар.”Протон” зымыраны құлаған бір аптада бөлімде14 түсік жағдайы тіркелді. Жүкті әйелдердің үлкен айдағы су кету фактілері көп тіркелді. Сол себептен де жас аналар жүктілікті болжау мақсатында әртүрлі құрсақішілік инфекцияларға алдын алуға тексеріліп, емделсе нұр үстіне нұр.

Көпшілікпен жұмыс жасау оңай емес. Перзент сүйе алмай жүрген аналар бала көтерсе, еңбегіміздің жемісін көрсек соған шаттанамыз. Науқастармен жылы-жылы сөйлесіп, олардың ілтипатына бөленуге тырысасың. Жақсылыққа себепкер болу да бір бақыт.

-Не нәрсенің де алдын алған дұрыс қой. Ол әрине, денсаулыққа қатысты болса?

-Өзі де солай. Үстіміздегі жылдың 9 айында 39 ота жасалды, 436 науқас ем­де­ліп шықса, оның 163-і жоспарлы түрде. Өздігінен 96 түсік, 96 қабыну тіркелді. Бұл жоғары көрсеткіш. Әсіресе, түсік жағдайында кездесіп отыр. Бөлімде 15 төсек орны түнгі стационарда және 10 төсек орны күндізгі стационарда қызмет көрсетеді. Бүгінде күндізгі стационарды 20 төсек орнына жеткізуге жұмылып жұмыс жасаудамыз.

Сақтану жағына келсем, қажетсіз жүктіліктің алдын алу, туу жағдайындағы әйелдердің отбасын жоспарлау мақсатында өзіне ыңғайлы контрацепция (сақтану) жолдарын қолдануға шақырар едім. Сөз ретінде маған үміт пен сенім артқан халық қалаулысы, амбулаториялық-емханалық қыз­­меті бар аудандық аурухананың бас дәрі­гері Бақытжан Нысанбаевқа, ұстаздық ұлағатын кейінгі буынға беріп келе жатқан саланың білікті акушер-гинекологтары Раяш Шәкенқызы мен Алтынкүл Төлепбер­генқызына риясыз алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Әділбек Мәліковке де разылығымды айтқым келеді.Альбина әйел-аналардың құрметімен бірге, отбасының да қошеметіне бөленіп жүрген жан. Жары Ідірісов Есіркеген жеке кәсіпкер, мал шаруашылығымен айна­лысады. Кішкентайлары Ерасыл 7 сыныпта оқыса, Шерхан 5 сынып оқушысы.

Жаны жайсаң, қайсыбір науқасқа болмасын қолынан келген көмегін аямайтын дәрігер қызметіне біз де табыс, деніне саулық тіледік.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ

https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/suhbat/178-ayaly-alaan-ies.html
Қызылордада эндокринология және терапия клиникасы ашылды

 

2018 жылғы 7 қаңтар

 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында эндокринология және жалпы терапия медициналық клиникасы ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы, тұрғындарды жаңа заманауи клиниканың ашылуымен құттықтап, жоба жетекшісіне алғысын жеткізді. - Кез келген мемлекеттің ең басты байлығы, бұл - адами капиталы. Біздің басты мақсатымыз да, халықтың әлеуметтік жағдайымен қатар рухани және денсаулық жағдайын жақсарту болып табылады.

 

Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары біздің өңірімізде жергілікті инвесторларды тарта отырып,мемлекеттік - жекешелік әріптестік аясында қала халқына қажетті түрлі әлеуметтік нысандар іске қосылды.Қаламызда денсаулық сақтау нысандарының санын арттырып отырғаны үшін жоба жетекшісі Сергей Кимге риясыз алғысымды білдіремін және жаңа бастамаларыңызға табыс тілеймін. Жаңадан ашылғалы тұрған бұл ғимарат халықтың игілігі үшін қызмет етсін»,- деді Н.Нәлібаев.

 

«Агрохимсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған бұл жобаның жалпы құны- 550 млн теңге болса,оның 130 млн теңгесі Даму қоры арқылы жеңілдетілген несиемен қаржыландырылған.

 

1 мың200 шаршы метрді құрайтын жаңа клиника қала халқына медициналық көмек көрсетуге қажетті заманауи құралдармен қамтамасыз етілген және жалпы терапиялық қызмет көрсетеді.

 

Ең маңыздысы, бұл клиника40 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Қызылордада эндокринология және терапия клиникасы ашылды
Қызылордада эндокринология және терапия клиникасы ашылды
Қызылордада эндокринология және терапия клиникасы ашылды
Қызылордада эндокринология және терапия клиникасы ашылды
http://www.inform.kz/kz/kyzylordada-endokrinologiya-zhane-terapiya-klinikasy-ashyldy_a3115773