Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

БЕРЕКЕ-ЕҢБЕК ЕТКЕНГЕ БІТЕДІ

Туған жердей жер, туған елдей ел бар ма? Ой елегінен өткізген адамға-ауқымы кең, тамыры терең сөздер. Туған жерден ұзап шыққанда атамекенді, туған топырақты аңсамайтын жан жоқ шығар, сірә да.
Отанды сүю осы туған жерден басталса керек. Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады»,-деп атап көрсеткен болатын.
Мақала жарияланғалы бері еліміз рухани қайта түлеп жаңғыруда, жаңаруда, оңды өзгерістерге жол ашылуда.
Соның бір парасы-«Туған жер» бағдарламасы. Киелі мекеннен ұзап шығып, өзге өңірлерде қызмет жасап жүрген бірқатар азаматтарымыз, тұғырлы тұлғаларымыз туған жерге маңдай тіреп, оның дамуына, мәдени-рухани, әлеуметтік өсуіне септігін тигізуде.
Қасиетті Қармақшы топырағына тәу етіп, аудан тұрғындарына тегін медициналық қызмет көрсете келген жанның бірі-Қазақ Ұлттық медициналық университетінің бала аурулары кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР «Алтын дәрігер» белгісінің иегері Исмаилова Дина Базаралықызы.
Елбасының игі бастамасына қолдау білдіріп, Алматы қаласынан арнайы атбасын тіреген ғалым-дәрігермен әңгімелесудің сәті түскен еді.
-Дина Базаралықызы, киелі өңірге қош келдіңіз. Әңгімемізді сіздің аз-кем өмір жолыңыздан бастасақ.
-Мен 1951 жылы Үржар ауданында дүниеге келгенмін. Аспирантураны Мәскеу қаласынан «Бүйрек аурулары бойынша» бітіргенмін. 3 жыл Алматыда Педиатрия ғылыми-зерттеу институтында қызмет жасадым. 6 жыл Алматы қаласының бас педиаторы болдым. 1989 жылдан бастап медициналық университетте балалар және бүйрек ауруларынан сабақ беріп келемін.
-Сізді осында алып келген қандай күш болды екен?
-Менің ақсақалым, «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» Бекжанов Зарқұм Сартайұлы 1938 жылы Қармақшы ауданына қарасты Диірментөбе стансасында өмірге келген. Оның саналы ғұмыры Қазақстанның темір жол саласымен тығыз байланысты. Ол Көлік, коммуникация академиясында 20 жылдай декан болған азамат. «Тасымалдау, ұйымдастыру» кафедрасында ұзақ жылдар абыройлы еңбек етті.
Азаматым Алла бұйыртса, келесі жылы мерейлі 80 жасқа толады. Ол кісінің жұбайы-Дәметкен Сарыбаева осы жердің қызы. Өте мықты әйел болған. 4 баламен үйде қалып, жолдасын аспирантураға оқуға жіберген. Зәкеңдей азаматтың өсуіне бөгет жасамай, оған: «өсейік, өнейік»,-деп шабыттандырған адам. Өкінішке орай, Зәкең ғылымда белгілі бір дәрежеге жетіп, декан болған кезде өмірден озды.
Мен Зарқұм Сартайұлының отбасына келгенімде 3 келін, 3 немере болды. 4-ші келінді мен түсірдім. Қазір шаңырағымызда 7 немере, 7 шөбереміз бар.
-Зәкең осыдан 3-4 ай бұрын кіндік қаным тамған жерге қолұшын берсем деп жүрген. Отбасымызды жинап, өз қаражаты есебінен Қармақшы ауданы орталығынан әлеуметтік жағынан әлжуаз немесе көп балалы отбасы балаларына арнап балабақша салып берсем деп ниетін білдірді. Біздер ол кісінің ойын қуана құптадық.
-Мұндай азаматтық көзқарасқа үлкен жүрек керек болар?
-Адамның артында жақсы сөз бен ісі қалуы керек қой. Ауданда мешіт, балабақшалар жетерлік екен. Дәрігер болғандықтан денсаулыққа көп мән беретінім рас. Бүгінде қоғамда кемтар, мүгедек болып туылап жатқандар көп. Оларға мемлекет тарапынан көмектер көрсетіледі. Бірақ адамның жаны бар. Ол социумсыз өсе алмайды. Тізімге қарағанымызда ауданда кемтар балалар бар. Оларды қарым-қатынасқа үйрету, қоршаған ортаға қалыптастыру, әлеуметтік көмек көрсету орындары жоқ екен. Осы ретте, Зәкең екеуміз «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақыткүл Райымбаевамен кездесіп, әңгімелестік. Ол балалардың қолынан шыққан түрлі бұйымдарын көрсетті. Бірлестік жетекшісінің батылдығына риза болдық. Жобалармен жұмыс жасайды екен. Бірлестік мүшелерін тоқуға, тігуге, сурет салуға баулып жүр. Қандай төзімділік. Осының барлығын жүрек сүзгісінен өткізіп, Зәкең осы балаларға әлеуметтік қалыптастыру үйін салуға шешім қабылдап отыр. Себебі, мұндай балалардың жанын жандыру керек. Бір-бірімен араласатын, бас қосатын орта оларға міндетті түрде қажет. Сонда ғана олар өседі, дамиды. Олардың арасынан да талантты, шығармашылық адамдары шығады. Баланың ішкі жан дүниесін өсірсек, ол балада «ауруды жеңемін» деген сенім пайда болады. Және ол сонымен өмір сүреді.
-Сырт көз-сыншыл» дегендей, елге келгенде нендей өзгерістер байқадыңыз?
-Бұған дейін де ауданда бірнеше мәрте болып, Ақжар, ІІІ Интернационал, Жаңажол ауылдарында жұмыс істегенмін. Сонда бала өлімі жоғары болатын. Ол кездері 1000 баладан 30 бала шетінесе, қазір 10 баладан төмен. Бұл жаман көрсеткіш емес.
Медициналық заманауи УЗИ аппараттары, рентгенограмма, зертханалар бар. Жаңа үлгіде емхана салынған. Мұның бәрі-Қазақстанда медицина қызметінің сапасын көрсетсе керек-ті.
Әлбетте, медицина саласы өте ауқымды сала. Онда шешімін таппаған мәселелерде бар. Сол үшін де аудан дәрігерлерін бүйрек ауруларын қалай емдеу керек, оның алдын алу жолдары жайында дәрістер оқыдым. Етене әңгімелер жүргіздік. Сұрақтарға жауап бердім.
-Жарыңызды ерекше құрметтейді екенсіз. Ұсынысын бірден қабыл алдыңыз ба?
-Құрылыс жұмыстарына жұмсалатын қаржы азын-аулақ ақша емес, үлкен қаражат. Десем де, ақсақалым, өз еңбегімен, маңдай терімен тапқан қаржысын қалауынша жұмсап және ол оған бақыт, қуаныш әкелетін болса, мен неге оның ұсынысын қабыл алмайын. Зәкең азаматтық іс жасап жатса, мерейіміз неге тасымасын. Ол кісі ауырмай, сырқамай жүрсе, менің бақытым сол. Жарымды ерекше құрметтеймін. Жанұяда ер мен әйелдің ортасында жалғайтын сыйластық, парасаттылық сезімі деп ойлаймын.
-Газет оқырмандарына тілегіңіз?
-Қазақ елі еңбекқор, табысты, ізденгіш болса деймін. Адал еңбекпен тапқан нанға ешнәрсе жетпейді. Жастарымыз екі қолын қусырып бос отырмаса екен.
Менің жасым 66-да. Зейнеттегі адаммын. Жұмысым мен үйімнің арақашықтығы 30 шақырымдай жер. Таңғы сағат 5-тен оянып, көлігімді оталдырамын. Мені жұмысқа бар деп қинап жатқан жан жоқ. Бірақ еңбек етіп, қоғамға пайда тигізу-ол ғажап нәрсе.
-Келелі әңгімеңізге рахмет. Ағамыз екеуіңізге Алла денсаулық берсін. Іске сәт болсын!

ӘңгімелескенСәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.

https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/suhbat/33-bereke-ebek-etkenge-bted.html



Алдағы жылы елімізде 90 түрлі дәрі-дәрмек тегін таратылатын болады

Қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы «СҚ-Фармациямен» тікелей шарттары шеңберінде 22 шетелдік өндірушілер дәрілік заттардың 90 түрін жеткізетін болады. Тағы бір шетелдік өндірушімен 4 препаратты жеткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Тікелей шарттар бойынша 2018 жылға сатып алудың жалпы сомасы 30,5 млрд. теңгені құрайды. Бірыңғай дистрибьютор Қазақстанда тіркелген аналогтары жоқ, яғни осы препараттарды сатып алу барысында бәсекелестік ортасы жоқ дәрілік заттарды тікелей сатып ала алады.
«СҚ-Фармацияның» стратегиясы және халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы Шынар Кулиеваның айтуынша, Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу кезінде тікелей шарттар жасасу Бірыңғай дистрибьютор қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

«Шетелдік өндірушілермен тікелей ынтымақтастық ерекше маңызға ие, себебі делдалдарсыз сатып алу бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуі мүмкін», - деді Шынар Кулиева.

2011 жылдан бастап Бірыңғай дистрибьютор тікелей шарттар жасауды жүзеге асыруда. Осы уақыт ішінде «СҚ-Фармацияның» тұрақты серіктестері «ГлаксоСмитКляйн», «Ново Нордиск», «Пфайзер», «Новартис», «Тева» және басқалар сияқты фармацевтикалық алыптар болды. Алайда, Шынар Кулиеваның айтуынша, дәрі-дәрмектердің осындай көлемін тікелей сатып алу Бірыңғай дистрибьюторы жұмысының барлық уақытында алғаш рет мүмкін болды.

«Биыл Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі салықсыз дәрілердің 350-ден астам атауын қамтыды. Біз осы препараттардың барлық өндірушілерін тікелей сатып алуға шақырдық, ал олардың 22-і 90 түрлі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы келісімге келді », - деп түсіндірді Шынар Кулиева.

Осы шарттар бойынша дәрі-дәрмектердің алғашқы партиясы Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына жөнелтілуде.

https://aqmeshit-zhastary.kz/zanalyk/habarlandiry/255-alday-zhyly-elmzde-90-trl-dr-drmek-tegn-taratylatyn-bolady.html

ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАСЫНДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ СТАТИСТИКАМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әріптестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, Қазақстан медицинасындағы танымдық статистикамен бөлісті.

«Күн сайын 400 мыңға жуық қазақстандықтар дәрігерлердің қарауына жүгінеді және 8 мыңға жуық емделушілер ауруханаға жатқызылады, күн сайын 1 мыңға жуық әйелдер бала сүйіп, ана атануда. Хирург дәрігерлер тәулігіне 2 мыңға жуық емделушілерге ота жасайды, күніне жедел көмек көрсету қызметі ауруларға медициналық көмек көрсету үшін 20 мың рет жолға шығады. Медицина саласындағы зор жетістіктерге ақxалатты абзал жандардың еңбегінің арқасында қол жеткізіп отырмыз», – деп жазды министр ведомствоның Фейсбуктегі ресми аккаунтында. Оның айтуынша, «26 жылдың ішінде Қазақстан түрлі салаға өмірлік маңызы бар өзгерістерді енгізе отырып, дамытуда зор жетістіктерге қол жеткізді». «Тәуелсіздік жылдары қазақстандықтардың күтілген өмір сүру ұзақтығы 4,5 жылға ұзартылды және жас ұзақтығы -72,5 жасты құрады, ана өлімі 5,3 есеге азайды, сәби өлімі 3 есеге, жұқпалы туберкулез ауруынан қайтыс болғандар саны 3 есеге, қанайналым жүйесіндегі ақаулардан пайда болған аурулардан 2 есеге, қатерлі жаңа ісік ауруларынан қайтыс болғандар саны 1,5 есеге азайды. Сондай-ақ, 1326 денсаулық сақтау нысандары құрылды», – деп бөлісті министр.

«ҚазАқпарат»

https://aikyn.kz/2017/12/18/36643.html
0

Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық... Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

 

Н.Ә.Назарбаев,

Қазақстан Республикасының Президенті.

-Күн сайын Қазақстанның жаңалықтарын үзбей тыңдап, оқып отырамын. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы санамыздың ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс екендігін есімізге салды. Білімді, көзі ашық болуға ұмтылу-біздің қанымызда бар қасиет. Қазір жаңалығы жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда тек білімді адамдар ғана табысқа жететіні анық. Елімнің медицина саласына тың жаңалықтар әкелсем деген ниетпен шетелдерде білім алып, тәжірибе жинаудамын,-дейді, Польша мемлекетінде тұратын жерлесіміз Елтай Рахманов.

...Ұлы Отан соғысының ардагері Дабыл Қалыбаев ұзақ жылдар ауыл шаруашылығы саласында абыройлы еңбек еткен, өмірден көргені көп, түйгені мол жан болатын. Екі қызының ортасында еркіндеу өскен Өтемұраты кезінде Арал кеме жөндеу зауытында қайық құрастырушы болып отыз жылдан астам уақыт еңбек етті. Еңбекқорлығы мен тиянақтылығының арқасында еңбек озаты атанып, ортасына сыйлы болған Өтемұрат Қалыбаев бірнеше рет аудандық кеңестің депутаттығына сайланып, халық сенімінен шыға білді. Ал, жары Мәрияш әкесі Рахим Тәжікстанда дүниеге келіп, тағдырдың жазуымен Арал топырағына табаны тиген тәжік ұлтының өкілі еді. Өнегелі ұл-қыз тәрбиелеп өсірген Өтемұрат ағамыз бен Мәрияш апамыз бүгінде жан-жақтағы балаларының тілеуін тілеп, немерелерінің қызығына кенелуде.

Балаларының кенжесі Елтай кішкене кезінен оқуға алғыр болды. Көп балалы отбасында өскендіктен бауырмал, еңбекқор болып ержеткен ол, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің «Емдеу» факультетін үздік тәмамдады. Одан соң бір жыл Польша мемлекетінің Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінде «Лэйн Киркланд» бағдарламасының қолдауымен Ал, «Денсаулық сақтау басқару» мамандығы бойынша тағлымдамадан өтті. «Поляк реабилитациялық жүйесін қазақи жағдайға бейімдеу мүмкіндіктері» жөніндегі зерттеуін Адам Мицкевич университеті мен Кароль Марцинковский атындағы Познань медициналық ғылымдар университетінде сәтті жүргізе де білді.

Елтай Өтемұратұлы 2012-2013 жылдары Италия елінде Еуропаның озық тәжірибесін енгізуді мақсат еткен «Erasmus Mundus TOSKA” бағдарламасы бойынша адаптациялық және профилактикалық спорт ғылымы бойынша магистратураны үздік аяқтайды.

-Адаптациялық және профилактикалық спорт бойынша магистратура менің кәсіби-ғылыми бағытыма сәйкес келді. Біріншіден, салауатты өмір салтын насихаттау, егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналып бейімделген спорт шаралары, қартаюдың алдын алу және Л`Акуила Университетінің Қазақстанмен орнатқан тығыз қарым-қатынасы болашақтағы жобаларымның жергілікті пофессорлар тарапынан қолдау табатындығына үлкен сенімділік берді. Италия-керемет ел! Әрбір бұрышының өзіндік тарихы бар. Халқы ақ көңіл, көмектесуге дайын тұрады. Ал, университетінде білім беру сапасы өте жоғары. Университет профессорлары мен курстастарымның оң көзқарастары динамикалық және қызықты ғылыми орта құруға себеп болды. Халықаралық байланыстар кеңсесі Қазақстанмен серіктестік тақырыбындағы түрлі шараларға жиі шақыратын. Кәсіби тәжірибе кеңсесі тәжірибеден өтуге алуан түрлі тақырыптар ұсынып, өте тиімді қызмет атқарды,-дейді Л` Акуила университетінде адаптациялық және профилактикалық спорт ғылымы магистрі дәрежесін иеленген Елтай Рахманов.

Орыс, ағылшын, түрік, итальян, қытай тілдерін жетік меңгерген жерлесіміз Түркия, Иран, Ирак мемлекеттерінде өткен түрлі конференцияларға қатысып, баяндамалары әлем ғалымдары тарапынан жоғары баға ие болған. «Қай елге барсам да, шетелдіктердің Қазақстанның табиғи ресурстарға ғана емес, адами құндылықтарға да бай, ұлттық дәстүрлерін сақтаған, бауырмал, қонақжай, өнерпаз ел екендігін айтқанда бойымды мақтаныш сезімі кернейді» дейді жас дәрігер.

2014-2016 жылдары Қытай елінде докторлық зерттеуін жүргізген Елтай жергілікті қазақтардың және басқа да аз ұлт өкілдерінің тұрмыс-тіршілігімен танысуға мол мүмкіндік тигенін, сондай-ақ, екі миллионға жуық студент білім алатын жергілікті қандастарымыз бен білім алуға елден келген мыңға тарта қазақ жастары болғандықтан, ұйымдастырған барлық шараларының кең көлемде өткендігін айтады. Қытайдың Ухан қаласындағы Орталық Қытай ғылым және технология университетінде жүргізген докторлық зерттеуі тізе жарақатынан кейінгі реабилитация және тізе шеміршегі мен сіңірінің регенерациясына бағытталған екен. Ал, Қытай реабилитация әдістерінің әлемдік деңгейде маңызы бар. Зерттеу мен клиникалық жұмыстан қолы босаған уақытта Қытайдағы шетелдік студенттердің хирургиялық қоғамында спорт медицинасындағы шұғыл хирургиялық көмек туралы дәрістер де жүргізген.

PhD докторы, дәрігер Елтай Рахманов Польшаның Гдыния қаласындағы Померания қолданбалы университетінің зерттеушісі ретінде ортопедиялық хирургияның қалпына келтіру медицинасы саласы бойынша да маманданды. Шаңырақ көтеріп, өзі секілді ғылым жолында жүрген Құндыз атты арумен бас қосты. Польшадағы медициналық білім беру сапасын басқару бағытында жүргізген ғылыми жобасын тәмамдаған соң, Италияға жұмысқа шақырту алған Елтай қазіргі кезде Италияның MAGI Халықаралық медициналық генетика ғылыми-зерттеу институтында дәрігер-зерттеуші болып қызмет атқаруда.

-Бұл ғылыми орталықтың мақсаты-сирек кездесетін және тұқым қуалайтын дертті анықтап, осы салада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Менің құзыретіме осы кезге дейін өзім оқып, қызмет атқарған елдермен байланыс және институттың тәжірибесін бөлісу, сонымен бірге, институттың пациенттеріне сауықтыру, оңалту ем-шараларын тағайындау кіреді. Туған жерден алшақтамаудың жолы-елмен байланысты жобаларды іске асыру. Осы орталықта жұмыс жасау барысында MAGI-дің М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетімен серіктестік орнатуға атсалыстым. Екі жақты серіктестіктің алғашқы жемісі-аталмыш университеттің докторанты Айгүл Жаңабаеваның біздің институтқа келуі. Оның докторлық жұмысы қоршаған ортаның әсерінен болатын жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі өзгерістерге арналған. Сондай-ақ, осы диссертацияның бір бөлігі Арал аймағындағы қоғамдық денсаулық ауруларына арналады,-дейді ол.

Тағы бір қуанышты жаңалық-Елтай Рахмановтың Арал теңізі аймағының тұрғындарын сауықтыру және мүмкіндігі ерекше тұлғаларды оңалту тақырыбында ұсынған жобасы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұйымдастыруымен қараша айында Женевада өткен «Сауықтыру» Ғаламдық VII форумында жоғары бағаланды. Соның нәтижесінде, Арал аймағына арналған маңызды жобалары қолдау тауып, ұйымдастыру жұмыстарын бастап та кетті.

«Туған елім Қазақстанға пайдамды тигізсем» деген мақсатпен ілім іздеп әлемнің бірнеше елдерінде медицина саласы бойынша білімі мен тәжірибесін жетілдіріп жүрген жерлесіміз Елтай Рахмановтың ізденісті де жемісті жолы-талабы мен мақсаты мол жастарға үлгі. Аралдың алғыр ұлының Қазақстан медицинасына өзіндік жаңалық әкелетініне сеніміміз де мол. ...Екі дәуір түйіскен өліара шақта елімізге түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Ол мүмкіндікті жүзеге асыратын, әрине, Елтай сынды білімді жастар.

Лаура Әйтімова.

https://tolqyn.kz/kogam/76-italiya-men-ytayda-end-polshada.html

Жүрегі жылы, жүзі жарқын

Қасиет қонған Қазалы топырағында туып, абыройлы еңбегімен осы ауданның құрметті азаматы атанған Нұрсұлтан Мұратбаевтың еліне деген сүйіспеншілігі ерекше. Өзінің болашағын медицина саласымен сабақтастырған ол 1960 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1965 жылы дәрігер стомотолог мамандығын алып шыққан.

Институттан кейін туған жеріне жолдама алып, аудандық ауруханаға жұмысқа орналасты. Бір жылдан кейін, жергілікті халықтан, яғни қазақтан бірінші болып, хирургия бөлімін басқарды. Осы тұста бұған дейін хирургия бөлімін түрлі ұлт өкілдерінің басқарғандығын айта кеткен орынды. 1967 жылы аудан орталығындағы поселкелік ауруханаға бас дәрігер болып ауысты. Ал, 1972 жылы жаңадан аудандық аурухана салынып, поселкелік аурухана жабылған соң, аудандық стомотологиялық бөлімін басқарды. 1980 жылы денсаулық сақтау министрлігіне шығып, 8 ауданның ішінде бірінші болып, стомотологиялық емхана ашып, емханаға бас дәрігер болды. Зейнеткерлікке шыққанша сол мекемені басқарды.

«1980 жылдары медициналық институтты бітірген дәрігерлер тағы бір жыл институттың базасында оқып, сонан кейін барып, өз бетінше науқасты қабылдауға құқықты болған. Бірақ, мен I категориялы дәрігер болғандықтан институтпен келісіп, институттың базасы есебінде Арал мен Қазалы аудандарының дәрігерлерін бір жыл оқытып, интернет бітірттік. 1976 жылы өзімнің негізгі жұмысыма қоса он жыл 1986 жылға дейін аудандық медицина мекемелерінің кәсіподақ ұйымдарының төрағасы болдым. Ол кезде ауданда 16 кәсіподақ ұйымы жұмыс жасады. Денсаулық сақтау мекемелерінде, 1986 жылдан кейін 1990 жылдың аяғына дейін аудандық аурухананың партия ұйымының хатшысы болдым. 1976 жылы Қаз КСР денсаулық сақтау министрінің аттестациялық комиссиясының аттестациясынан өтіп, бірінші категориялы хирург деген атақ алдым. 1980 жылы дәрігер стомотологтардың екінші съезінде «КСРО медицина саласының үздігі» деген төс белгісімен, үш рет республикалық медицина кәсіподағының грамотасымен марапатталдым», – дейді білікті дәрігер.

Иә, Нұрсұлтан Мұратбаев алғыс арқалаған ардақты ардагер. Ол В.И.Лениннің туғанына – 100 жылдығына арналған, «1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 65 жыл» мерекелік, 2000 жылы Қызылорда облысының дамуына елеулі үлес қосқаным үшін «Қызылорда облысына – 70 жыл» мерекелік, Жанқожа батырдың ұрпағы ретінде халыққа қалтқысыз қызмет еткенім үшін «Жанқожа батыр – 240 жыл» мерекелік медальдарын кеудесіне тақты. «Лидер отрасли 2013» және осы одақ «Қазақстан даңқ» орденімен марапаттаған. Ұлы Отан соғысы кезінде колхозда ерінбей еңбек еткен азамат қазір тыл ардагері. 2001-2005 жылдары Әйтеке би кентінің ардагерлер ұйымының төрағасы болды. Бүгінде аудандық ардагерлер ұйымының алқа, облыстық ардагерлер ұйымының пленум мүшесі. 1967-1972 жылдары екі рет поселкелік советтің депутатығына сайланды. Өткен жылы Қазалы ауданының құрметті азаматы атанды.

Бұл күні жары Ғалиямен бала-шағасынан немере, шөбере сүйіп, тату-тәтті өмір сүріп отырған қамқор әке, ақылшы ата.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қол қусырып қарап отырмай, үкіметтен жалға жер алып, «Ернар» шаруа қожалығын ашып, мал өсіруде. 2008 жылдан бастап, «Ерлан-Құрылыс» мекемесінің жұмысын да қарқынды жүргізіп келеді.

2014 жылы ұлттық бизнес рейтингтер одағы Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь, Әзірбайжан кәсіпкерлікті жақсы дамытқаны үшін «Сапа көшбасшысы» атағын берді.

2009 жылдың жазында «Жанқожа батыр» қоғамдық қорын ашты. Аталған қордан Қызылорда қаласындағы Мәдина Ералиева атындағы мәдениет сарайын абаттандыруға қаржы бөлді.

2011 жылы Жанқожа батыр кесенесіне жөндеу жұмысын жүргізуге атсалысты. Жыл сайын қордан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетіп, қамқор қолдарын созады.

«Мекемелерді ашқандағы мақсатым жұмыссыздарға жұмыс тауып беру, аз да болса халықтың әл-ауқатын, тұрмысын жақсарту, еліміздің экономикасын көтеру», – дейді медицина саласының ардагері.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.

https://qazaly.kz/kogam/303-zhreg-zhyly-zhz-zharyn.html
МӘМС-ға жарна төлеу тәртібі
МӘМС-ға жарна төлеу тәртібі
МӘМС-ға жарна төлеу тәртібі
МӘМС-ға жарна төлеу тәртібі

I.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты жарналар мен аударымдарды төлеу тәртібі өзгере ме?

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР – ӨЗГЕРІССІЗ

Жұмыс берушілер үшін МСҚ-на аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%.

Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР – жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады

Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.

Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретінде өзі үшін жарна аудармайды. БІРАҚ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%)

Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады.

Мемлекет жекелеген санаттағы азаматтар үшін жарнаны 2020 жылдан бастап аударады. Аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрамақ («Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 26 бабы 2,3 тармақтары).

Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын тұлғалар бір ЕТЖ (ең төменгі жалақының) 5 пайызын төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады.

 

II.2017 жылы жеке кәсіпкерлер жарнаны қалай төлейді?

Жалпы тәртіптегі жеке кәсіпкер – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 30-бабы 6-тармағына сәйкес, Жеке кәсіпкерлер 2017 жылы шілде-желтоқсан айлары үшін жарна аударады. Жарна келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленуі тиіс. Яғни, 2017 жылдың желтоқсаны үшін жарнаны 2018 жылдың қаңтарында төлеуге болады (2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған).

Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін пайдаланатын Жеке кәсіпкерлер – 2017 жылдың шілде-желтоқсан айлары үшін. Жеңілдетілген декларация ҚР салық органдарына салықтық есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен, ал, салықтар есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей өткізіледі. Сондықтан соңғы төлем 2018 жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей төленуі тиіс (2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған).


0

Информбюро 31

Опубликовано: 15 дек. 2017 г.

Қызылорда қаласында тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мемлекеттік- жеке меншік әріптестігі аясында жаңа емхана ел игілігіне пайдалануға берілді. Ал 400 адамды бірден қабылдайтын клиника республикадағы мемлекет пен кәсіпкердің әріптестігі арқылы жасалған алғашқы жобалардың бірі.


19.12.2017

Қызылорда облысында екі медициналық бекет ел игілігіне берілді. Жаңақорған ауданы Аққұм және Еңбек елді мекенінің мыңға жуық тұрғыны Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ауыл мен қала арасына сабылудан арылды. Жеке әріптестік бойынша сатып алу тәсілімен салынған ғимараттардың құны – 11 млн 600 мың теңге. Алғашқы көмекке қажетті құралдармен толық жабдықталған нысандарда дәрігерлер мен емделушілер үшін барлық жағдай жасалған. Күндізгі стационар және ем-дом жасау бөлмесімен қатар бекетте дәріхана да бар. Жалпы Жаңақорған ауданындағы 80 мыңдай тұрғынға бүгінде 36 медициналық мекеме қызмет көрсетеді.

Сәулебек Ысқақов, Жаңақорған аудандық аурухана бас дәрігері: – 2017 жылы Жаңақорған ауданында 3 медпункт берілгелі тұр. 2016 жылы 3 дәрігерлік амбулатория берілді. Олар Сунақата, Сүттіқұдық және Түгіскен елді мекендерінде. Келесі жылы Билібай және Талап бекетінде берілсе, толық жаңа ғимараттармен қамтамасыз ету бітеді.

Источник:http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/211656-yzylorda-oblysynda-meditsinaly-beketter-ashyldy

АРАЛДЫҚТАР ТАҒЫ БІР МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТТІ ІСКЕ ҚОСТЫ

Баршамыз үшін ең қастерлі – Тәуелсіздік күнін мерекелеуді Арал ауданы бастап кетті. Айтулы мереке қарсаңында Арал ауданына қарасты, шалғайда орналасқан Ақбасты елді мекенінде жаңа медициналық бекеттің ғимараты ел игілігіне берілді.

Бұл жаңалық, әсіресе, ауыл тұрғындарын үлкен шаттыққа бөледі. Себебі, аудан орталығынан біршама шалғай орын тепкен Ақбасты жұртшылығына бұл нысан ауадай қажет екені айтпаса да түсінікті. Басы ауырып, балтыры сыздаған жандар бұған дейін алғашқы ем-шараларды алу үшін аудан орталығына жүгінген болса, бұл мәселе енді талапқа сай медициналық бекетте шешімін таппақшы. Әрі тұрғындардың уақытын тиімді пайдалануға да ықпалы зор.

Жаңа әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, жергілікті жұртшылықты қос қуанышпен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы жекеменшік мемлекеттік әріптестік аясында салынған үш медициналық бекеттер тікелей аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқанын жеткізді. Мұнан соң, сөз тізгінін ауыл ардагері Сәуірхан Смағұлов алып, ауыл тұрғындары атынан жылы лебізін жолдап, жалпы жасалып жатқан қолдауларға риза екендіктерін жеткізіп, батасын берді.

Еске сала кетейік, ауданда 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында дәл осындай екі бекет іске қосылған болатын.

Сая ЕРАЛИЕВА.

https://tolqyn.kz/zanalyk/60-araldytar-tay-br-medicinaly-bekett-ske-osty.html