Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

САЛЬМОНЕЛЛЕЗ ТУРАЛЫСальмонеллез зооантропонозды жұқпа (инфекция) қатарына жатады. Жұқпа көзі – сырқат адам, бактерия тасымалдаушы. Сальмонеллездің қоздырғышы – сальмонелла. Ол қоршаған ортаға төзімді: ашық суда, топырақта 30-90 күнге дейін сақталады. Дезинфектанттарды қолданғанда 2-3 минутте көзі жойылады.

Қоздырғыш аш ішектің кілегейлі қабатына жабысып көбейеді, лимфа жүйесінен қанға түсіп, бактеремия туғызады. Қан арқылы сүйек кемігіне, талаққа (көкбауыр), өт қабына өтеді. Өт сальмонелланың өсіп-өнуіне қолайлы орта болып есептеледі. Өт арқылы ұлтабарға еніп, аш ішекке екінші рет өтеді. ішектің жатауын зақымдап, эндотоксин бөліп, организмде уыттану (интоксикация) болады.

Сальмонелла патогенді микробтар қатарына жатқандықтан адам организміне әсер етуі үшін оның аз мөлшері де жеткілікті. Олар организмге су, тамақ және ластанған заттар арқылы түседі. Оған қоса жеміс-жидектің қабығында, топырақта, құс еттері мен жұмыртқада ұшырасады. Қоздырғыш адам организмінен оның нәжісі арқылы сыртқы ортаға түседі. Организмдегі клиникалық өзгерістер былайша білінеді: 2-3 күннен соң науқас адамның іші өтеді, құсады, басы ауырады, дене қызуы артады. Улану дәрежесі жоғары болса, ауру сезімі күштірек болады.

Сальмонеллездің іш өтпей, бірінші рет дене қызуы көтерілетін нейротоксикозды түрі бар.Тифоздық түрінде бөртпелер пайда болады. Ауру адамның асқа тәбеті шаппай, іші кебеді, ауыр жағдайда сандырақтайды. Септикалық түрінде дене қызуының бірде жоғары бірде төмен болып өзгермелі күйде болу әсерінен дененің уыттануы күшейіп, басқа ағзалар да зақымданады. Кесел түрінің алуандығы себепті жедел түрде дәрігерге қаралып, тек дәрігердің емдегені жөн.

Іш өту, құсу салдарынан адамда сұйық азайғандықтан адам әлсірейді. Дәрігерлік көмекке дейін науқасқа қайнаған суды жоғалтқан сұйықтың орнын толтыру үшін оны көбірек ішкізген жөн.

Алдын алу шаралары:

-адамның жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы;

-ыдыс-аяқты, үй мүліктерін таза ұстау;

-шыбындарды жою;

-жеміс-жидектерді мұқият тазалап жуып барып тұтыну;

-құс өнімдерінің толық пісірілуін қадағалау.

 

Бейсенкул Пайзрахмановна БЕРДИЯРОВА,

бактериологиялық зертхана лаборанты,

ҚР ҰЭМ ТҚҚК «ҰСО»ШЖҚ РМҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, Жаңақорған аудандық бөлімшесі

Сурет ladyspecial.ru сайтынан алынды

БАЛАЛАРДАҒЫ ІШЕКҚҰРТ КЕСЕЛДЕРІ (ГЕЛЬМИНТОЗДАР) Адамдар арасында аса көп таралған ауру түрлерінің біріне паразитарлық кеселдер жатады. Паразитарлық кеселдерге көп жағдайда диагнозды дәл қою қиындық келтіреді. Себебі адам ағзасындағы дерт қоздырғыштары клиникалық тұрғыда көрініс түрлі болады.

Ішек қызметі нашарлайды, нерв жүйесінің жұмысы бұзылады, иммунитет төмендейді, бұлар жұқпалы және соматикалық ауруларға бейім болуға жетелейді.
Аскаридоз ластанған топырақ, көкөністер, көкшөп, жидектер және ластанған немесе адамның нәжісімен қоректендірілген топырақ және т.б. арқылы жұғады. Адам гельминттерді жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда да жұқтыруы мүмкін (лас қол арқылы).
Жаздың соңғы айларында топыраққа түскен аскарида жұмыртқалары келесі жылдың көктем айларында өсіп-жетіледі де көкөніс, жидектер, алғашқы көк шөптерге түсіп, осы азық-түліктерді пайдаланатындарға жұғады. Топырақта жұмыртқалардың 2 жылдан 5 жылға дейін сақталуы ықтимал. Аскарида жұмыртқаларын жоғары температура (100 градусқа дейін), күннің тура түскен сәулелері ғана жояды.

Нәжістерді қоршаған ортаға шашу, сонымен бірге өңделмеген нәжістерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға болмайтынын ескерген абзал.
Гельминтоздардың алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтау, оны әсіресе балалардың сақтауы үлкен рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.

 

 

Алдын алу шаралары:

- қолды ас ішер алдында міндетті түрде жуу;
- көкөністі, көкшөпті, жемістерді сүзгіні қолдана отырып 5 минут ішінде ағын таза сумен мұқият жуып барып пайдалану;
- әжетханаға барған сайын міндетті түрде қолды жуу керектігін естен шығармау;
- жерге түскен заттарды ауызға салмауын балалардың естеріне үнемі салып отыру.
Бұл қорғаныс шараларын ұдайы есте сақтап, оны орындау гельминттердің жұқпауына ықпал етеді.

 

 

Бейсенкул Пайзрахмановна БЕРДИЯРОВА,

бактериологиялық зертхана лаборанты,

ҚР ҰЭМ ТҚҚК «ҰСО»ШЖҚ РМҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, Жаңақорған аудандық бөлімшесі

 

 
 
Сурет pishhevarenie.com сайтынан алынды

ВЕТРЯНАЯ ОСПА У ДЕТЕЙВетряная оспа как одна из самых распространенных заболеваний, часто встречаются у детей. Ею болеют только один раз, после этого у человека вырабатывается пожизненный иммунитет. Передается ветряная оспа через слизистые оболочки глаз и верхних дыхательных путей. Таким образом она передается воздушно-капельным путем.

 

Ветрянка чаще встречаются у детей, посещающих детские дошкольные и образовательные учреждения. Ею болеют в основном дети младше 10-12 лет. Лечение ветрянки у детей должны осуществляется в карантинных условиях. Заразной ветрянка у детей становится за один день до начала кожных высыпаний. Карантин заканчивается через 5 дней после появления последних высыпаний.

Ветрянка у детейи взрослых никак себя не проявляет в течение 1-3 недель. Минимальный срок инкубационного периода составляет 7 дней. После этого срока у заболевшего ребенка резко повышается температура до 39-39,5 градусов. А также при ветрянке появляются головная боль и чувство слабости.

В начале на коже появляются несильные высыпания, просто плоские розовые пятнышки. Буквально за несколько часов количество высыпаний резко увеличивается. Пятнышки становятся более выпуклыми и образуются пузырьки с жидким содержимым. Их ни в коем случае нельзя выдавливать.Лечение ветрянки у детей проводится совсем по-другому. Первые 3-4 дня ветрянка у детей сопровождается очень сильными высыпаниями и не только на коже, но на слизистых оболочках – глазах, гениталиях, во рту. Самое неприятное, что эта сыпь еще и сильно зудит, но расчесывать ее нельзя, во избежание занесения в ранку инфекции. Одни пузырьки проходят – появляются новые. Ветрянка у детей протекает волнообразно. Новые высыпания обычно появляются в течение 3-4 дней. Затем болезнь идет на спад. На месте волдырей остаются корочки, которые постепенно отпадают самостоятельно и при соблюдении всех рекомендаций врача не оставляют от себя следов.

Айнагуль Танатовна АГМАНОВА,

лаборант бактериологической лаборатории,

Жанакорганское районное отделение,

филиал РГП на ПХВ Комитета по ЗПП РК Кызылординской области

Фото с сайта medsked.ru



АСТАН УЛАНУ. АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫБүгінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметті алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі астан улану болып табылады. Тағамнан, яғни астан улану - тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жатады. Тағамнан уланулар – бұл табиғаты микробты және микробсыз болатын, дерт тудырушы микроорганизмдердің немесе олардың әр түрлі токсиндерімен және сонымен қатар улы заттармен ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын жедел (сирек созылмалы), қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру болып есептеледі.

Таралу жолы - алиментарлы, берілу жолы - тағам өнімдері арқылы. Ауыздан тағаммен бірге түскен қоздырғыш асқазан-ішек (АІЖ) жолдарына өтіп, экзотоксин бөледі. Жасырын (инкубациялық) кезеңі 30 минуттан 24 сағатқа дейін созылады. Жаз айларында, ауа райының ыстық кезеңінде микроағзалар, соның ішінде ауру тудырушы бактериялар үшін қолайлы жағдай туындап, тағамнан улану қаупі арта түседі. Себебі, бұл уақытта тағамдардың дайындалуы, сақталуы мен тасымалдануына қойылатын санитарлық талаптардың бірінің дұрыс орындалмауынан микроағзалар жылдам көбейеді де, тікелей тағамнан улануға алып келеді.

Астан улану көп жағдайда стрептококк, стафилокок, сальмонелла, ботулизм бактериясы сияқты ауру тудыратын микроорганизмдерден пайда болады. Олар сапасыз тамақта көбейіп, улануға жол беретін токсиндерді тудырады. Ет өнімдерінен және пісірілмеген сүттен жасалған тағамдар мен сапасыз салаттарды пайдаланғанда адам сальмонеллез ауруына шалдығуы мүмкін.

Көп жағдайда құрамында нитраттар көлемі мөлшерден тыс бақша және көкөніс өнімдерінің салдарынан жедел ішек кеселдері жиірек орын алуда. Қазірде дүкендер мен базарлар сөресі ерте піскен өнімдерге лық толы, олардың бірқатары оңтүстіктен әкелінсе, бірқатары жылыжайларда өсірілген. Олардың пісуін жеделдету үшін құрамында нитраттары бар тыңайтқыштар қолданылады. Алайда, олар белгіленген нормадан артық болса, тағамнан улануға әкелуі әбден мүмкін. Аудан халқын сақтандыру мақсатында ерте піскен табиғат сыйын пайдалану кезінде сақ болулары сұралады: қолдан немесе стихиялық базардан көкөніс сатып алмаған жөн. Бақша өнімдерін ұйымдастырылған базардан немесе дүкендерден сатып алған сенімдірек, өйткені сауда желілерінде сатылған азық-түліктің жауапкершілігі әкімшілік, сатушы, ветеринарлық, санитарлық сараптама зертханаларының қызметкерлеріне жүктеледі. Бақша өнімдерін сатып алу кезінде олардың қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарды талап етуді ұмытпаңыз.

Алдын-алу шаралары:

 

- мектеп, бала-бақша асханаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің мерзімінде бактериологиялық зерттеуден өтуі;

- тері аурулары немесе қолында іріңді жарақаттары бар қызметкерлердің жұмысқа жіберілмеуінің қадағалануы;

- тағам дайындау технологиясы режімінде, дайындалуында, сақталуында, тасымалдануында санитарлық-гигиеналық талаптардың қатаң орындалуы;

- тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау және тағамның бетін ашық қалдырмау;

- консервілердің жарамдылық мерзіміне назар аудару, ісінген (бомбаждалған) болса пайдаланбау; - азық-түлік өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жағдайлары бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау;
-тамақтан уланудың қауіптілігін салаттар, сүт, ет, балық өнімдері, торттар мен пирожныйлар сияқты тез бұзылатын тамақ өнімдерінің түрлері төндіреді, сондықтан оларды +2 +6 С температурада сақтау керек және оларды белгіленген мерзімге дейін пайдалану;
- сүт өнімдерін рұқсатсыз сауда орындарындағы белгісіз тұлғалардан алмау;
- шикі сүтті пайдаланар алдында міндетті түрде қайнату;
- үй жағдайында консервіленген салаттарды, саңырауқұлақтарды, көкөністерді сатып алмау;
- ас мәзірін құрастырарда аса тез бұзылатын тағамдарды, соның ішінде кремді-кондитерлік өнімдер мен құрамында бірнеше тағамдар бар, майонез қосылған күрделі салаттардың болмауын қарастыру;
- тамақтану залындағы температуралық режімді қатаң сақтау (салқындатқыштардың жұмыс жасап тұруын қадағалау);
- салқын тағамдар мен салаттар1,5 сағатқа ғана сақталуы.

 

Айнагуль Танатовна АГМАНОВА,

бактериологиялық зертхана лаборанты,

ҚР ҰЭМ ТҚҚК «ҰСО»ШЖҚ РМҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, Жаңақорған аудандық бөлімшесі

Сурет zeludok.com сайтынан алынды