Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

DA'RIGER JAZY'YNYN' TU'SINIKSIZ BOLY' SEBEBI

Medi'si'nalyq qujattardag'y, kartadag'y jazy'larg'a ko'zin'iz tu'sse, ony on'ai'lyqpen oqi' almai'syz, jazy' jaman a'ri tu'siniksiz. Bul jazylg'andardy o'zderi tu'sine me eken degen oi' keledi. Munyn' sebebi nede? Olar o'te ko'p jazady, tipti s'ekten tys ko'p jazady. Emhanada hi'ry'rg da'rigerdin' qabylday'yna on mi'ny't, terapevke on eki-aq mi'ny't beriledi. Olar osy sanaly mi'ny't is'inde nay'qasty qarap, jag'dai'yn tekserip, barlyg'yn qag'azg'a tu'sirip u'lgery'i ti'is. Osyndai'da tez-tez qozg'almasa, bar s'ary'any bitire almai'dy.

Y'aqyt qysyp jatqanda, a'demilep jazyp otyry' mu'mkin emes. El arasynda ay'ry' ty'raly jazylg'andar proky'rordy da bei'jai' qaldyrmai'dy degen a'zil bar. Sebebi oqys jag'dai' bola qalsa, barlyg'yn basynan bastap teksery' kerek bolady, da'rigerdin' jazg'anynyn' barlyg'y derlik tekseristen o'tip, ol qatelik jiberdi me, joq pa anyqtalady. Bul qay'ipti jag'dai'. Tipti tari'h betterinde mynadai' da jag'dai'lar kezdesedi. Bir da'rigerdin' jazg'anyn ekins'i da'riger tu'sinbegendikten, emdey'din' kelesi kezen'i durys ju'rgizilmegen. Oqi'g'anyn' aqyry sotqa aparyp tirelgen, al ay'ry'hana sol u's'in ai'yppul to'ley'ge ma'jbu'r bolg'an.

Biraq negizinen ko'p jag'dai'da basqalarg'a qarag'anda da'rigerler bir-birinin' jazg'anyn jen'ilirek tu'sinedi, logi'kag'a salsa, barlyg'y aldynda tu'sinikti jazy'g'a ko's'edi. O'zi tu'sinbei' jatsa, o'zge a'riptesinen suray'yna bolady. Alai'da ta'jiri'be arqyly da'rigerler bir-birinin' jazy'yn jazbai' tani'tyn den'gei'ge jetedi.

Adamdar jazy'yna qarap, minezin tany dep jatady. Bai'qag'andaryn'yzdai', minezi sabyrly, birtog'a da'rigerler ily'de birey' kezdesedi. Sebebi ay'ry' adam – as'y's'an'. O'n'kei' qi'yn jag'dai'dag'y adamdarmen aralasqan son', olardyn' da emosi'i'asyna, ko'n'il ku'i'ine a'ser etpei' qoi'mai'dy. Olarg'a da tu'sinistikpen qarag'an abzal.

massaget.kz

https://aqmeshit-aptalygy.kz/kogam/343-drger-zhazuyny-tsnksz-bolu-sebeb.html


 


«Mindetti a'ley'mettik medi'si'nalyq saqtandyry' (MA'MS) ju'i'esinde em qabylday's'ylar jog'ary tehnologi'i'aly operasi'i'alar jasaty'g'a, ay'ry'hanag'a jatyp emdely'ge, anali'z tapsyry'g'a mu'mkindik alady. Densay'lyq saqtay'dyn' jan'a u'lgisi ay'ry'dy erte anyqtap, onyn' aldyn aly'g'a den qoi'ady» dei'di mamandar. Densay'lyq saqtay' salasyndag'y belgili saraps'y Serik Ta'n'irbergennin' ai'ty'yns'a, mindetti medi'si'nalyq saqtandyry' ju'i'esi engizilgennen kei'in da'rigerler pasi'entterge sapaly ko'mek ko'rsety'ge mu'ddeli bolady. Medi'si'na mamandary aldyna kelgen adamdy emdep jazy'g'a, ti'isti da'rigerge joldama bery'ge tyrysady. O'i'tkeni aqs'a em aly's'ynyn' son'ynan ju'retin jan'a ju'i'e ult densay'lyg'yn jaqsarty'g'a ja'ne ay'ry'dyn' aldyn aly'g'a negizdeledi.

«Jasyratyny joq, qazir «MA'MS engizilgennen kei'in ota jasaty'g'a nemese teksery'den o'ty'ge joldama aly' qi'yndai'dy» degen pikirler de joq emes. Mundai' pikirlerdin' es' negizi joq» dei'di maman.

Saqtandyry'dyn' qazaqstandyq u'lgisinin' a'ley'mettik ataly' sebebi de tegin emes. O'i'tkeni bul ju'i'ede MA'MS qatysy's'ylarynyn' to'lengen jarna mo'ls'erine qaramastan, birdei' paket usynylady. A'ley'mettik medi'si'nalyq saqtandyry' qory tabys taby'dy ko'zdemei'di ja'ne ji'naqtalg'an qarajat deni say' ult qalyptastyry'g'a jumsalady.

«Jalpy, saqtandyry' ju'i'esinde adamdardyn' densay'lyg'y myqty bolg'any man'yzdy. Bul densay'lyg'y durys adamdardyn' esebinen syrqattardy emdey'ge ko'birek mu'mkindik beredi. Onyn' ortaq jay'apkers'ilikke negizdelgen a'ley'mettik saqtandyry' atany'y da sondyqtan. Ma'selen, qazir bizde balalar medi'si'nalyq ko'mekti memleket esebinen tegin alyp otyrady. Qazirden bastap o'skelen' urpaqtyn' densay'lyg'yna ko'n'il bo'lip, olardy salay'atty o'mir saltyn ustany'g'a bay'li'tyn bolsaq, ay'yrmai' o'sedi. Esei'gende jumys istep, o'zi u's'in aqy to'legenderdin' aldyndag'y qaryzyn o'tei' bastai'dy», – dei'di S.Ta'n'irbergen.

Ortaq jay'apkers'ilik degendi qazaqtyn' ejelden kele jatqan asar da'stu'rine ten'ey'ge bolady. Adam bolg'an son' «bas ay'yryp, baltyr syzdamai'» turmai'dy. Bu'gin sen birey' u's'in to'lesen', erten' senin' emin'nin' aqysy basqalardyn' jarnasy esebinen o'teledi. Azamattardyn' ba'ri jarnany s'ama-s'arqyns'a to'lei'di, biraq bilikti medi'si'nalyq ko'mekti jasyna, jarnasynyn' ko'lemine, a'ley'mettik ma'rtebesine qaramastan, ten'dei' ala alady. Tek medi'si'nalyq saqtandyry' qoryna jarnany y'aqtyly to'lep tursa bolg'any. Ja'ne jan'a bag'darlamag'a qans'ama ko'p adam qatyssa, medi'si'nalyq qyzmetterdi de sons'alyqty ko'p satyp aly'g'a mu'mkindik ty'ady.

«Da'rigerler pasi'entterge qoldan kelgens'e ko'mek ko'rsety'ge, ti'isti joldamasyn jazyp bery'ge tyrysatyn bolady. O'i'tkeni ju'i'e pasi'entterdi emdep jazy'g'a mu'ddeli. MA'MS-tin' maqsaty – ay'ry'dyn' aldyn aly' arqyly salay'atty ult qalyptastyry'. Qazaq «ay'yryp em izdegens'e, ay'yrmai'tyn jol izde» dep beker ai'tpag'an. S'ynynda, men'degen syrqatty emdegennen go'ri onyn' aldyn alg'an a'ldeqai'da ti'imdirek. Ko'rsetilgen qyzmetke aqy to'ley' ta'silderi syndy qarjylyq rettey' quraldarynyn' da sapanyn' artyp, da'rigerlerdin' pasi'entke jyly qabaq tanyty'yna yqpal eteri day'syz», – dei'di maman.

Saraps'ynyn' pikirins'e, da'riger «pasi'ent jarna to'ledi me, to'legen joq pa?» degen suraqqa bas qatyrmay'y ti'is. Medi'si'na qyzmetkerinin' mindeti – ko'mek ko'rsety', qalg'any basqa mamandardyn' moi'nyndag'y s'ary'a.

«A'rkim o'z s'ary'asyn bily'i kerek. Da'riger «aqs'a azai'yp ketpes u's'in pasi'entterden ai'yrylyp qalmay'» jag'yn oi'lamay'y kerek. Bul basqa den'gei'degi mamandardyn' mindeti», – dei'di Serik Ta'n'irbergen.

 

http://zhasalash.kz/kogam/21001.html



 

ХИРУРГ

Облыстық медицина орталығы аймақта мамандардың ұстаханасы саналады. Себебі, мұнда қызметке келген кез келген жас дәрігер еңбек жолында саулығына сауға сұрай келген сырқат жандардың ауруынан айықтыруда талай қиындықтармен күресе жүріп шыңдалады. Дәрігердің емінен дауа тауып, дертінен айыққан жандар өмір бойы ол маманды аузынан тастамай «алтын қолды дәрігер» атап, алғысын айтып жүретіні анық. Аймаққа есімі танымал сондай білікті дәрігердің бірі – хирург Нұриддин Әмитов. Ол бүгінде медицина орталығы директорының хирургия бойынша орынбасары.

Нұриддин Егенбердіұлының ұйымдастырушылық қабілеті арқасында медицина орталығының хирургия саласы заман үрдісімен ілесе қарқынды түрде дамып келеді. Жыл сайын медициналық орталықта жаңа технологиялар мен ғылым саласындағы жаңашылдықтарды қолданумен 10 мыңнан астам хирургиялық ота жасалады. Атап айтқанда, панкреатит, диафрагманың тамақ қуысының жарығы, асқазанның перфорациялық жарасы кезінде жасалатын оталар; туа немесе уақыт өте келе пайда болған жүрек ақауларына, аневризма кезінде аортаны протездеу және каротидті тамырлардағы түйіндерді алып тастау бойынша жасалатын кардиохирургиялық оталар; жамбас буындарын ауыстыру кезіндегі травмотологиялық оталар; омыртқаның бірнеше жерден сынуы кезінде жасалатын, бас миындағы және жұлындағы ісіктерді микрохирургиялық техника арқылы алып тастау бойынша жасалатын нейрохирургиялық оталар және басқалары.

Білікті хирург кәсіби қызметімен бірге қоғамдық қызметті де абыроймен алып жүр. Оның бір дәлелі ретінде 2016 жылдан бастап Жаңақорған ауданы №29 сайлау округінен облыстық мәслихат депутаты болып сайланғанын айтуға болады. Дәрігердің депутаттық бағдарламасында округ тұрғындарының денсаулығын жақсартумен қатар, тұрмыстық жағдайы төмен азаматтарды қолдау, нысаналы бағдарламаларды алға жылжыту, аймақтағы емдеу-алдын алу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша көзделген шаралар жүзеге асырылуда.

Нұриддин Әмитов 1968 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Жаңақорған ауданының тумасы, дәрігерлер әулетінің ұрпағы. 1993 жылы Алматы медициналық институтының емдеу факультетін тәмамдаған ол еңбек жолын Қызылорда қаласындағы облыстық ауруханада хирург дәрігер ретінде бастаған.

Кез келген адам өз мамандығына және өзі еңбек ететін жеріне деген адалдығымен мақтана алмайды. Ал, Нұриддин Егенбердіұлы, керісінше, өз мамандығына және өзі еңбек етіп, өсіп-өнген ұжымына деген адалдығымен мақтанып, масаттанады. Себебі, ол облыстық медицина орталығының қабыр-ғасында кәсіби маман, құрметті тұлға ретінде қалыптасты, мамандығына де-ген адалдығы, өз ісіне деген жоғары жауапкершілігі, ізденімпаздығы оны абырой биігіне көтеріп, елдің ықыласына бөледі. Жай дәрігерден кәсіби маман, қала берді 2002 жылдан бастап ол хирургиялық бөлімді басқарса, 2009 жылы директордың хирургия бойынша орынбасары болып тағайындалды. Бүгінде майталман маман, тәжірибелі хирург орталыққа келген жас мамандарға ақыл-кеңесін айтып, хирургияның қыр-сырын меңгеруге атсалысып келеді.

Белгілі дәрігер Нұриддин Әмитов – «100 жаңа есім» жобасына қатысушы үміткерлердің бірі. Қолы шипалы хирург аймақ медицинасының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Үміткерге «El.kz» сайты арқылы дауыс беруге болады.

 

Айнұр БАТТАЛОВА.

http://syrboyi.kz/tagilim/14659-hirurg.html

Тері-венерологиялық диспансеріне – 90 жыл

Шежірелі Сыр өңірінен қолы шипа, сөзі дәру, атағы алысқа кеткен мықты дәрігерлердің бірнеше буыны шықты. Осындағы емхана, аурухана, орталық диспансерлерде талай дерттің дауасы табылды. Бұл, әрине, біліктілік пен білімнің, мол тәжірибенің жемісі. Солардың бірі де бірегейі – облыстық тері-венерологиялық диспансері. Аталған мекеме – Қызылорда облысы аумағындағы жыныс жолы арқылы жұғатын және жұқпалы тері ауруларын емдейтін, емдеп қана қоймай, оны түбегейлі зерттеп, зерделейтін бірден-бір денсаулық ұйымы.

Дендеген талай дертке дауа іздеген диспансердің тарихы өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастау алады. Сол уақыттары өңірдің алыс аудандарындағы елді мекендерде қоныстанған тұрғындар түрлі кеселдер мен венерологиялық аурулардан қатты зардап шекті. Толық емес мағлұматтар бойынша, 1920-21 жылдары Арал және Жаңақорған ауданы тұрғындарының 10-17 пайызы жіңішке аурулармен ауырған. Аталмыш уақытта мерездің III кезеңі де кең құлаш жайды. Жұрттың жұқпалы тері дертіне, оның ішінде тас кеселге шалдығуы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Жүрекке үрей, көңілге қорқыныш ұялататын осы бір оспадар жайттардан кейін облыс көлемінде тері және жіңішке ауруларына қарсы жұмыс ұйымдастыру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің қатарында тұрды. Осылайша 1927 жылы облыста алғаш рет 15 орындық округтік вен-диспансер ұйымдастырылды.

Еліміз етек-жеңін жинап, еңсесін тіктеген уақытта медицина саласы да жаңаша сипатта дамыды. Тұғырлы тәуелсіздігімізбен қатар облыстық тері-венерологиялық диспансерінің жұмысы да қайта түледі. Түрлі зерттеу лабораториялары ашылды, төсек орындарының саны артты. Тоқсан жылдың тоғысындағы диспансерге өз ісінің шынайы мамандары, білікті дәрігерлер басшылық жасады. Сара Әбдіраманқызы, Вера Ивановна, Вера Қарабайқызы, Бақыт Омаров сынды денсаулық сақтау саласына есімдері алтын әріптермен жазылған тұлғалар диспансердің даңқты тарихында нағыз шебер дәрігерлер ретінде қалды. Олармен бірге аттары аймаққа ғана емес, күллі республикаға танымал дәрігерлер тұрғындар денсаулығының күзетінде тұрды. Қазіргі таңда біліктілігі биік, білімі жоғары дәрігер мамандар топтасқан ұжымға Қайрат Мырзахметов басшылық етеді.

– Биыл облыстық тері-венерологиялық саласына 90 жыл толып отыр. Бұл – өлкенің тарихы. Міне, осы жылдары қаншама мыңдаған халқымыз осы сала бойынша емін алып, келген науқастар әріптестерімізден кеңес тыңдап, өз дерттеріне шипа тапты деп ойлаймын. Тері венерологиялық саласындағы диагностиканы жақсарту мақсатында, емнің сапасын көтеру мақсатында зертханалық бөлімнің жұмысын жүйелеу көзделіп отыр. Өйткені дер кезінде диагноз қою, уақытылы ем жүргізу зертханалық құрылғылардың сапалылығын қажет етеді. Сондықтан біз бүгінгі таңда зертхана жұмысына үлкен көңіл бөліп жатырмыз. Осындағы мамандарды оқытып, біліктілігін арттыру мәселесіне көңіл бөлініп келеді, - дейді облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бас дәрігері Қ.Тәңірбергенұлы.

Медициналық мінсіз қызмет көрсету жүйесінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып, төгілген тер, жұмсалған еңбек қашан да еленіп, тиісті марапатқа ие боларына біз де көз жеткіздік. Шипа іздеп шарқ ұрған сан мыңдаған науқасты аяғынан тік тұрғызып, құлантаза сауықтырған диспансерге емделуге келетін сырқаттардың санында шек жоқ. Тарам-тарам тарихын тоқсан жылға толтырып отырған тері-венерологиялық саласы зор жетістіктермен жетті. Осы ретте өткен аптада салмақты саланың мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты шараның куәсі боп қайттық. Облыстық медициналық орталықтың мәжіліс залында өткен айтулы шарада облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов барша дәрігерлерді айтулы датамен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

– Әлемде шығыс медицинасы күллі дүниежүзін мойындатқан. Шындығында, дерматолог сөзінің астарына үңіліп отырсақ, ескі түрік тілінде «тері» сөзін «дері» дейді. Бізге ол бүгінгі күнге дыбыстық өзгеріске ұшырап, өзгеріп жеткен секілді. Шығыс медицинасын Сыр өңірінде жалғастырушы Қалжан ахун, Әли Көтібаров, т.б. ұлы шипагерлердің болуы бізде де медицинаға үлкен мән берілгендігін дәлелдейді. Сондықтан, біздің бүгінгі қоғамда еңбек адамына деген құрмет әрдайым шексіз, ол – биік. Негізі, әр мамандық құрметті. Бірақ, соның ішінде адам жанының арашашысы дәрігер қауымға ықылас ерекше. Денсаулық сақтау саласына біздің өңірімізде де айрықша маңыз беріліп келеді. Облыс басшысы Қырымбек Елеуұлының қолдауымен әлеуметтік салаға бөлінген қаржы көлемі республика деңгейінде алғашқы орында. Ал саладағы басты жетістіктер еңбек ұжымдарының ауызбіршілігімен, мамандардың кәсіби біліктілігімен, еңбекке деген ерекше көзқарасымен, мамандығына деген сүйіспеншілігімен келіп жатқаны анық. Сондықтан 1853 жылы Сыр бойында басталған кәсіби медицина бүгінде ол кезеңмен айтып салыстыруға келмейтін деңгейге көтерілді. Осы орайлы сәтті пайдаланып, барша дәрігерлерді айтулы мерекесімен құтттықтаймын, - деді Р.Рүстемұлы.

Аталмыш салада талай жылдар жетістіктерге жетіп, халықтың ыстық ықыласына бөленген бірқатар дәрігерлер арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтсақ, облыс тұрғындарының денсаулығын арттыруға ерекше үлес қосып, денсаулық сақтау саласына еңбегі сіңгені үшін облыс әкімінің құрмет грамотасымен Д.Қойшыбаева, С.Оспанова марапатталды. Облыс әкімінің алғыс хатын Г.Даужігітова, Ш.Смаилов иеленсе, денсаулық сақтау саласындағы ұзақ жылдар бойғы адал да қажырлы еңбегі үшін Е.Алдоңғаров, С.Мұхамеджанқызы, С.Тәжмағамбетова, Ф.Хуснуддинова «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар республикалық альманах «Денсаулық» журналының «Алтын дәрігер» төсбелгісімен диспансердің бас дәрігері Қ.Мырзахметов, Т.Әбілғазылар ие болды.

Шара ғылыми конференцияға жалғасып, дәрігер-мамандар баяндамаларын оқыды. Міне, 90 жылдық тарихында елеулі жетістікке жеткен айтулы саланың бүгінгі бейнесі осындай.

Сурет "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасының хабарынан алынды. 

 

Құралай ЖАҚСЫЛЫҚ

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=8077:----90-&catid=2:2011-11-18-08-59-27&Itemid=2

0

ЖАҢА ТЕРАПИЯНЫҢ ТИІМДІ ТҰСЫ КӨП

Биыл жазда облыстық медицина орталығының эндокринология бөлімшесінде Диабет орталығы ашылған болатын. Бүгінде орталықта жоғары мамандандырылған технологияларды пайдалана отырып көмек көрсетілуде.

Аймақта алғаш рет осы орталықта жүкті әйелдерге «Помпалы инсулинді терапия» жүзеге асырыла бастады. Сонымен қатар мұнда науқастарға диабеттің алдын алу, оны асқындырмау жолдары үнемі түсіндіріледі.

Мамандардың айтуынша жаңа терапия жүкті науқас әйелдердің тәулік бойына бірнеше рет жасалатын екпеден, психологиялық үрейден арылуына сеп болады. Оның қабылдаған тағамына инсулиннің тәуліктік дозасын помпа енгізіп отырады. Осылайша қандағы қант деңгейі қалыпты сақталады.

Ең бастысы, инсулиндік помпа құрсақтағы баланың дамуына жағдай жасап, оны анасының еш қиындықсыз босануына жақсы әсер етеді.

ЖАҢА ТЕРАПИЯНЫҢ ТИІМДІ ТҰСЫ КӨП

https://syr-media.kz/kogam/159-zhaa-terapiyany-timd-tsy-kp.html

БӘРІМІЗДІ БІРІКТІРЕТІН БАСТАМА

Сырдария аудандық аурухана ұжымында латын әліпбиіне көшуге байланысты жиын өтті.

Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық аурухананың мейірбикесі С.Бакеева латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайлы айтып, оған көшу ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін қамтамасыз ететіндігін жеткізді. Әрі бұл әлем қазақтарының рухани тұтастығын танытатын бірегей қадам. Жиынға қатысқандар да реформа жайлы пікірін білдіріп, бұл рухани жаңғыруға жасалып жатқан нақты қадам деген байлам жасады.

Зейнеткер Ш.Зетов те бастамаға қолдау білдіріп, жаңа әліпбиді үйренудің еш қиындығы жоқ екендігіне тоқталды.

https://syr-media.kz/kogam/168-brmzd-brktretn-bastama.html


 

Azattyq TV - Азаттық - Азаттык

 

Опубликовано: 10 окт. 2017 г.

 

Қызылордаоблысындағы Арал және Қазалы аудандарындағы медициналық жедел жәрдем қызметінің санитарлары жұмыстан жаппай қысқартуға ұшырағандарына наразы. Облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері барлығы 134 санитар жұмыстан қысқартылатынын айтады. Оған денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы себеп болған.

Дереккөз: https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-ambulance-kazaly-kyzilorda/28784300.html

ТЕРІ АУРУЛАРЫН ТАП БАСАТЫН ҚҰРЫЛҒЫБиыл – облыстық тері-венерологиялық диспансерінің құрылғанына90 жыл. Айтулы дата аясында санаулы күндерден кейін республикалық деңгейде конференция ұйымдастырылып, сала мамандары бас қоспақ. Сонымен қатар, мереке қарсаңында сала әлеуетін арттыруды мақсат еткен басшылық техникалық базасын қайта жаңартты. Бұл жолы тері ауруларының түр-түрін жеңіл анықтайтын алманиялық «Дерматоскоп» қондырғысы алынып, бүгінде жергілікті дәрігерлер өз тәжірибесінде қолдануды бастады.

– Қондырғының негізгі қызметі тері науқастарын бір-бірінен ажыратуға, терінің қай қабатына дейін зақымданғанын анықтауға мүмкіндік береді. Сол қондыр­ғыны жергілікті венеролог-дерматолог дәрігерлерге үйрету үшін Германияның «KOLN DUSSEL­DORF» университетінің жанынан ашылған «Hospital Akademic» мекеме­сінің директоры Василий Савко арнайы келді. Тәжірибелі дәрігер, профессор В.Савко біздің қалада жұмыс сапары барысында 12 күн болады. Бір жағынанқондырғыны түсіндіру жұмыстарымен айналысса, екінші жағынан науқастарға кеңес беруді де көздеп отыр. Атап айтсақ, дерті күрделі, анықтауға келмейтін, асқынып кеткен науқастар профессордан кеңес алып, ем-дом шаралары жүргізіл­мек, - дейді облыстықтері-венерологиялық диспансерінің бас дәрі­гері Қайрат Тәңірбергенұлы.

Қазан айының 3-6-сы аралығында профессор Василий Савконың қатысуымен облыстағы дер­матолог-венеролог мамандар жина­лып, семинар тренинг өткі­зілді. Отызға тарта дәрігер шетел­дік ғалымнан дәріс тыңдап, тәжі­рибесін толықтырды. Профессор тек құрылғыны меңгертумен шектел­мей, өңірлік дәрігерлермен өзінің ұзақ жылдар саладағы тәжірибесімен бөлісіп, пайдалы кеңестерімен қуантуды көздейді. Тіпті, алыстан ат арытып жеткен маманның келгені хабарланғаннан кейін, кеңес алам деуші науқастар көбейген. Күнделікті қолынан келгенше 25-30 түрлі деңгейдегі науқастарды қарап, емдеу процестерін жүргізуде.

Құрылғыны өндіруші ел – Германия. Құны 3,6 млн теңгеніқұрайды. Осыдан 30 жыл бұрын неміс медицинасы аталған құрылғыны өз тәжірибесіне енгізді. Бұл қондырғы кесел терінің қай қабатында тұрғанын дәл анықтайды. Көзге көрінбейтін тері қабатындағы майда дақтарды үлкейтіп, неден болғанын, қалай емдеу керек, терінің қай қабатының зақымданғанын да айна қатесіз экран бетіне шығарады. Демек, клиникалық белгісіне қарап, қай деңгейдегі дерт екенін анықтауға мүмкіндік туады. Негізі адам физиологиясында жара түбінен жоғары қарай емделу керек. Қазір мүмкіндіктің аздығынан, тек жараның көзге көрінген бөлігі ғана емделеді. Ал ол өз кезегінде жараның қайта шығуына немесе процестің қайталануына әкеп соғады. Сондықтан алынған аппараттың пайдасы зор. Қазір ауруханадағы 7 дәрігер арнайы үйрету курсынан өтуде. Ал аудандарда бұл құрылғы болма­ғандықтан, дәрігер мамандарды үйреткенімен, тәжірибесінде пайдалана алмайды. Сондықтан алда­ғы уақытта құрылғыны алып, аудандарды аралап, арнайы тәжі­рибе жұмыстарын жүргізбек ниетте. Бүгінгі таңда тері-венерология­лық диспансерде 95 қызметкер жұмыс істейді. Аурухана тәуліктік 60 төсек және күндізгі 10 төсекпен қамтылған. Қазір диспансерде псориаз, инфекциялық дермотид, қотыр секілді түрлі кеселмен келіп түскен 55 науқас бар. Күндізгі ем алушылар да аз емес. Бұл дегеніңіз, облыс орталығында тері ауруларымен ауыратын науқастар саны мөлшерден тыс болмағанымен, баршылықекенін көрсетеді. Сондықтан аталған дерттердіңалдын алу үшін шетелдік құрылғылардың көмегі ауадай қажет. Ал құрыл­ғыны өз тәжирибесінде ұзақ жылдар бойы пайдаланған профессор В.Савко тері кеселдерін дерматоскоптың көмегімен тез анықтауға болады дейді.

– Мен Германиядан «SES Senior Expert Service» компаниясы арқылы арнайы шақыртумен кел­дім. Мұнда құрылғының негізгі құрылымын, пайдалану жолдарын осындағы дерматолог дәрігерлергеүйретуді бастадым. Алдымен кез келген маман бұл аппаратты не үшін қолданып жатқанын білуі керек,­ құрылғы адам денесінің магнит­тік өзгерісіне қарай қолданылады. Аппараттың көмегімен кез келген жараны үлкейтіп көрсетуге мүмкіндік туады. Мен 25 жыл «Hospital Akademic» мекемесінде басшылық қызметте болдым. Тері ауруларын, емдеу жолдарын зерттедім, қазір осы бағытта жұмыс істеп келемін. Сондықтан аппараттың тері ауруларын анықтауда үлкен маңызға ие екенін айта кетей­ін. Менің Германиядағы негізі қызметім –венеролог, аллерголог және дерматолог. Жақын арада еліме қайтамын, алдымен Астанаға ұшып, сол жақтан Франк­фуртке жол тартамын. Маған мұнда барлығы ұнайды, күні кеше Арал теңізіне барып келдім. Қызықты саяхат болды. Жалпы, Қызылорда – өте жайлы қала, - деді профессор Василий Савко.

Жалпы, кез келген адам бес күндік ғұмырында бір рет бол­сын тері ауруларымен ауырады. Демек, қыстың қамын жаз ойлап, осы кезден­ бес қаруымызды сайлап алғаны­мыз абзал.

Құралай ВЛАДИМИРҚЫЗЫ

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=8035:2017-10-12-04-20-30&catid=5:2011-11-18-09-02-24&Itemid=5
ДӘРІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК

Қызылорда облысы бойынша фармацевтикалық қызметпен 383 көтерме және бөлшек сауда обьектісі айналысады. Оның 234-і дәріханалар болса, 106-сы дәріханалық қоймалар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндеҚР ДСМ Фармация комитетінің Қызылордаоблысы бойынша департаментінің басшысы Ғалия Байменовамәлімдеді.

− 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 35 тексеру жүргізілді. Нәтижесіндеәкімшілік құқық бұзушылықтуралы 6 хаттама толтырылып, сомасы 1134500 теңгені құрайтын айыппұлдар салынды. Сонымен қатар, дәріханалықұйымдар басшыларына дәрілік заттарды рецептіменбосатуда бақылауды күшейту жөнінде хаттар жолданды, − деді департамент басшысы.

Сонымен қатар, облыста 2017 жылдың 1 шілдедегіжағдай бойынша, жалпы сомасы 511758000 теңгені құрайтын 3 бірліктегіқолданусыз тұрған медициналықтехникалар бар. Оның ішінде Жаңақорғанаудандық орталық ауруханасындағы құны 2708000 теңге ИВЛ SLE-2000 аппаратын теңгерімненшығарып, құны 4500000 теңге «Полинаркон» аппаратынтеңгерімнен теңгерімге беру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Облыстық медицина орталығындағы» құны 504550000 теңгені құрайтын томограф магнитно-резонансный MAGNETOM Espree құрылғысы жөнделіп, қолданысқаберілетін болады.

Әсел БЕГМАН

http://aqmeshit-zhastary.kz/ajna/d-rilerge-ba-ylau-k-shejtilmek/

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ДЕРБЕС ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КҮШЕЙТЕДІ

Қазақстанда 1 шілдеден бастап енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің маңызы зор. Еліміздің барлық аймақтарында бағдарламаның негізгі қағидаларын ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобының мүшесі, «Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Баймахановты әңгімеге тартқан едік.

Болатбек Бимендеұлы, елімізде МӘМС жүйесін енгізудегі басты мақсат пен оның негізгі себептерін қысқаша түсіндіріп өтсеңіз...

– Негізгі мақсат – мемлекет пен жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы өзара жауапкершілікті, ықпалдастықты қалыптастыру. Бұл әлемдегі озық елдердің тәжірибесінде бар. Қазіргі таңда дүние жүзінде денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың үш жүйесі бар десек, оның бірі мемлекеттік жүйе. Мәселен, Қазақстандағы әлеуметтік саланың, оның ішінде денсаулық сақтау саласына қатысты мәселенің барлық ауыртпалығын мемлекет мойнына алып, қаржыландыру тек бюджет есебінен шешіліп келді. Ауырған жағдайда тегін медициналық көмекке жүгінеді. Демек, халық тарапынан да, жұмыс беруші тарапынан да ешқандай жауапкершілік болған жоқ. Екінші жүйе – сақтандыру компаниясы. Сақтандырудың жеке түріндегі жүйесі Америкада қолданылады. Қазіргі таңда Америкада 30 млн-ға жуық халықтың тегін көмек алу мәселесі күрделі жағдайда. Өйткені, сақтандыру полисін сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Осы қиындықтарды ескере отырып, көптеген елдер мемлекеттік сақтандыру жүйесін енгізіп, оған мемлекетті де, сақтандыру компанияларын да қатыстырған. Елімізде 2018 жылдан енгізілгелі отырған жүйе – осы.

Бұл жүйе халыққа не береді, қажеттілігі қанша?

– Біріншіден, денсаулық сақтау саласындағы қаржылай тұрақтандыруды қамтамасыз етеді. Сол арқылы халыққа медициналық көмектің барлық түрінің қолжетімділігі артады және түрлі тетіктерді пайдалана отырып, медициналық қызметтің сапасы көтеріледі. Осылайша, болашақта денсаулық сақтау саласының тиімділігі, нәтижелілігі артады. Екіншіден, әр адам қалтасынан өз денсаулығына төлем төлейтін болса, денсаулығына деген жауапкершілігі, мәдениеті жоғарылайды. Сондай-ақ жарна төлеуші емдеу орнынан сапалы қызмет көрсетуді талапетуге құқылы. Құқы болғаннан кейін медицина қызметкерлерінің де, медицина ұйымдарының да жауапкершілігі күшейеді әрі емдеу мекемелері арасында бәсекелестік пайда болады. Үшіншіден, қазір медицина бір орнында тұрған жоқ, жаңа инновация жолға қойылып, өте көп өзгерістер болып жатыр. Есесіне ондай жоғары мамандандырылған кардиохирургия, трансплантация, травматология салалары қомақты қаражатты қажет етеді. Әсіресе, зерттеу, диагноз қою аппараттары, дәрі-дәрмек, құралдар өте қымбат. Жаңа заманға сай ғимараттар керек. Мәселен, біздің орталық ғимаратының 65 пайызының тозығы жеткен. Оның бәрін салуға мемлекеттің жағдайы жоқ. Сондықтан осы жүйе арқылы бұл салаға қосымша қаражат тартып, материалдық-техникалық жағдайды жақсартуға мүмкіндік туады.

Жүйенің әлеуметтік сақтандыру атануы қандай да бір өзгеріс әкеледі ме?

– Әрине, бұл жерде әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету деген мәселе жатыр. Мәселен, бұл жолды әлемнің қаншама елі таңдап отыр. Себебі, олар әлеуеті жоғары адамдар есебінен әлеуметтік әділдікті шешуді көздейді. Ол біздің қоғамда да бар. Бізде де өте төменгі мөлшерде жалақы алатындар баршылық. Демек, әлеуеті жоғары азаматтардың жарнасы есебінен әлеуеті төмендерді, сау адам ауру адамды емдеуге мүмкіндік бермек.

Қандай жағдайда бұл жүйенің жүзеге аспауына қауіптууы ықтимал?

– Негізінен төлемдер уақытында түспей жатқан жағдайда. Бес жылдың ішінде үкімет өз мойнына алып отырған қазіргі он миллион адамның көлемі азаяды. Тегін көрсетілетін кепілдендірілген көмектің көлемі де кеми бастайды. Өйткені, уақыт өтіп, жүйе қалыпты жұмыс істеген сайын әлеуметтік маңызы бар науқастар МӘМС жүйесіне өте бастайды. Бұл жерде бақылау тетіктері жақсы ұйымдастырылуы қажет. Ол үшін қорда халықты емдеуге тиісті қаражат болуы тиіс. Өйтпеген жағдайда халықтың дер кезінде медициналық көмек алуға мүмкіндігі болмай, сенімсіздік туады.

Әрине, 90-шы жылдардағы экономикалық ахуалды қазіргі жағдаймен салыстыруға келмейді. Онда жалпы ел экономикасы да, медицина саласы да жаңашыл реформаны жүзеге асыруға толық дайын емес еді. Ең бастысы, төлемдер түспеді. Көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылыққа, басым бөлігі банкротқаұшырады. Оған да жиырма жылдай уақыт өтті. Бүгінгі жағдайымыз мүл­дем басқаша. Бүгінде жүйенің тұрақты қызмет етуі­не қатысты алғышарттар қалыптасқан. Барлық меди­циналық мекемелердің мәртебесі белгіленді. Ақы­лы көмек көрсететін, басқа да коммерциялық мәртебелер айқындалды. Әр аурудың өз тарифі, бағасы да белгіленіп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Компьютерлік жүйеміз бар, ха­лықты емдеу мәселесі кімге үкімет төлейді, кімге жос­парлы кепілдендірілген тегін көмек шеңберінде медициналық көмек көрсетіледі, кімге жұмыс беруші төлейді, барлығы жүйеленді. Бұл көмекті бақылайтын Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қыз­меттің сапасын бақылау және Медициналық қызмет ақысын төлеу комитеттері жұмысқа кірісуге дайын.

– Жеке меншік емдеу орындарын қатыстыру мәселесі де қарастырылып отыр. Бұл қалай жүзеге асады?

– Соңғы кезде елімізде жеке тұлғаларға медициналық мекемелерді жекешелендіру мәселесіне қатты көңіл бөлінуде. Өйткені, үкіметтіңсоншама мекемені ұстап тұруы қиын.Қазіргі медицина мекемелерінің тозу деңгейі – 75, құрал-жабдықтармен жарақтануы 45 пайызға тең. Оның бәрін жақсартуғаүкіметтен 1 триллионға жуықтеңге қажет. Әзірге, бұл мүмкін емес жағдай. Сондықтан жекешелендіруге берілетін, берілмейтін нысандарды белгілеуде мұқияттылыққажет. Оның өз талаптары болады. Мәселен, жеке тұлғаға берілген жағдайда жалпы белгіленген профильді сақтауға міндетті. Өйткені, халық ертеңодан жапа шекпеуі тиіс. Әр аурудың өз коэффициенті бар, соған қарай ақша төленеді. Ертең кәсіпкер «маған мына ауруды емдеу тиімсіз. Беріп жатқан қаражаттарың шығындыөтемейді, болмаса тиісті тарифті көбейтіңдер» деуі мүмкін. Сонда ол ауру қайда барады? Осындай жағдайлар алдымыздан шықпас үшін жекешелендіруге бақылауды күшейту керек.

– Көпшілікті ауруханаға жатып емделудің тәртібі қызықтырады. Порталдық жүйе сақтала ма?

– Иә, порталдық жүйе қалады. Бұл дүние жүзінде бар тәжірибе. Қай мемлекетте де жоспарлы көмек алуда кезек болады. Өйткені, порталсыз науқастарды реттеп жатқызу мүмкін емес. Бір ұтымдысы, адам өз кезегін тізімнен көріп, келеңсіз фактілер кездессе арызданып, тексерте алады. Мәселен, біздің орталықтың мүмкіндігі жылына 3,5 мың адам. Ал қажеттілік 5-7 мыңға жетсе ше? Мұндай жағдайда кезек күтуге тура келеді. Болмаса басқа емдеу мекемелеріндегі стационарлық көмектің деңгейін көтеруге, сондай-ақ облыс орталықтарында жоғары мамандандырылған көмек көрсетуге жағдай жасау керек. Ал негізгісі әрі бастысы, емханалық-амбулаториялықжағдайда медициналық қызмет көрсетуді жолға қою керек. Қазір емханаларға үлкен көңіл бөлінуде, бірақ ондағы қызмет түрі өз деңгейінде болмағандықтан, халықтың сенімділігі төмендеу. Өйткені, емхана жағдайында дәрігерлер жетіспеушілігі орын алған. Бар дәрігерлерге жүктеме көп. Мәселен, шетелде жалпы тәжірибелік дәрігерге бір жарым пациенттен келсе, бізде үш мыңнан асады. Сондықтан ауруды дер кезінде анықтауға мүмкіндік төмен. Содан да шығар, халық бірден стационарда жатып емделуге өте ықыласты. Енді келесі жылдан енгізілетін МӘМС жағдайында осы жүйені жүйелі жолға қою – емханаларға мамандар тарту, сонымен қатар емханалықкөмекті мүмкіндігінше науқастарға жақындату, стационарлық көмекті үй жағдайында алуды ұйымдастыру мәселесіне басты көңіл бөліну көзделген. Егер осының бәрі ескеріліп, емханалық-амбулаториялық қызмет өз деңгейіндеқалыпты жұмыс істейтін болса, онда халықтың 50 пайызға жуығына стационарға бармай-ақ емделуге мүмкіндік тумақ.



Әңгімелескен Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,

«ЕгеменҚазақстан».

http://syrboyi.kz/suhbat/13148-medicinaly-satandyru-derbes-zhauapkershlkt-ksheyted.html