Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

КАРДИОХИРУРГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ СЫР ЕЛІНДЕ

"Туған жерге тағзым" акциясы аясында, Астана қаласындағы Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығының директоры, жерлесіміз Юрий Пя өз мамандарын Қызылордаға жіберді.

Яғни, медицина ғылымының кандидаты, кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Лесбеков Темур Дастайұлы жəне осы орталықтың кардиоанастезиолог реаниматологі Смағұлов Нұрлан Қуандықұлы дəл қазір Аралдан санитарлық авиация арқылы келген 56 жастағы науқастың " тоқтаусыз жұмыс жасап тұрған жүрекке аорто коронарлы шунттау"" отасын жасауда. Əлі екі ота жоспарда бар.

Ұлттық орталықтың кардиологі Тұрғанбаева Ғалия Мұхтарқызы 20 науқасқа кеңес беруде.

https://aqmeshit-aptalygy.kz/zanalyk/871-kardiohirurgiya-ylymi-ortalyyny-mamandary-syr-elnde.html

Қызылордада медицина мекемелерінің техникалық базасын нығайтылуда

2017 жылғы 17 қараша

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыстық медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бөлінген қаржы көлемі жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. Биылғы жылдың соңына дейін Жаңақорған аудандық емханасы, Қазалы аудандық орталық ауруханасы, 11 медициналық бекет пайдалануға беріледі. Мұнан өзге облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 400 келушіге арналған № 2 қалалық емхана желтоқсан айында ашылады және осы бағытта 4 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Ал, өткен жылы облыстың емдеу ұйымдары жергілікті бюджеттен 1,0 млрд теңгеге 183, лизингпен 651 млн теңгеге 28, 2017 жылы лизинг аясында 1,4 млрд теңгеге, облыстық бюджет арқылы 1,7 млрд теңгеге 77 медициналық құрал-жабдықтар алынған болатын. Соның нәтижесінде, емдеу ұйымдарын құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудің көрсеткіші 45,19 пайыздан 73,4 пайызға жоғарлады. Еске сала кетейік, Елбасы өзінің Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінің бірнеше қадамында медицина саласының мәселелеріне қатысты нақты міндеттер жүктеген болатын. Ондағы 80-қадамда: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жайы айтылды.. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыруы тиіс. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады. Сондай-ақ осы құжаттың 81-82 қадамдарында да медицина саласының алдағы міндеттері айтылды.

Елубай ӘУЕЗОВ

Сілтеме:http://www.inform.kz/kz/kyzylordada-medicina-mekemelerinin-tehnikalyk-bazasyn-nygaytyluda_a3086461

 

ҚАЗАҚСТАНДА ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУҒА ҚАНША АҚША ЖҰМСАЛАДЫ?

1 қазаннан бастап Қазақстандатұмауға қарсы вакцинациялаукампаниясы басталады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулықсақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоныңмәліметінше,2017-2018жылдардағы эпидмаусымға бюджеттікқаражаттың 1 миллиард 200 миллион теңгесіне РФ өндірген «Гриппол плюс» вакцинасының 1,5 миллион дозасы сатып алынды. «Мемлекеттікбюджет есебінен вакцинациялаудан созылмалыөкпе, жүрек-қан тамыры ауруларыменауыратын, иммундық тапшылығы, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі жүкті әйелдер алады. Сондай-ақ жұмыс берушілересебінен және адамдардыңжеке қаражатынан егілетін болады», — деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ,министрліктегілер Қазақстан халқына өз балаларынинфекциялық аурулардан қорғану құқығынан айырмауғажәне олардың денсаулығынбарлық қолжетімді әдістермен, оның ішінде вакцинациялаумен қамтамасызетуге шақырады.

Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/densaulyq/kazakstanda-tumauga-karsyi-vaktsinatsiyalauga-kansha-aksha-283821/


№105 мектеп-лицейдің оқушылары халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген еңбек адамдарыныңөмірі мен қызметіментанысуды, сол арқылы еліне елеулі, халқына қалаулы тұлғаны өздеріне үлгі тұтуды, ақыл-кеңесін алуды әдетке айналдырған.

Жақында 9-сынып оқушылары, «Жас ұлан» ұйымының мүшелері тәлімгерлеріАйгерім Айтбаеваның жетекшілігімен есімі ауданымызға белгілі білікті де тәжірибелі дәрігер, аудандық мәслихат депутаты Бақытжан Нысанбаевтыңеңбегімен танысу үшін аудандық емханаға ат басын бұрды.

Медицина-ең жауапты да күрделі сала. Бұл саланың ішінде батылдық пен сенімділікті талап ететін хирург мамандығын не себепті таңдағанын сұраған Наргиз Қуанышованың сұрағына дәрігер:

-Әкем дәрігер болатын. Бала кезімнен дертіне шипа іздеген жандарға көмегін көрсетіп жүретін әкемнің жұмысы қатты қызықтырды. Сол мамандыққа бейімделіп өстім десем де болады. Қыз-келіншектер мен әйел ананың жаны да жүрегі де нәзік болып келеді. Ал, бұл сала жігерлілікті, жігітке тән мінезді талап ететіндіктен болса керек менің таңдауым тек осы мамандыққа түсті. Халықтың алғысына бөленіп, абыройлы қызмет етіп келе жатқанымыз антымызға адал болғанымыздан деп білемін.

Студенттік өмірінің қызықты сәттерін еске түсіруін, ең алғашқы ота жасағаныңыз есіңізде ме деп сұраған Айбек Төлепберген мен Гүлфариза Сәдуованың сұрағына:

-Біз ауылда өстік, қазақ мектебін бітірдік. Ал, медициналық мамандықтардың сабағы көбінесе орыс тілінде жүргізіледі. Сондықтан орыс тіліне шорқақтығымыздан қиындықты да көрдік, қызыққа да кенелдік. Алғашқы отаны 5 курста білім алып жүргенімде жасадым. Қобалжығаным рас, бірақ ота өте сәтті болды,-деп жауап берді Бақытжан Сағилатұлы.

Өз мамандығының майталманы, жастардың жетекшісі болған дәрігердің әрбір әңгімесін оқушылар қызыға тыңдады. Мөлдір Қаратаева өз шығармашылығынан «Ағаға арнау» өлеңін оқып берді.

Осылайша еңбек адамының бір күнінде озат оқушылар біраз мәліметке қанықты.

Г.ӘМІРҚЫЗЫ

http://qarmaqshy-tany.kz/deputat-d-rigermen-kezdesu/

Дәрігерлермен бірге пациенттердің де жауапкершілігін айқындау керек - Біртанов

2017 жылғы 14 қараша АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстанда медициналық көмек көрсету бойынша дәрігерлермен бірге пациенттерді де жауапкершілігін айқындап алу керек. Мұндай пікірді Астанада «Қант диабеті және қоғам» атауымен өткен дөңгелек үстелде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Елімізде медициналық көмек көрсету тұрғысынан өте салмақты сауалдар туындап жатады. Әсіресе, ортақ жауапкершілікке қатысты сұрақтар бар. Өкінішке қарай, әртүрлі медициналық көмек көрсету түрлері немесе диспансерлеу жұмысы медициналық қызметкерлердің міндеттемелері мен белгілі бір стандарттарға негізделіп қалған. Демек, пациент тарапынан ешқандай міндеттеме керектігін ескере бермейміз. Бұл дұрыс емес, себебі бұл көзқарас пациенттің жауапкершілігін төмендетеді. Пациент уақытылы диспансерлеуге қатыспайды, дер кезінде дәрігерге жүгінбейді. Осылайша, сырқат асқынып кеткенде ғана қаралып жатады. Меніңше, бұны статистика да дәлелдеп бере алады», - дейді министр. Елжан Біртановтың айтуынша, қазірден бастап «пациенттердің жауапкершілігі қайда?» деген сұраққа жауап табу керек. «Көптеген мысалдарды алудың қажеті жоқ. Ел арасында көптеп кездесетін 2-3 аурудың түрін, мәселен қант диабеті, жүрек-қантамырлары мен онкологиялық ауруларды сараптай отырып, пациенттердің өзінің жауапкершілігі қайда деп сұрақ қоюымызға болады. Осы себепті, біз бұл мәселеге заңнамалық тұрғыда жақындауымыз керек. Ұсыныстарымыз бар. Себебі, ортақ жауапкершілікті күшейтпей, қоғамдық денсаулық сақтау саласын дамыту мүмкін емес», - дейді Елжан Біртанов. Министр көпшіліктің бұл бағыттағы жұмысқа қолдау білдіретіріне сенім білдірді. «Бұл тек қана міндетті медициналық сақтандыру аясындағы қаржылық жауапкершілік қана емес, басым жағдайда аурудың профилактикасы, әр адамның өзінің сырқатына бақылау жүргізу бойынша жұмыс. Ең алдымен пациенттердің мүддесі үшін жасалып отырғандықтан, көпшілік аталған бағыттағы жұмысымызды қолдар деген сенімдеміз», - деп түйді министр.

Аян БЕКЕНҰЛЫ

Сілтеме:http://www.inform.kz/kz/darigerlermen-birge-pacientterdin-de-zhauapkershiligin-aykyndau-kerek-birtanov_a3085338

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы не білесіз? (тест)

Lada.kz сіздің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайлы қаншалықты білетініңізді анықтау мақсатында арнайы тест ұсынады.

Тесттен мына сілетемені басып өтуіңізге болaды:

https://www.playbuzz.com/fmskzc10/11-5-2017-2-45-10-pm

«ДЕНСАУЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЛІМ-ЖІТІМДІ АЗАЙТТЫ«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытында қатерлі ісіктер; жарақаттар; жүкті әйелдер мен перинаталдық кезеңнің патологиялары бойынша аурушандық, осы сырқаттарға көрсетіліп жатқан медициналық көмек сапасы, оның толықтығы және ресурстар жағдайы бағаланып, жол карталары бекітілді.

Ол үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге шамасында қаржы бөлініп, 150 медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, 1- деңгейдегі бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында (БМСК) барлық 5 бағыт бойынша 89 мамандандырылған кабинет ашылды.

Бұған қоса 2-деңгейде - ауыр экстрагенитальді аурулармен босанғандар мен жарақаттанғандарға, инсульт алған науқастарға оңалту жұмыстарын жүргізу мақсатында реабилитациялық және қайта қалпына келтіру бөлімшелері ашылды. Барлық аудандық ауруханаларда ауданаралық травматологиялық бөлімшелерді медициналық құрал- жабдықтармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Қатерлі ісікке шалдыққан ауыр науқастардың өмірін ұзарту, күтуге бағытталған паллиативтік көмек көрсету үшін онкология орталығында 30 төсекке паллиативтік бөлімше ашылып (хоспис) және 7 аудандық ауруханаларда арнайы 35 төсек-орын бөлінді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, 9 айда жіті миокард инфарктінде аурушандық көрсеткіші 8,7 пайызға төмендеді.

https://syr-media.kz/kogam/446-densauly-badarlamasy-lm-zhtmd-azaytty.html
4 ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

«Денсаулық» бағдарламасын орындау аясында медициналық ұйымдардың медициналық техникамен қамтамасыз ету көрсеткіші 45,19% -дан 73,4% -ға дейін өсті. Соңғы 2 жылда медициналықұйымдардың материалдық-техникалықбазасы нығайтылып, ауысымына 250 келушіге арналған Жалағаш, Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандық орталық ауруханалар ғимараттары, 200 төсек орындық облыстық балалар ауруханасыжәне 30 дәрігерлік амбулаториямен фельдшерлік акушерлікбекеттер салынып, қолдануғаберілді. Ағымдағы жылы Арал аудандық ауруханасының құрылысы басталды. Мемлекеттік-жекеменшікәріптестік шеңбері аясында 400 келушіге арналған №2 қалалық емхана, сонымен қоса 4 дәрігерлікамбулатория 2017 жылдың соңына дейін пайдалануғаберіледі.

http://aqmeshit-zhastary.kz/ajna/4-d-rigerlik-ambulatoriya-pajdalanu-a-berilmek/

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ТАНЫСТЫ

Облыстық онкологиялық қызметкерлері ҚР Президентінің Жарлығымен қабылданған латын әліпбиінің жаңа нұсқасымен танысты. Шарада облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мұсаева латын графикасы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін табиғи қалыпқа түсіретінін айтты.

Бұрынғы қырық екі әріптің саны қысқарып, жаңадан мақұлданған 32 әріп-дыбыстық әліпбидің ерекшелігі, болашақта жазу сыйымдылығын арттыруға негіз болары анық.

Сондай-ақ. жаңа әліпби тіліміздің ұлттық сипатын арттырып, санамызды сілкінтіп, жадымызды жаңғыртып, рухани бодандықтан құтқарудың жолы, – деді ол.

Кездесуде орталық қызметкерлері Елбасы Жарлығымен қабылданған жаңа әліпбиді жүзеге асыру жұмыстарына атсалысатындықтарын жеткізді.

https://syr-media.kz/news/310-onkologiyaly-ortaly-yzmetkerler-latyn-lpbimen-tanysty.html




I'ag'ni', oblystyn' medi'si'na qay'ymy latyn a'rpimen jazy'dy es' qi'yndyqsyz qabyldai'dy dep oi'lai'myn.

Elbasymyz N.A'.Nazarbaevtyn' latyns'ag'a ko's'y' ty'raly Jarlyg'yn o'z basym zor qy'anys'pen qabyldadym. Medi'si'nalyq oqy' oryndarynda, mei'li orta, mei'li jog'ary bolsyn, alg'as'qy ky'rstarda latyn tili oqytylady. Og'an qosa barlyq da'ri reseptteri, kesel atay'lary latyn tilinde jazylady.

Birlestik s'yg'aratyn «Syr medi'si'nasy» gazetin aldag'y kezde latyn a'rpine ko's'iry' es' qi'yndyq keltirmei'di dep senimmen ai'ta alamyn. O'i'tkeni onyn' negizgi oqyrmandary – medi'si'na qyzmetkerleri.



Muhtar BEI'SOV,

oblys medi'si'na qyzmetkerlerinin' «Syr medi'si'nasy»

qog'amdyq birlestiginin' to'rag'asy