Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

Жұмысқа деген құштарлық денсаулықты нығайтады - ғалымдарАСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдардың соңғы зерттеуі бойынша, өз жұмысына эмоционалдық құштарлығы басым қызметкерлердің психологиялық тұрғыдан денсаулығы мықты болады, деп хабарлайды The Express Tribune.

Мамандар егде жастағы қарияларға күтім жасайтын 5000 қызметкерлерді бақылай келе осындай тұжырым жасады. Ғалымдар өз ұйымына жан-тәнімен берілген қызметкердің денсаулығы әлдеқайда мықты екенін байқады. Сондай-ақ мұндай қызметкерлер басқаларға қарағанда сирек ауырады және ұйқысы бұзылмайды. Ғалымдар бұл тұжырымдама қызметкерлердің жұмыстан «күйіп кетуден» қорғап қалуға көмегін тигізеді деген сенімде.

Сондай-ақ, Гарвард университетінің мамандары жақында тәжірибе жүргізіп, мынадай жаңалық ашқан болатын: басшысынан жиі мақтау естіген жұмысшы өз міндетін құштарлана атқарып, қызметінен кетуге құлшыныс танытпайды. Сол себепті мамандар басшыларға қол астындағы қызметкерлерін көбірек мадақтап, кемшіліктерін бетіне баспауға кеңес береді. Бұл үлкен нәтижеге қол жеткізеді, деп жазады 7sunews.kz.

 

http://inform.kz/kaz/article/2833056

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылады - СенатАСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің бірнеше кезеңмен өтуін көздейді.

Құжатпен медициналық көмекке құқықтар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау ұйымын таңдау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының сақталуын қамтамасыз ету айқындалады. Сондай-ақ, заң жобасымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың, аударымдар мен жарналарды төлеушілердің, медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, осы жүйеде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері реттелмек.

Бұдан бөлек, міндетті төлемдерді шоғырландыру мен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру қарастырылып отыр. Қордың құрылтайшысы мен жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Сонымен қатар заң жобасымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына жататын азаматтардың 15 санаты, оның ішінде балалар, көпбалалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері, мүгедектер босатылады.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың денсаулық үшін ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, жеке медицинаны басымдықпен дамыту және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестікті арттыру есебінен көтеруге жағдай жасайды.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

 

 

Автор:Қанат Мәметқазыұлы

 

http://inform.kz/kaz/article/2832947

 

АРАЛДЫҚТАРҒА ЖАҢА ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІБүгін Арал ауданына жұмыс сапарымен ат басын бұрған аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев алғаш болып Сексеуіл кентіндегі Емхананың ашылу салтантына қатысты. Емхана бір уақытта 100 келушіні қабылдауға қауқарлы. Замануи техникалармен толық жабдықталған. Емхананы арлап көріп, жай-күйімен танысқан аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы аудан әкімі Абзал Мұхимовқа нәтижелі жұмыстарына алғысын білдірді.

 

Арал Ауданының Әкімдігі

https://www.facebook.com/?_rdr=p

АРАЛДЫҚТАРҒА ЖАҢА ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
АРАЛДЫҚТАРҒА ЖАҢА ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
АРАЛДЫҚТАРҒА ЖАҢА ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
АРАЛДЫҚТАРҒА ЖАҢА ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
АРАЛДЫҚТАРҒА ЖАҢА ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Картоптың емдік қасиеттеріАСТАНА. ҚазАқпарат - Картоп - әрбір үйдің асханасында кездесетін көкөніс.Картоптан мыңдаған тамақ түрін дайындауға болады екен. Сонымен қатар, картоптың үй жағдайында емделуге де пайдасы зор. Кейбір ауруларды картоппен жеңіл әрі тимді емдеу әдістерін ұсынамыз.

Ангина. Картоптардың ұсағын таңдап аламыз. Жақсылап жуып, ыдысқа аз мөлшерде су құйып, қайнатамыз. Суды аз құюымыздың себебі, бу судан емес, картоптан шығуы тиіс. Картоптың иісі қатты шыққан соң, отты сөндіріп, ыстық ыдысты үстелдің үстіне әкеліп қоямыз. Басымызды көрпемен бүркеп алып, ыдыстың ішіне мұрнымызбен 10-15 минут шамасында терең демаламыз. Бумен демалып болған соң, салқындап қалмас үшін жылдам көрпе жамылып жатыңыз. Күніне 1-2 рет жасаған жөн. Жоғарыда жазылғандай емдеу жолы ангинаны қайтаруға және тыныс алу жолдарының қабынуын басуға көмектеседі.

Жоғары температура. 2 картопты үккіштен ірі етіп өткіземіз. Оған 1 ас қасық сірке суын құйып, бірнеше қабатталған дәкенің үстіне салып шығыңыз. Дайын компрессті маңдайыңызға қоясыз. Біраз уақыттан соң алып тастап, басқа жаңасын дайындап маңдайыңызға қойыңыз. Осы әдіспен ангинаны кетіруге де пайдалансаңыз болады. Ол кезде компрессті мойныңызға қойып, үстінен жылы орамалмен байлап тастайсыз.

Үсу. Суықтан қолыңыз қызарып кетсе, қолыңызды картоп қайнатылған жылы суға салып, бірнеше уақыт ұстағанның өзі жеткілікті. Бет терісінің үсіп кеткен бөліктеріне картоп компресін жасауға болады. Ол үшін қабығы ашылмаған картоптарды қайнатып, ыстық күйінде жылдам езіңіз. Ыстығын жоғалтпауы тиіс. Дәкеге немесе мата бөлігіне картоп езбесін жағып, зақымдалған жеріңізге суып кеткенше ұстау қажет. Одан соң мақтаны лимон шырыны мен су араласқан сұйықтыққа малып, зақымдалған жерді бірнеше рет сүртіңіз.

Күйік. Картопты тазалап, үккіштен өткізіңіз. Оны 4-5 рет оралған дәкеге салып шығыңыз. Дәкені зақымдалған жерге қойып, үстінен жақсылап байлап шығыңыз. 2 сағаттан соң алып тастап, басқа жаңасына ауыстырыңыз. Егер қайнап жатырған су және май тамшыларына күйіп қалсаңыз немесе қолыңызды ыстық ыдысқа басып алсаңыз, ауырып тұрған жеріңізге жылдам картопты тазартып, екіге бөліп басыңыз. Әр 2-3 минут сайын ауыстырып, жаңа картоп бөліктерін басу қажет, деп жазады ислам.кз.

 http://inform.kz/kaz/article/2832034

ДЕНСАУЛЫҚ: АҚШ ғалымдары аспириннің бала көтеруге көмектесетінін айттыАСТАНА. ҚазАқпарат - Бала көтергісі келген әйелдер күн сайын аспирин дәрісінің төрттен бір бөлігін қабылдау керек, деп кеңес етеді Америка репродуктология қоғамының вице-президенті Ричард Полсон. Аспирин қанды сұйылтатындықтан, ол репродуктивті органдарға өтетін қан ағымын күшейтеді, ал бұл бала көтеру мүмкіндігін арттыра түседі, деп жазады The Daily Mail.

Оған қоса, аспирин бала көтеруге кедергі болатын қабынуды азайтады.

Зерттеу нәтижесі бойынша, бұған дейін түсік тастап, жүйелі қабынуы бар әйелдер күніне 81 миллиграмм аспирин қабылдап, қатысушылардың 17 пайызы бала көтерген. Аспиринді ішкендердің 20 пайызында жүктілік мерзімі қалыпты өткен. Осы арада, профессор бала көтергісі келген барлық әйелдерге аспирин үшуді кеңес етеді. Ал аллергиямен ауыратындар мен асқазан-ішек жолдары дерттеріне шалдыққандарға оны ішуге болмайды.

Алайда аспириннің күрделі кері әсері де бар. Оны жиі қабылдаған әрбір оныншы адамда асқорыту жүйесінде проблемалар тауып алуы мүмкін. Тіпті, іштен қан кетуі де ықтимал. Демікпе дертіне шалдыққандар аспирин ішсе, кейде еріні, ауыз қуысы, тамағы ісіп кетуі, кейбір жағдайда аспирин геморрагиялық инсультқа апарып соқтыруы да ғажап емес. Сондықтан, оны дәрігермен кеңесіп ішу керек, дейді ғалымдар.

http://inform.kz/kaz/article/2832065

Дертіңізге шипа, жаныңызға дауа іздесеңіз, атқа мініңізАСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде жылқымен табиғаты етене қазақтай ұлт кемде кем. Ұлтымыздың арғы бергі тарихын Қамбар ата тұқымынсыз елестету мүмкін емес. Бізге алыс ғасырлардан сыр шертетін көзі тірі экспонат та осы жылқы түлігі. Қамбар ата тұқымын ең ерте пайдаланған халықтардың ұрпағы екеніміз туралы да тарихи деректер мол.

Атақты шығыстанушы, академик Рене Груссе атты Француз ғалымы өзінің «Дала империясы» еңбегінде: «Ең алғаш жылқы малы Оңтүстік орыс даласында пайда болған. Жылқыны алғаш қолға үйретушілердің көшпенділер болғаны күмән тудырмайды. Жылқы қолға үйретілісімен-ақ соғысқа пайдаланылды...» деген жазбалар бар. Бұл жердегі Оңтүстік орыс даласы қазақ даласының солтүстігі, Сібірдің оңтүстік етегі, қарт Алтай мен Саян қабырғалары және түріктің Өтүкен жынысы екенін тарих ғалымдары неше мәрте айтқан. Археологиялық қалдықтар бұдан 7000 жыл бұрын Еуразия даласы жылқыны қолға үйретушілердің Отаны болған деген қортынды шығарады.

Соңғы кездегі қазба деректер негізінде Қазақстан және көрші аймақтарда біздің заманымыздан бұрынғы 3-4 мың жылдықтар кезінде жылқы тек қолға үйретіліп қана қоймай, бір түрлі мәдени феномен ретінде, әлде қашан кең таралғанын дәлелдейді. Мұндай орындардың қатарына Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті, Арқайым ескерткіштері, сондай-ақ сақ, ғұн заманының мұралары жатады (Берел, Шілікті, Есік қорғаны т.б.).

Өткен ғасырдың 80-жылдарында Көкшетау аймағынан табылған жылқы қорымын тереңірек зерттеген ғалымдар мұнда жерленген жылқылардың қазіргі қазақ жылқысымен бір текті екенін анықтады.

Бұл - халқымыздың жылқымен ежелден етене болғандығын дәлелдейтін деректер. Біздің бүгінгі айтпақ болғанымыз бұл емес, Қамбар ата тұқымының көпшілік білетін және біле бермейтін кейбір ерекше қасиеттері, қызықты мәліметтер.

Көпшілік жұрт әдетте «жылқы мінезді халқпыз» деп бекерден бекер айтпайды. Өйткені, жылқы өте сергек, сезімтал сондай-ақ, ақылды жануар.

Қазақ жылқы жануарын ерекше бағалайтын әлемдегі 24 ұлттың бірі.

Әлемдік тарихта жылқының ең арғы атасын гиракотерия дейді. Гиракотерияның салмағы 5 келі, бойының биіктігі небары 15 сантиметр, ол 60 миллион жылдай уақыт бұрын өмір сүрген.

Қамбар ата тұқымының 5 мүшесі айырықша дамыған.

Олар - сезу түйсігі, көзі, құлағы, аузы және мұрыны. Жылқы осы бес мүшесінің арқасында иесімен қатынасын да реттеп, оның қандай адам екенін ажырата алады. Сол арқылы өзінен қорқып тұрған адамға мінез көрсетеді. Оның осы қасиетін аңғарған ата-бабаларымыз қарсы әдісін таба білген.

Жылқының аузы, мұрыны, көзі мен құлағының ерекше сезімталдық қасиетімен қатар жылқының есте сақтауы да жоғары деңгейде. Ұлы Отан соғысы кезінде Шығыс Қазақстан өңірінен майданға, Беларусь жеріне пойызбен апарылған бір жылқы, алты айдан кейін өз мекеніне қайтып келген.

Дүние жүзінде жылқының түрі өте көп. Соңғы деректер бойынша 163 ке жуық. Олардың көбі аралас тұқымды. Тек санаулы тұқымдары ғана таза қанды деп айтылады, мысалы араб жылқысы.

Қазақ ежелден жылқының жасы мен денсаулығын тісіне қарап анықтаған. Айта кету керек, жылқының тісі басқа жануарлардың тісінен өткірлігімен де ерекшеленеді.

Жылқы туралы ең қысқа атау «ат» деген қазақта болса, ал ең ұзын атау перуан тайпасының үндістерінде деген дерек бар.

Соңғы уақыттағы ғылыми зерттеулер жылқы қызыл мен көк түсті ажырата алмағанымен, бірақ түрлі-түсті реңкте көретінін айтады, сондай-ақ, оның көзі қараңғы түнде өте жақсы көретінін бәріміз білеміз.

Ол бір бағытқа қарап тұрғанымен айналасын бірдей көре алады.

Сезімталдығы жағынан көптеген жануарлардан алда болатын жылқы иесінің өзіне деген ықыласын аңғара алады. Егер иесі өзіне ұнаса одан асқан адамның жансерігі болуы екіталай.

Жылқы қазақпен ежелден етене болғандығынан ғана емес, ол жоғарда айтқандай көптеген артықшылығымен, әсіресе ер басына күн туып, қиналған сәтте жол таба білетін ақылдылығымен бағалы. Ат иесін ешқашан жолда қалдырмаған.

Ат қалың тұман басып тұрғанда дұрыс жол тауып, шөл далада басын еркін қоя берсе сулы жерге бастап бару ерекшелігі бар.

Жылқының тектілігі сол, айғырлар өз тұқымына ешқашан шаппайды.

Бұрынғы бай бағландар, батырлар өздеріне міндетті түрде бір жақсы ат ұстай білген. Тарихымызға үңілер болсақ, тіпті бір жақсы ат үшін, ел мен ел ерегескен замандар болған. Қазақ ат ер қанаты деп бекер айтпаса керек. Аты әлемге мәшһұр Шыңғысхан жарты әлемді уысына алуы - көшпенділердің жылқы жануарының ерекшеліктерін соғысқа өркениетті түрде пайдалана алуында болса керек.

Қазақ тарихынан жылқының алар орны орасан зор екені барлығымызға түсінікті. Аты аңызға айналған қазақ батырлары өзінің желден жүйрік сайгүліктерінсіз айтылмайды. Ертөстік, Қобыланды, Алпамыс, Қамбар батыр, Қабанбай батыр сынды ертегілер мен тарихымыздағы алып тұлғалардың аты ақылды тұлпарларымен қатар айтылады. Желмен жарысқан жүйріктер Марғабылдың қарақасқа аты, Ақан серінің Құлагері сынды арғымақтар ұлтымыз тарихымен қатар жасай бермек.

Жылқы малының қазақ ауыз әдебиетіндегі орыны ерекше.

Әсіресе, халық әндерінде жылқы атаулары өте кең тараған. Ән сөздерінде жиі кездесетін жылқы атаулары: ақбақай, құлақасқа, үкілікер, майдақоңыр, екі жирен, бурылтай, т.б.

Ал, ұлтымыздың күй өнерінде төрт түліктің осы түріне арналған күй саны санап тауысқысыз. «Салкүрең», «Қосбасқан», «Телқоңыр», «Қара жорға», «Өрелікер»...

Әлемде жылқы түлігіне ең көп әуен арнаған халық қазақ екеніне дау жоқ. Бұның бәрі ұлтымыздың оған деген терең махаббатынан ғана емес, жылқының басқа жануарларға қарағанда артық жаратылысының әсерінен де болуға тиіс.

Б.э.д. V ғасырда Гиппократ қоршаған ортаның адамға әсерін байқап: «Ат үстінде жүру - тек қана жаралы адамды ғана жазып қоймай, меланхоликтерге жаман ойлардан арылып, керісінше, көңілін сергітіп, жақсы ойлар ойлауға жәрдемдеседі», - депті.

Ғылыми тілде «иппотерапия» деп аталатын атпен серуендеу арқылы жасалатын емнің бұл түрі медицинаның бүгін ашқан жаңалығы емес екен.

Яғни, сонау Б.э.д. V ғасырда осы ғылымның атасы Гиппократ жылқының ерекше емдік қасиетін аңғартып кеткен.

Тибет медицинасында жылқыны түсінде көру де - шипа болып есептеледі. Түсінде адам арасында құлындары бар жылқыларды көрсе - ауруынан тез айығатынының белгісі де, атты жайдақ мініп жүрсе - ұзақ ғұмыр кешеді деп болжаған. Мінекей, қазақтың «Ат үстінде әулие» дегені тегін сөз емес болды.

Ауыздығымен алысқан атқа міну кімге болсын қанат бітірері анық. Адамға еркіндікті тазалықты сезіндіреді. Қазақ еркіндікті ат үстінде сезінген. Еңбектеген сәтте қу шыбықты ат етіп ойнайтын қазақ баласы өсе келе шыбыққа жан бітірген.

Ат үстінде рухы тасып, қайраты қалыптасқан. Ендеше, рухымыз биік, денім сау болсын десеңіз бабалар ізін жалғастырып тұрған жөн болар.



Бейсен Сұлтанұлы

Дертіңізге шипа, жаныңызға дауа іздесеңіз, атқа мініңіз
Дертіңізге шипа, жаныңызға дауа іздесеңіз, атқа мініңіз
Дертіңізге шипа, жаныңызға дауа іздесеңіз, атқа мініңіз
Дертіңізге шипа, жаныңызға дауа іздесеңіз, атқа мініңіз

 

 

http://inform.kz/kaz/article/2831955

Адам денсаулығына қанша сағат ұйықтау пайдалы?АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамның өзін жақсы сезінуі үшін тәулігіне кем дегенде жеті жарым сағат ұйықтауы керек. Ұйқының аздығы күйзеліс, сусақ (қант диабеті), жүрек-қантамыр аурулары мен жазатайым оқиғалардың тууына себеп болады. Лидс Университетінің психологтары 18 бен 80 жас аралығындағы 1024 британдық азаматтың арасында сұрау жүргізіп, жаңа тұжырым жасады, деп хабарлайды The Daily Mail.

30 бен 50 жас аралығындағы респонденттердің 25 пайызға жуығы дұрыс тынықпаған. Олардың бір жылда 15 күнге жуық ұйықтамағаны анықталды. Осыдан кейін қатысушылардың 42 пайызы жұмысқа байланысты күйзеліске ұшырағанын айтып, шағымданды. 30 пайызы жұмыстың кесірінен ұйқы қанбайтынын айтты.

Сұралғандардың 5 пайызы ғана небәрі 5 сағат ұйықтауды алдын ала жоспарлаған екен. Респонденттерден алдағы түн қалай өткені туралы сұрағанда, олардың 25 пайызы 5 сағаттан кем ұйықтағандарын айтты. Айта кетейік, Калифорния университетінің зерттеушілері таяуда тәулігіне 8 сағат ұйықтау қажет деген тұжырымды жоққа шығарған. Олардың айтуынша, іс жүзінде, небәрі 6-7 сағат ұйықтау да жеткілікті.

 http://inform.kz/kaz/article/2831867

 

 
 
 
Денесіне сурет салдыратындардың мінезі бұзылған - ғылыми зерттеу АСТАНА. ҚазАқпарат - Денесіне сурет салдыру соңғы жылдары белең алып кеткені белгілі. Бұрын оны көбінесе түрмеде жазасын өтеушілер мен байкерлер ғана жасататын. Қазір көп адамдар денесіне сурет салғызатын болды. Кэмбридждегі Энглия Раскин Университеті ғалымдарының жүргізген жаңа зерттеуі «тату» жасатқан адамдардың көпшілігі агрессивті және бүлік тудыруға бейім екендігін көрсетті, деп хабарлады The Daily Mail. 

Зерттеуге 20-58 жас аралығындағы 378 (181 әйел, 197 ер адам) адам қатысты. Олардың 97-сінде «тату» болған. Зерттеушілер тату жасатпаған адамдарға қарағанда, оны жасатқан адамдарда шалт мінез, пиғылы бүлік шығаруға басым екенін байқаған. Ғалымдар екі топ арасындағы білім және әлеуметтік мәртебе деңгейіндегі айырмашылықты анықтамады.

«Тату» жасатқан адамдар ашушаң болып шықты. Зерттеушілер бүлікшіл адамдардың теріс эмоциялары оларға тату жасатуға мәжбүрлеуі мүмкін деп болжады.

 

ДЕНСАУЛЫҚ: Балдың 26 түрлі емдік қасиетіАСТАНА. ҚазАқпарат - Бал емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып келген көптеген дерттерге аса шипалы. Соған орай, балдың емдік қасиеттерімен таныса отырыңыз.

Мaqsat.kz сайтының жазуынша, ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынандай:

1. Қол-аяқ жансызданғанда, сары ара ұясының үлкенінен бір дана, кішілеуінен 3-4 данасын, жалқы өскен усарымсақпен қосып, жаншып ауру жерге таңады.

2. Тері қышымасына: ара ұясын(өңделген) спиртке 7 күншылап, 8 күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады.

3. Емшек безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп 6 грамын суға қайнатып, самасын тұндырып, суынан күніне 2-3 рет ішеді.

4. Ыстық, суықтан тіс қақсағанда: өңделген ара ұясын, суға бұқтырып, суымен ауызды шайқайды. Өңделген ара ұясынан кішкене мөлшерде алып, қақсаған тіске басады.

5. Ара ұясынан бір дана, қырықаяқтан 2 дана, ашутастан тиісті мөлшерде алып талқандағаннан кейін ара ұясының ішіне салып артынан отқа біраз қыздырып, кендір майына араластырып тез арада жараға жағады.

6. Балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде ара ұясын өртеп, күлін кіндікке таңады.

7. Дизентерияға: ара ұясын кептіріп ұнтақтаған соң 0,3 гр-нан күніне 2-3 рет ішеді. Жасалу және ішу мөлшері 2-4 грамм. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшқыш майы бар.

8. Үйреншікті іш қатуға балдан 60 грамм қара күнжұт дәнінен 15 грамм. Балды жылытып, араластырып, қайнаған сумен екіге бөліп күніне 2 рет ішеді.

9. Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 грамм  шикі қызыл мия тамырынан 9 грамм мандарин қабығынан 6 гр-ды суға лайықты мөлшерде жоғарыдағы дәрілерді қосып, қайнатып самасын сүзіп, бір күнде үш рет ішеді.

10. Улы жәндіктер шаққанда, шиқан, сыздауық шыққан-да, балдан, ұзын сарымсақтан тиісті мөлшерде алып, жаншып, балға араластырып жараға таңса, жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады.

11. Ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы, бал екеуін қосып жаншып, әзірлеген дәріні ауызға салып сорады. Сонымен бірге қотырға жағады.

12. Отқа, қайнаған суға күйген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап жуып, артынан жараға бал жағады.

13. Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады.

14. Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.

15. Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні қайнатып, қайнатпасына бал қосып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады.

16. Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе қан қысымын төмендетеді.

17. Мәйітті бір мезгіл сақтауға тура келсе бүтін денесін балменен тегіс сылап қойса мәйіт тиісті уақытқа дейін бұзылмайды.
Шипалық емге қажет мөлшері 10-20 гр-нан аспауы керек. Балдың құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза, өсімдік желімдері, белок, фермент, балауыз, бояу заты, хош иісті заттар, минералды тұздар және А, Д, Е витаминдері бар.

18. Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әр түрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі - бал жеу. Жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі. Моншада емен жапырақтарымен шабыну да жақсы ұйықтауға септігін тигізеді. Таза ауада көбірек жүру, күнделікті бір уақытта дағдылану да өз кезегінде ұйқының тұрақтылығына ықпал етеді.

Ұйқысыздық әртүрлі жағдайларға байланысты болады. Қан аздықтан болатын ұйқысыздыққа ыстық су құйған жылытқышты аяққа басу керек. Бір жағдайларға мазасызданғаннан ұйқыңыз қашса, жатар алдында жылы сүт ішуге болады. Ал қан қысымы жоғары адамдарға ұйқысыздық пен бас ауруларынан арылу үшін арнаулы жастықтар бар.


19. Суық тигенде, тұмауратқан кезде балды ыстық сүтке, немесе лимонның шырынына қосып, науқастан әбден айыққанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стақан ыстық сүтке бір шай қасық қосып ішеді. Ал, сүт жақпайтын адам бүтін бір лимонның шырынына 100 гр. бал қосып, әбден езілгенше араластырып, сұйылған соң пайдалануына болады. Оны ішкенде екі-үш күндей жылы үйде жатқаны жөн. Өйткені, бал адамды терлетеді, ал терлеген кезде тез суық тиеді. Оңдайда адам жөтеле береді.  Сондай-ақ, шәйнекте қайнап тұрған суға бір ас қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қызарғанын басады.

20. Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп, керісінше, өте азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанында жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым, екі сағат бұрын, немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның құрамындағы гемоглобинді (қызыл түйіршік) көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал, қышқылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады.

21. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сондай-ақ, 1 литр суға ұнтақталған 500 грамм пияз, 400 грамм қант және 50 грамм балды қосып, баяу жанған отта үш сағаттай қайнатып, суыған соң, шыны ыдысқа құй-ып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам ас қасықпен күніне бес-алты рет ішуі керек.

22. Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш - төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 - 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.
Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.

23. Балықтың майына қосылған бал асқынған жарақатты оңай жазады. Аузы уылған адам бал жесе тез айығатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір шәй қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.

24. Балды үккіштен өткізілген сәбізден қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп аталатын дәруменді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақтаса, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға өте пайдалы.
Өкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы керек. Оны қойдың іш майына ерітіп, ішуге болады. Сондай-ақ, 6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды араластырып, қайнатып, оны күніне ас қасықпен үш рет ішсе, бронхит, плеврит, өкпе ауруларына шипалы.

25. Бал - жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың (гранат) шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептәуір жақсарады.
Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі. Қатарынан бір-екі ай үзбей күніне 50-140 грамға дейін бал жеген адамның жағдайы ежептәуір жақсарады.

26. Бал мен шоколадтың салмақ тастауға да өзіндік пайдасы бар. Қоңыр шоколадтың какаосының құрамында майды ыдырататын элементтер болса, бал жағып жасалған массаждың қан айналымын жақсартатын қасиеті бар. Әр ағзаның қалыпты қызмет атқаруына үлкен септігін тигізеді.

 

http://inform.kz/kaz/article/2831507

ДЕНСАУЛЫҚ: Суықтап қалсаңыз, жануарлар майын пайдаланыңыз АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам ағзасы үшін аю, борсық, суыр майлары өте пайдалы, ол тамырды кеңейтіп, бойдағы суықты шығарады, деп жазады «Халық емі» сайтында. 

Халық медицинасы мен диетологтар әсіресе, құрамында цитаминдер, ағзаға нәрлі заттардың енуін жақсартатын пептид биореттегіштері бар аю майын ең пайдалы деп атайды. Аю майын күніне үш қасықтан қабылдаса, ол астың сіңімділігін алмастыра алады. Тіпті, аю майымен ғана азықтанып жүруге болады. Мамандар аю майын ұзақ жол жүретін жүргізушілер негізгі тамағы ретінде қабылдауға кеңес береді.

Суыр майын гастрит пен асқазан жарасы кезінде қабылдаудың пайдасы көп. Ол үшін күніне үш шай қасық қабылдау жеткілікті.

Борсық майының иісі жағымсыз болғанымен, теріге пайдалы. Борсық майын тері аурулары - нейродермит, дерматит, күйік шалу немесе үсіп кету кезінде өте қолдану қажет.

Кез келген жануар майы - бронхтың қабынуы мен суық тигенде таптырмайтын нағыз ем. Сүтті жылытып, бір қасық бал, бір шай қасық май қосып, суық тигеннен емделуге болады.

http://inform.kz/kaz/article/2831017