Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА ЖҮКТЕЛЕР МІНДЕТ КӨП

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА ЖҮКТЕЛЕР МІНДЕТ КӨПҚызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова Сырдария ауданында болып, Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық аурухана жұмысымен танысып, ұжым қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова, аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Ибрагимұлы, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері З.Көшенова, Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Н.Мырзағалиева, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Жиында Амбулаториялық-емханалыққызметі бар Сырдарияаудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Н.Мырзағалиева есепті мерзімде аудан көлемінде атқарылғанжұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер туралы баяндама жасады. Аудандықаурухананың материалдық-техникалық жабдықталуыжыл санап артып келе жатқанынайтқан ауданның бас дәрігері НұржамалЖұмағалиқызы бұл көрсеткіш 2015 жылы 42,7 пайыздықұраса, былтыр 82,2 пайыз болғанынатап өтті. Сондай-ақ, дәрігерлердің біліктілігін арттыру, медициналыққызмет сапасын жақсарту, өлім-жітім көрсеткішін төмендетумақсатында кешенді жұмыстаржүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Жиын барысындаоблыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысыА.Әлназарова денсаулықсақтау саласына жүктелерміндет көп екенін айтып, сала мамандарынатоқмейілсуге болмайтынын жеткізді. Соныменбірге, халықтың сенімінақтау – басты міндет екеніне тоқталды. Аудан әкімінің орынбасарыБ.Өтегенова, аудандық ардагерлеркеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, аудандық "Мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасыБ.Сауытбаевтар сөз сөйлеп, сала мамандарынажауапты жұмыста абыройлыболуға тілектестігін білдірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

http://syrboyi.kz/negizginews/17147-densauly-satau-salasyna-zhkteler-mndet-kp.html