Ауа райы
Мерекелер

Медициналық ұйымдардағы қағазбастылыққа тыйым салынады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық мекемелердегі қағаз түріндегі құжат айналымға тыйым салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы, еліміздің медициналық ұйымдары электрондық форматқа ауысып жатыр, яғни медициналық құжатнама электрондық нұсқада жүргізіледі. Осы орайда қағаз түріндегі амбулаторлық карталардан бас тартамыз. Сонымен бірге, медициналық ұйымдар жүргізетін белгілі бір статистикалық құжаттар да электрондық форматта болады. Алдағы жылдың 1 қаңтарынан медициналық ұйымдарда қағаз түріндегі құжат айналымы болмайды деп қарастырып отырмыз», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева ведомствоның Фейсбуктегі парақшасындағы сауалдарға жауап беру кезінде.

Осы орайда ол қазіргі кезде азаматтарға дәрігерге жазылу, дәрігерді үйге шақырту мен медициналық ұйымға тіркелу секілді онлайн қызметтер қолжетімді екенін еске салып өтті.

«Цифрландыру медициналық ұйымдардың жұмысын жеңілдетеді. Еліміздің әрбір азаматы денсаулығының электрондық паспортын алады. Ол қай жерде ем қабылдаса да, барлық мәліметтер оның жеке кабинетіне енгізіледі. Бұл өз кезегінде басқа дәрігерге барған кезде ем-дом шараларын жеңілдетеді», - деді ол.

http://www.syrboyi.kz/kogam/22843-medicinaly-yymdarday-aazbastylya-tyyym-salynady.html
Алкоголдік депрессиялар. Қазақша презентация. Тегін көшіріп алуға болады. Мына жерден.alkodepressiya.rar [230,38 Kb] (cкачиваний: 0)