Ауа райы
Мерекелер


 

АУРУХАНА ЖАҢА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ТОЛЫҒЫП КЕЛЕДІ«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның хирургиялық бөлімшесінде кең көлемде және күрделі деген операция түрлері көптеп жасалады. Себебі бұл бөлімше жаңа медициналық құрал-жабдықтармен мүмкіндігінше толықтай жасақталған және оның заманауи медицинаның озық тәсілдерін игеруде мол тәжірибесі бар. Науқастарды диагностикалау, хирургиялық жолмен емдеу мен күтім жасауда жаңа технологияларды енгізуге зор мән беріледі. Соның куәсі ретінде 2012 жылы лизинг арқылы алынған құны 17 млн теңге тұратын KARL STORZ фирмасының эндохирругиялық кешенін айтуға болады. Бүгінгі таңда аталмыш құрылғының көмегімен лапароскопиялық холецистэктомия, кистэктомия, аппендэктомия, ұрық көктамырын байлау, асқазанның ойық жарасын тігу, диагностикалық лапароскопия кеңінен атқарылуда.

АУРУХАНА ЖАҢА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ТОЛЫҒЫП КЕЛЕДІ2013 жылы Германияның Drager компаниясының «Fabius plus» наркоздық аппараты да осы тәсілмен алынды. Бұл наркоз беруді одан әрі жақсартып, оның мүмкіндігін арттыра түсті.

2015 жылы ауруханаға Германияның KARL STORZ фирмасының видеоэндохирургиялық кешені мен видеоуретроцистоскоп аппараттары әкелінді. Бұл құрылғылардың мүмкіндігін аурухана мамандары сәтті игеріп, өз күнделікті практикаларында табысты қолдануда.

АУРУХАНА ЖАҢА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ТОЛЫҒЫП КЕЛЕДІ2017 жылы ERBE фирмасының VIO3003 жабдығы – кесу мен когалуляцияға арналған жоғары жиіліктегі хирургиялық аспабы ауруханаға алынды. Соның нәтижесінде отадан кейнігі жара асқынусыз жазылатын болды. Осы жылы «Жол картасы» бағдарламасының аясында Mindray компаниясынан хирургиялық стол мен жарық диодты хирургиялық үлкен шырағдан алынды. Бұл жабдықтардың ауруханада жасалған хирургиялық операциялардың тиімділігін арттырғаны еш шүбә келтірмейді.

Ағымдағы жылы құны 30 млн теңгелік «С дуга» мобилді рентген қондырғысы алынды. Енді хәлі ауыр науқастарды рентгендік зерттеу үшін басқа кабинетке тасымалдамай-ақ сол жатқан жерінде, оған еш қиындық келтірмей диагностикалау мүмкіндігі пайда болды. Сондай-ақ хирургиялық операция кезінде де холангиография, сүйек репозициялары және т.б. жасалуда.

Сонымен қатар осы жылы үлкен травматологиялық құрыл-саймандар жиынтығы алынды. Ол да аталмыш мамандардың еңбегін жеңілдетуде.

АУРУХАНА ЖАҢА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ТОЛЫҒЫП КЕЛЕДІМұның бәрі аурухана бас дәрігері Марат Құбылұлы Ршымбетовтың бастамасымен, түсіністігімен және қолдауымен жүзеге асқан игі тірліктер.

Заман талабына сай жаңа медициналық жабдықтардың лайықты, өз мақсатында қолдануда хирургиялық бөлімше меңгерушісі жоғары санатты хирург Ә.І.Жүсіпов, травматологиялық бөлімше меңгерушісі, 1-ші санатты дәрігер Т.Ж.Ерсейтов, хирург дәрігерлер: А.Р.Гиззатов, О.М.Туремуратов, Н.Б.Кеулімжаев сынды азаматтардың еңбегі сіңген. Сондай-ақ олардың санатында анестезиолог-дәрігерлер: Т.Қ.Бердімағанбетов, Б.Е.Бармағанбетов, Д.С.Избасханов, Е.Қ.Ашықбаевтар да бар.

Хирургиялық бөлімшеде 6 орта және 5 кіші буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Мейірбикелердің 3-інің - жоғары, 2-інің - 1-ші санатты біліктілігі бар. Хирургиялық бөлімшенің аға мейірбикесі жоғары санатты маман Айгүл Изикеева, кезекші мейірбике жоғары санатты Нұрсұлу Құдайбергенова, Тәжігүл Нұрымбетова, І-ші санатты Жаңагүл Қосқұлова, Роза Қуанышбаева, Назкен Оспановалар өздерін оталардың сәтті өтуіне хирургтермен қатар жауапты сезінеді. Өйткені олардың алдының қызмет еткеніне 37-38 жыл болған, мол тәжіірибе жинаған.

АУРУХАНА ЖАҢА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ТОЛЫҒЫП КЕЛЕДІХирургиялық бөлмше мейірбикелері әр медициналық жабдыққа ыждағатты күтім жасап, олардың мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Әрбір хирургиялық операциядан кейін бағасы қымбат құрылғыларды талапқа сай зарарсыздандырып, көз қарашығындай аялап, келесі пайдалануға дайындайды.

Бұл жерде ота тазалықшылары Ләззат Айекешова, Айнұр Қоянбаева, Роза Қантаова, Ләззат Бижанова, Алтынкүл Ибраева сынды жандардың есімдерін де атап өткен жөн.

Мен осы бір бөлімше мысалында ауруханадағы орта медицина қызметкерлерінің толағай еңбегін қысқаша баяндай отырып, оларды алдағы келе жатқан төл мерекесі – Халықаралық мейірбике күнімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріне – саулық, кәсіптеріне – береке тілеймін.

 

Ж.З.ҚАЛМАҒАНБЕТОВА,

аурухана бас мейірбикесі,

Арал ауданы

«Сыр медицинасы» газеті