Ауа райы
Мерекелер

Сыр медицинасының жарқын жетістігі

Мемлекеттің басты байлығыадам десек, ұлт саулығын жақсарту арқылы биік мақсатқа жету барша дамыған мемлекеттер ұстанған бас­ты бағыт екені даусыз. «Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасы Н.Назарбаев «Ұлт денсаулығыбіздің табысты болашағымыздың негізі» деп көрсеткен болатын. Осы орайда елімізде тұрғындардың денсаулығын қорғау бағытында Мемлекет басшысының бастамасымен бірқатар бағдарламалар қабылданып, ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Мемлекет басшысының жыл сайынғы қазақстандықтарға арнаған ­Жолдау­ларында «бірінші байлыққа» барынша көңіл бөлініп, саланы дамыту, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселесіне жіті назар аударылып, қаржы көлемі де артып отырғаны белгілі. Бұл Сыр медицинасына да қатысты. Мәселен, облыстың денсаулық сақтау саласын қаржыландыру кейінгі 5 жылда 26,7 процентке артып, былтыр 44,04 млрд теңгені құрады. Қаржыдан қағажу көрмей келе жатқан салада осылайша жыл сайын алдыңғы қатардағы технологияларды енгізуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, профилактикаға, науқастарды ­диагностикалау мен емдеуге, жалпы, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге жан-жақты мүмкіндіктер тууда. Олай болса, соңғы 5 жыл бедерінде сырбойылықтар саулығын сақтаудағы сала жетістіктерін тарқатсақ...

Байқоңырлықтар көптен күткен қуаныш

Облыс әкімдігітарапынан салаға деген қамқорлықтың артуы Байқоңыр қаласындағыкөпшілікті көптен күпті еткен мәселелердің оң шешімін табуынасеп болды. Атап айтқанда, жұлдызды қалашықта 2010 жылдан бері тұрған перзантхана ғимаратына 2014-2015 жылдары қайта жөндеу жұмыстарыжүргізіліп, тұрғындар игілігінеберілді. Ресей-Қазақстан тараптарыарасындағы ұзақ келіссөзбарысында 2016жылы Байқоңыр қаласындақазақстандық медициналық ұйым ашу туралы келісімге қол жеткізілді. Осының негізіндемұнда тәжірибелік режимдекөпсалалы аурухана – облыстық медицинаорталығының филиалы ашылды. Бұл мекеме Байқоңырқаласы мен Төретам, Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналықкөмек көрсетеді. Көпбейінді стационардың құрамында 30 төсектіктерапиялық бөлімше, 30 төсектік оңалту және 20 төсектік күндізгістационарлық бөлімше бар. Жыл басынан бастап филиал базасындаалғаш рет амбулаторлық көмек көрсету үшін емханалық бөлімшеашылды. 14 мыңнан астам тұрғын аталғанұйымда қызмет алуға ниет білдірген.

Жоғары мамандандырылған көмек қолжетімді бола түсті

Соңғы бес жыл көлеміндежерлестеріміз үшін жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігі артты. Мәселен, облыстыңкардиохирургтарымен жүрек- қанта­мырларынажәне бас миына 2300-ден аса ота жасалды. Сондай-ақ, жоғары мамандандырылған көмектіңқолжетімділігін арттыру мақсатында 2016 жылы Қазалы теміржолауруханасы базасында Байқоңыр қаласы мен Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының тұрғындарыүшін ауданаралық нейроинсульт орталығыашылды. Одан бөлек, Қазалы аудандық ауруханасыбазасында инсульт­пен сырқаттанатын науқастардыоңалту бөлімшесі мен №3 қалалықемханасы базасынан нейрооңалтуорталығының ашылуы көмек көлемін кеңейтугемүмкіндік беріп отыр. Жалпы, соңғы 5 жылда ашық жүреккеота жасау 48,3 процентке (2013ж – 103, 2017 ж – 157), тамырды эндопротездеу бойыншаоталар алты (2014 ж – 25, 2017 ж – 139), нейрохирургиялық оталар екі есеге өскен. Былтырдың өзінде онкологиялық ауруларға – 55, травматологиялық науқастарға – 330, урологиялық ауруға шалдыққандарға 208 ота жасалған.

АУЫРМАСЫН АНАЛАР, АМАН БОЛСЫН БАЛАЛАР

Аймақта ана мен бала саулығын сақтауғабарынша көңіл бөлініпкеледі. Осы мақсаттакөптеген ауқымды жұмыстардыңатқарылғаны аян. Мәселен, жүкті және жаңа босанғанәйелдерге медициналық көмек көрсетуді жақсартуүшін 5 жыл ішінде 350 төсек-орынға арналған облыстықперинаталдық орталығы, 350 төсектік облыстықбалалар ауруханасы мен Талсуат кентінде 50 төсектікреспубликалық оңалту орталығысалынып, бүгінде тұрғындаригілігіне қызмет етуде. 2016 жылы облыстықперинаталдық орталығында ауыр патологиясы бар әйелдерге арналып 30 төсектікбосанғаннан кейінгі оңалту бөлімшесінің ашылуы талай әйелдіңтез арада аяғынантік тұрып кетуінесебепші болуда. Бірінші деңгейдегістационар дәрігерлері арасындаоперативті техниканы игергенмамандардың үлесін арттырубойынша біршама жұмыстаржасалып, ота жасайтынакушер-гинекологтардың үлес салмағы 45%-тен 67%-ке артты. Атқарылған жұмыстарнәтижесінде нәрестелер өлімі 41,2%-ке азайса, 2017 жылы ана өлімінің тіркелмегені қуантады, яғни, 100%-ке төмендеді.

МЫҚТЫ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА –

САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

Тұрғындардың медициналық қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында соңғы 5 жыл ішінде жалпы құны 27,4 млрд теңге болатын 58 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде 49 немесе 84,5%-і апаттық жағдайдағы нысандар орнына салынды. Атап айтқанда, облыстық перинаталдық орталығы, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы, Қазалы ауданында орталық аурухана, 5 аудандық емхана құрылысы, 2 ауылдық емхана, 36 дәрігерлік амбулатория, 13 фельдшерлік-акушерлік амбулатория және медициналық бекеттер пайдалануға берілді. 2013-2017 жылдар аралығында 28 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2,5 млрд теңге бөлінді. Ал, облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтауға соңғы бес жыл көлемінде 6 279,7 млн теңге қаралып, жаңа үлгідегі қажетті техникалар алынған. Нәтижесінде, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтану көрсеткіші 32,2%-ке өсіп, 2017 жылы 76,5%-ті құрады.

ҚАДІРІН БІЛГЕН

Медицина саласы салғырттықты көтермейді. Сәл ғана сәтсіздік адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Мұнда тек білік пен білімге ғана орын бар. Сондықтан адам өмірінің арашашысы ақ халаттыларға артылар жүктің салмағы да ауыр. Ал медицина қызметкерлері сол сенім үдесінен шыға білу үшін біліктіліктерін арттырып отыруы қажет. Соңғы бес жылда мамандар даярлауға ерекше мән берілгені белгілі. Аймақта денсаулық сақтау саласында кадр мәселесін шешу негізінде 2016-2018 жылдарға арналған дәрігерлер мен орта буынды медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың ұзақмерзімді жоспары жасалды. Қажетті медициналық мамандарды оқытуға (резидентураға) облыс әкімінің арнайы гранттары бөлініп, 2016-2017 жылдары 22 үміткер қабылданды.

Жалпы, облыс бойынша соңғы 5 жылда 705 маман қайта даярлау, 11732 маман білімін жетілдіру курстарынан өтті, олардың ішінде дәрігер – 4056 болса, 7676-сы орта буын медицина маманы. Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде аймақта жетіспейтін неонатолог, травматолог, онколог, реабитолог дәрігер мамандардың тапшылығы жойылды.

Соңғы бес жылда облыс бойынша 569 жас маман жұмысқа орналасқан, оның ішінде ауылдық елді мекендерге 248-і яғни, 43 проценті, бастапқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарына 450 маман (79 проценті) жұмысқа орналасқан. Қазіргі кезде дәрігер мамандармен қамту көрсеткіші бойынша бастапқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарында 95 процентті құрап отыр.

Аймақтың денсаулық сақтау саласындағы осындай берекелі жұмыстардың нәтижесінде облыс халқының өмір сүру ұзақтығы 1,3 есе өсіп, 71,91 жасты құрады, 2013 жылы бұл көрсеткіш – 70,62 болатын. Ал республикада – 72,3 жас. Өлім-жітім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 4 процентке төмендеді. Қатерлі ісіктерден болатын өлім көрсеткіші 22,8%-ке, жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен уланулардан болатын өлім көрсеткіші 39,8%-ке, туберкулезбен сырқаттанушылық 31,2%-ке, туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 2 есеге азайған.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы».

http://syrboyi.kz/negizginews/17341-syr-medicinasyny-zharyn-zhetstg.html
Назад Вперед