Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

ҒАЛЫМДАР АУЫР ӨТЕТІН ЕТЕККІРДІҢ (МЕНСТРУАЦИЯНЫҢ) СЕБЕБІН ТАПТЫЭдинбург университетінің ғалымдары оның жетіспеуі күшті қан кетумен бірге ауыртпалы етеккірге жетелейтін ақуызды (белокты) тапты. Бәлкім, келешекте бұл жаңалық ауыртпалы етеккірді емдеуге арналған гормондық емес препараттарды жасауға негіз болатын болар.

 

 

Зерттеушілер ұрықтың (эмбрионның) енуіне қолайлы орта болып табылатын жатырды қаптайтын шырышты қабықты – эндометрийді зерттеді. Егер аналық торша ұрықтанбаса, эндометрийдің жоғарғы қабаты сырылып түседі де бұл оның қалдықтарын организмнен жуып тастайтын қан кетуге әкеледі. Етеккір аяқталғаннан соң эндометрий қайтадан өсіп, қалпына келеді.

Эндометрийдің сырылатын кезінде гипоксия (оттегі жетіспеген) фонда эндометриалдық қабаттың қалпына келу үдерістерін іске қосатын HIF-1 ақуызының өндірілуі ынталандырылатын болып шықты. Бірақ, егер HIF-1 ақуызы тым аз болса, онда біріншіден, қан кету аса күшті болады, екіншіден, қалыпқа келу үдерістері өте баяу дамиды. Ал бұл нәтижесінде ауыр, ұзаққа созылған ауыртпалы және күшті қан кетумен бірге жүретін етеккір сияқты көрінеді.

Тышқандарға жүргізілген тәжірибелер HIF-1 деңгейінің артуы қан кетуді төмендететінін және етеккірден кейінгі эндометрийдің қалпына келуі үдерісін жеделдететінін көрсетті. Енді ғалымдар бұл ақуызды негізге алып жер шарындағы мыңдаған және миллиондаған әйелдің өмірін жеңілдетуге ерік беретін гормондық емес дәріні жасау нұсқасын қарастыруда.

 

«Сыр медицинасы» газеті.

 

Дереккөз:https://medaboutme.ru/zdorove/publikacii/novosti/meditsina/uchenye_nashli_prichinu_tyazhelykh_menstruatsiy/
МИ ОБЫРЫН (РАГІН) ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ ҰСЫНЫЛДЫ

Егер оны молекулярлық терапияның жаңа әдістерімен толықтырса, глиобластоманы дәстүрлі тәсілдермен емдеу барынша ықпалды болады.

Глиобластома– обырлық ісіктердің ішіндегі барынша проблемасы молдардың бірі. Ол ерекше озбырлығымен, көршілес тінерге күшті енуімен және сәтті өткізілгендей емдеу курсынан кейін жиі қайталаулармен (рецидивтермен) ерекшеленеді. Терапияның стандартты тәсілдері: хирургиялық операция, сәулелік терапия, химиотерапия. Диагноз қойылғаннан кейінгі бір жылдан соң бәрібір пациенттердің тек жартысы ғана, 2 жылдан соң - тек 15%-і ғана тірі қалады. Мұндай пациенттердің орташа өмір сүру ұзақтығы 15 айдай.

Вюрцбургуниверситеттікауруханасының (Германия) ғалымдары глиобластоманы емдеудің жаңа әдісін ойластыруда. Ол ісіктің ми тіндеріне таралуын шектеуге бағытталған. Зерттеушілер ісік торшаларының миграциясын және инвазиясын реттейтін: Hsp90, PI3K жәнеmTOR ақуыздарын анықтады. Бұл ақуыздарды глиобластома торшалары мол көлемде синтездейді. Ғалымдар аталған ақуыздардың әсерін бөгеу (блоктау) ісіктің таралуын тоқтататынына және қазіргі қолда бар емдеу әдістерін барынша ықпалды ететініне сенімді.

 

«Сыр медицинасы» газеті.

 

Материалдың дереккөзі:https://www.medikforum.ru/news/medicine_news/66483-predlozhen-novyy-metod-lecheniya-raka-mozga.html

ЗАТ АЛМАСУДЫҢ БҰЗЫЛУЫ ЖҮРЕК ТАПШЫЛЫҒЫНА ЖЕТЕЛЕЙДІНеміс ғалымдары дерт себебінің жүрек бұлшықеттеріне арналған қуаттың негізгі қайнар көзінің ауысуы екенін анықтады.


Хайделберг университетінің медициналық факултетінің (Германия) профессоры Андреас Фишер дегенмен бұл жөнінде кейбіреу білгенімен, зат алмасудағы өзгерістердің жүрек тапшылығына жетелеуі мүмкін екенін хабарлады. Сау жүрек қуатқа қажетінің 75%-ін май қышқылдары есебінен өтейтін болса, әлсіз жүрек негізінен көмірсуларды тұтынуға көшеді. Алайда, зерттеулер дәл осы қоректенудің жаңа режіміне өту жүректік тапшылықтың себебі екенін көрсетті.

А. Фишердің әріптестері Хайделберг университеттік ауруханасыныңқызметкерлерімен бірлесіп, бұл эффекттің биохимиялық кілтінің Notch-1 рецепторлықмолекула екенін анықтады. Ғалымдар терапевттік антиденелердің жәрдемімен зертханалық тышқандарда Notch-1-дің дабылдық (сигналдық) жолын бөгеді. Нәтижесінде бұл жануарларда жүректік тапшылық дамыды. Оны жүрекке барарда бөгеген кезде май қышқылдарының қажетті көлемі түспейді және жүрек қуаттың сапасы аздау басқа көзіне ауысуға мәжбүр. Бұл кезде mTOR-дың дабылдық жолы белсенді етіледі. Ол жүрек бұлшықеттерінің өсуіне және жүректік тапшылықтың дамуына жетелейді.

 

«Сыр медицинасы» газеті.

 

Материалдың дереккөзі:https://www.medikforum.ru/news/medicine_news/66480-narushenie-obmena-veschestv-privodit-k-serdechnoy-nedostatochnosti.html