Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

«Халықберді» халыққа қызмет көрсетеді

Еңбекқор әкенің тәрбиесінде өскен Қарлығаштың қолынан көп іс келеді. Кішкентайынан қара жұмыстың қиындығынан қашпай, ер балаға тән ауыртпалықты арқалағанын әңгіме ауанынан аңғаруға болады. Мал қайырып, қой баққан қыздың қасиетті есімі де өзіне жарасымды. Қазақ халқы қарлығашты киелі құс ретінде бағалап, ол ұя салған шаңырақты бұзбайтынын сонау Қазыбек би туралы әңгімелерден білеміз. Тек қазақ халқы емес, әлем ғалымдары қарлығаштың сағатына 30 шақырымдай жерді ұшып өтетін жылдамдығына таң қалған. Сондай-ақ, қарлығаш оба тараған жерге келмейді. Оба, тырысқақ, шешек, безгек секілді жұқпалы аурулардың беті қайтып, ел сауыға бастағанын қарлығаштың қайта оралуына қарап білгенін орта ғасырлардан келе жатқан аңыздардан білеміз.
Біздің кейіпкеріміз де сол қарлығаш құсы секілді қаншама сырқатты ауруынан жазып, жақсы хабармен көңіл қуантып жүр. Ақ ниетті абзал дәрігер болуды қалаған Қарлығаш Халықбердіқызы 2010 жылы Астана қаласында акушер-гинеколог резидентурасын бітіреді. Дайын маман иесі Жезқазған қаласында ТОО «Жүрек» клиникасында акушер-гинеколог болып қызмет атқарады. 2011 жылдың ортасына дейін осы жерде жұмыс жасап, кейін Қызылорда қаласына қоныс аударады. Бала күннен еңбекке жақын өскен қыз бұл жерде де қарап отырмайды. 2012 жылы Қызылорда қаласындағы №6 емханаға қызметке орналасып, біліктілігін жетілдіре түседі. Одан әрі жеке клиникаларда да жұмыс жасайды.
Үздіксіз ізденіс үстінде жүретін Қар­лығашты медицина саласының басқа қырлары да қызықтырады. Нағыз білікті маман болу үшін білімді шыңдай түсу керек екенін түсініп, Қарағанды қаласында УЗИ мамандығының 4 айлық курсын оқиды. Сол жерде үйреніп, көрген-түйгенін іс жүзіне асыру үшін Шиелі ауданындағы «Ултрамед»-ке жұмысқа орналасады. «Алайда, 4 айлық оқу курсы медицина қызметкері үшін тым қысқа уақыт. Сондықтан, білгенімнен білмегенім көп екенін түсініп, әлі де іздену керек деп шештім» – дейді кейіпкеріміз.
Қарлығаштай қанатын жайып, қырағы көзімен көп дүниені шалып жүрген дәрігер шет ел мамандарымен де байланыс орнатады. Өзбек елінің Ахат есімді уролог УЗИ маманынан ақылы түрде сабақ алып, тәжірибесін арттырады. УЗИ-ге түсірудің қыр-сырына қаныққан Қарлығаш Халықбердіқызы жеке клиника ашуды көздейді. Себебі, Шымкент, Түркістан, Байқоңыр сынды қалалардан науқастар арнайы іздеп келіп, ем алу үшін қонақ үй жағалап кететін. Тіпті, кейбірі жеке клиника ашу туралы пікірлерін де білдірген көрінеді. Ойлана келе, игі іске білек түре кіріседі.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысындағы аудандар арасында тұңғыш рет ашылған «Халықберді» клиникасы жаңа заманға сай технологиялармен жабдықталған. Іші таза. Емделушілер де дән риза. Бағасы да қолжетімді. Күніне бес мезгіл диеталық тағамдар беріледі. Бастысы емделушілердің жағдайы жасалған. Сондай-ақ, жаңа аппараттар арнайы шет елден тапсырыспен әкелген. Ең қымбат «LOGIOT 8» маркалы Узи аппараты жүкті әйелдің босану уақытын, баланың жағдайын анық көрсетіп береді. Тіпті 4D суретін шығаруға да мүмкіндік бар. Ал, «Матрикс-Влок» сәуле аппараты жүйке жүйесін тыныштандырып, қан қысымын қалпына келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар, қанды тазартып, жүкті әйелдің таксикозын да осы аппарат арқылы емдеуге болады екен. Бәрінен бұрын күйік шалған теріні із қалдырмай қалпына келтіретін мүмкіндікке ие.
«Қарлығаштай қанатымен су сепкен» Қ.Халықбердіқызы Астана қаласындағы «Ана мен бала» орталығында «балалардың қан тамырларының қоректенуі» жайында арнайы курс оқиды. «Себебі, мұндай маман Шиелі ауданында тапшы. Тіпті, Жаңақорған ауданынан келіп түсіп жатқан адамдар да бар» – дейді. Халыққа қызмет жасау үшін тынбай еңбектеніп жүрген маманның еселі еңбегі елеусіз қалған емес. Өйткені, дертін дөп басып, емін тапқан Қарлығашқа сырқатынан айыққан адамдар алғысын білдіріп жиі келіп жатады. Ал, ауданнан ашылған «Халықберді» клиникасына ешқандай жарнама жасаған емес. Оны науқасынан айыққан адамдардың айтуымен, үмітін арқалап келген адамдардан естідік.
«Денсаулық зор байлық» деп бағамдаған халық үшін дәрігерлердің білімі мен білігі маңызды. Дертіңе дерт қоспай, ауруыңнан айықтырар мейірім күтетін дәрігердің кейбірі қабағын қатып, жөнін айтпайды. Жаның қысылып, күнің түссе мұрнын көкке көтеретін мамандарға тәуелді болмайтындай күнге жеттік. Елбасы Н.Назарбаев: «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауында үздік денсаулық сақтау ісін қалыптастыруымыз қажет деген болатын. Сондай-ақ, жаңа технологияларды меңгеріп, қағаз қолданбайтын ауруханаға айналатынымызды жеткізді. Сондықтан, аудан орталығында жеке клиникалар бой көтеріп, бәсекелестікті арттыра түспек. Бұл, ауруханалардың қызмет көрсету сапасын да көтереді.
«Халықберді» халыққа қызмет көрсетедіНегізгі мамандығы акушер-гинеколог болғандықтан бойына бала бітпей жүрген әйелдерді емдеуді де қолға алу ойында бар. Бұйыртса, әйел затына ана бақытын сезіндіріп, бедеулік пен белсіздікті емдейтін үлкен клиникаға айналады деп сенеміз. Халыққа дауа берген Қарлығаш мұқым бір қазақ елінің демографиясын көтеруге сеп боларлық іс жасауға бел буса, біз де оны қолдауға даяр­­­­­мыз.
Гүлнәр Дүйсебай.

https://osken-onir.kz/okigalar/1057-halyberd-halya-yzmet-krseted.html

Сауатты дәрігер Сабира

Сабира Дүйсенбекова 1992 жылдың 1-қыркүйегінде Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында дүние есігін ашады. Сол ауыл­дың №153 Ш.Есенов атындағы мектебінде білім алып, алғыр қыз білім ордасын «Алтын белгімен» аяқтайды. Бала күнгі арманын болашағымен байланыстырып, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетіне «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығын иеленеді. Ең алғашқы еңбек жолын 2017 жылы Сұлутөбе дәрігерлік амбулаториясында жалпы тәжірибелі дәрігер маманы болып бастайды.
Ауыл тұрғыны Серікбай Кентбаев: «Ба­сымыз ауырып, балтырымыз сыздаса бі­рінші ақ халатты абзал жан Сабира Дүй­сенбековаға хабарласамыз. Медицина қызметкері деген кең ұғым, қастерлі ма­мандық. Бұл мамандық иелерінің жа­уап­кершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да баршылық. Дәрігерлердің мысқылдап кірген ауруды сылып тастау үшін қаншама тер төгіп, ұйқысыз түндер өткізетінін бірі білсе, бірі білмейді» – дейді. Әрине, еңбекті адал бағалай білген кісілерге медицина қызметкерлерінің тұғыры таймас биік тұлға. Жалпы, медицина қызметкері адам өміріне жарық сәуле сыйлап, үміттің шамын жағатын жандар.
Таңғы сағат 8-де Сұлутөбе дәрі­герлік амбулатория­сында барлық медицина қыз­­меткерлері 5 минуттық жиналысқа кір­­ді. Жұмыс уақытының бір минутын да же­мейтін Сабира Дүйсенбекова бүгінде өз ісіне сақадай сай. Тапсырма берілді. Халықты түрлі аурулардың алдын алу үшін скринингтен, флюрографиялық, 65 жастан асқан қарттарды профилактикалық тексеруден өткізу, туу жасындағы әйел­дер­ді алдын-ала жүктілікке дайындау сынды күйбең тірлік басталып кетті. Науқастарды жылы шыраймен қабыл­дап, жандарын жақсы сөзімен емдеген бас дәрігер Сабира Сейтқанқызына ем­делушілер де дән риза. Ақ ниетпен ті­лектерін жаудырып, ұзақ ғұмыр тілеуде. Біршама істің басын қайырған дәрігер енді диспансерлік есепте тұрған науқастарға қарай жол тартты.
Жол-жөнекей жиі ауыратын балаларға соғып, жағдайын білген бас дәрігердің қырағы көзінен ешкім де тасада қалмады. Ауыл тұрғындарының хал-жағдайын бес саусақтай білетін дәрігер үшін бұл үй­реншікті жағдай. «Бірінің қан қысымы жоғары, енді бірі қант диабетімен ауырады» деп санай жөнелді. Таң қалдық. Өз мамандығын сүйетін дәрігердің сөзі мен ісі үйлесім тауып, айналасына жылулық шашып тұрды. Көше бойындағы Әбсаттар қарияның үйіне тоқтап, күнделікті тексеруін жалғастырды. «Бұл кісі Паркинсон, қант диабеті ауруына шалдыққан. Жақында ота жасатқандықтан үнемі хабарласып, жағдайын біліп тұруға тырысамын» – дейді Сабира Сейтқанқызы.
Дәрігердің бір күні әлі біте қойған жоқ. Енді таусылмайтын қағаздарға зер салып, анализ қорытындыларын талдауға кірісті. Сұлутөбе ауылындағы амбулаторияда білікті мамандар жетерлік. Атап ай­тар болсақ, Д.Балтаев, С.Байманов, Г.Жармаханова, Ү.Жаңабаева т.б субор­ди­­наторлар мен аяжандар тынымсыз еңбек етіп, ел алғысына бөленіп жүр. «Дәрігердің жақсысы дертіңе дерт қос­пағаны» дейді дана халық. Расында, медицина қызметкерлері алдында ха­лықтың денсаулығын жақсарту, бала өлімін азайту, ауру-сырқаудың алдын алу секілді міндеттер тұрады. Себебі, ұлт сау­лығы бас­ты мәселе. Сондықтан, ем іздеп келген адамға кішіпейілділік танытып, жағымды әңгіме қозғаса дертін демде ұмытып кетеді. Жылы сөйлеп, түзу жүрген маманның абыройы да биік болары анық. Ендеше, адам жанын жара қылатын да, жазатын да сөз екенін естен шығармайық.
Гүлнәр Дүйсебай.

https://osken-onir.kz/okigalar/1058-sauatty-drger-sabira.html

Сыр медицинасының жарқын жетістігі

Мемлекеттің басты байлығыадам десек, ұлт саулығын жақсарту арқылы биік мақсатқа жету барша дамыған мемлекеттер ұстанған бас­ты бағыт екені даусыз. «Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасы Н.Назарбаев «Ұлт денсаулығыбіздің табысты болашағымыздың негізі» деп көрсеткен болатын. Осы орайда елімізде тұрғындардың денсаулығын қорғау бағытында Мемлекет басшысының бастамасымен бірқатар бағдарламалар қабылданып, ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Мемлекет басшысының жыл сайынғы қазақстандықтарға арнаған ­Жолдау­ларында «бірінші байлыққа» барынша көңіл бөлініп, саланы дамыту, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселесіне жіті назар аударылып, қаржы көлемі де артып отырғаны белгілі. Бұл Сыр медицинасына да қатысты. Мәселен, облыстың денсаулық сақтау саласын қаржыландыру кейінгі 5 жылда 26,7 процентке артып, былтыр 44,04 млрд теңгені құрады. Қаржыдан қағажу көрмей келе жатқан салада осылайша жыл сайын алдыңғы қатардағы технологияларды енгізуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, профилактикаға, науқастарды ­диагностикалау мен емдеуге, жалпы, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге жан-жақты мүмкіндіктер тууда. Олай болса, соңғы 5 жыл бедерінде сырбойылықтар саулығын сақтаудағы сала жетістіктерін тарқатсақ...

Байқоңырлықтар көптен күткен қуаныш

Облыс әкімдігітарапынан салаға деген қамқорлықтың артуы Байқоңыр қаласындағыкөпшілікті көптен күпті еткен мәселелердің оң шешімін табуынасеп болды. Атап айтқанда, жұлдызды қалашықта 2010 жылдан бері тұрған перзантхана ғимаратына 2014-2015 жылдары қайта жөндеу жұмыстарыжүргізіліп, тұрғындар игілігінеберілді. Ресей-Қазақстан тараптарыарасындағы ұзақ келіссөзбарысында 2016жылы Байқоңыр қаласындақазақстандық медициналық ұйым ашу туралы келісімге қол жеткізілді. Осының негізіндемұнда тәжірибелік режимдекөпсалалы аурухана – облыстық медицинаорталығының филиалы ашылды. Бұл мекеме Байқоңырқаласы мен Төретам, Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналықкөмек көрсетеді. Көпбейінді стационардың құрамында 30 төсектіктерапиялық бөлімше, 30 төсектік оңалту және 20 төсектік күндізгістационарлық бөлімше бар. Жыл басынан бастап филиал базасындаалғаш рет амбулаторлық көмек көрсету үшін емханалық бөлімшеашылды. 14 мыңнан астам тұрғын аталғанұйымда қызмет алуға ниет білдірген.

Жоғары мамандандырылған көмек қолжетімді бола түсті

Соңғы бес жыл көлеміндежерлестеріміз үшін жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігі артты. Мәселен, облыстыңкардиохирургтарымен жүрек- қанта­мырларынажәне бас миына 2300-ден аса ота жасалды. Сондай-ақ, жоғары мамандандырылған көмектіңқолжетімділігін арттыру мақсатында 2016 жылы Қазалы теміржолауруханасы базасында Байқоңыр қаласы мен Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының тұрғындарыүшін ауданаралық нейроинсульт орталығыашылды. Одан бөлек, Қазалы аудандық ауруханасыбазасында инсульт­пен сырқаттанатын науқастардыоңалту бөлімшесі мен №3 қалалықемханасы базасынан нейрооңалтуорталығының ашылуы көмек көлемін кеңейтугемүмкіндік беріп отыр. Жалпы, соңғы 5 жылда ашық жүреккеота жасау 48,3 процентке (2013ж – 103, 2017 ж – 157), тамырды эндопротездеу бойыншаоталар алты (2014 ж – 25, 2017 ж – 139), нейрохирургиялық оталар екі есеге өскен. Былтырдың өзінде онкологиялық ауруларға – 55, травматологиялық науқастарға – 330, урологиялық ауруға шалдыққандарға 208 ота жасалған.

АУЫРМАСЫН АНАЛАР, АМАН БОЛСЫН БАЛАЛАР

Аймақта ана мен бала саулығын сақтауғабарынша көңіл бөлініпкеледі. Осы мақсаттакөптеген ауқымды жұмыстардыңатқарылғаны аян. Мәселен, жүкті және жаңа босанғанәйелдерге медициналық көмек көрсетуді жақсартуүшін 5 жыл ішінде 350 төсек-орынға арналған облыстықперинаталдық орталығы, 350 төсектік облыстықбалалар ауруханасы мен Талсуат кентінде 50 төсектікреспубликалық оңалту орталығысалынып, бүгінде тұрғындаригілігіне қызмет етуде. 2016 жылы облыстықперинаталдық орталығында ауыр патологиясы бар әйелдерге арналып 30 төсектікбосанғаннан кейінгі оңалту бөлімшесінің ашылуы талай әйелдіңтез арада аяғынантік тұрып кетуінесебепші болуда. Бірінші деңгейдегістационар дәрігерлері арасындаоперативті техниканы игергенмамандардың үлесін арттырубойынша біршама жұмыстаржасалып, ота жасайтынакушер-гинекологтардың үлес салмағы 45%-тен 67%-ке артты. Атқарылған жұмыстарнәтижесінде нәрестелер өлімі 41,2%-ке азайса, 2017 жылы ана өлімінің тіркелмегені қуантады, яғни, 100%-ке төмендеді.

МЫҚТЫ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА –

САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

Тұрғындардың медициналық қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында соңғы 5 жыл ішінде жалпы құны 27,4 млрд теңге болатын 58 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде 49 немесе 84,5%-і апаттық жағдайдағы нысандар орнына салынды. Атап айтқанда, облыстық перинаталдық орталығы, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы, Қазалы ауданында орталық аурухана, 5 аудандық емхана құрылысы, 2 ауылдық емхана, 36 дәрігерлік амбулатория, 13 фельдшерлік-акушерлік амбулатория және медициналық бекеттер пайдалануға берілді. 2013-2017 жылдар аралығында 28 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2,5 млрд теңге бөлінді. Ал, облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтауға соңғы бес жыл көлемінде 6 279,7 млн теңге қаралып, жаңа үлгідегі қажетті техникалар алынған. Нәтижесінде, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтану көрсеткіші 32,2%-ке өсіп, 2017 жылы 76,5%-ті құрады.

ҚАДІРІН БІЛГЕН

Медицина саласы салғырттықты көтермейді. Сәл ғана сәтсіздік адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Мұнда тек білік пен білімге ғана орын бар. Сондықтан адам өмірінің арашашысы ақ халаттыларға артылар жүктің салмағы да ауыр. Ал медицина қызметкерлері сол сенім үдесінен шыға білу үшін біліктіліктерін арттырып отыруы қажет. Соңғы бес жылда мамандар даярлауға ерекше мән берілгені белгілі. Аймақта денсаулық сақтау саласында кадр мәселесін шешу негізінде 2016-2018 жылдарға арналған дәрігерлер мен орта буынды медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың ұзақмерзімді жоспары жасалды. Қажетті медициналық мамандарды оқытуға (резидентураға) облыс әкімінің арнайы гранттары бөлініп, 2016-2017 жылдары 22 үміткер қабылданды.

Жалпы, облыс бойынша соңғы 5 жылда 705 маман қайта даярлау, 11732 маман білімін жетілдіру курстарынан өтті, олардың ішінде дәрігер – 4056 болса, 7676-сы орта буын медицина маманы. Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде аймақта жетіспейтін неонатолог, травматолог, онколог, реабитолог дәрігер мамандардың тапшылығы жойылды.

Соңғы бес жылда облыс бойынша 569 жас маман жұмысқа орналасқан, оның ішінде ауылдық елді мекендерге 248-і яғни, 43 проценті, бастапқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарына 450 маман (79 проценті) жұмысқа орналасқан. Қазіргі кезде дәрігер мамандармен қамту көрсеткіші бойынша бастапқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарында 95 процентті құрап отыр.

Аймақтың денсаулық сақтау саласындағы осындай берекелі жұмыстардың нәтижесінде облыс халқының өмір сүру ұзақтығы 1,3 есе өсіп, 71,91 жасты құрады, 2013 жылы бұл көрсеткіш – 70,62 болатын. Ал республикада – 72,3 жас. Өлім-жітім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 4 процентке төмендеді. Қатерлі ісіктерден болатын өлім көрсеткіші 22,8%-ке, жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен уланулардан болатын өлім көрсеткіші 39,8%-ке, туберкулезбен сырқаттанушылық 31,2%-ке, туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 2 есеге азайған.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы».

http://syrboyi.kz/negizginews/17341-syr-medicinasyny-zharyn-zhetstg.html