Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

ШИПАГЕРДәрігерлікжоғары жауапкершілік пен терең білімді, үздіксіз ізденісті талап ететін күрделі мамандық екені баршаға белгілі. Себебі, олар адам өмірі үшін күреседі. Сондықтан да оларды халық «адам жанының арашашысы» деп атап, қашанда құрметпен қарайды. Әрине, мұндай атаққа ие болып, абырой биігінен көріну оңай емес. Ол үшін жоғарыда айтып өткеніміздей, мамандыққа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік болуы керек. Олай болмаған жағдайда бәрі басқаша.

Дәрігерлерішіндереаниматологтыңміндетітіптіқиын. Өйткені, реанимация, яғни, жансақтаубөліміаурухананыңжүрегііспетті. Атыайтыптұрғандай, науқастыңжанынсақтаусізбенбізойлағаннандақиыншаруа. Бұлшаруаныдөңгелентуүшінмаманымызсайболуыкерек, әрине.

ОблыстықжұқпалыауруларауруханасыныңреанимацияжәнеинтенсивтікемдеубөлімініңмеңгерушісіБолатАсанбаевбұлшаруаныңқыр-сырынатереңбойлағанбіліктідәрігер. ӨзініңжиырмабесжылғажуықдәрігерлікқызметініңбасымбөлігінреанимациясаласындаөткізгенБолатСәйдіұлынауқасжанынсақтаудыңқаншалықтыкүрделіісекенін, бұлістежоғарыжауапкершілікпенмамандыққадегензорсүйіспеншіліктіңқажетекенінжасмамандарғаайтуданжалыққанемес.

БолатАсанбаев 1966 жылы 24 мамырдаҚызылордақаласындадүниегекелген. 1983 жылы орта мектепті бітірген соң Сырдария ауданы Айдарлы ауылында жұмыс істейді. 1984-1986 жылдарыәскерқатарынаалынып, азаматтықборышынөтепқайтады. Оданкейін 1987 жылыАлматымедицинаинститутыныңемдеуфакультетінеоқуғатүсіп, оны 1993 жылы «Емдеуісі» мамандығыбойыншабітіріпшығады. 1994 жылы Сырдария аудандық ауруханасында анестезиолог-реаниматолог болып қызметке араласты. Ал 1995 жылы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына дәрігер болып қабылданады. Содан бері осы ауруханада табан аудармай еңбек етуде.

БолатАсанбаевқызметбарысындаөзініңбілікті, ізденімпазмаманекенінкөрсетіпкеледі. Жұмысынадегенжоғарыжауапкершілігінің, кәсібишеберлігінің, адамгершілігіменкішіпейілдігініңарқасындаұжымдасыйлы, айналасынаабыройлыазамат. Сөзден гөрі істің адамы екенін дәрігермен дидарласу барысында байқадық.

– Дәрігерлік мамандыққа сөзшеңдіктен гөрі іс-әрекет, шұғыл шешім қабылдау қасиеттері тән. Әсіресе, реанимация саласында әрбір іске мұқият болу – басты шарт. Біз алғаш жұмысқа араласқан жылдармен салыстырғанда, қазір көп өзгеріс бар. Медицина күн санап алға жылжуда. Дәрігер сол уақыт талабымен ілесіп отыруы қажет. Қазір түрлі заманауи құрылғылар өте көп, емдеу тәсілдері де жаңарды. Осының негізінде дәрігерлердің жұмысы едәуір жеңілдеді. Әрине, қазір де ақ халаттылардың жұмысы оңай емес, дегенмен, осыдан 10-15 жыл бұрынғымен салыстырғанда ауруды тез анықтауға, ем тағайындауға, алдын алуға мүмкіндіктер көп, – дейді ол.

Дәрігер өзінің жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында емдеу процесінде заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалануға күш салып, жұмыстың жандануына үлес қосып жүрген жанның бірі. Осы мақсатта ол Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында оқып, білімін жетілдіріп қайтты. Жоғары санатты дәрігер білгендерін өзінен кейінгі жастарға үйретуге ерінбейді. Өйткені, өзі де алдыңғы буын өкілдерінің тәлім-тәрбиесін алып, тәжірибе жинай жүріп, осы дәрежеге жетті.

Болат аға сол кездегі өз істерінің майталмандары Сапаркүл Құдиярова, Яхия Шорабаев, Бақыт Исмаханбетов сынды мамандардан көп нәрсені үйренсе, негізгі ұстазы ретінде Базарбай Атабаевты атайды.

Болат Асанбаев – білікті маман ғана емес, сонымен бірге отбасының тірегі, қадірлі жар, ардақты әке. Зайыбы Ұлжан Асанбаева №261 мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Отбасында үш бала тәрбиелеп, өсірген.

Майталман маманның денсаулық сақтау саласындағы тынымсыз еңбегі өзінің лайықты бағасын да алып жүр. Мәселен, 2003 және 2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталса, 2013 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет» грамотасын алған. Ал, өткен жылдың аяғында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Табиғатынан қарапайым жан бұл марапатты жетістік деп емес, өзіне жүктелген жауапкершіліктің еселенгені деп қабылдайды.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы».

http://syrboyi.kz/negizginews/17194-shipager.html