Ауа райы
Мерекелер

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІЕлбасы Жолдауында алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойғанымызды ескер­тіп, ол үшін 100 нақты қадам Ұлт жоспары жүзеге асырылып жатқанын және оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойғанын атап өтті. 100 нақты қадамның бірі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу болатын. Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін толыққанды енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. МӘМС жүйесіндегі көрсетілетін медициналық пакеттің 2020 жылға дейінгі мерзімге шегерілуінің бірден-бір себебі елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтыған шамамен 3 млн-ға жуық тұрғын анықталған. Олардың МӘМС жүйесіндегі медициналық пакетті пайдалануы мен жарналарын төлеуі қиындық тудыруда және өмір сүру деңгейінің әртүрлілігінде болып отыр.

2018-2019 жылдар аралығында халыққа медициналық көмек Тегін медициналық көмек­тің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қаржылық оператор болып табылатын МӘМС Қоры арқылы қаржы­ландырыла отырып көрсетіледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакеті шеңберінде қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарымен келісімшарт бекітуді аяқтады. Ең алдымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жедел медициналық көмек және өзге де бағыттар бойынша көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекітілді. Елбасының биылғы Жолдауында ТМККК шеңберіндегі медициналық көмектерді оңтайландыру керектігі нақты айтылған. Ол үшін мемлекеттің ­халыққа медициналық көмек беретін көлемін нақтылай түсу қажет. Сол себепті бұл аталған пакеттегі медициналық көмектердің түрлері бір жолға қойылуы тиіс. ТМККК көлемінде көрсетілмейтін медициналық көмектер МӘМС жүйесіне кіргізілетін болады. Сол кезде халықтың МӘМС жүйесіне кіруге мүдделілігі пайда болады.

Жолдауда айтылғандай, елімізде алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін ұйымдардың әлеуетін арттыру көзделген. Аталған медициналық ұйымдарды қолдау дамыған елдерде жоғары санатта.

Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласында 30-дан астам ақпараттық жүйе жұмыс жасайды, оның 25-сі электронды денсаулық сақтау орталығында орналасқан. Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттігін баса айту керек.

Бақыт ИСМАХАНБЕТОВ,

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры»

КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша

филиалының директоры.

http://syrboyi.kz/negizginews/16888-zhaa-mmkndkterge-zheteleyd.html