Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

ҚР ӘМ «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК филиалы Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институтының тыныс–тірлігіТарих тереңіне көз жүгіртсек 1951 жылы Одақтық және Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрліктерінің бұйрықтарымен Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан Республикалық сараптама бюросы ,ал облыстық денсаулық сақтау бөлімдері жанынан облыстық бағыныстағы қалалар мен барлық селолық аудандарға қызмет көрсететін облыстық сараптама бюролары құрыла бастады, ал Қызылорда облысы бойынша 1953 жылы Қызылорда облыстық сот-медицина бюросы ашылып халыққа қызмет көрсету жолға қойылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 25.08.2014 жылғы №898 санды Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы Жарлығында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен Әділет министрлігіне сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар жүргізу функциясын беру белгіленіп, осы негізде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 желтоқсан 2014 жылғы №1403 « Сот сараптамасының кейбір сұрақтары туралы» атты қаулысы шығып, 1 қаңтар 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Әлеуметтік Даму министрлігіне қарасты « Сот Медицинасы Орталығы» Республикалық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қарамағына өтсе , ал осы Кәсіпорынға 2015 жылдың 1 шілдесінен сот-наркологиялық, 2016 жылдың 1 шілдесінен сот-психиатриялық сараптамалары біріктірілді.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» , «Жүз нақты қадам» атты Қазақстан халқына жолдаған ұлттық Жолдауына сай ,бүгінде табысты жұмыс жасау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.Әкімшілік реформа жүргізілді ,Үкімет пен атқарушы биліктің жаңа құрылымы жұмыс істеуде. Мемлекеттік басқарудың бұл жүйесі атқарушы органдарға жаңа міндеттер , жаңа мақсаттар жүктейді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының сараптама жүргізуі ҚР Қылмыстық-процессуалдық , Азаматтық процессуалдық кодексіне , «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы » кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы сот - сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасындағы сараптама органдарының сот-медициналық сараптама жүргізу тәртібі мен нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі.

Қазіргі таңда Қызылорда облысы халқына сот-медициналық сарапшылық қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Сот сараптама орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Қызылорда облысы бойынша Сот сараптама институтында жүргізіледі. Қызмет көрсету аймақтарына: 7 аудан және 2 қала кіреді.

Құрылымына:

1. Әкімшілік-шаруашылық;

2. Жалпы сараптама бөлімі;

3. сот-биологиялық;

4. сот-гистологиялық;

5. химия-токсикологиялық;

6. медико-1криминалистикалык;

7. сот-наркологиялық;

8. сот- психиатриялық сараптама бөлімдері кіреді.

Сот-медициналық сарапшы болып жоғарғы медициналық білімі бар азаматтар жұмыс жасай алады, қазіргі таңда филиалда 20 сарапшы –дәрігер, 15 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Сарапшы- дәрігерлердің санатының деңгейі-62,5%, оның ішінде: 37% жоғарғы санаттағы мамандар, 18%-бірінші санаттағы мамандар, 8%-екінші санаттағы мамандар, 37%-санаты жоқ. Сарапшылар үнемі білімдерін жетілдіріп және халықаралық семинарларға да қатысып отырады.

Филиалда молекулярлық-генетикалық сараптамадан басқа барлық сот-медициналық сараптамалар түрлері жүргізіледі.

Сот-медициналық қызметтің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының халқына сот-медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Ең басты қызметтік бағыттары-қолжетімділікті, тиімділікті, сарапшылық сапасын арттыру. Сот-медициналық сараптама өндірісінің барлық кезеңдерінде Қазақстан Республикасы азаматтарының заңды құқықтары сақталады.

Сонымен қатар , сот-медициналық сарапшы құзырына :

-зорлықпен өлтірілген жағдайда мәйітке сараптама жүргізу ;

-зорлықпен өлтірілгендігіне күдіктенген жағдайда немесе мәйітті сот-медициналық тәртіппен зерттеу қажеттігімен түсіндірілетін жағдайлар кезінде мәйітке сараптама жүргізу;

-денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлығын , жыныстық жағдайларын анықтау және сот-медицинасы саласындағы танымдарды талап ететін басқа да мәселелерді шешу үшін жәбірленушіге ,айыпталушыға және басқа да тұлғаларға сараптама жүргізу;

-зертханалық зерттеу әдістерін қолдана отырып,заттай айғақтарға сараптама жүргізу;

-тергеуге дейінгі тексеру материалдарына, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істерге,сондай-ақ жеке айыптау ісі бойынша сараптама жүргізу ;

-диагностика және емдеу кезіндегі кемшіліктердің бар – жоқтығын ,олардың науқасқа тигізген залалын, оған медицина қызметкерлерінің тікелей байланыстылығын; тиісті ереже, нұсқаулықтың сақталған- сақталмағандығын анықтау кіреді .

Сонымен қатар, заңды туындайтын сұрақтар (медициналық қызметкерлердің байқамай немесе әдейі жасағандығы , кінәлі немесе кінәсіз еместігі т.б. ) сот- медициналық сарапшылық комиссиясымен шешілмейді , ол сот- тергеу органдарының құзыретіне жатады.

Және ҚР ӘМ жауапты хатшысының бұйрығымен бекітілгендей « Сот медицинасы орталығы» РМКҚ ақылы қызметтер де жүргізеді. Ақылы қызмет арқылы жүргізілген қорытындылар жәбірленушінің , айыпталушының өзіне ғана беріліп, ол жөніндегі мағлұматтар сарапшы тарапынан жариялануға жатпайды.

Сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулығына сәйкес жарақаттардың дәрежесін бағалау олардың денсаулыққа тигізген зияны бойынша үш дәрежеге бөлінеді:

1.Жеңіл.

2.Орташа.

3.Ауыр.

Сол секілді қинау қылмысы бойынша сот-медициналық сараптама жүргізуде жәбірленушінің көрсетуіне сәйкес соққы әсеріне де мән берілу қажет.

Соққы дегеніміз жалпы еңбекке қабілеттілікті мардымсыз, тұрақты жоғалтуға немесе тәннің ауырсынуына әкелген, бірақ қысқа мерзімді денсаулықтың бұзылуына әкелмейтін күш қолданатын әрекет. Сот-медицина сарапшысы соққы фактісінен жәбірленушінің денесінде жарақаттар қалған болса, оларды қарапайым белгілерге сүйене отырып денсаулыққа келтірілген зиян ауыртпалығы бойынша бағалайды. Егерде соққыдан кейін қандайда бір объективті із қалмаса, онда сот-медициналық сарапшы өзінің қорытындысында жәбірленушінің арызын ескереді, объективті жарақаттардың болмағанын көрсетеді.

Сондай-ақ, қинау қылмысы бойынша жапа шектіруде кездесуі мүмкін. Жапа шектіру дегеніміз – нәтижесінде денсаулыққа зиян келтірілуі мүмкін әрекеттерді көрсетеді. Жапа шектіру (қинау) бұл көп мәрте немесе жүйелі түрде ауыртпалық келтіруге байланысты әрекеттермен (шымшу, кесу, әр-түрлі өткір және доғал заттар мен көптеген кішігірім жарақаттар тигізу, химиялық, физикалық факторлар әсері және де өзгеде балама әрекеттер) болуы мүмкін.

Сот –медицинасы сарапшысы жәбірлену фактысын анықтамайды. Бұл жерде де сарапшы: жарақаттың бар екендігін, сипатын, орналасқан орнын, олардың салынған уақытын, салынған уақыт алшақтығын, жарақат келтіру белгілері және механизмі мен жарақат салған құрал сипатын (медициналық мәліметтер бойынша да) анықтауға міндетті;

Денсаулыққа келтірген зиянның ауырлық дәрежесін шешу барысында сот-медициналық сарапшы жоғарыдағы Нұсқаулықтың тиісті бөлімдерін басшылыққа алады.

Сот-тергеу органдарының қаулысының негізінде жәбірленушіні объективті тексеріп және медициналық құжаттардың негізінде зиянның ауырлық дәрежесін анықтау сот-медицина сарапшысының құзыретіне кіреді. Денсаулыққа келтірілген зиянды бағалау барысында сот-медициналық сарапшы қорытындысында:

1. Денсаулыққа келтірілген зиянның объективті көзқарастан туындайтын белгілері (тырналған жара, қанталау, кесілген, жанышталған жара, және т.б.) олардың сипатын мен орналасуын және медициналық зерттеулер құжаттарының нәтижесін;

2. зиян келтіруі мүмкін құрал немесе зат түрін;

3. пайда болу механизмі;

4. зиян келтірілу мерзімі;

5. денсаулыққа келтірілген зиян дәрежесін көрсетеді.

Объективті және медициналық мәліметтер бойынша жәбірленушінің өміріне қауіп төндірілгені анықталған жағдайда сот-медицина сарапшысы денсаулыққа келтірілген зиян дәрежесін жәбірленушінің ауруханадан шығуын күтпей-ақ анықтауға мүмкіндігі бар, ал денсаулыққа келтірілген зиян туралы болжамды пікірмен алдын-ала шешімге келуге жол берілмейді.

Жоғарыдағы Нұсқаулыққа сәйкес қинау кезінде анықталған жарақаттар дәлелдемелікті нақтылау мақсатында фотосуретке, бейнатаспаға түсіріліп, қорытындыға қоса тіркеліп, сарапшылық тағайындаған тұлғаға беріледі.

Филиал әкімшілігі құқық қорғау ұйымдарымен, Қызылорда облысы ішкі істер тергеу басқармасымен, аудандық, қалалық полиция бөлімінің тергеушілері және әділет министрлігі сот сараптама институтының сарапшыларының қатысуымен сот медициналық сараптама жүргізудегі көкейкесті сұрақтар және сараптама тағайындаудағы талаптар жайлы үнемі мәжілістер өткізіп, онда сараптаманы тағайындаудағы тергеу қызметкерлерін ойландырып жүрген сұрақтарына жауап беріліп тұрады.

Филиал сарапшылары судья немесе қорғаушылардың шақыртуымен қалалық және аудандық сот процестеріне қатысып, шешімін таппай тұрған күрделі қылмыстық мәселелер бойынша өздерінің ғылыми тұжырымдарымен негізделген көрсетімдерін беріп, сот шешімінің дұрыс шығуына өз үлестерін қосып тұрады.

Сонымен қатар, филиал сарапшылары жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарымен, емдеу мекемелерімен , облыстық «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен» (жүре пайда болған иммундық тапшылығының синдромы) , облыстық обаға қарсы күрес стансасы мамандарымен бірге тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Емдеу мекемелерімен науқасқа қойылған диагноздың алшақтығын болдырмау мақсатында клиникалық-анатомиялық конференциялар, семинар-кеңестер өткізіліп талқыланды.

Туберкулез, обыр және қан айналым жүйесі ауруларынан болған өлімдер арнайы бақылауға алынып тұрады.

Филиал ұжымы облыста өткізіліп жатырған іс-шаралардан қалыс қалмайды. Қызылорда облысы Әділет органдары үйлестіру кеңесінің төрағасы Қ. Е.Сапаровтың ұйтқы болуымен қарттар мен жетім балаларға ,алимент ала алмай отырған аналардың балаларына қол ұшын беру мақсатында қамқорлық акцияларына және ораза айы кезінде мұсылмандық парыздарын өтеп жүрген ақсақалдарға орталық мешітте ауыз ашар беріп өз үлестерін қосып отырады.

Филиал сарапшыларының елеулі еңбектері дер кезінде ескеріліп Министрлік, Орталық және облыс әкімдігімен , облыстық әділет департаменті басшылығымен өз дәрежесінде бағаланып ,соған сәйкес сарапшылар мен қызметкерлер марапатталып тұрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы №34 қаулысына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицина орталығы» Мемлекеттік мекемесінің қосылуымен қайта құрылып, атауының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институты болып өзгерді.

«Сот сараптамалары орталығы» сот медициналық сараптама зерттеулерін, сот-психиатриялық және сот наркологиялық сараптамаларын жүргізеді

 

Қосберген КУЛЬМУРЗАЕВ,

Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институтының

жалпы сараптама бөлімінің жетекшісі

сот медициналық сарапшы 

 

ҚР ӘМ «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК филиалы Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институтының тыныс–тірлігі