Ауа райы
Мерекелер
Жақсылық Досқалиев тегін медициналық көмектің жаңа үлгісін түсіндіріп берді

 

2018 жылғы 10 қаңтар

 

АСТАНА. ҚазАқпарат -ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Жолдауында мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Академик Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін медициналық көмектің көлемін өзгертуге тура келеді. «Қазіргі кезде тегін медициналық көмек бар. Оған мемлекеттің өзі кепілдік беріп отыр. Оның құрамына барлық медициналық қызметтер кіреді. Былайша айтқанда, бүгінде ол қызметтің бәрі бюджет есебінен атқарылады. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізгенде кепілдендірілген медициналық көмек шегеріледі. Өйткені кейбір медициналық қызметтер бюджеттен емес, арнайы медициналық қордан төленеді», - деді Ж.Досқалиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Ғалымның айтуынша, тегін медициналық көмек шегерілсе де,оның негізгі бағыттары қала береді.«Біріншіден, адам өміріне қауіп төнгенде тегін медициналық көмек көрсетіледі. Ондайда сақтандыру куәлігің бар ма, жоқ па, ешкім сұрамайды. Өйткені адамды құтқару қажет. Екіншіден, инфекциялық аурулар кезінде тегін қызмет болады. Сосын туберкулез сияқты аурулар бар. Оны да мемлекет өз мойнына алып отыр. Үшіншіден, сан алуан психикалық аурулар кездеседі. Бұдан бөлек, вакцинация, скрининг, орфанды, яғни сирек кездесетін аурулар, тегін дәрілер және тағы басқа шаралар бюджеттің есебінен атқарылады. Президенттің айтып отырғаны да сол, кімге, қандай және қай кезде тегін медициналық көмек беріледі. Соның бәрін ретке келтіру керек. Қалған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға беріп тастауға болады», - деп атап көрсетті Ж.Досқалиев. Айта кетейік, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауда Мемлекет басшысы ғылыми онкологиялық орталықты құру міндетін де белгіледі.

 

Автор: Арман Асқаров


http://www.inform.kz/kz/zhaksylyk-doskaliev-tegin-medicinalyk-komektin-zhana-ulgisin-tusindirip-berdi_a3118958

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЕШҚАНДАЙ КҮМӘН ТУҒЫЗБАЙДЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады. Оны енгізудің қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайды. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырмаған дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізу талап етіледі. Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажет. Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады", - деді Назарбаев. Қазақстан Президентінің айтуынша, халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. "Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет. Бұл тәжірибе әлемде бұрыннан бар. Оны батыл әрі белсенді түрде енгізу керек", - деді Президент. Оның айтуынша, онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет. "Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуге тиіс. Біз кардиология, босандыру және өкпе ауруымен күресу кезінде атқарған істеріміз сияқты жұмыстарды да жүргізуіміз керек. Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады. Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, "қағаз қолданбайтын ауруханаға" көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет. Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керек", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Жолдауында медицина кадрларына қатысты мәселелерге жауап берді. "Бүгінде бізде Назарбаев Университетінің бірегей Медицина мектебі бар. Онда біріктірілген университет клиникасы жұмыс істейді. Бұл тәжірибе барлық медициналық жоғары оқу орындарына таратылуға тиіс.Осы және басқа да шараларды іске асыру үшін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу қажет", - деді Қазақстан Президенті.

https://syr-media.kz/news/1404-leumettk-medicinaly-satandyru-zhyesn-engzud-azhettlg-eshanday-kmn-tuyzbaydy.html

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ (FOTO)

Аудан орталығы Әйтеке би кентінде 150 орындық орталық аудандық аурухана пайдалануға берілді.
Облыс әкімі Қ. Көшербаев жаңа емдеу мекемесінің ашылу салтанатына қатысып, дәрігерлер мен кент тұрғындарын жаңа аурухананың ашылуымен құттықтады.
Аймақ басшысы аурухана ұжымының жұмысына сәттілік тілеп, жаңа «Жедел жәрдем» көлігінің кілтін табыстады.
Аудандық аурухананың ашылуына қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Абай Тасболатов, Мұхтар Ерман және Геннадий Шиповских пен аудандық денсаулық сақтау саласының ардагері Орақ Кеубасов қазалылықтарды қуаныштарымен құттықтады.

Астанада тегін дәрі-дәрмек емханалар арқылы берілмек

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ (FOTO)
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ (FOTO)
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ (FOTO)
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ (FOTO)
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ (FOTO)
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ (FOTO)

 

 
 
Қызылорда Облысының Әкімдігі

Қазақстан - Қызылорда

Опубликовано: 7 янв. 2018 г.


Қазақстан - Қызылорда

Опубликовано: 7 янв. 2018 г.


Қазақстан - Қызылорда

Опубликовано: 7 янв. 2018 г.