Ауа райы
Мерекелер


19.12.2017

Қызылорда облысында екі медициналық бекет ел игілігіне берілді. Жаңақорған ауданы Аққұм және Еңбек елді мекенінің мыңға жуық тұрғыны Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ауыл мен қала арасына сабылудан арылды. Жеке әріптестік бойынша сатып алу тәсілімен салынған ғимараттардың құны – 11 млн 600 мың теңге. Алғашқы көмекке қажетті құралдармен толық жабдықталған нысандарда дәрігерлер мен емделушілер үшін барлық жағдай жасалған. Күндізгі стационар және ем-дом жасау бөлмесімен қатар бекетте дәріхана да бар. Жалпы Жаңақорған ауданындағы 80 мыңдай тұрғынға бүгінде 36 медициналық мекеме қызмет көрсетеді.

Сәулебек Ысқақов, Жаңақорған аудандық аурухана бас дәрігері: – 2017 жылы Жаңақорған ауданында 3 медпункт берілгелі тұр. 2016 жылы 3 дәрігерлік амбулатория берілді. Олар Сунақата, Сүттіқұдық және Түгіскен елді мекендерінде. Келесі жылы Билібай және Талап бекетінде берілсе, толық жаңа ғимараттармен қамтамасыз ету бітеді.

Источник:http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/211656-yzylorda-oblysynda-meditsinaly-beketter-ashyldy

АРАЛДЫҚТАР ТАҒЫ БІР МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТТІ ІСКЕ ҚОСТЫ

Баршамыз үшін ең қастерлі – Тәуелсіздік күнін мерекелеуді Арал ауданы бастап кетті. Айтулы мереке қарсаңында Арал ауданына қарасты, шалғайда орналасқан Ақбасты елді мекенінде жаңа медициналық бекеттің ғимараты ел игілігіне берілді.

Бұл жаңалық, әсіресе, ауыл тұрғындарын үлкен шаттыққа бөледі. Себебі, аудан орталығынан біршама шалғай орын тепкен Ақбасты жұртшылығына бұл нысан ауадай қажет екені айтпаса да түсінікті. Басы ауырып, балтыры сыздаған жандар бұған дейін алғашқы ем-шараларды алу үшін аудан орталығына жүгінген болса, бұл мәселе енді талапқа сай медициналық бекетте шешімін таппақшы. Әрі тұрғындардың уақытын тиімді пайдалануға да ықпалы зор.

Жаңа әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, жергілікті жұртшылықты қос қуанышпен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы жекеменшік мемлекеттік әріптестік аясында салынған үш медициналық бекеттер тікелей аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқанын жеткізді. Мұнан соң, сөз тізгінін ауыл ардагері Сәуірхан Смағұлов алып, ауыл тұрғындары атынан жылы лебізін жолдап, жалпы жасалып жатқан қолдауларға риза екендіктерін жеткізіп, батасын берді.

Еске сала кетейік, ауданда 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында дәл осындай екі бекет іске қосылған болатын.

Сая ЕРАЛИЕВА.

https://tolqyn.kz/zanalyk/60-araldytar-tay-br-medicinaly-bekett-ske-osty.html

ҚЫЗЫЛОРДАДА 400 ОРЫНДЫҚ ЕМХАНА АШЫЛДЫ


Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қызылордада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында салынған 400 орындық емхана пайдалануға берілді.

Бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік нәтижесінде жүзеге асқан республикадағы алғашқы жоба.

Емхананың ашылу салтанатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды мерекемен және жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

– Соңғы екі жылда аймақтағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайды. Облыстың барлық аудандарында 250 келушіге арналған емханалар мен 11 медициналық бекет салынған. Екі жылда медициналық жабдықтар сатып алу үшін 3,1 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде ана мен баланың денсаулығын нығайтуға арналған заманауи жабдықтар сатып алынды. Мәселен, ота жасауға арналған құны 600 миллион теңгеден асатын мобильдік қондырғы әлемдегі клиникалардың кез-келгенімен байланысуға мүмкіндік береді. Мұндай қондырғы республикадағы 5 клиникада ғана бар, - деді облыс басшысы.

Емхана ашылуына ҚР денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Алексей Цой қатысты.

– Елбасы «Ұлт жоспарында» көрсеткен 100 нақты қадамының бірі – жекеменшік медицина саласын дамыту. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 110 жоба, оның ішінде 3 республикалық және 107 жергілікті жоба жүзеге асырылуда. Жалпыұлттық мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған емхананың ашылуы, әрине, біз үшін үлкен қуаныш, - деді А.Цой.

Жаңа клиника облыс орталығының 46 мың тұрғынына қызмет көрсететін болады. Ғимаратта балалар мен ересектерге арналған бөлімдер, функционалды диагностикалық бөлім, зертхана, 10 төсектік күндізгі стационар және қосалқы бөлмелер бар. Нысан «ALEXEY SULTAN AKHMED» ЖШС жеке инвестор және кепілдендірілген тегін медициналық көмекке тапсырыс аясында бюджет қаржылары есебінен салынды.

Сондай-ақ, аз күнде Жаңақорған және Қазалы аудандарының орталық ауруханалары пайдалануға беріледі.

ҚЫЗЫЛОРДАДА 400 ОРЫНДЫҚ ЕМХАНА АШЫЛДЫ
ҚЫЗЫЛОРДАДА 400 ОРЫНДЫҚ ЕМХАНА АШЫЛДЫ

https://syr-media.kz/news/1153-yzylordada-400-oryndy-emhana-ashyldy.html

Қазақстан - Қызылорда

 

Шілде айынан бастап еліміздің 16 өңірінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жобасы аясында «әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» филиалдары жұмыс жасай бастады. Аталмыш қор тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша медициналық қызметті сатып алу жұмыстарын жүргізеді.


You KSMU

Опубликовано: 13 дек. 2017 г.

Құрметті достар!
Сізге біздің әріптестеріміз Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының дайындаған «Скринингтен өтіңіз және қатерлі ісікті болдырмаңыз!» атты бейнежазбасын ұсынамыз.


На данной инфографике показаны механизмы, лежащие в основе ДВС, т. е. дисбаланс факторов, контролирующих гемостаз.

Читать полностью dic.pdf [1,56 Mb] (cкачиваний: 1)

Источник: https://www.ivrach.com/blogs/57524

МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ


ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІҒылым өз пәнін үнемі зерттеп отырмайынша дами алмайды. Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін зерттеуге бағыттайды.

Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді.

Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру.

Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық кесте; баға беру әдістері (өзін өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеудің соңғы мақсаты - заңдылықтарды анықтау (орнату). Зерттеу әдістері екі топқа бөлінеді: негізгі (бақылау мен эксперимент) және көмекші (зерттеу материалдарын жинау және оларды өңдеу).

Эксперимент - қызмет үдерісіне және сынағына белсенді қатысуды болжайтын әдіс. Эксперимент - оқыту мен тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Экспериментті өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдын-ала айтылған ой - гипотеза деп аталады. Көлемді экспериментке көп оқушылар қатысады. Жергілікті микроэксперименттерде аз оқушы болады. Ірі көлемді эксперименттерді мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқару органдары өткізеді. Ойдағы эксперимент - іс әрекетті санада жасау.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Медбикелік мамандығы» бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша жобаны жүзеге асыруды 2014 жылы эксперименталды тәртіпте 6 мемлекеттік медициналық колледж базасында, соның ішінде Қызылорда медициналық колледжінде бастады.

«Медбикелік іс» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасында қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауына шет елдік сарапшылардың (Финляндия) қатысуымен әзірленген оқу бағдарламасы енгізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі№152 бұйрығымен бекітілген «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде «Анатомия, физиология және патология» курсына жұмыс оқу бағдарламасы жасалды.

Мамандығы 0302000 «Медбикелік іс», біліктілік деңгейі: 5-ші қолданбалы бакалавриат деңгейіндегі жоғары білім. Сабақ өту кезеңі: I-күзгі семестр, оқыту түрі: күндізгі. Аудиториялық жұмыс (лекция, кіші топшалар, PBL, CBL және т.б.) - 15 сағат, клиникадан тыс симуляциялық/лабораториялық (докл) сабақ – 90 сағат. Оқытушының жұмыс жүктемесі (сағат) – 115, соның ішінде: оқытушының қатысуымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы, аудиториялық сағат. Симуляциялық/лабораториялық клиникадан тыс – 45*2 топша.

Силлабус-студенке арналған жұмыс оқу бағдарламасы жасалды. Оқу әдістемелік кешендер құрастырылды.

 

Алима СУЛЕЙМЕНОВА,

«Анатомия» пәнінің оқытушысы

Қызылорда медициналық жоғары колледжі

 

Қызылордадағы су жаңа балалар ауруханасының төбесі түсіп кетті деп хабарлайдыNUR.KZпорталының тілшісі. Оқыс оқиға демалыс күндері бесінші қабатта орналасқан пульмонология бөлімінде орын алған. Бұл туралы редакциямызға емделушілер айтып берді.

 

Қызылордада су жаңа аурухананың төбесі емделушінің басына құлап түскен (фото, видео) 

ТӨБЕСІ ТҮСКЕН ПАЛАТА. ФОТО: NUR.KZ.

«Кешке таман көрші палатада тарсылдаған дыбыс шыққан соң жүгіріп барсақ, төбедегі сылақопырылып бір әйелдің басына түскен. Құдай сақтағанда бес айлық баласы аман. Дереу дәрігерлер келіп, зардап шеккен келіншекті басқа жаққа алып кетті. Біз қорқып ауруханадан шығып кеттік» ,- дейді атын айтудан бас тартқан куәгер.

Облыстық балалар ауруханасы болған жәйтті растады. Әкімшіліктің айтуынша, аурухана 2016 жылдың желтоқсан айында ғана қолданысқа берілген су жаңа ғимарат екен.

Қызылордада су жаңа аурухананың төбесі емделушінің басына құлап түскен (фото, видео)

ТӨБЕСІ ТҮСКЕН ПАЛАТА. ФОТО: NUR.KZ.

- Келіншек төсек астынан баласының заттарын алайын деп еңкейген кезде төбедегі сылақ опырылып мойнына түскен. Абырой болғанда баласы дін аман. Зардап шегушіні дереу толық тексеруден өткіздік, ауыр жарақат алмапты. Қазір біз бесінші қабаттағы осындай төбесінің сылағы түскелі тұрған үш палатаны анықтап, есіктеріне құлпы салып қойдық. Аурухана басшығылы құрылыс компаниясының өкілдерін шақырып жөндеу жұмыстарымен келісіп жатыр ,- деді пульмонология бөлімінің меңгерушісі Ақмарал Төлебекқызы.

Куәгерлер жіберген бейнежазбадан ғимараттың төбесінің бір шаршы метрден артық бөлігінің опырып құлағанын анық көруге болады. Ал науқас балалардың ата-аналары болса сапасы сын көтермейтін ғимаратты қалай қолданысқа бергендеріне және балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдайтындарын жеткізді.

Куәгерлер жіберген видео.

Дереккөз: https://www.nur.kz/kk/1701372-qyzylordada-su-zhanha-aurukhananynh-tobe.html?utm_campaign=fb