Ауа райы
Мерекелер

МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ


ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІҒылым өз пәнін үнемі зерттеп отырмайынша дами алмайды. Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін зерттеуге бағыттайды.

Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді.

Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру.

Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық кесте; баға беру әдістері (өзін өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеудің соңғы мақсаты - заңдылықтарды анықтау (орнату). Зерттеу әдістері екі топқа бөлінеді: негізгі (бақылау мен эксперимент) және көмекші (зерттеу материалдарын жинау және оларды өңдеу).

Эксперимент - қызмет үдерісіне және сынағына белсенді қатысуды болжайтын әдіс. Эксперимент - оқыту мен тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Экспериментті өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдын-ала айтылған ой - гипотеза деп аталады. Көлемді экспериментке көп оқушылар қатысады. Жергілікті микроэксперименттерде аз оқушы болады. Ірі көлемді эксперименттерді мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқару органдары өткізеді. Ойдағы эксперимент - іс әрекетті санада жасау.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Медбикелік мамандығы» бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша жобаны жүзеге асыруды 2014 жылы эксперименталды тәртіпте 6 мемлекеттік медициналық колледж базасында, соның ішінде Қызылорда медициналық колледжінде бастады.

«Медбикелік іс» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасында қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауына шет елдік сарапшылардың (Финляндия) қатысуымен әзірленген оқу бағдарламасы енгізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі№152 бұйрығымен бекітілген «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде «Анатомия, физиология және патология» курсына жұмыс оқу бағдарламасы жасалды.

Мамандығы 0302000 «Медбикелік іс», біліктілік деңгейі: 5-ші қолданбалы бакалавриат деңгейіндегі жоғары білім. Сабақ өту кезеңі: I-күзгі семестр, оқыту түрі: күндізгі. Аудиториялық жұмыс (лекция, кіші топшалар, PBL, CBL және т.б.) - 15 сағат, клиникадан тыс симуляциялық/лабораториялық (докл) сабақ – 90 сағат. Оқытушының жұмыс жүктемесі (сағат) – 115, соның ішінде: оқытушының қатысуымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы, аудиториялық сағат. Симуляциялық/лабораториялық клиникадан тыс – 45*2 топша.

Силлабус-студенке арналған жұмыс оқу бағдарламасы жасалды. Оқу әдістемелік кешендер құрастырылды.

 

Алима СУЛЕЙМЕНОВА,

«Анатомия» пәнінің оқытушысы

Қызылорда медициналық жоғары колледжі