Ауа райы
Мерекелер

Қызылордадағы су жаңа балалар ауруханасының төбесі түсіп кетті деп хабарлайдыNUR.KZпорталының тілшісі. Оқыс оқиға демалыс күндері бесінші қабатта орналасқан пульмонология бөлімінде орын алған. Бұл туралы редакциямызға емделушілер айтып берді.

 

Қызылордада су жаңа аурухананың төбесі емделушінің басына құлап түскен (фото, видео) 

ТӨБЕСІ ТҮСКЕН ПАЛАТА. ФОТО: NUR.KZ.

«Кешке таман көрші палатада тарсылдаған дыбыс шыққан соң жүгіріп барсақ, төбедегі сылақопырылып бір әйелдің басына түскен. Құдай сақтағанда бес айлық баласы аман. Дереу дәрігерлер келіп, зардап шеккен келіншекті басқа жаққа алып кетті. Біз қорқып ауруханадан шығып кеттік» ,- дейді атын айтудан бас тартқан куәгер.

Облыстық балалар ауруханасы болған жәйтті растады. Әкімшіліктің айтуынша, аурухана 2016 жылдың желтоқсан айында ғана қолданысқа берілген су жаңа ғимарат екен.

Қызылордада су жаңа аурухананың төбесі емделушінің басына құлап түскен (фото, видео)

ТӨБЕСІ ТҮСКЕН ПАЛАТА. ФОТО: NUR.KZ.

- Келіншек төсек астынан баласының заттарын алайын деп еңкейген кезде төбедегі сылақ опырылып мойнына түскен. Абырой болғанда баласы дін аман. Зардап шегушіні дереу толық тексеруден өткіздік, ауыр жарақат алмапты. Қазір біз бесінші қабаттағы осындай төбесінің сылағы түскелі тұрған үш палатаны анықтап, есіктеріне құлпы салып қойдық. Аурухана басшығылы құрылыс компаниясының өкілдерін шақырып жөндеу жұмыстарымен келісіп жатыр ,- деді пульмонология бөлімінің меңгерушісі Ақмарал Төлебекқызы.

Куәгерлер жіберген бейнежазбадан ғимараттың төбесінің бір шаршы метрден артық бөлігінің опырып құлағанын анық көруге болады. Ал науқас балалардың ата-аналары болса сапасы сын көтермейтін ғимаратты қалай қолданысқа бергендеріне және балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдайтындарын жеткізді.

Куәгерлер жіберген видео.

Дереккөз: https://www.nur.kz/kk/1701372-qyzylordada-su-zhanha-aurukhananynh-tobe.html?utm_campaign=fb