Ауа райы
Мерекелер

ТҰРҒЫНДАР САУЛЫҒЫ ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА

Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі М. Ергешбаев БАҚ өкілдеріне өңірдегі медициналық қызмет бағытындағы жұмыстарды да тарата айтты.

Ауданда 1 аурухана, 1 орталық, 2 ауылдық емхана, 1 қалалық құрылымдық бөлімше, 16 дәрігерлік амбулатория және 18 медициналық пункт ел саулығын сақтау жолында жұмыс жасайды.

Биыл сәбилер шетінеуінің көрсеткіштерінде төмендеу тенденциясы байқалды.

Сондай-ақ, жуырда ауданда 150 орындық аурухана пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау мәселелері шешілуде. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен «Ангиограф» медициналық аппараты алынып, Ресей мамандарымен келісім жасалынды. Қазір жаңа ғимаратқа қондыру жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа аурухана жанынан аудандық емхана салу жоспарлануда. 250 келушіге арналған емхана құрылысын салу жобасының құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 16,7 млн.теңге бөлінді.

https://syr-media.kz/news/980-tryndar-saulyy-traty-nazarda.html

ДЕНСАУЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫДенсаулық - физикалық, соматикалық, әлеуметтік және рухани болып төртке бөлінеді. Ағзада денсаулықтың осы аталған түрлері бір-бірімен өте тығыз болады. «Салауатты өмір сүру салты» деген түсінік тек үстіртін көзқарасқа ғана жарайтын жан дүние болып көрінетіні сөзсіз.

Психологиясы сау адам ауруды болдырмау, ауырған күнде қайтсе де одан сауығудың тәсілдерін пайдаланып, одан қандай да болмасын жолдар тауып құтылады. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыс жасау қабілетіне әсер етеді. Керісінше, адамның бір жері сырқаттанған болса, жоқ сырқаттарды өзі ойлап тауып білгір бола кетсе, онда бұл оның психикасының тепе-тендігініңбұзылғаны деген сөз. Мұндай сырқаттар мен сырқаттанғандарды ятрогендік (өзін-өзі сендіруден болатын) дерт деп түсіндіреді. Кейбір жағдайларда ауыр күйзеліс жағдайды басынан өткізген немесе қатты ренжіген адамның сырқаттанатыны да кездеседі. Осы айтылғандардың бәрі дене (ағза) саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтың керек екенін аңғартады.
Сырқаттанған адамның көңіл-күйін көтеру, оның көңіліне (психикасына) «жазылып кетемін»деген психикалық ой-пікір тудыру - бұл дәрі-дермектен де артық баға жетпес дүние. Сонымен бірге кеселден жазылуына рухани сенім тудырып, көңіл-күйді көтере түседі. Ағзада ерекше қарсылық күші пайда болады. Яғни ерекше түрде дамыған жасырынып жатқан ағза күші оянады. Иммунитет дами түседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ғылыми деректеріне қарағанда, барлық сырқаттардың 45% күйзелістен туындайтыны байқалады. Егер күйзеліс жиі-жиі болып тұрса, онда ағзада бұрынғы қалпына келмейтін физиологиялық-биохимиялық үдерістер жүріп, дәрменсіздік пайда болады. Адамның көңіл-күйі тым төмендеп кетіп, денсаулығы нашарлап, ұйқы қашады. Психикалық дерттер ағзада орын ала бастайды.

Сондықтан күйзелістің тетік-тегерішін анықтау, онын мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның зиянды әсерлерінен аулақ болу қажет.

 

Ж.Ж.СҮЛЕЙМЕНОВА,

Қызылорда медицина колледжінің педагог-психологы

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЕРІКАдамның басына түскен қиындықтарды жеңу үшін оның еркі болуы керек. Еркі күшті адам әрқашан өзінше тіршілік етеді, ешкімнің кеңесін қажет етпейді.

Әрқашан өз алдына қойған мақсаттарына жетіп отырады, яғни ерік – адамның өз мінез–құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамның мінез-құлқы мен әрқилы істерді орындауға ұмтылуының маңызы зор, ол мақсатты істерді орындауға бағытталады. Қиын– қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құралды табады.

Тарихта болған белгілі адамдардың өмір жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшін орасан зор күш жұмсап, рухтанып, қиыншылықты ерікті істерімен жеңіп шыққанын көреміз. Бұған мысал ретінде «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүктің Екінші Дүниежүзілік соғыстағы ерлігін айтуға болады.

Адамдардың алға қойған мақсаттары алуан түрлі ішкі және сыртқы қиындықтарға байланысты біркелкі орындалмай қалады. Еркі күшті адам мұның бәріне төтеп беріп, өз мақсаттарын түгелдей орындап отырады. Ерік адамдардың нерв жүйелерінде қарқында дамиды. «Үлкен ерік, – деп жазды ұлы педагог А.С.Макаренко, — тек өзінің алдына қойған мақсаттарын ғана орындап шығу ғана емес, сонымен бірге өзіне жағымсыз, залалды заттарды бірден тастап кетуі (темекі шегу, алкогольмен әуестену, есірткі заттармен, улармен әуестенуі және т.б.)». Ерік өзінен-өзі туындайды. Еріктің физиологиялық механизмін ұлы физиолог И.П.Павлов толығымен анықтап шыққан. И.П.Павловтың қорытындысы бойынша, еріктің дамуы екінші сигналды жүйеге байланысты.
Қиын жағдайларда адамдардың қиындықты жеңуге деген өзіне тілегі және мүмкіндігі (дайындығы) болуы керек. Қандай жағдайлар болмасын адамда қажырлы үміт пен үлкен тіршілік сезімі болуы тиіс. Егер жас балаларды «Сен түк білмейсің»,- деп желкелей берсең, онда белгілі бір теріс сезім пайда болады да, ол дами түседі. Ондай тәрбиеден аулақ болуымыз қажет. Біздің еврейлердің жас балаларын қалай тәрбиелейтініне үлкен көңіл аударғанымыз жөн. Олар өз балаларын «Сен көп білесің, сен батырсың» деп сезім бостандығын күшейтеді. Біреу үйіне қонаққа келсе, балаларын үстелдің үстінде отырғызып, ол кісі не айтады екен деп, одан ол тәрбие және білім алсын деген ниетпен балаларын жақындатады. Ал біздің қазақтарда, жасыратыны жоқ, ондай тәрбие кейінгі кезде жоғалып бара жатыр. Жас балаларда күйзеліс әрекетіне деген психологиялық дайындық - күйзеліске төтеп берер дайындық ерік болуы қажет, яғни күйзеліске төтеп беретін еріктің болатынына сенім тудырудың аутогендік жаттығулардың қажеттігіне сендірудің маңызы орасан зор. Сондай-ақ қимыл белсенділігінің психикалық-физикалық жаттығудың, «Шипагер» емі терапиясының «Цигун емінің» - белсенді нуктелерді бармақпен басудың, тыныс алу гимнастикасының (оның 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші амалдарының) маңызы бар.
Адам өміріне қауіп-қатер төнген шақта адамның қайратты болуы және қалай болғанда да өзін еркін ұстап, жақсылыққа бағыттауы керек, қандай жағдай болса да адам қорықпауы қажет. Ержүрек болуы тиіс. Өмірді сақтап қалу — әркімнің өзіне, психологиялық жай-күйіне, психологиялық саулығына байланысты. Өзін-өзі сыйлау және ұстай білу күнделікті іс-әрекетке қарсы тұра білу ерік қабілетін күшейтеді. Адам психологиялық саулығын қалыпты ұстайды. Күйзеліс болмау үшін адамның нағыз қажетті істермен айналысуы керек. Салауатты өмір сүру салтын сақтау, мұңаймау, жағымсыз жерлерден бойды алыс ұстау арқылы күйзелісті жеңудің жолдарын іздегені жөн. Осы айтылғандардың бәрі — психопрофилактика болып есептеледі. Психопрофилактиканың бір түрі релаксация (босаңсу) — дене мен психиканы керексіз жабырқаудан, бос ойдан адамды тез арылтып, абыржудан сақтайды.

 

Ж.Ж.СҮЛЕЙМЕНОВА,

Қызылорда медицина колледжінің педагог-психологы