Ауа райы
Мерекелер

ҚОСЖАРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТ АШЫЛДЫ

Арал ауданында Қосжар ауылдық округінде тағы бір медициналық бекеттің ашылу рәсімі өтті. Жаңа әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, «Биыл еліміз айтулы мереке – Тұңғыш Президент күнін бесінші мәрте мерекелеуде. Осы ретте, біздер бесінші рет мерекеленіп отырған Президент күніне орай аудан көлемінде ел игілігіне бағытталған бес бірдей жаңа нысанды іске қостық. Бұл көрсеткіштер, әрине, ең бірінші еліміздегі Елбасының жүргізіп отырған сарабдал саясатының нәтижесі деп білемін»,- деді. Мұнан соң, Арал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Садықбаев пен ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Аймырзаев көпшілікті қуанышымен құттықтап, іргелі істерге ұйытқы болып жүрген ел азаматтарына алғысын білдірді.

Заманауи талаптарға сай бой көтерген бұл нысан елді мекендегі 600-ге жуық жанға сапалы медициналық қызмет көрсететін болады.

https://aqmeshit-aptalygy.kz/kogam/1202-oszharda-medicinaly-beket-ashyldy.html

ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАЗАЛЫДА АУДАНДЫҚ АУРУХАНА АШЫЛАДЫ

Биыл Қазалы ауданында 4 млрд. теңгеден астам қаржының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімі М.Ергешбаевтың қатысуымен Өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте айтылды.

Әйтеке би кентіндегі №216 мектепке қосымша құрылыстар салу, Бірлік, Лақалы, Майдакөл, Шилі, Шәкен елді мекендерінде мектептер мен Жалаңтөс батыр ауылынан 150 орындық ауылдық клуб құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

– Әлеуметтік салада салынып жатқан құрылыстың бірі 150 орындық аурухана осы айда пайдалануға берілмек. Қазір оны заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау мәселелері шешілуде. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен «Ангиограф» медициналық аппараты алынып, Ресей елінің мамандарымен келісім жасалынды, – деді аудан әкімі.

Қазір жаңа ғимаратқа қондыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жаңа аурухана жанынан аудандық емхана салу жоспарланып отыр. 250 келушіге арналған емхана құрылысын салу жобасының құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 16,7 млн.теңге бөлінді.

https://syr-media.kz/news/949-tuelszdk-merekesnde-azalyda-audandy-auruhana-ashylady.html