Ауа райы
Мерекелер

Қызылорда облыстық онкология орталығының жетістіктері мен проблемалары

Кәрібай ТӨЛЕУТАЙҰЛЫ,

медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер онколог және денсаулық саласын ұйымдастырушы

 


 

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 750000- нан астам халық тұрады десек, жыл сайын олардыңң мыңнан астамы қатерлі ісікке шалдығады. Яғни, әр 100 мың адамға шаққанда 135,0 келеді.Бұл республика көрсеткішімен салыстырғанда төмен ( 198,8).

Облыстық онкологиялық орталықтың тарихы 1949 жылы Қызылорда қаласындағы облыстық аурухана емханасының жанынан ашылған онкологиялық кабинеттен басталады. 1951 жылдың желтоқсан айында рентген сәулесімен емдейтін қондырғы орнатылып, ол 1952 жылдың қырқүйек айынан жұмыс істей бастады.

1956 жылдың мамыр айының 29 жұлдызында облыстық денсаулық сақтау бөлімінің №163-А бұйрығымен бекітілген 25 төсек орындық Қызылорда облыстық онкологиялық диспансері құрылды. Бас дәрігер болып медицина ғылымдарының кандидаты Алексеев Алексей Семенович тағайындалып, осы қызметті 1974 жылға дейін үлкен абыроймен атқарды.

1974-1977 жылдары облыстық онкологи ялық диспансерінің бас дәрігері қызметін Байкенжеев Роберт Абдуллинұлы атқарса , 1977-1985 жылдары онкологиялық диспансердің бас дәрігері қызметін медицина ғылымдарының кандидаты Мұсабеков Темірбек Мұсабекұлы атқарды. 1977-1978 жылдары радиологиялық кабинет салынып, Ресейден шыққан Агат- с дистанциялық гамма сәулесімен емдейтін қондырғы алынып, сәлемен емдеу әдісі енгізілді.

1982 жылы онкология диспансері 75, 1986 жылы 100 төсектік орынға кеңейтіліп, түнгі дәрігерлік кезекшілік ұйымдастырылды.

Онкологиялық диспансердің ғимаратының авариялық жағдайда екені ескеріліп, республика деңгейіне дейін көтерілді. Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесінің 1989 жылы өткен 12 сессиясында Қызылорда облысында онкологилық диспансер салу туралы сессия төрағасы Ерік Асанбаев өз баяндамасында атап өтті. Осыдан кейін 240 төсек орынға арналған онкология диспансеріне жоба сметалық құжат жасалып, ол Алматы қаласында экспертизадан өтіп оңтайлы баға алды. Бұған сол кездегі облыс әкімінің орынбасары Кемал Нұрекешов тікелей атсалысып, ауыз толтырып айтарплықтай көмек көрсеткен болатын. Өкінішке орай Кеңес үкіметі таралып, бұл жұмыс тоқтап қалды.

1997 жылы қала әкімі Б.С. Досманбетовтің қолдауымен диспансер "Мерей” мөлтек ауданында орналасқан екі қабатты "Алпамыс” балалар бақшасының ғимаратына көшірілді. 2002 жылдың ақпан айында онкологиядық диспансер облыстық онкологиялық орталық болып өзгертіліп, архитектуралық құрылысы және жабдықталуы жағынан Қазақстан Республикасы бойынша ешбір теңдесі жоқ Еуропалық стандартпен салынған облыстық медицина орталығының типтік ауруханалық ғимаратына көшірілді.

Осы медицина орталығының жанынан 2002-2003 жылдары санитарлық талаптарға сай екі радиологиялық корпус салынып, іске қосылды.

Қызылорда облыстық онкологиялық диспансердің деректері негізінде бес медицина ғылымдарының кандидаттары ( И.П. Шапочников, А.С. Алексеев, Т.М. Мұсабеков, А.Ж. Жадырасынов, К.Төлеутайұлы) және екі дәрігер онколог медицина ғылымдарының докторы атағын алу мақсатында диссертация қорғады (К. Төлеутайұлы, Ұ. К. Төлеутай -Phd).

Онкологиялық диспансердің қызметкерлері екі монография, жоғарғы оқу орнына арналған екі оқулық, бір ғылыми-көпшілік кітап, төрт оқу-әдістемелік құрал және 200 астам ғылыми-мақалаларды облыс, республика, жақын және алыс шет елдерде баспа беттерінде жариялады. 2006 онкология диспансерінің 50 жылдығы республика көлемінде аталып өтіліп, ғылыми- практикалық конференция материалдары өз алдына жинақ болып шығарылды.

2009 жылы Тынық мұхит және Европа Университеттерінің бірлестігі негізінде облыс көлемінде орын алып отырған экологиялық ахуал жөнінде мақала жазылып, ол Қытай елінің Шанхай қаласында баяндалып, баспа бетіне жарияланса, 2015 жылы Австрия және Неапал елдерінің ғалымдарының қатысуымен Қызылорда қаласынды Қорқыт Ата мемлекеттік университетінде онкология саласының жетістіктері баяндалды.

Онкологиялық орталықта 30 дәрігер қызмет атқарады. Олардың ішінде 13 жоғары, 5 бірінші және 1 екінші біліктілік санатты дәрігерлер, немесе дәрігерлердің 63,3 пайызы біліктілік санатына ие. Орта буын медицина 75 қызметкерлері арасында 14 жоғары, 17 бірінші және 8 екінші біліктілік санаттары бар (51,8%) .

Облыстық онкология орталығы 2013 жылдың көрсеткіштеріне орай Қазақстан Республикасының ұлттық бизнес рейтингісінің қорытындысы бойынша көшбасшы мекеме атығына ие болды.

2015 жылдың август айында облыстық онкология орталығының директоры болып медицина ғылымдарының кандидаты Сәкен Бақтыбергенұлы Сергазиев тағайындалды.

Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі қатерлі ісік алдындағы және қатерлі ісік кеселдерін анықтау, онкологиялық науқастарды есепке алу, онкологиялық қызметке талдау жүргізу және облыстың емдеу-алдын алу мекемелерінде ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету сияқты жұмыстарымен айналысады. Қазіргі кезде ұйымдастыру-әдістемелік бөлімімен онкологиялық науқастарды есепке алу және диспансеризациялау «Канцер-регистр-онкологиялық науқастың электронды тіркелімі», ауруханалық және амбулаториялық қызметке талдау және ауруханаға жатқызу компьютерлік бағдарламалары енгізілді.

Онкологиялық науқастарды ерте және дер кезінде анықтау мақсатында барлық аудан және қала емханаларында әйелдерді тексеру кабинеттері жұмыс істеуде. 2014 жылы Шиелі ауданында және қалалық №6 ЕМХАНАДА ЕР АДАМДАРДЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МАҚСАТТА ТЕКСЕРУ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ.

Хирургия бөлімі 50 төсек орынға жабдықталып. қазіргі таңда асқазан-ішек, өңеш жолдарына, бауырға; өкпеге, бүйрекке, қуық, қалқанша, сүт бездеріне, сүйекке және дәнекер тіндеріне оташылдық ем жүргізілуде. Сонымен қатар, ауыр науқастарды емдейтін және операциялық емнен кейін бақылайтын реанимация бөлімі ашылды (2007). Хирургия бөлімінде күрделі оташылдық емнің жүргізілуіне байланысты және жаңа технологияны енгізу мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жергілікті бюджеттен және Республика көлемінде онкологиялық бағдарлама қабылданып, арнайы қаржы бөлініп, шетелдерден шыққан жасанды дем және наркоз беретін, қан кетуді тоқтататын, операция үстінде жарық беретін (2008), санды маммограф (2007), эндовидеогастроскоп, эндовидеоколоноскоп, рентгендиагностикалық (20014) сияқты қондырғылар алынып іске қосылды.

Дәрігерлердің білімін көтеруге аса назар аударылып, бес дәрігер екі жылдық клиникалық ординатура бітіріп, жоғары маманданған хирургиялық көмек көрсетілуде. Мен олардың елдік іске жұдырықтай жұмылып, атқарып жатқан қызметтерін өз басым мақтанышпен айтып жүремін. Мен бұл арада өте күрделі ота емін, атап айтқанда «субтотальды» өңеш резекциясы, асқазанды толық кесіп алып тастау, қуық асты безімен қуықты бірге кесіп алып тастап, ішектен жасанды қуық жасау, бауыр және ұйқы бездерінің резекциясы, гистерэктомия және т. б. операциялар жасап жүрген жоғарғы санатты хирург Шахмарат Есенжолұлы Оспановпен, Болат Қожабайұлы Тлеулиевті және Азиз Раушанбекұлы Құрбанбаевті ерекше атап өтер едім.

Химиотерапия және сәуле бөлімі 50 төсек орынға арналып, қазіргі заманға сай европалық сапамен шығарылған дәрі-дәрмектер (гемзар, роферон, таксотер, навельбин, кселода, гливек, ГЕРЦЕПТИН және т.б.) онкологиялық кеселдерді емдеуде кең түрде қолданылуда.

2003 жылдың 12 қыркүйегінде Чехия елінде шыққан «Терагам» аппаратымен жабдықталған жаңа радиологиялық корпус салынып, дәрігер-радиолог Чехия елінде мамандандырылып, қазіргі таңда «Терагам»- қондырғысы арқылы онкологиялық ауруларға сәуле емі жүргізілуде. «ТЕРАГАМ» гамма-терапиялық аппаратымен жұмыс істеу өте тиімді. Орталықтандырылған компьютерлі бағдарламамен қамтамасыз етілген, соңғы үлгідегі ротациялық терапиялық қондырғысы бар және халықаралық стандартқа, қауіпсіздік талаптарына сай келеді. 2001 жылдан бастап ми қатерлі ісігіне сәуле емі, 2007 ж. Германия елінде шыққан қуысты дене мүшелеріне құралас сәуле емін жүргізетін «Мультисорос», 2008 ж. Англия елінде шыққан сәуле еміне топографиялық дайындық жүргізетін қондырғы «Симулятор» алынып, сәуле көзімен емдеуге қолайлы жағдай туғызылды.

Қызылорда облыстық онкология орталығының жетістіктері мен проблемалары

«Терагам» гамма-терапиялық қондырғысы

Қызылорда облыстық онкология орталығының жетістіктері мен проблемалары

Құралас сәуле емін жасайтын «мультисорос» қондырғысы

Амбулаториялық-емханалық бөлім. Емхана облыс тұрғындарына диагностикалау және мамандандырылған көмек көрсетеді. Емханада жалпы онкология, онко-урология, онко-гинекология, онко-хирургия, лор, маммология, химиотерапия және радиология бойынша қабылдау жұмыстары жүргізіліп, кеңес беріледі. Халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде онкологиялық науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ете отырып, жаңа стационарды алмастыру технологиясы енгізілді. Атап айтқанда, 2013 жылы амбулаториялық химиотерапия және әлеуметтік қызмет көрсететін кабинеттер, емхана жанынан 15 төсек орынға арналған күндізгі стационар ашылып, жылына 600-700- дей науқас ем алып шығуына жағдай жасалды. Сонымен қатар, амбулаториялық жағдайда ота жасайтын кабинет ашылып, 2013 жылы көлемі жағынан шағын 286 ота емі диагностикалық және емдік мақсатта жасалса, 2014 жылы 393 адамға осындай жұмыстар жасалды.

Эндоскопиялық кабинет 1986 жылы ашылып, эндоскопиялық зерттеулер кең түрде қолданыла бастады. Эндоскопиялық әдіс жоғарғы тыныс алу және асқазан-ішек жолдары ауруларын анықтаудағы күрделі сұрақтарды шешуге, сонымен қатар келешекте емдеу әдісін таңдауға және морфологиялық зерттеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда онкология орталығында кабинет асқазан-ішек жолдарын және тыныс алу жүйелерін тексеретін Жапон фирмаларының «Олимпус» және «Пентакс» эндовидеофиброталшықты оптикалық аппаратураларымен толық қамтамасыз етілген.

1994 жылы ультрадыбысты зерттеу кабинеті ашылып, Австрия фирмасының «Combison» аппаратымен жабдықталды. Сонымен қатар Италия-АҚШ-Германия фирмасының «Sonolain G-50» түрлі-түсті доплері бар аппараты алынып (2005), ол әр түрлі дене мүшелерінің патологияларын, атап айтқанда қабыну, қатерлі және қатерсіз ісіктерді анықтауға қол жеткізілді.

Рентген-диагностикалық кабинетте компьютер арқылы басқарылатын цифрлы «Маммограф» (2008) және жылжымалы рентгендиагностикалық«» (2008) және үш орынды санды рентген диагностикалық аппараттарымен (20014) қамтамасыз етілді. 2013-2014 жылдары онкологиялық бағдарлама арқылы дірігер маммологтың 8 штаты бөлініп, оның үшеуі Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарына, бесеуі қала емханаларына бөлінді. Облыс әкімі Қ. Көшербаевтің қолдауымен жол картасы арқылы 2014 жылы жүргізіліп жатқан скрининг жұмыстарына байланысты онкология орталығына қосымша 4 штат дәрігерлік және 4 штаттық бірлік орта буынды қызметкерлерге қаражат бөлінді. Сонымен қатар жеті ауданға жеті Фиброколоноскоп және жеті компьютер алынып онкологиялық науқастың электрондық тіркелімімен аудан деңгейінде жұмыс істеуге қол жеткізілді.

Цитологиялық зертхана облыс бойынша орталықтандырылған және барлық қалалық кеңес беру диагностикалық емханалардан түскен материалдарға зерттеулер жүргізеді.. 1996 жылы Қазақстан Республикасының ДСМ-нің 29.12.1993ж. шыққан № 509 «Республикада цитологиялық қызметті жетілдіру» бұйрығына сәйкес барлық аудандарда цитологиялық зертхана ұйымдастырылып, оларға дәріс беріліп, қазіргі таңда барлық аудандарда цитологиялық зертханалар қатерлі ісік және ісік алды дерттерін анықтауда өз үлестерін қосуда. 2008 жылы өркениетті елдерде қолданылып отырған Пап -тест зерттеу әдісі енгізіліп, Корея елінен шыққан шыны препараттарды автоматты түрде бояйтын және сұйықты цитология қондырғылары (2012). Алынып жаңа технологиялар енгізілді.

Патоморфологиялық зертхана. 1957 жылы облыстық онкологиялық диспансерінде патоморфологиялық зертхана ұйымдастырылып,. 1968 ж. облыстық диспансердің патоморфологиялық зертханасы облыстық аурухананың патоморфологиялық зертханасымен біріктіріліп орталықтандырылған зертхана ашылды. 1999 ж. бастап патоморфологиялық зертхана облыстық онкологиялық диспансерінде қайтадан ұйымдастырылды.

2012 жылы Жапония елінен шыққан цифрлы видеомикроскоп алынса, иммуногистохимиялық зерттеу әдістері 1913 лизинг арқылы иммуногистохимиялық анализатор алынғаннан кейін басталып, әр науқастың организмінің жеке ерекшелігіне орай емдеу жұмыстары енгізілді. Сонымен қатар телепатология қондырғысы 2014 жылы алынып, ол интернет желісіне қосылып, онкология институтына патоморфологиялық материал электронды желі арқылы жіберіліп, кеңес алуға мүмкіндік туып отыр.

Қәзіргі таңда 175 төсек орынға арналған аурухана емханасымен жаңадан ғимарат салуға техникалық экономикалық негіздеме жасалуда.

Облыстық онкология орталығы 2013 жылдың көрсеткіштеріне орай Қазақстан ұлттық бизнес рейтингісінің қорытындысы бойынша көшбасшы мекеме атығына ие болды.

Сонымен облыстық онкологиялық орталықта келешекте компьютерлі томографпен, сызықты үдеткішпен, жақын фокусты рентген-терапиялық және қәзіргі заманның талабына сай ультрадыбысты қондырғылармен жабдықтау жоспарлануда.

 

Алда тұрған міндеттер де аз емес. Олардың бастысы – адам денсаулығын жақсарту. Көмек сұрап келгендерге сапалы ем жасай отырып, ауырмаудың жолын ұсыну. Қатерлі ісік бұрынғыдай мүлде үміт үзетін ауру емес. Тек ерте анықталса оның нәтижесі де жақсы болатыны сөзсіз. Ол үшін қәзіргі таңда жүргізіліп жатқан профилактикалық тексерулерден (скрининг) өтіп тұрса болды.