Ауа райы
Мерекелер

Бес облыстың денсаулық сақтау басқармасындағы басшылары ұсталды - Назарбаев

24 Қараша,

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Мемлекет басшысы дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу және фармацевтика саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мәселелеріне ерекше тоқталды. "Менің бағаға қатысты мәселені шешу жөнінде берген тапсырмамнан кейін Фармация комитетінің төрағасы, "СК-Фармация" компаниясының басшылығы және бес облыстың басқарма басшылары ұсталды. Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуі шарттар жасасудағы заңнан тыс әрекеттер нәтижесінде орын алады", - деді Елбасы. Қазақстан Президенті алға қойылған міндеттердің уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау саласына, соның ішінде дәрі-дәрмектерді сатып алу үрдісіне тиісті бақылау орнатуды тапсырды. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев Е.Біртановқа өзі басшылық ететін салаға дербес жауап беретінін ескертті.


Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/bes-oblyistyin-densaulyik-saktau-baskarmasyindagyi-285159/