Ауа райы
Мерекелер

ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қармақшы ауданында халықты медициналық қамту жұмыстары жолға қойылды. Осының арқасында тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы жыл өткен сайын өсе түсуде, 2016 жылдың 9 айында орташа өмір сүру 70,5 жас болса, 2017 жылы 9 ай қорытындысымен 71,3 жасты құрады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ал, өлім-жітімнің 1000 адамға шаққандағы көрсеткіші өткен жылы 4,0 болса, 2017 жылы 3,5-ке түсіп, төмендегені байқалады.

Медициналық қызметтің басты бағытының бірі аудан тұрғындары арасында туберкулез ауруын азайту болып отыр.

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 100 мың тұрғынға шаққандағы өкпе туберкулезімен аурушандық көрсеткіші 35,2 құрады, ал 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аурушандық көрсеткіші 44,6 пайызды құраған немесе 21,1 пайызға төмендеді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 2017 жылы облыстық бюджеттен «Қармақшы аудандық орталық аурухананың кәріз-сорап стансасын, су айдау мұнарасын монтаждау жобасын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары» жобасына 247,3 млн.теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан қабылдау актісімен қабылданды.

https://syr-media.kz/news/727-armashylytardy-mr-sru-zatyy-artyp-keled.html