Ауа райы
Мерекелер

КАРДИОХИРУРГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ СЫР ЕЛІНДЕ

"Туған жерге тағзым" акциясы аясында, Астана қаласындағы Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығының директоры, жерлесіміз Юрий Пя өз мамандарын Қызылордаға жіберді.

Яғни, медицина ғылымының кандидаты, кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Лесбеков Темур Дастайұлы жəне осы орталықтың кардиоанастезиолог реаниматологі Смағұлов Нұрлан Қуандықұлы дəл қазір Аралдан санитарлық авиация арқылы келген 56 жастағы науқастың " тоқтаусыз жұмыс жасап тұрған жүрекке аорто коронарлы шунттау"" отасын жасауда. Əлі екі ота жоспарда бар.

Ұлттық орталықтың кардиологі Тұрғанбаева Ғалия Мұхтарқызы 20 науқасқа кеңес беруде.

https://aqmeshit-aptalygy.kz/zanalyk/871-kardiohirurgiya-ylymi-ortalyyny-mamandary-syr-elnde.html