Ауа райы
Мерекелер

ҚАЗАҚСТАНДА ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУҒА ҚАНША АҚША ЖҰМСАЛАДЫ?

1 қазаннан бастап Қазақстандатұмауға қарсы вакцинациялаукампаниясы басталады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулықсақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоныңмәліметінше,2017-2018жылдардағы эпидмаусымға бюджеттікқаражаттың 1 миллиард 200 миллион теңгесіне РФ өндірген «Гриппол плюс» вакцинасының 1,5 миллион дозасы сатып алынды. «Мемлекеттікбюджет есебінен вакцинациялаудан созылмалыөкпе, жүрек-қан тамыры ауруларыменауыратын, иммундық тапшылығы, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі жүкті әйелдер алады. Сондай-ақ жұмыс берушілересебінен және адамдардыңжеке қаражатынан егілетін болады», — деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ,министрліктегілер Қазақстан халқына өз балаларынинфекциялық аурулардан қорғану құқығынан айырмауғажәне олардың денсаулығынбарлық қолжетімді әдістермен, оның ішінде вакцинациялаумен қамтамасызетуге шақырады.

Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/densaulyq/kazakstanda-tumauga-karsyi-vaktsinatsiyalauga-kansha-aksha-283821/