Ауа райы
Мерекелер

ҚАЗАЛЫДА ҚАРҚЫНДЫ ІСТЕР КӨП

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған жолдауында 2050 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігін атап көрсеткені баршаңызға мәлім. расында да, дені сау ұрпаққоғамның байлығы.

Сыр өңіріне арнайы іссапармен келген Елбасы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Мемлекет басшысының ұрпақ болашағы үшін білім саласының алдына қойған 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту, үш ауысымдық білім беруді болдырмау, апатты мектептер орнына жаңа мектептер құрылысын салу жөніндегі негізгі үш тапсырмасы Қызылорда облысында мерзімінен бұрын толықтай орындалды.Сонымен қатар, биыл апаттық жағдайдағы мектептердің мәселесі толығымен шешілді. Балабақшалардың 71 пайызы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс жасауда. Соңғы 4 жылда мұндай балабақшалар саны екі есеге артты.Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында бүгінде 452 түлек грант негізінде білім алуда.

Денсаулықсаласы да қарқынды дамуда. Осы жылы «Денсаулық» бағдарламасын орындау аясында медициналық ұйымдардың медициналық техникамен қамтамасыз ету көрсеткіші 45,19% -дан 73,4% -ға дейін өсті.

Мұның бәрі біздің аймақтағы білім мен денсаулық сақтау салаларына ерекше мән берілуінің нақты көрсеткіші. Қазалы ауданының барлық ауылдарында денсаулық сақтау орындары жаңадан салынған. Аудан орталығынан типтік жобадағы 150 орындық аурухана ғимараты бой көтеріп жатыр. Жаңадан салынып жатқан аурухана құрылысының соңғы жұмыстары жүргізіліп жатыр. 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұдан өзге денсаулық сақтау саласында қандай өзгерістер мен жетістіктер жайлы Қазалы аудандық аурухана басшысы Күншығар Әбіловтен сұраған едік.

– Күншығар Әбілұлы, әңгімемізді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасынан бастасақ...

– Аталған бағдарлама аясында Қазалы ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді дәрігерлік көмекпен қамтамасыз ету, профилак­тикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары, скринингтік бақылау мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау саласы бойынша жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі күні амбулаториялық-емханалық қызметі бар орталық ауруханаға аурухана, орталық емхана, 2 ауылдық емхана, 1 қалалық құрылымдық бөлімше, 14 дәрігерлік амбулатория және 3 фельдшерлік-акушерлік бекет, 15 медициналық бекет қарайды.

Халыққа 145 дәрігер мен 763 орта буын медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетеді.

Соныменқатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және даму министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігінің арасындағы облыс тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған меморандумының нысаналы көрсеткіштеріне сәйкес Қазалы аудандық орталық ауруханасының мақсатты индикаторлары және көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында халыққақолжетімді жұмысты ұйымдастыру жүзеге асырылуда, «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы алдын ала дәрігердің қабылдауына жазылып, уақытылы кезексіз қызмет көрсетілуде. Жалпыайтқандаденсаулықсақтаусаласыдамыпкеледі.

– Биыл денсаулық сақтау саласына енген жаңалық, яғни, медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі ауданымызда қалай жүзеге асуда?

– Қазалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 4 қарашадағы №345-ші өкіміне сәйкес «100 нақты қадам»Ұлт жоспарының денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму саласы бойынша түсіндіру штабы құрылып, штаб ережесі бекітілді. Штабтың негізгі міндеттерінің бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге, еліміздегі демографиялық ахуалға анағұрлымәсер етуші аурулардың 5 тобы бойынша медициналық көмек көрсетудіңинтеграцияланған моделін енгізу.

«100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылуын ұйымдастыруға штаб мүшелерімен бірге орталықа урухана қызметкерлерінен жұмысшы топ құрылып, тұрғындар арасында ақпараттықтүсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Халықтың әлеуметтік статусын анықтауда да жұмыстар атқарылып жатыр.

– Ана мен бала денсаулығы аса маңызды. Жүкті және босанатын әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру және ана мен бала өлімін төмендету мақсатында қандай шаралар жасалуда?

– Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Отбасын жоспарлау бөлмелерінің жұмысын жетілдіру туралы» және «Жасыл дәліз» бұйрығы негізінде емханада арнайы жүкті әйелдерді тіркеу орны ашылды. Тіркеу бөлмесінде жүкті әйелдерге психолог маман кеңес беруде.

Ауданымызда ана өлімі тіркелмеген. Ұрпақты болу жасындағы әйелдер жыл сайын профилактикалық бақылауданөткізіліп, электронды базаға салынуда. Сәбилер арасында өлім-жітімді азайту және аурушаңдықты төмендету мақсатында емдеу мекемелерінде КЗР, отбасын жоспарлауресурстық орталық, жас аналар мектебі ұйымдастырылып, жұмыс жасалуда.

– Жыл өткен сайын аурухананың материалдық-техникалық базасы жақсарып келе жатқанындығын естіп-біліп жүрміз. Биылғы жылы қандай медициналық аппараттармен толықты?

– Иә, дұрыс айтасыз. Жыл сайын медициналық аппараттардыңжаңа легі алынуда. Мәселен, 2017 жылы 3 ЭКГ аппараты, пациент мониторы, 2 микроскоп, 3 рецикулятор сәулелендіргіші, ИВЛ – HAMILTON – C-1 – 2 дана лизинг әдісі бойынша, ранимациялық балалар керуеті, ВМЗ пациент мониторы, 3пульсоксиметр, ота шарықшамы, жаңа туылған балаларды қайта тазалайтын үстел, ауа реттегіш центратор алынды.

– Тұрғындар асыға күтіп жүрген жаңа аурухана ғимараты қашан пайдалануға беріледі?

– Әйтеке би кентіндегі 150 төсектік орталық аудандық аурухана құрылысының жоба-сметалық құны 4285,3 миллион теңге. Жобалаушы «Крез-Сервис» ЖШС. Техникалық қадағалаушы «СК Энерго-OIL» ЖШС. Бас мердігер «КАЗҚұрылысСервис» ЖШС. 2016 жылға республикалық бюджеттен 200,0 миллион, облыстық бюджеттен 20,0 миллион теңге бөлінді.

Жаңа аурухана пайдалануға берілгенде толық заманауи медициналық құралдар мен жабдықталмақ. Облыс әкімінің қолдауымен «Ангиограф» медициналық аппараты алынып, Ресей елінің мамандарымен келісім жасалынып, жаңа ғимаратқа қондыру жұмыстары жүргізілуде. Аурухана жуық арада ашылады деп күтілуде.

Оқырманға түсінікті болу үшін ангиограмм аппаратына тоқтала кетейін. Бұл құрылғы медицинада ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді. Ангиграф жүрек-қан тамырлары диагностикасына аса қажет. Бүгінгі күні көптеген медициналық мекемелерде ангиограмманың сандық форматтағы түрін көп пайдаланады. Рентген жүйесінде пайдаланылатын құрылғы буын және жұмсақтіндерде болатын түрлі процестерді көруге мүмкіндік береді.

– Жаңалықтарыңызбен бөліскеніңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

http://syrboyi.kz/suhbat/15621-azalyda-aryndy-ster-kp.html
АМБУЛАТОРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ КІМГЕ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР БЕРІЛЕДІ? (1 БӨЛІМ)АМБУЛАТОРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ КІМГЕ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР БЕРІЛЕДІ? (1 БӨЛІМ)

МЕРЕЙЛІ МЕЙІРБИКЕ

Облыстық медициналық орталықтың жедел хирургия бөлімінің аға мейірбикесі Мәдина Шамұханбетова 1976 жылы қазіргі медициналық колледжге оқуға түсіп, оны үздікке бітірген. Содан бастап, бүгінге дейін осы салада қызмет етіп келеді. Еңбек жолын ең алғаш теміржол ауруханасынан бастаған. Ол 17 жыл сонда қызмет атқарып, 2000 жылы осы облыстық аурухананың жедел хирургиясына ауысқан. Содан бері аталған емдеу орнында қызмет етіп келеді.

Осы жылдар ішінде мыңдаған адамның алғысын алды. Сондай-ақ, айтулы мерекелер де еңбегі еленіп жүр. Атап айтсақ, 2015 жылы республикалық «Мейірім» төсбелгісі табысталған. Сондай-ақ, бүгінге дейін облыстық, қалалық деңгейде түрлі марапат төрінен көрінді.

Мұндай міндеттің талабынан шығу әрине оңай емес. Десе де, бүгінде ол қажырлы еңбек тың ізденіс, жүйелі жұмыстың арқасында ұжымда абыройлы. Олар кіші мен үлкеннің дертіне дауа, еміне шипа іздеп шарқ ұрып, емделушінің сауығып кетуіне аянбай еңбек етеді. Сондықтан бұл саланың қызметі қашанда сұранысқа ие. Мәселен, жаны қиналған әрбір адам әрдайым ақ халаттылардың көмегіне жүгінеді.

Өз жұмысының жемісін көріп жүрген Мәдина апай бүгінде ізбасарларын дайындауда. Жаңадан келген мейірбикелерді үйретуден еш жалықпайды. Білікті адам әрдайым жас мамандарға үлгі. Өйткені, медицина күнінде әріптестері кейіпкерімізге ерекше құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін арнауда.

 

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.

https://aqmeshit-aptalygy.kz/baskatakiriptar/birbailik/1042-mereyl-meyrbike.html

МИНИСТРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

25 қараша 2017 г.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына денсаулықсақтау саласын дамытуға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасыныңіске асырылуы жөнінде аралықесеп беріліп, министрліктің алдына қойылған міндеттердің орындалуы туралы ақпаратұсынылды.

Елбасы ауру-сырқаудыңалдын алу шараларының маңыздылығын атап өтіп, салауатты ұлтқалыптастыру ісінде халықтың ерекше рөл атқаратынын айтты.

– Азаматтарымызды өздерініңденсаулықтарын нығайтуға тартуымыз қажет. Адам денсаулығының10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді. Қалғаныныңбәрі тек өзіне байланысты болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті халықарасында салауатты өмір салтын насихаттау мәселесіне тоқталып, қазақстандықтардыңөмір сүруініңорташа ұзақтығын 80 жасқа дейін көтеру жөніндегі міндеттің өзектілігіне назар аударды.

Денсаулықсақтау министрі Қазақстан Президентіне тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштерініңжақсарып келе жатқанын мәлімдеді.

– Барлықкөрсеткіш бойынша ахуал тұрақты.Өмір сүрудіңорташа ұзақтығы көтерілуде. Ана өлімініңкөрсеткіші төмендеп келеді. Бала өлімінің көрсеткіші де қатарынан бірнеше жыл бойы төмендеуде, – деді Елжан Біртанов.

Денсаулықсақтау министрі халықтыңденсаулығын жақсарту бойынша министрліктің қабылдап жатқан шаралары жөнінде айтып, ауру-сырқау белгілерін бастапқы сатыда анықтаудың маңызды екенін атап өтті.

– Қазақстанда 2012 жылдан бастап тегін дәрі-дәрмекпенқамту жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылуда. Оныңтиімділігі өте жоғары. Бағдарлама аясында 2,5 миллионға жуықадам аурудың 50 түрі бойынша, соның ішінде күретамыр гипертониясы, қант диабеті және онкологиялық аурулар бойынша тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізіп отыр, – деді Е.Біртанов.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілетін алғашқы медициналық қызметтердіңсапасын арттыру және денсаулықсақтау жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу жөніндеқабылданып жатқан шаралардың нәтижелері туралы баяндады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу және фармацевтика саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мәселелеріне ерекше тоқталды.

– Меніңбағаға қатысты мәселені шешу жөнінде берген тапсырмамнан кейін Фармация комитетініңтөрағасы, «СК-Фармация» компаниясының басшылығы және бес облыстыңбасқарма басшылары ұсталды. Дәрі-дәрмек бағасыныңнегізсіз өсуі шарттар жасасудағы заңнан тыс әрекеттер нәтижесінде орын алады, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті алғақойылған міндеттердің уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау саласына, соның ішінде дәрі-дәрмектерді сатып алу үрдісіне тиісті бақылау орнатуды тапсырды.

Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев Е.Біртановқа өзі басшылық ететін салаға дербес жауап беретінін ескертті.

http://syrboyi.kz/negizginews/15451-ministrd-abyldady.html

Бес облыстың денсаулық сақтау басқармасындағы басшылары ұсталды - Назарбаев

24 Қараша,

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Мемлекет басшысы дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу және фармацевтика саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мәселелеріне ерекше тоқталды. "Менің бағаға қатысты мәселені шешу жөнінде берген тапсырмамнан кейін Фармация комитетінің төрағасы, "СК-Фармация" компаниясының басшылығы және бес облыстың басқарма басшылары ұсталды. Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуі шарттар жасасудағы заңнан тыс әрекеттер нәтижесінде орын алады", - деді Елбасы. Қазақстан Президенті алға қойылған міндеттердің уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау саласына, соның ішінде дәрі-дәрмектерді сатып алу үрдісіне тиісті бақылау орнатуды тапсырды. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев Е.Біртановқа өзі басшылық ететін салаға дербес жауап беретінін ескертті.


Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/bes-oblyistyin-densaulyik-saktau-baskarmasyindagyi-285159/

Қазақстан - Қызылорда

Опубликовано: 22 нояб. 2017 г.

Бұл мәселенің анық-қанығын білу үшін тілшіміз мамандардың көмегіне жүгінді. Белгілі болғаны, Оңтүстік Қазақстан облысынан әкелінген тауар Комсток сымырымен зақымдалған.


Когам ТВ

 

Опубликовано: 21 нояб. 2017 г.

Наш сайт:
http://kogamtv.kz/

ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қармақшы ауданында халықты медициналық қамту жұмыстары жолға қойылды. Осының арқасында тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы жыл өткен сайын өсе түсуде, 2016 жылдың 9 айында орташа өмір сүру 70,5 жас болса, 2017 жылы 9 ай қорытындысымен 71,3 жасты құрады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ал, өлім-жітімнің 1000 адамға шаққандағы көрсеткіші өткен жылы 4,0 болса, 2017 жылы 3,5-ке түсіп, төмендегені байқалады.

Медициналық қызметтің басты бағытының бірі аудан тұрғындары арасында туберкулез ауруын азайту болып отыр.

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 100 мың тұрғынға шаққандағы өкпе туберкулезімен аурушандық көрсеткіші 35,2 құрады, ал 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аурушандық көрсеткіші 44,6 пайызды құраған немесе 21,1 пайызға төмендеді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 2017 жылы облыстық бюджеттен «Қармақшы аудандық орталық аурухананың кәріз-сорап стансасын, су айдау мұнарасын монтаждау жобасын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары» жобасына 247,3 млн.теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан қабылдау актісімен қабылданды.

https://syr-media.kz/news/727-armashylytardy-mr-sru-zatyy-artyp-keled.html

ЖАС ДӘРІГЕР ЖОҒАРЫ МАРАПАТ АЛДЫ

«Болашағымыз – бірлікте» форумында антына адал дәрігер, облыстық медицина орталығының невропотолог дəрігері - Мараш Жүсіпбекова, "Үміт пен сенім" номинациясымен марапатталды. Бұл марапаттың орны ерекше.

Себебі, Мараш Жүсіпбекова жастығына қарамай, медицинаның нағыз майданында еңбек етіп жүр. Ол - инсульт алған науқастарға, әсіресе ауыр науқастарға бар жан-тәнімен, ақ жүрегімен көмек көрсетеді. Күндіз -түні науқастың қасында жүрсе де, аудандардан түскен ауыр науқастарға арналған шақыруларға кете береді. Мараштың дәрігердің бір аптаның ішінде 4 рет ауданға барып көмек көрсетіп, 3 күн бөлімшеде жүргеніне куә болғанбыз. Ешқандай шаршамайтын, өз ісіне белірген дәрігер деп айтуға толық негіз бар.

Мамандығыңызды сүйсеңіз - Мараш Жүсіпбекова сынды сүйіңіз. Жалпы осы Мараш жұмыс жасайтын инсульт бөлімінің дәрігерлері - Баешов Рүстем, Төлепов Асхат, Оспанов Бауыржан, Қаленов Рахымжан, Ибраев Қайрат, Еркін Жаңабайұлы, Зухра Алмасқызын және барлық орта, кіші буын қызметкерлерінің осы құрметке лайық деп бағалауға болады.

https://aqmeshit-aptalygy.kz/kogam/887-zhas-drger-zhoary-marapat-aldy.html
Назад Вперед