Ауа райы
Мерекелер

Лабораториялық жағдайда микроорганизмдерді дақылдандыруМикробтарды жасанды жағдайда өсіріп-өндіру үшін микробиологиялық зерттеу барысында жасанды қоректік орта – қоректік құрам дайындалады. Қоректік құрам зерттелетін материалды алғашқы рет егуге, микроорганизмнің дақылдану қасиетін анықтауға, таза дақылын бөліп алуға, биохимиялық қасиетін ажыратуға негізделген.

Қоректік құрамдарды алу көзіне қарай:

1. Табиғи қоректік құрам – қант, сүт, қан, сары су, картоп және т.б.

2. Жасанды қоректік құрам – химиялық синтез арқылы жасалған құрғақ ұнтақ ретінде медицина өнеркәсібінің шығаратын құрамдары.

3. Құрамның тығыздығына байланысты олар: тығыз, қоймалжың, сұйық болып бөлінеді. Қою құрамға 1-2% агар-агар қосады, сонда құрам тығыз болады. Қою құрамдарға ет-пептонды агар (ЕПА), Левин, Эндо, висмут-сульфитті агар, қанды агар, Чистович агары және т.б.құрамдар жатады. Қоймалжың құрамда агар-агардың мөлшері 0,3% болады. Қоймалжың құрамдарына көмірсулар қосылған Гисса құрамдары жатады.

4. Қоректік құрамға кіретін қосындыларына байланысты құрамның: қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайым құрамдарға ЕПА, ет-пептон сорпасы – ЕПС, пептон суы жатады. Күрделі құрамдарға: қан, сарсу, қант, ақ уыз, тұздар, витаминдер және тағы басқа қосындылары бар құрамдар жатады.

5. Қоректік құрамдар тағайындалу ерекшелігіне байланысты: арнайы, элективтік, дифференциалды-диагностикалық, әмбебап (универсалды) болып бөлінеді.

Арнайы қоректік құрам микрооганизмнің арнайы ерекше қасиетін анықтауға бағытталған құрам. Мысалы: Чистович агарында микробтың лецитиназдық белсенділігін бақылауға болады.

Элективтік қоректік құрамдар белгілі микробқа қолайлы жағдай туғызатын құрам. Мысалы: Эндо құрамы энтеробактерия тұқымының өкілдеріне негізделген.

Дифференциалды-диагностикалық құрамдар патогенді микроорганизмнің түрін айыруға мүмкіндік береді. Мысалы: микроорганизмнің ерекшелігін Гисса құрамдарында анықталатын биохимиялық белсенділігі арқылы айыруға болады. Универсалды қоректік құрам көптеген микроорганизмдерге жарамды. Мысалы: ЕПА құрамы, сарысулы агар, қанды агар.

6. Консервілейтін құрам микроб өнімін сақтауға немесе тасымалдауға арналған. Мысалы глицеринді құрам.

Қоректік құрамға қойылатын талаптар:

1) Құрам қоректі, құнарлы болуы тиіс, яғни жасушаның тіршілігіне қажетті барлық зат болуы керек (ақ уыз, майлар, көмірсулар, витаминдер, тұздар, аминқышқылдар және т.б.).

2) Құрамда сутегінің иондары тұрақты бекітілген түрде болуы керек. Оны рН арқылы анықтауға болады.

3) Құрамның осмостық қысымы жасуша ішіндегі осмостық қысымға тең болуы қажет.

4) Құрамның залалсыз болуы тиіс, себебі бөтен микробтар зерттелетін материалдағы микроорганизмді анықтауға кедергі жасайды.

5) Қоректік құрамға кіретін қосындылардың тұрақты болуы қажет.

6) Қоректі құрамның ылғалды болғаны жөн, өйткені микробтар диффузия және осмостық қысым арқылы қоректенеді.

Айгуль Абдибековна БАЙМУРЗАЕВА,

облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы,

бактериологиялық зертхана,

дәрігер-бактериолог

Сурет Vitaline Stomatological Clinicсайтынан алынды

Микробиологиялық зерттеу әдістеріЖұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау үшін бес түрлі микробиологиялық зерттеу әдісі қолданылады. Әр әдістің ерекше мақсаты, маңызы және орны бар.

1. Микроскопиялық әдіс – микроскоп арқылы микроорганизмдердің морфологиялық (микробтың пішіні, түрі, орналасуы, қимылы) және тинкториалдық (микробтың бояу қабылдау қасиеті) ерекшеліктерін анықтауға негізделген әдіс. Бұл әдіс бактериологиялық зерттеудің экспресс тәсіліне жатады. Ол ауру шақырған қоздырғышты болжап білуге, сонымен қатар алдағы жұмыста қолданатын қоректік құрамдарды жоспарлауға мүмкіндік береді.

2. Микробиологиялық немесе бактериологиялық әдіс – зерттелетін материалдан ауру туғызған қоздырғыштың таза культурасын бөліп алып, оның идентификациясын жүргізе отырып этиологиялық маңызы бар жұқпалы ауру туғызған қоздырғыштың түрін анықтайтын әдіс. Бұл әдіс арқылы этиотроптық ем шараларының дұрыс жүргізілуі қамтамасыз етеді.

3. Иммунологиялық әдіс – жұқпалы материалдан, сыртқы ортаның объектілерінен антигенді анықтауға немесе науқастан 2 рет (аурудың басында және және 1-2 аптадан кейін) алынған қанның сарсуындағы антидене титр мөлшерінің өсуін анықтауға негізделген әдіс.

4. Биологиялық әдіс – сезімтал зертханалық жануарларды пайдалана отырып қоздырғыштың патогендік және вируленттік қасиеттерін зерттейтін әдіс. Сонымен қатар биологиялық әдіс қоздырғышқа қарсы арнайы негізделген антисарысуларды иммундау арқылы бөліп алып, диагностикум дайындауға қолданылады.

5. Тері-аллергиялық сынама әдісі – тері астына немесе тері ішіне ендірген патогенді қоздырғыштың экзотоксиніне қарсы пайда болған аллергиялық қабыну реакциясы арқылы ауруды анықтайтын әдіс.

 

Айгуль Абдибековна БАЙМУРЗАЕВА,

облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы,

бактериологиялық зертхана,

дәрігер-бактериолог

Сурет Медико-биологический центр Пастерсайтынан алынды

Менингококты және бактериалды менингиттің микробиологиялық диагностикасыМенингококтардан басқа іріңді менингиттерді жиі шақыратын этиологиялық факторларға – пневмококктар, ал ерте жастағы балалар үшін гемофильді таяқшалар жатады (H.influenzae).

Менингококктар дақылдандыру жағдайына өте талапшыл. Өсу кезінде жоғары ылғалдылықты, ауа құрамында 5-10% СО2-ның болуын қажет етеді, кез-келген температуралық ауытқуға сезімталдығы жоғары. Белоктың көзі ретінде ірі қараның, жылқының сарсулары қолданылады.

Менингококктың N.meningitidis түрін идентификациялау үшін – морфологиялық, тинкториалдық, дақылдық және биохимиялық белгілерін кешенді зерттеу жүргізіледі. Біріншілік бөліп алу кезінде менингококк жасушаларына полиморфизм тән. Менингококк колониялары майлы консистенциялы, қоректі ортадан ілмек арқылы оңай алынады. Бұл консистенциясы шашыранды немесе созылмалы болып келетін патогенді емес нейсериялардан ерекшелігі болып табылады. Жұлыннан бөліп алынған кейбір штаммдары глюкоза мен мальтозаға ферментативтілік белсенділігі әлсіз болып келеді. Нейссериялардың көптеген патогенді емес түрлерінің патогенді түрлерінен айырмашылығы 5% сахароза қосылған сарсулы агарда өсіргенде крахмал тәрізді зат түзуі болып табылады, оны Люголь ерітіндісін тамызу арқылы дақылдың күңгірт түске боялуынан анықтайды.

Менингококктар келесі серотоптарға бөлінеді: A, B, C, X, Y, 29E және 135W. Менингококтың серологиялық тобын анықтау, менингококкты инфекцияны эпидемиологиялық қадағалаудың бір шарасы ретінде, тәжірибелік зертхананың маңызды міндетіне жатады.

Барлық нейссерияларға және M.catarrhalis-ке тән оксидаза мен каталаза ферменттерінің болуы, басқа аралас флорадан ажырататын белгілерінің біріне жатады.

Пневмококктар мен гемофильдер, менингококктар сияқты дақылдануға жоғары талапты болып келеді. Олардың өсу факторы ретінде әр түрлі жануардың қаны қолданылады. Сондықтан барлық қоздырғыштар үшін әмбебап (универсалды) қоректі ортаға шоколадты агар жатады.

Айгуль Абдибековна БАЙМУРЗАЕВА,

облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы,

бактериологиялық зертхана,

дәрігер-бактериолог

Сурет Патологии.НЕТ сайтынан алынды

Кандидоздың микробиологиялық диагностикасыCandida туыстастығының саңырауқұлағы түрлі формада тіршілік ете алады: зеңді және мицелярлы. Бұл кандиданың ауыспалы қоршаған орта әсеріне тіршілігін қамтамасыз етеді. Зеңді (бластоспора) фазасында олар симптомсыз ауруларда кездеседі. Ауру ағымында өзіне тән симптомдар пайда болғанда саңырауқұлақ жасушасы мицелярлы формаға өтеді.

Candida туыстастығы саңырауқұлағын дақылдандыру үшін тығыз және сұйық Сабуро қоректі орталары, Никерсон агары, Чапек агары және сорпасы қолданылады. Candida туыстастығының саңырауқұлағы 1-5 тәулік аралығында көмірсу (глюкоза) қосылған тығыз агарда жылдам және жақсы өседі. Саңырауқұлақтарды қолайлы өсіріп шығару үшін төмендегідей шарттарды сақтауымыз керек:

1. Оптимальды рН 6,0-6,5;

2. Дақылдандыру температурасы 30-37С., 48 тәулік бойына.

Сабуро және Чапек тығыз қоректі орталарында С.albicans туыстастығының саңырауқұлақтары беті тегіс, дөңестелген, кремді-ақ түсті, жұмсақ консистенциялы колониялар түзеді; кейбір штаммдары ғана құрғақ, қыржымдалған, агардың ішіне қарай өсіп кетеді.

С.tropicalis тығыз қоректі ортада ақ немесе сұр түсті, құрғақ, ортасы көтеріңкі, қиқымды консистенциялы. C.krusei колониялары тегіс, құрғақ, сұр-күңгірт түсті. C.pseudotuberculosis колониялары тегіс, ортасы күмбезделген, сұр түсті, қаймақ тәрізді консистенциялы. С.guilliermondii колониялары тегіс, жылтыр, ақ-кремді түсті, жасына қарай қызарады. C.parapsilosis колониялары ылғалды, жылтыр, ақ-крем түсті, жасына қарай қыржымдалады.

Дақылды Грамша бояп микроскопта зерттегенде, саңырауқұлақ жасушаларын көруге болады: біржасушалы микроорганизмдер – дөңгелек немесе сопақша - С.albicans, сопақша болып келген - C.krusei, ұсақ - C.pseudotuberculosis. Никерсон висмут-сульфит агары арқылы Candida туыстастығының түрішілік идентификациясын жүргізеді.

Сұйық қоректі орталарда - С.albicans ұлпалы тұнба түзеді, қоректі орта лайланады. С.tropicalis сұйық қоректі ортада тұнба және сақина түзеді, орта лайланады, бетінде нәзік сұр қабықша түзіледі, орта лайланады. C.krusei пробирка қабырғасына өтетін үлкен сақина түзеді, қоректі орта лайланады. C.pseudotuberculosis тұнба түзеді, орта мөлдір болып қалады. С.guilliermondii тұнба түзіп, әлсіз қабырғалы сақина түзеді.

Кандида саңырауқұлағының қынап шырышты қабығының 1 мл мөлшерінен 300 колониядан аспай бөлінуі, кандида тасымалдаушылығы ретінде қаралады. Бірінші рет еккенде саңырауқұлақ жасушасының көп мөлшерде бөлінуі (кілегей қабықтан – 100ден 1000 жасушаға дейін 1 мл сүртіндіден, қақырықтан 500 жасушадан көп, нәжісте – 300 жасуша, несепте – 1000 жасуша, өттен 1 мл-ден 300 жасуша) кандидоздың белгісі ретінде қарастырылады. Егер биоматериалды қайта еккенде саңырауқұлақ мөлшері едәуір көбейген болса (саңырауқұлаққа қарсы терапия алмай тұрып) қойылған диагноз нақтыланады. Бөліп алынған саңырауқұлақтың ашытқы саңырауқұлағының Candida туыстастығына жататыны және түрі анықталады. Филаментация типі мен хламидиоспораны анықтау үшін Елинованың күріш агары қолданылады. Одан басқа хламидиоспор-агарында, күріш агарында жабынды әйнек бетінде жақсы анықталады.

Candida туыстастығының негізгі маңызды сипаттау белгілеріне олардың биохимиялық белсенділігі жатады. Ең жиі кездесетін ашытқы саңырауқұлағының түрі ретінде - С.albicans биохимиялық белсенділігі келесі критерийлер бойынша жүреді: глюкоза, галактоза, сахароза, мальтозаны ферментациялап, өзгеруіне ықпал етеді.

 

Айгуль Абдибековна БАЙМУРЗАЕВА,

облыстықжұқпалыауруларауруханасы,

бактериологиялық зертхана,

дәрігер-бактериолог

Сурет Econet сайтынан алынды

ДӘРІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК

Қызылорда облысы бойынша фармацевтикалық қызметпен 383 көтерме және бөлшек сауда обьектісі айналысады. Оның 234-і дәріханалар болса, 106-сы дәріханалық қоймалар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндеҚР ДСМ Фармация комитетінің Қызылордаоблысы бойынша департаментінің басшысы Ғалия Байменовамәлімдеді.

− 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 35 тексеру жүргізілді. Нәтижесіндеәкімшілік құқық бұзушылықтуралы 6 хаттама толтырылып, сомасы 1134500 теңгені құрайтын айыппұлдар салынды. Сонымен қатар, дәріханалықұйымдар басшыларына дәрілік заттарды рецептіменбосатуда бақылауды күшейту жөнінде хаттар жолданды, − деді департамент басшысы.

Сонымен қатар, облыста 2017 жылдың 1 шілдедегіжағдай бойынша, жалпы сомасы 511758000 теңгені құрайтын 3 бірліктегіқолданусыз тұрған медициналықтехникалар бар. Оның ішінде Жаңақорғанаудандық орталық ауруханасындағы құны 2708000 теңге ИВЛ SLE-2000 аппаратын теңгерімненшығарып, құны 4500000 теңге «Полинаркон» аппаратынтеңгерімнен теңгерімге беру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Облыстық медицина орталығындағы» құны 504550000 теңгені құрайтын томограф магнитно-резонансный MAGNETOM Espree құрылғысы жөнделіп, қолданысқаберілетін болады.

Әсел БЕГМАН

http://aqmeshit-zhastary.kz/ajna/d-rilerge-ba-ylau-k-shejtilmek/

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ДЕРБЕС ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КҮШЕЙТЕДІ

Қазақстанда 1 шілдеден бастап енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің маңызы зор. Еліміздің барлық аймақтарында бағдарламаның негізгі қағидаларын ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобының мүшесі, «Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Баймахановты әңгімеге тартқан едік.

Болатбек Бимендеұлы, елімізде МӘМС жүйесін енгізудегі басты мақсат пен оның негізгі себептерін қысқаша түсіндіріп өтсеңіз...

– Негізгі мақсат – мемлекет пен жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы өзара жауапкершілікті, ықпалдастықты қалыптастыру. Бұл әлемдегі озық елдердің тәжірибесінде бар. Қазіргі таңда дүние жүзінде денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың үш жүйесі бар десек, оның бірі мемлекеттік жүйе. Мәселен, Қазақстандағы әлеуметтік саланың, оның ішінде денсаулық сақтау саласына қатысты мәселенің барлық ауыртпалығын мемлекет мойнына алып, қаржыландыру тек бюджет есебінен шешіліп келді. Ауырған жағдайда тегін медициналық көмекке жүгінеді. Демек, халық тарапынан да, жұмыс беруші тарапынан да ешқандай жауапкершілік болған жоқ. Екінші жүйе – сақтандыру компаниясы. Сақтандырудың жеке түріндегі жүйесі Америкада қолданылады. Қазіргі таңда Америкада 30 млн-ға жуық халықтың тегін көмек алу мәселесі күрделі жағдайда. Өйткені, сақтандыру полисін сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Осы қиындықтарды ескере отырып, көптеген елдер мемлекеттік сақтандыру жүйесін енгізіп, оған мемлекетті де, сақтандыру компанияларын да қатыстырған. Елімізде 2018 жылдан енгізілгелі отырған жүйе – осы.

Бұл жүйе халыққа не береді, қажеттілігі қанша?

– Біріншіден, денсаулық сақтау саласындағы қаржылай тұрақтандыруды қамтамасыз етеді. Сол арқылы халыққа медициналық көмектің барлық түрінің қолжетімділігі артады және түрлі тетіктерді пайдалана отырып, медициналық қызметтің сапасы көтеріледі. Осылайша, болашақта денсаулық сақтау саласының тиімділігі, нәтижелілігі артады. Екіншіден, әр адам қалтасынан өз денсаулығына төлем төлейтін болса, денсаулығына деген жауапкершілігі, мәдениеті жоғарылайды. Сондай-ақ жарна төлеуші емдеу орнынан сапалы қызмет көрсетуді талапетуге құқылы. Құқы болғаннан кейін медицина қызметкерлерінің де, медицина ұйымдарының да жауапкершілігі күшейеді әрі емдеу мекемелері арасында бәсекелестік пайда болады. Үшіншіден, қазір медицина бір орнында тұрған жоқ, жаңа инновация жолға қойылып, өте көп өзгерістер болып жатыр. Есесіне ондай жоғары мамандандырылған кардиохирургия, трансплантация, травматология салалары қомақты қаражатты қажет етеді. Әсіресе, зерттеу, диагноз қою аппараттары, дәрі-дәрмек, құралдар өте қымбат. Жаңа заманға сай ғимараттар керек. Мәселен, біздің орталық ғимаратының 65 пайызының тозығы жеткен. Оның бәрін салуға мемлекеттің жағдайы жоқ. Сондықтан осы жүйе арқылы бұл салаға қосымша қаражат тартып, материалдық-техникалық жағдайды жақсартуға мүмкіндік туады.

Жүйенің әлеуметтік сақтандыру атануы қандай да бір өзгеріс әкеледі ме?

– Әрине, бұл жерде әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету деген мәселе жатыр. Мәселен, бұл жолды әлемнің қаншама елі таңдап отыр. Себебі, олар әлеуеті жоғары адамдар есебінен әлеуметтік әділдікті шешуді көздейді. Ол біздің қоғамда да бар. Бізде де өте төменгі мөлшерде жалақы алатындар баршылық. Демек, әлеуеті жоғары азаматтардың жарнасы есебінен әлеуеті төмендерді, сау адам ауру адамды емдеуге мүмкіндік бермек.

Қандай жағдайда бұл жүйенің жүзеге аспауына қауіптууы ықтимал?

– Негізінен төлемдер уақытында түспей жатқан жағдайда. Бес жылдың ішінде үкімет өз мойнына алып отырған қазіргі он миллион адамның көлемі азаяды. Тегін көрсетілетін кепілдендірілген көмектің көлемі де кеми бастайды. Өйткені, уақыт өтіп, жүйе қалыпты жұмыс істеген сайын әлеуметтік маңызы бар науқастар МӘМС жүйесіне өте бастайды. Бұл жерде бақылау тетіктері жақсы ұйымдастырылуы қажет. Ол үшін қорда халықты емдеуге тиісті қаражат болуы тиіс. Өйтпеген жағдайда халықтың дер кезінде медициналық көмек алуға мүмкіндігі болмай, сенімсіздік туады.

Әрине, 90-шы жылдардағы экономикалық ахуалды қазіргі жағдаймен салыстыруға келмейді. Онда жалпы ел экономикасы да, медицина саласы да жаңашыл реформаны жүзеге асыруға толық дайын емес еді. Ең бастысы, төлемдер түспеді. Көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылыққа, басым бөлігі банкротқаұшырады. Оған да жиырма жылдай уақыт өтті. Бүгінгі жағдайымыз мүл­дем басқаша. Бүгінде жүйенің тұрақты қызмет етуі­не қатысты алғышарттар қалыптасқан. Барлық меди­циналық мекемелердің мәртебесі белгіленді. Ақы­лы көмек көрсететін, басқа да коммерциялық мәртебелер айқындалды. Әр аурудың өз тарифі, бағасы да белгіленіп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Компьютерлік жүйеміз бар, ха­лықты емдеу мәселесі кімге үкімет төлейді, кімге жос­парлы кепілдендірілген тегін көмек шеңберінде медициналық көмек көрсетіледі, кімге жұмыс беруші төлейді, барлығы жүйеленді. Бұл көмекті бақылайтын Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қыз­меттің сапасын бақылау және Медициналық қызмет ақысын төлеу комитеттері жұмысқа кірісуге дайын.

– Жеке меншік емдеу орындарын қатыстыру мәселесі де қарастырылып отыр. Бұл қалай жүзеге асады?

– Соңғы кезде елімізде жеке тұлғаларға медициналық мекемелерді жекешелендіру мәселесіне қатты көңіл бөлінуде. Өйткені, үкіметтіңсоншама мекемені ұстап тұруы қиын.Қазіргі медицина мекемелерінің тозу деңгейі – 75, құрал-жабдықтармен жарақтануы 45 пайызға тең. Оның бәрін жақсартуғаүкіметтен 1 триллионға жуықтеңге қажет. Әзірге, бұл мүмкін емес жағдай. Сондықтан жекешелендіруге берілетін, берілмейтін нысандарды белгілеуде мұқияттылыққажет. Оның өз талаптары болады. Мәселен, жеке тұлғаға берілген жағдайда жалпы белгіленген профильді сақтауға міндетті. Өйткені, халық ертеңодан жапа шекпеуі тиіс. Әр аурудың өз коэффициенті бар, соған қарай ақша төленеді. Ертең кәсіпкер «маған мына ауруды емдеу тиімсіз. Беріп жатқан қаражаттарың шығындыөтемейді, болмаса тиісті тарифті көбейтіңдер» деуі мүмкін. Сонда ол ауру қайда барады? Осындай жағдайлар алдымыздан шықпас үшін жекешелендіруге бақылауды күшейту керек.

– Көпшілікті ауруханаға жатып емделудің тәртібі қызықтырады. Порталдық жүйе сақтала ма?

– Иә, порталдық жүйе қалады. Бұл дүние жүзінде бар тәжірибе. Қай мемлекетте де жоспарлы көмек алуда кезек болады. Өйткені, порталсыз науқастарды реттеп жатқызу мүмкін емес. Бір ұтымдысы, адам өз кезегін тізімнен көріп, келеңсіз фактілер кездессе арызданып, тексерте алады. Мәселен, біздің орталықтың мүмкіндігі жылына 3,5 мың адам. Ал қажеттілік 5-7 мыңға жетсе ше? Мұндай жағдайда кезек күтуге тура келеді. Болмаса басқа емдеу мекемелеріндегі стационарлық көмектің деңгейін көтеруге, сондай-ақ облыс орталықтарында жоғары мамандандырылған көмек көрсетуге жағдай жасау керек. Ал негізгісі әрі бастысы, емханалық-амбулаториялықжағдайда медициналық қызмет көрсетуді жолға қою керек. Қазір емханаларға үлкен көңіл бөлінуде, бірақ ондағы қызмет түрі өз деңгейінде болмағандықтан, халықтың сенімділігі төмендеу. Өйткені, емхана жағдайында дәрігерлер жетіспеушілігі орын алған. Бар дәрігерлерге жүктеме көп. Мәселен, шетелде жалпы тәжірибелік дәрігерге бір жарым пациенттен келсе, бізде үш мыңнан асады. Сондықтан ауруды дер кезінде анықтауға мүмкіндік төмен. Содан да шығар, халық бірден стационарда жатып емделуге өте ықыласты. Енді келесі жылдан енгізілетін МӘМС жағдайында осы жүйені жүйелі жолға қою – емханаларға мамандар тарту, сонымен қатар емханалықкөмекті мүмкіндігінше науқастарға жақындату, стационарлық көмекті үй жағдайында алуды ұйымдастыру мәселесіне басты көңіл бөліну көзделген. Егер осының бәрі ескеріліп, емханалық-амбулаториялық қызмет өз деңгейіндеқалыпты жұмыс істейтін болса, онда халықтың 50 пайызға жуығына стационарға бармай-ақ емделуге мүмкіндік тумақ.



Әңгімелескен Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,

«ЕгеменҚазақстан».

http://syrboyi.kz/suhbat/13148-medicinaly-satandyru-derbes-zhauapkershlkt-ksheyted.html


23 тамыз 2017

Соңғы бір жарым жылда аймағымызда ана өлімі тіркелгенжоқ. Сондай-ақ, алты айдың қорытындысымен сәби өлімі 53 пайызға төмендеген. Ақ халаттылар көрсеткіштіңжақсаруы жүйелі жұмыстыңнәтижесі дейді.

http://qyzylorda.kaztrk.kz/kz/news/society/densaulyk-salasyndagy-zhetistikter


Когам ТВ

 

Наш сайт:
http://kogamtv.kz/


Қазақстан Қызылорда

Опубликовано: 15 авг. 2017 г.

Облыстық ана мен бала орталығында «SOS медициналық жүйесі» іске қосылды. Бұл жаңа бастаманың артықшылығы науқас адам кез-келген уақытта өзіне қажетті дәрігерді жедел түрде шақырта алады.

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН АЛУ ҮШІН БІР АУРУХАНАҒА ТІРКЕЛУ КЕРЕК

Қазақстандықтар медициналық көмектен тысқары қалмау үшін таңдау жасауы тиіс. Бірінші айдың қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 70 млн теңге түсті. Бұл сіз бен біздің ақшамыз.

Ол қаражатқажеке меншік емханаларқызмет көрсететін болады. Ол үшін медициналық мекемеге тіркелу керек, деп хабарлады 31 арна.

Нақты бір ауруханаға қабылдану үшін жеке куәлік пен мекен жай анықтамасын беріп, өтініш жазу керек.

Медициналқ сақтандырудың міндетті талабы бойынша, әрбір қазақстандық нақты бір ауруханаға тіркелуі тиіс.

«Әрбір азамат өзінің қандай категорияға жататынын білуі керек. Ол үшін мемлекет есебінен сақтандыру ақысы төленуі де мүмкін. Мемлекет халықтың әлеуметтік, тұрмысы төмен азаматтарына 14 категория бойынша ақысын төлейді», – дейді Павлодар облысының әлеуметтік медициналы қорының директоры Нұрлан Насимов.

Қазақстандықтар жолда келе жатқанда денсаулығымыз сыр берсе немесе өзге қалада болып қалған жайғдайда ауырсақ қайтеміз де алаңдайды.

Мамандардың айутынша, тегін қызмет түрі арта береді. Мемлекеттік мекемелер ғана емес, жеке меншік емханалар да тегін қызмет көрсетеді. Ол үшін әр адам ай сайын 780 теңге төлеп тұруы керек.

http://zhalagash-zharshysy.kz/meditsinaly-sa-tandyru-yzmetin-alu-shin-bir-auruhana-a-tirkelu-kerek/
Назад Вперед