Ауа райы
Мерекелер

МЕРЕЙІ ҮСТЕМ ОҚУ ОРЫНЫ

 


МЕРЕЙІ ҮСТЕМ ОҚУ ОРЫНЫҚызылорда медициналық колледжі Сыр өңіріндегі байырғы оқу орындарының бірі. Облыстағы орта буын медицина қызметкерлерінің басым бөлігі осы колледж түлектері. Көптеген дәрігерлер медицинаға алғашқы қадамын аталған оқу ордасынан бастағанын мақтанышпен еске алады. Сыр бойының басты медициналық басылымы - «Сыр медицинасы» өз оқырмандарына колледж директорымен болған сұхбатты ұсынады.

 

МЕРЕЙІ ҮСТЕМ ОҚУ ОРЫНЫ- Салтанат Сейтқалиқызы, 2016 жылы ҚР ДСӘДМ-нің бұйрығымен колледжге Жоғары медициналық колледж статусы берілді. Оқу орнының Жоғарғы колледж атануының ерекшелігі неде?

 

- 2016 ж. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Финляндияның халықаралық сарапшыларымен бірлесе отырып, медициналық колледждердің өзін-өзі бағалау бойынша есептерінің негізінде І кезеңде 6 медициналық колледжді қайта ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. 6 колледждің бірі - Қызылорда медициналық колледжі. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің шешімі және Қызылорда облысы әкімінің 04.08.2016 ж. №544 Қаулысы негізінде қазір мен басқарып отырған медициналық оқу орыны Қызылорда медициналық жоғары колледжі болып өзгертілді. Аталған «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 5 деңгейдегі қолданбалы бакалавр мамандары дайындалады.

 

- Колледж жатақхана, асхана, кітапхана және заманауи техникалармен толық қамтамасыз етілген бе? Осы жөнінде толығырақ айтып берсеңіз.

 

- Колледж оқушыларының сұранысына қарай олар 300 орынға арналған жатақханамен толық қамтамасыз етілген. 2015 жылы жатақханада күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді, оқушыларға қажетті жиһаздармен толықтырылады. Жатақханада 4 демалыс бөлмесі, әр қабатта 2 тұрмыстық бөлме, үтіктейтін, кір жуатын бөлмелер бар. 95 орынға арналған асхана жұмыс істейді, оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Кітапхана қорында 84141 дана кітап бар, оқу және ғылыми әдебиеттер қоры -38638, әр оқушыға шаққанда 44 оқулықтан келеді. Колледж кітапханасының қоры жыл сайын жаңа оқулықтармен толықтырылады. 2016-2017 оқужылында кітапханаға 2 млн 500 000 теңгеге оқулықтар алынды. 10 компьютермен жабдықталған электронды кітапхана жұмыс істейді. Колледжде заманауи компьютерлері бар 3 ақпараттық-компьютерлік кабинет жұмыс жасайды. 3 архивтік бейнесервер, 205 компьютер, 17 ноутбук, 3 нетбук, 55 принтер, 5 сканер, резограф, 23 интерактивті тақта,12 заманауи телевизор,электронды подиум бар. Компьютерлік және интерактивті кабинеттер «Интернет», 1 оқу ғимараты мен жатақхана Wi-Fi желілеріне қосылған.

 

 

МЕРЕЙІ ҮСТЕМ ОҚУ ОРЫНЫ- Биыл медициналық колледжінің қанша түлегі диплом алды?

 

- 2016-2017 оқу жылында колледжді 499 түлек бітірді, 26 түлек колледжді «үздік дипломмен» аяқтады. Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2016-2017 оқужылында колледж бітірушілерінің білімін тәуелсіз бағалау жұмысының нәтижесі бойынша олардың білім көрсеткіші 95%-ті көрсетті.

 

- Колледжде былтырдан бері дамыған елдердің тәжірибесі бойынша дәрігер қызметін атқара алатын мейірбикелерді дайындау ісі қолға алынған көрінеді. Осы жөнінде не айтасыз?

 

- «Мейіргер ісі» мамандығы қолданбалы бакалавриат біліктілігі бойынша мамандар дәрігер емес, бірақ өз бетінше жедел респираторлы инфекция (ЖРИ), ішек инфекциясы кезінде науқастарды қабылдайды, оларға консультация жүргізеді, созылмалы ауру адамдарға кеңес береді, түрлі «Денсаулық мектептерінің» жұмысын жүргізеді.

 

- Биыл «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавр мамандығына қанша студент қабылданды?

 

- Колледжде бүгінгі күні осы мамандық бойынша барлығы 69 студент білім алуда. 3-ші курста - 21, жеделдетілген бағдарлама (орта кәсіби білімі бар мамандар) бойынша 48 студент білім алуда.

 

- Колледжге қабылдау кестесі бойынша 2017 оқу жылында студенттер қандай мамандық иесі бола алады?

 

- Қызылорда медициналық жоғары колледжі 9 мамандық бойынша мамандар дайындайды. 2017-2018 оқу жылында колледжге «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Стоматология», «Ортопедиялық стоматология», «Лабораториялық диагностика»,«Фармация» мамандықтары бойынша студенттер қабылданады.

 

МЕРЕЙІ ҮСТЕМ ОҚУ ОРЫНЫ- Ақылы негізде оқытылатын топтар бар ма? Бір жылға оқу ақысы қандай?

 

- Ақылы негізде мамандар дайындалады. Оқу ақысы 1 жылға 195000-215000 теңге аралығында.

 

- Биылға талапкерлерге қанша оқу гранты бөлінді?

 

- 2017-2018 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде барлығы 225 оқушыға бекітілді.

 

- Колледжде оқудың мемлекеттік тілде жүргізілетіні белгілі. Оқытушылар жетіспейтін оқулықтарды жазуда қандай жетістіктерге жетті?

 

- Колледжде оқыту негізінен мемлекеттік тілде жүргізіледі. Оқу бағдарламаларына сәйкес дәріс материалдарының 100 пайызы электрондық нұсқада дайындалған.

 

- Колледж студенттерінің болашақ мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру бойынша қандай іс-шаралар атқарылды?

 

- Студенттердің болашақ өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында емдеу мекемелерінің мамандарымен кездесулер, практикалық сабақтарды емдеу мекемелерінде өту, симуляциялық орталықтарда студенттердің өз бетінше сабаққа дайындалуы колледжде кеңінен қарастырылған.

 

- Бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауысу мүмкіндігі қарастырылған ба? Мысалы, «мейірбике ісі» немесе «фельдшер» мамандығынан 9-шы сынып бітірушінің сабақ үлгірімі жақсы болса, «фармация» мамандығына ауыса ала ма?

 

- Бір бөлімнен екінші бөлімге ауысу ҚР Білім Заңнамасына сәйкес жүргізіледі, егер айырмашылық 4 пәннен артық болмаған жағдайда. «Фармация» мамандығының білім беру стандартында 9 сынып негізде маман дайындау қарастырылмаған.

 

- Биылғы түлектер арасында қанша оқушы оқуларын жоғары медициналық оқу орындарында жалғастырмақшы?

 

- Түлектердің 30-35 пайызы оқуларын жоғары оқу орындарында (оның ішінде жоғары медициналық) жалғастыруға ынталы.

 

- Дуалды оқу жүйесі колледжде енгізілген бе? Оның тиімділігі қандай?

 

- Медициналық білім беруде дуалды оқыту бұрыннан қолданылады деп айтуға болады. Өйткені біздің оқушылар колледжде алған теориялық білімдерін емдеу мекемелерінде жалғастырады, бірақ дуалды оқытудың негізі - 3 жақты келісім-шарт жасап, оқуды бітірген түлекті жұмысқа тұрғызу. Қазіргі жағдайда дуалды оқыту жүйесі қолданбалы бакалавриат бойынша білім беру бағдарламасына көбірек келеді.

 

- Ұзақ жылдар бойы колледжде жұмыс істеген ардақты ұстаздардан кімдерді атар едіңіз?

- Коллдждің 90 жылдық тарихы бар. Оны облыстағы іргелі оқу орны деп айтуға болады. Колледжде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген ардақты ұстаздар ретінде А.Шарапатовты, Н.Сейтмамбетованы, Г.Толекованы, Г.Рысмаханованы, К.Бекетаеваны, Н.Иршаеваны, Б.Абдиканиеваны, Г.Нуратдинованы, С.Асауованы, С.Бижанованы, Р.Искакованы, Р.Жиеналиеваны, К.Қарабалаевты, А.Маханбетованы, Н.Нугманованы және т.б. атағым келеді.

 

- Салтанат Сейтқалиқызы, Жоғарғы медициналық колледж директоры қызметіне биылдан бастап кірісіп жатырсыз, жұмысыңызға жеміс тілеймін. Сұхбатыңызға рахмет.

 

Гүлдана АСАНОВА,

«Сыр медицинасы»