Ауа райы
Мерекелер

АЛҒЫСЫМДЫ АЙТАМЫНКөзімнің сырқатына байланысты Орынбор қаласына барып ауыр отаны басымнан өткіздім. Ауылға келгеннен кейін, отадан соңғы күтім кезінде емдерін жасаған «Тоқабай» дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері М.Сермағам бетоваға, медбикелер К.Көздібаева, Б.Әуезова, Г.Қартабаева, Д.Қуанышова, М.Рыстығұлова, Г.Ниязова, Қ.Сермағамбетова, М.Ерниязова мен фельдшер Е.Әлиевке, сондай-ақ, жылы сөздерімен тілекші бола білгендері үшін №248 орта мектептің мұғалімдеріне алғысымды айтамын.

 

 

 

 

Сәкен ҚОЖАНОВ,

Тоқабай ауылының тұрғыны.

 

Cурет Фотобанк ФОТОТАЙМС сайтынан алынды

 

«Толқын» газеті, 15 сәуір 2017 жыл

ЕЖЕЛГІ МЫСЫР МЕДИЦИНАСЫЕжелгі Мысыр мәдениетіндегі медицина туралы түсініктер саркофагтардағы көп санды иероглифтер, пирамидалардағы және де басқа да құрылыстардағы, папирустардағы жазулар болып саналады.

Қазіргі уақытта медициналық папирустардың ішінде: Әлемдер ауруына арналған Кахуна папирусы, Смит папирусы (тапқан ғылымның атымен аталған) 2000 ж б.э.д., хирургия бойынша, балалар ауруын емдеуге арналған Эберес 1500ж б.э.д. және Бругша (1450 – 1350 ж б.э.д.) медицинаның үлкен папирустары сақталған.
Эберес папирусында «Әртүрлі өсімдіктерден түрлі майлар мен шырындар алу туралы» 800 — ге жуық рецепт жазылған «Дененің әртүрлі бөліктеріне арналған дәрілерді дайындау кітабы» туралы бөлім бар.
Ежелгі Мысыр ауыр құртты аурулардың ошағы болған. Мысырлықтар жеке бас гигиенасына үлкен көңіл бөлген. Олар: темір ыдыстардан су ішіп, күндіз және түнде екі реттен жуынған. Месопатамиядағыдай Мысырда да кейбір үлкен храмдарда психикалық ауруларға арналған мекемелер болған. Олар емдеу мекемелерінен сары изоляторға ұқсас болған.
Мысырда науқасты емдеу үшін:жақпаларды, сулы ерітінділерді, , , қышаларды, таңбаларды және қашатпаларды қолданған. Жол желкен жапырақтары, жусан, теңіз жуасы, сіркесу, шарап, сыра ашытқылары кеңінен қолданылған. Минералды заттардың ішінен: квасты, қайнатылған тұзды және мемфи тастарын қолданған. Ал жануарлардың: майларын, өтін, миын, бауырын және ешкі сүтін, сонымен қоса балды қолданған.
Мысырда тері ауруларына арналған заттарды шығарған, сондықтан көптеген тарихшылар оны тері ауруларының отаны деп санады. Ежелгі Мысырда дәрігерлік мәдениет мамандандырылған дәрігерлердің қолында болған. Бірақ осы кезеңнің өзінде билер жоғары білімді болған және кейінгі ғасырларда медицинаның дамуына өз үлесін қосқан.

http://aqmeshit-zhastary.kz/daua/ezhelgi-mysyr-meditsinasy/

ШИПАГЕР

Қосты: ---Мерзімі: 13-04-2017, 16:43

ШИПАГЕРЖүрек-қан тамыр аурулары әлемдегі өлім мен мүгедектікке апаратын бірінші дерт. Соңғы жылдары елімізде де инфаркт пен инсульттен болатын өлім тым жиілеп барады. Адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардың дәрменсіздікке ұшырап, күйзеліске түсуі де көбеюде. Қызылорда өңірі — экологиялық аймақ. Байқоңыр ғарыш айлағы мен Арал теңізінің, мұнай, уран өндірісінің де зардаптары жоғары. Бұл факторлардың салдарынан жүрегінде ақауы бар балалар дүниеге келуде. Сондықтан білікті кардиолог мамандар ауадай қажет.

Білімді де, білікті жас кадрлар қажет тұста аймағымызға еңбек етуге келген жастардың бірі – Айкүміс Маншарипова. Ол облыстық медицина орталығының кардиологиялық орталығында кардиореабилитация бөлімінде еңбек етеді. Ол Жалағаш ауданындағы №123 Т.Жүргенов атындағы мектептің түлегі. Айкүміс дәрігер боламын деген бала күнгі арманына қанат бітіріп, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің «емдеу ісі» факультетінде білім алды. Терапия мамандығы бойынша интернатурадан, кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы бойынша резидентурадан өтіп, біліктілігін арттырды. Жалынды жас оқи жүріп Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің медицина орталығында және Ақтөбе облыстық ауруханада кезекші терапевт болып еңбек етті. Науқастарға жедел қызмет көрсету үлкен тәжірибе алаңы болды дейді кейіпкеріміз. Резидентураны бітіріп, Қызылорда облыстық медициналық орталықта кардиолог болып қызметке орналасты. Ауруханаға жедел және жоспарлы түрде түскен науқастардың жүрек ауруларын заманауи әдіс-тәсілдермен емдеді.
Айкүміс үнемі ізденіс үстінде жүреді. Медицина жаңа технологиялармен даму үстінде. Білімін жетілдіруді мақсат еткен дәрігер «Болашақ» бағдарламасының степендианты атанып, Израилдің Холон қаласындағы Э. Вольфсон атындағы медицина орталығында тағлымнамадан өтті. Кардиологиядағы диагностика мен емдеудің инновациялық әдістері және кардиология мен аритмологиядағы фармакотрапияның заманауи шараларын меңгерді.
— Республикалық және облыстық кардиологиялық орталықтар оңтайлы дамып келе жатыр. Себебі жоғары деңгейде көмек көрсетуге қажетті жағдайлар жасалуда. Дәрігерлер үздіксіз жаңашыл әдістерді үйреніп, білімдерін жетілдіруде. Әрине әлі де перифериялық деңгейде қиындық туғызатын мәселелер бар, оның барлығы болашақта шешіледі деген үміттемін. Израил мемлекеті алдыңғы қатарлы медициналық технологияларды қолданады. Ол жақтан үйренгендерімді, бар біліктілігім мен білімімді отандық кардиология қызметінің дамуына жұмсауға әзірмін. Менің алған білімім республикамызда медицинаның жоғары жетістікке жетуіне септігін тигізетініне сенімдімін, -дейді кейіпкеріміз.
Ең қауіптісі балалардағы туа бітті жүрек ақауын болдырмау үшін не істеу керек деп сұрақ қойдық. Оған да оңтайлы жауап берді.
— Біріншіден, ата-анасының денсаулығы әсер етуі мүмкін. Хромосомалық бұзылыстар, гендердің біреуінің мутациасы, сыртқы орта факторларының әсерлері, әке-шешесінің маскүнемдігі, қызамық вирусы, дәрі-дәрмектер, радиация т.б. Жүкті әйелдің бастапқы айларында жиі вирустық аурулармен ауыруы немесе тератогенді дәрі-дәрмек қабылдауы әсер етуі мүмкін. Алдын алу үшін балалы болуды жоспарлау керек. Әр адам өз денсаулығын күту, профилактикалық шаралар жасау, иммунитетін жақсарту, дұрыс тамақтану қажет. Жүктілік кезінде сақтану шараларын мұқият орындағаны жөн, — дейді жас дәрігер.
Денсаулық – басты байлық. Дәрігердің кеңесіне құлақ түріп, ұлпақ саулығын ойлаған абзал. Жалын жүректі, өршіл намысты жаңашыл жас маманға біз тек сәттілік тілейміз!
Гүлбану МАҚАЖАН

http://aqmeshit-zhastary.kz/daua/a-halatty-ajk-mis/

БЕТ КҮТІМІНЕ КӨҢІЛ БӨЛГЕН ЖӨНМедициналық косметологияға, алдымен медициналық тексеру жасалады. Тексерудің түр-түрі бар. Мысалға алсақ, мезотерапия, ботокс, криодермабразия сынды түрлері бар. Олар ине егу арқылы жасалады. Нақтылап айтар болсақ, мезотерапия – бұл процедура кезінде дәрілік препарат жіңішке инелер көмегімен терінің ортаңғы қабатына енгізіледі. Әдетте инъекциялар белгілі бір коктейлдерден жасалады.Көбінесе мұндай препараттарға гиалурон қышқылы, аминқышқылдары мен поливитаминдер кіреді. Биоревитализация – бұл гиалурон қышқылының инъекциясы. Бұл процедураны бетте ұсақ әжімдер пайда болғанда, бет реңі күңгірт тартқанда, ылғал азайғанда жасайды. Бірінші рет жасағаннан-ақ өзгерістер байқалады: әжімдер жазылады, тері жарқырап, ағара түседі. Биоревитализация мезотерапиядан ерекшелігі оның эпидермистің тереңірек қабатына жіберілуінде. Ал ботокске келер болсақ, оны бір нәрсені үлкейту деп түсінеді. «Ботокс жасаттым» дегенді көп естиміз. Шын мәнісінде ботокс – бұл теріге инъекциялық әдіспен енгізілетін дәрілік препарат. Препарат мимикалық әжімдерді бұғаттайтын ботулотоксиннен тұрады. Ботулотоксин егілген соң бұлшықеттер еркін күйге енеді. Ботокс көмегімен көз айналасындағы, маңдайдағы әжімдерді жазуға болады. Процедура сапалы жасалса, әсері 6-9 айға дейін сақталады. Криодермабразия – бұл өте төмен температуралар көмегімен теріні тазалау. Процедура сонымен қатар, бетке түскен дақтар мен тыртықтардан тазарта алады. Олар бірнеше кезеңмен жасалады. Бет бірнеше учаскеге бөлініп, арнайы аппаратпен процедура (криодеструкция) жасалады.

Бетті күту асқорту жүйесінен басталады. Адамның іш құрылысы дұрыс болмаса тері ешқашан дұрысталмайды. Жастардың тамақтануында күтім жоқ. Олар тәтті тағамдарды көп жейді. Ол тәбетті бұзады. Тағы да бір мәселе жастар спортпен аз шұғылданады. Соның салдарынан бауыр жолдарында іркіліс болып тері ауруларына апарады. Тері күтімін әдетке айналдыру керек. Бетті жуатын арнайы гелдер болады. Олар дәріханада сатылады. Бетке күнделікті күтім жасалса тері жақсарады. Скрабтың да өзіндік қолдану тәсілі бар. Скраб жаққаннан кейін күнге шығуға болмайды. Қара дақтар безеу ауруына әкеп соғады. Безеудің шығу салдары салақтықтың бір белгісі. Безеу табиғи тағамдарды жемеу салдарынан пайда болады. Тері түрлі сатыларға бөлінеді. Оның алғашқы сатысы — ешбір қиындығы жоқ, таза тері, екіншісіне — майлы тері, үшіншісі — проблемалы тері. Ол теріде бірінші безеу болады. Мұндайда теріні дәрігер косметологтарға көрсетіп, тазартуға тырысу керек. Терінің төртінші түрі – құрғақ тері, соңғысы – сезімтал тері. Адамның терісі жас ерекшелігіне байланысты бөлінеді. 13-15 жастағы өтпелі кезеңде жасөспірімдердің терісі ағзадағы гармондық өзгеріске байланысты өзгереді. Безеу мен бөртпенің шығатыны да осыдан. Сондай-ақ, 25 жастан бастап теріде қартаюдың алғашқы белгілері байқалады. Мысалға көз айналасында ұсақ әжімдер пайда болады. 35-45-55 жаста терінің қартаюы басталады. Беттегі нұр азайып, әжім түседі.
Өтпелі кезеңде безеу шығуы қалыпты құбылыс. Тек безеуді кетіру жолдарын білсеңіз болғаны. Медициналық тұрғыдан айтқанда, безеу май бездері көбейгендіктен, бауырдың не көк бауырдың жұмысы бұзылғанда шығады. Бетіне безеу көп шығатындар жұмыртқадан, қуырылған тамақтардан, мойонезден, тәтті тағамдардан, газды судан шектелгені дұрыс. Безеуі бар бетті күніне 4 мезгіл сабынмен жуып тұруға тырысу керек. Беттің таза болуы – 85 пайыз дұрыс тамақтануға байланысты. Сонымен қоса ұйқының дұрыс болмауы да бетке әсер етеді. Жазда күн көзінен қорғайтын SPF 15, SPF 20, SPF 25 нөмірлі иісмайларды міндетті түрде жағып жүру қажет. Және оны әрбір екі сағатта жуып тастап, қайта жағып тұру керек. Өйткені, күн нұры теріні қартайтып, тотықтырып жібереді. Екіншіден, дақ түсіреді. Ал қыста суықтан қорғау үшін құрамында белогы бар, майлы иісмайлар жаққан жөн.

 

Еркін АЛДОНҒАРОВ,
І санаттағы дерматовенеролог және косметолог,
косметология бөлімінің меңгерушісі

Біртанов: Медициналық білім беру саласын жемқорлық дендеп алдыДенсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, денсаулық сақтау саласы жемқорлықтан сау емес. Мұны Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бағалауына сілтеме жасай отырып, жемқорлық деңгейі бойынша денсаулық сақтау жүйесі Қазақстан экономикасының өзге салаларының арасында алғашқы бестікке енетінін айтты.

«Бұл жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша жұмыстардың дұрыс атқарылмай жатқандығын көрсетеді»,— деді ол.

Өткен жыл мен биылғы жылдың алғашқы үш айы ішінде жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін министрлікке тікелей бағынатын денсаулық сақтау ұйымдарыныңтоғыз лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, олардың жетеуі сотталған.

«Біріншіден, біз денсаулық сақтау министрлігінде жемқорлықтың барын мойындаймыз және өкінішке қарай, бұл жайт өршіп барады. Бұл ретте денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы бір жақты: біз бұған жол бермейміз.

Меніңше, баяндамада жемқорлық өршіп тұрған аса бір маңызды сала айтылмай кеткен секілді,ол— медициналық білім беру саласы.Бұл мәселеге де жете мән беруге тиіспіз.

Жоғары оқу орындарымызда жақсы баға алу үшін оқытушыларға заңсыз сый-сияпат беру дамып келеді.Біз болашақ әріптестерімізді алғашқы күннен осындай әрекетке баулып жатырмыз»,— дедіЕ.Біртанов.

 

http://www.oinet.kz/news/kogam/i4627

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Жастар денсаулығы мен өмірлік дағдылары: заманауи тәсілдер мен озық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның пленарлық мәжілісіне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Ержан Ерсаинов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығы директоры Жамиля Баттакова, Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ бағдарламаларының координаторы Айгүл Қадірова бастаған денсаулық сақтау саласының мамандары мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Конференцияны ашқан облыс әкімі шараның маңыздылығына тоқталды.

– Мемлекет басшысы – Ұлтымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алаштың анасына балаған біздің аймақ еліміздің жаңғыруына септік етер жасампаздықтың ортасы, талай батыл бастамалардың қайнар көзі болып келеді. Бүгінгі конференция аясында сөз болатын балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру, оларды түрлі қауіп-қатерлерден сақтап, денсаулығын нығайту, қазіргі заманға қажетті өмір дағдыларын қалыптастыру бастамасы да сол қатардағы аса маңызды елдік мәселе деп білеміз. Көптен бері біздегі саяси және экономикалық айналымнан түсіп қалған адами капитал ұғымы жаңғыртылды, оның сапасын көтеру мәселесі мемлекеттік маңызы бар басымдыққа айналды. Сапалы ұлттық адами капитал – әр жастың тұлға және маман ретінде қалыптасып, жетілуіне қатысы бар барлық салалардың тиімді жұмысына құралатын ортақ нәтиже. Сондықтан адами капиталды жақсарту – салааралық негіздегі жүйелі жұмысты талап ететін күрделі міндет. Ғаламдық деңгейдегі экономикалық тұрақсыздық, экологияның нашарлауы, мәдениет пен моральдің құнсыздануы, жаңа технологиялар мен медианың қуатты күші – әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына, ақыл-ойы мен мінез-құлқына, тұлғалық қасиеттері мен азаматтық бет-бейнесіне қатты әсер етуде. Бұл тек бізге ғана тән емес. Барлық озық елдер, жалпы әлем өскелең ұрпақтың тәні мен жанын аман сақтап, оларды санасы сау, сезімі сергек, ертеңінен үміті зор, үлкен өмірге дайындығы жоғары, жетілген тұлға ретінде қоғамға қосудың амалын іздеуде, – деді облыс басшысы.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құ¬қығын қорғау комитеті төрағасының ¬орынбасары Ержан Ерсаинов Білім министрінің республикалық кон-ференцияның ашылуымен құттықтаған хатын оқып берсе, Қазақстан Республикасындағы ¬ЮНИСЕФ бағ¬дар¬ламаларының координаторы Айгүл Қадірова өткен жылы еліміздің Білім және ғылым, Денсаулық сақтау және Ішкі істер министрліктері мен ЮНИСЕФ-тің бірлесе отырып, Қызылорда облысында суицидтің алдын алуға арналған пилоттық жобасының іске асы¬рыл¬ғаны жөнінде айтып өтіп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Жалпы, Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры – ЮНИСЕФ-тің мәліметтері бойынша, қазақстандық оқушылардың жартысы ғана денсаулығы жақсы деген топқа жатады, қалған балалар түрлі аурулар бойынша тәуекел топтарына тіркелген. Жастар денсаулығының индексі жылдан жылға төмендеп келеді. Мәселен, 5-тен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы суицид, яғни, өзіне өзі қол салу көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдегі ең нашар он елдің қатарында болса, 15-тен 29 жасқа дейінгі жастар арасындағы суицид жиілігі бойынша еліміз әлемдегі 4-орында екен.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлт¬тық орталығының директоры Жамиля Баттакова «Мек¬теп жасындағы балалардың өз денсаулықтарына қарым-қатынасының тәртібін бағалау және қоғамдық денсаулық сақтау бойынша ұсыныстар» тақырыбындағы баяндамасында облысымыздағы мектептер бойынша жүргізілген зерттеулердің қорытындысымен таныстырды. Мәліметтерге сүйенсек, 11-15 жас аралығындағы мектеп оқушыларының апталық шылым шегу көрсеткіші 1,8 пайызды қамтыса, бұл жастағылардың алкогольді сусындарды апта¬лық тұтынуы 3,6 пайызды құрайды екен. Мектепте айына екі реттен кем емес кемсітушілікке ұшырайтын балалар (11-15 жас аралығындағы) 6,9 пайызды құраса, осы жас шамасындағылар арасында айына екі реттен кем емес өзгелерге күш көрсететін оқушылар көсреткіші 3,7 пайызды қамтиды, ал, 11-15 жас шамасындағылар арасында үш және одан да жиі төбелесетіндер 7,4 пайызды құрап отыр екен. Сондай-ақ, мектеп жасындағы балалар арасында таңғы ас ішпейтін, фас-фуд пен тәтті сусындарды жиі қолданатындардың көп екенін зерттеу нәтижесі анықтаған. Осы орайда мамандар, таңғы ас ішпеу, тәтті сусындарды көп пайдалану балалар арасында семіздіктің белең алуына әкеп соқтыратынын айтады.

Пленарлық мәжіліс барысында, сонымен қатар, ¬«Ин¬теграциялық процестер арқылы психикалық ден¬¬¬сау¬лық қызметтеріне қолжетімділікті арттыру» тақырыбында «ҚР ДСМ штаттан тыс бас психиатр-наркологі, «Пси¬хи¬калық денсаулығының рес¬пуб¬ли¬калық ғылыми-тәжірибелік орталығының» бас дирек¬торы Сағат Алтын¬бековтің, «Қызылорда облысын¬да білім беру мек¬тептерінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында суицидті болдырмау мақсатында екіжылдық тәжірибелік жобасын енгізу: жетістіктерге қол жеткізу» тақырыбындағы облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаевтың өзге де бірқатар ма¬мандардың баяндамалары тыңдалды.

Конференция барысында, сондай-ақ, секциялық жұмыс¬тарға кезек берілді. «Кәмелетке толмаған жас¬өспірімдер арасындағы суицидті болдырмау» және «Жас-тар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын үйрету» тақырыптарында өткен секциялық мәжілістерде бірқатар баяндамалар оқылып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды, соңында конференцияның резолюциясы қабылданды.

Айнұр БАТТАЛОВА.

http://syrboyi.kz/negizginews/10659-skele-rpaty-sanasy-sau-sezm-sergek-bolsyn.html

ЖҰМЫСТЫ ЖҮЙЕЛЕУГЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫБиылғы жылдың шілде айынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Медициналық сақтандыру дегеніміз – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі болып табылады. Осы арқылы болашақта сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі артып, халық мұқтаждығына жауап бере алатындай денсаулық сақтау жүйесі қалыптасып, денсаулықты жақсарту, өмір сүру ұзақтығын ұлғайту секілді мәселелердің түйіні ағытылатын болады деп жоспарлануда. Бұл туралы басылым беттерінде түрлі сала мамандарының пікірлері де жарияланып жүр. Бүгін назарларыңызға аудандық медицина саласында талай жыл абыройлы еңбек еткен, дәрігер ардагер – Болат Күлімбетовпен болған сұқбатымызды ұсынуды жөн көрдік.


– Қалай ойлайсыз, міндетті әлеуметтік сақтандыру қарапайым халық үшін қаншалықты тиімді?

– Бірінші қарапайым халық деп кімдерді айтамыз? Осыны анықтап алуымыз қажет. Қызметкерлердің жөні бөлек, бұл жердегі әңгіме жұмыссыздар жайлы. Өйткені, жұмыс жасайтын адамдарға жұмыс беруші медициналық сақтандыру үшін белгілі бір мөлшерде қаржы аударып отыратындықтан олар үшін тиімді. Ал, енді жұмыссыздардың жұмыспен қамту орталығына тіркелгені қанша, тіркелмегені қанша? Мәселе осыдан шығады. Тіркелмегендер үшін қиындықтар тууы мүмкін. Сондықтан, шілде айына дейін барлық жұмыссыз азаматтарды тіркеуге алып үлгеру керек. Негізінде, міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі халық үшін пайдалы болмақ. Себебі, әр адам қай жерге барып ем қабылдайтынын өзі шешеді. Ал, емханалардың қаржысы оған баратын ем қабылдаушылардың санына қарай шешіледі. Сол кезде сапа да артатын болады.

– Оған ауданы­мыз­дағы медицина саласы жаңа жүйеге қаншалықты дайын деп ойлайсыз?

– Жаңадан қабылданған кез келген өзгеріс бір жүйеге түскенше қиындық тудыратыны қалыпты жағдай. Алайда, пайдалы жаңашыл бастама уақыт өте келе өз нәтижесін береді. Аудан көлемінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіншілік бар. Бірақ, мамандар жетіспейді.

– Маман жетіспегені қалай? Мұны жұмыс жасап жүрген қаншама дәрігерлер­дің сапасыздығы деп түсеніміз бе?

– Әңгіме осында. Аудан тұрғындары дәрігерлердің жұмысына қанағаттана бермейді. Неге? Себебі, қазір дәрігерлер «робот» секілді. Оның емделушімен отырып сөйлесуге уақыты жоқ. Себебі, дәрігер бір науқасты қарағанда амбулаторлық картаны толтыру, оны компьютерге түсіру, дәрі-дәрмектерді одан шығару секілді бітпейтін қағаздарды толтырады. Ереже бойынша, дәрігер бір сағатта 5 науқасты қарауы қажет. Сондықтан, дәрігердің қағазбастылықтан, науқасты мұқият тыңдап, онымен әңгімелесіп отыруға уақыты жоқ. Кеңестік кезеңде бізге «алдыңа келген науқас 50 пайыз ауруынан жеңілдеп қайтпаса, дәрігер емессің» деп тәрбиелейтін. Қазір керісінше, дәрігерлер бірінші қағаз толтыру керек. Ал, өзімен әңгімелеспеген науқастың дәрігерге көңілі толуы мүмкін емес.

– Қазіргі жас дәрігерлерге көңіліңіз толады ма?

– Барлығы бірдей емес. Мықты жас дәрігерлер бар, дегенмен, қарап тұрып қарның ашатындары да кездеседі. Бұл олардың білім алған оқу орындарына да байланыс­ты. Көбінесе Қарағандыдағы, Ақтөбедегі, Алматыдағы медициналық оқу орындары сапалы, білікті дәрігерлер дайындайды.

– Қоғамда дәрігерлер дөрекі, әр көрсеткен қызметі үшін белгілі бір «ставка» қойып қойған деген пікір бар. Бұған қалай қарайсыз?

– Дөрекі кім болады? Егер дәрігердің сауаты төмен болса, ол өзінен-өзі дөрекі болуға ұмтылады. Өйткені, дәрігер алдында отырған емделушіні мазалаған барлық сұрақтарына жауап беруі керек. Ол білікті маманның ғана қолынан келеді. Ал, дөрекі дәрігер өзінің сауатсыздығын жасыру үшін дөрекі болады. Мен осылай түсінемін. Ал, ақша алу бәсекелестік болмаса ешқашан тоқтамайды. Қашан жеке емханалар көптеп ашылады, сол кезде ғана жойылатын болады.

– Халыққа сапалы қызмет көрсететін емхана ашу ойыңызда бар ма?

– Иә, клиника ашуды жоспарлап қойғанмын. Мен ғана емес, басқа дәрігерлер де өз емханаларын ашатын болады. Бұл қолданысқа енгелі жатқан жаңа жүйенің ықпалы дер едім. Себебі, ертең қолында медициналық сақтандыру құжаты бар әр адам таңдап жүріп, ең сапалы деген емхана қызметіне жүгінеді. Өйткені, ол сол үшін ай сайын ақша төлейді ғой. Сол кезде емделушілер облыс орталығына қарай сабылмай, жергілікті жердің медициналық қызметіне жүгінуі қажет. Ал, қазір ауданымызда тіс емханаларынан өзге бәсекеге қабілетті медициналық орталық жоқ. Сондықтан, қолынан келген адам халықтың көңілінен шығатын емхана ашсын. Сонда ғана бәсеке болады, нәтижесінде, аудан медицинасының сапасы артады. Сол үшін де мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қолдаймын. Жалпы, өзін сыйлайтын білікті дәрігердің жеке емханасы болуы керек деп есептеймін. Бір сөзбен айтқанда, жаңа заң медицина саласындағы жұмысты жүйелеуге жол ашады.

– Ол жерде қандай қызмет түрлерін ұсынатын болады?

– Бастапқыда ине шаншу бөлмесі, инемен емдеу, өт жуу, массаж болады. Кейіннен сүлікпен емдейтін боламын.

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Cурет Ассоциация налогоплательщиков Казахстана сайтынан алынды

Сұқбаттасқан Гүлхан ЯХИЯЕВА

«Өскен өңір» газеті

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК КІМГЕ ТИЕСІЛІ?Басымыз ауырып, буындарымыз сыздап, сырқаттанып қалған жағдайда бірінші кезекте емхананың ақ халатты абзал жандарының көмегіне жүгінетініміз бар. Сонымен қатар, дәрігерге тексеріліп, дәрілік рецепт тағайындаған уақытта дәрі-дәрмектерді тегін алуға ұмтылатынымыз да бар. Несін жасырайық, қазір дәрінің бағалары тым  қымбат. Деректерге сүйенсек, өткен жылдың соңында еліміздегі дәрі-дәрмек бағасы 50-70 пайызға дейін қымбаттаған. Ведомство өкілдері жыл басында 3 мыңнан астам дәрі-дәрмек пен емдік заттардың бағасына мониторинг жүргізген. Соның ішінде 2842 дәрінің бағасы қымбаттағаны белгілі болыпты.
Баршамызға мәлім, 2010 жылғы 29 қарашада Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсаты тұр. Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің қолжетімділігі «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі» шеңберінде, стационарлық деңгейде (емхананың күндізгі емдеу бөлімі арқылы) медициналық ұйымдарына бөлінген дәрі-дәрмектер формулярына сәйкес жүзеге асырылады. Амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмектер мен арнайы медициналық құралдардың тізімі негізінде тегін, жеңілдікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету амбулаторлық-емханалық ұйымдарға тұрғындардың тұрғылықты жері бойынша тіркелген жағдайда және дәрігердің рецептісі арқылы жүзеге асырылып, дәрі-дәрмектер тегін босатылады.
Қазір көп жағдайда халықтың аузында «осы үкіметтен берілетін тегін дәрі-дәрмек қайда кетіп жатыр? Есепте тіркелген науқас болсақ та, тегін дәрі ала алмаймыз. Қашан барсаң да «дәрі таусылып тұр, – деп шығарып салады. Жыл басындағы әңгімелерін жыл соңында қайталап, сан түрлі сылтаулары таусылмайды олардың деп жатады. Тіпті жедел жәрдем станциясында қарапайым дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектің жоқ болып жататынын кімнен жасырамыз? Дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Тұрғындар тарапынан осындай әңгімелердің тарауына не себеп? Шынында, осы тегін дәрі-дәрмек кімдерге тиесілі? Бюджеттен қанша қаражат бөлінсе де, кейбір науқастар өздеріне қажетті тегін дәрілерді ала алмай әлек. Әдетте, жыл соңына қарай қажетті препараттар бәріне жетпей қалып жатады. Осыған орай ауданымызда тегін медициналық көмек қалай жүзеге асып жатыр, мұндай көмек қандай науқастарға тиесілі, тегін медициналық көмек турасында халыққа қандай ақпарат берілуде деген сауалдар бойынша аудандық емхананың бас дәрігеріне хабарласқан едік.
Бас дәрігер Я.Шорабаевтың берген мәліметіне сәйкес бүгінгі таңда мемлекет тарапынан аудан халқы оның ішінде диспансерлік есепте тұратын науқастар тегін берілетін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуде. Аудан бойынша барлығы 15764, оның ішінде 3869 балалар диспансерлік есепте тұрады. Дәрі-дәрмекке сұраныс беру әрбір аймақ дәрігерімен ғана беріледі. Есепте тұратын науқастардың барлық деректері толтырылып, жылдың аяғында келесі жылға беріледі. Тегін дәріге тендер облыстық денсаулық сақтау басқармасымен жүргізіледі. Жылдың басы мен аяғында дәрі-дәрмекпен науқастарды толық қамтамасыз етуде қиындықтар туындайды. Айта кететін бір мәселе, диспансерлік есепке жаңадан алынған науқастар жайында бұл санаттағы науқастар тегін дәрі алатын науқастар есебінде болғандықтан, бірақ, ол науқастарға сұраныс берілмегендіктен дәрі мөлшері жеткіліксіз болып қалады. Диспансерлік науқастардың санына байланысты біз тегін дәрі-дәрмекке сұраныс жасаймыз. Ондай ауруларды анықтаудың бір тәсілі ол – скрининг. Халықтың жыл сайынғы скринингтен өтуі арқылы аурулардың алдын алу шаралары жүргізіледі. Кей кездері скринингтен өтуге келген кісінің денсаулығы сыр бермесе де, кейбір аурулар анықталып жатады. Содан соң ол науқас диспансерлік есепке алынады. Диспансерге алынған науқасқа міндетті түрде тегін дәрі-дәрмек берілу керек. Сондықтан, жыл соңына қарай тегін дәрі таусылып, тапшы болады. Осы орайда халық тарапынан сәл түсініспеушілік туындайтын мәселе ол тегін берілетін сүт қоспасы жайында. Сүт қоспасы тегін берілетін айғақтар екі санатқа бөлінеді, ол абсалюттік және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы босатылады. Абсалюттік көрсеткіштерге бала асырап алу, анасы АҚТҚ \ВИЧ инфицированный\ болған жағдайда. Туберкулезбен ауыратын ана және баланың генетикалық
ауруы болуы. Салыстырмалы көрсеткіштері: егіз балалар, анасы күндізгі бөлімде оқитын студенттердің балаларына, анасы денсаулығына байланысты ауруханада жатқан жағдайда, анасы онкологиялық аурумен және психикалық аурумен ауыратындарға, анасының ауыр жүрек, бүйрек, эндокриндық, іріңді-септикалық жағдайы болғанда тегін босатылады.
ҚР ДСМ-нің 04.11.2011 ж. №786 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес диспансерлік есепте тұратын барлығы — 50 ауру түрі тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде жергілікті бюджеттен — 37 ауру түрі, республикалық бюджеттен 13 ауру түрі бар.
Тағы бір айта кететін жайт, тегін медициналық көмектің бар екендігі жөніндегі ақпараттарды халыққа жеткізіп тұрамыз. Оған қандай ауру түрлері жататындығы және тіркеуге қалай тұру қажеттігі жайындағы толық ақпараттар тізімі аурухананың тіркеу бөлімінде де хабарлама арқылы берілген. Кесте бойынша бізде ашық есік күндері өткізіліп тұрады. Сол күндері кез келген адам келіп өзінің сұрақтарын қоя алады.
Диспансерлік тіркеуден тек ауруынан айыққан жағдайда, тұрғылықты жерден қоныс аудару мен науқастың дүниеден өтіп кетуіне байланысты ғана шығарылады, – деді бас дәрігер.
Міне, жоғарыда айтылғандардың негізінде, тегін дәрі-дәрмектер кімдерге тиесілі екендігін білдік. Осы орайда құрметті оқырман сіздер өздеріңізге тиесілі дәрі-дәрмекті алуға өз құқықтарыңыз барын ұмытпаңыздар. Кез келген азамат өз құқығыңызды біліп жүргеніңіз абзал. Сонымен қатар осындайда көкейіңізде жүрген зәру мәселелер мен маңызды сауалдарға «Өскен өңір» газетіне хабарласып, хат жазсаңыздар болады.

Айнұр НАЗАРОВА
«Өскен өңір» газеті

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА КЕЛДІБүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған республикалық ақпараттық — насихаттық топ Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаҺандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Қызылордаға келді. АНТ мүшелері Қызылорда облысының ахуалдық орталығының жұмысымен танысып,облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен және аймақ активімен кездесті. Сонымен қатар медициналық ақпараттық жүйені енгізудің таныстырылымын өткізді.

Облыстың актив отырысында Елбасы Жолдауының басым бағыттары, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің артықшылықтары түсіндірілді.
— 2016 жылы медицина қауымына, тұрғындарға, жұмыс берушілерге түсіндіру, талқылау жұмыстары жүргізілді. Облыс көлемінде арнайы штабтар құрылып, жұмысы ұйымдастырылса, ақпараттандыру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталды,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиынды аша отырып.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымының орынбасары Ерік Байжүнісов сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктері туралы айтып, жиынға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Мұнан соң Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мен «SANA-MED» ЖШС арасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде№2 қалалық емхана жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.
Осы күні ақпараттық-насихаттық топ мүшелері медициналық қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлермен және сала мамандарымен кездесті.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА КЕЛДІ
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА КЕЛДІ
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА КЕЛДІ



http://syr-media.kz/news/r-densauly-sa-tau-ministri-yzylorda-a-keldi/

5 сәуір күні ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған республикалық ақпараттық - насихаттық топ Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаҺандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Қызылордаға келді. АНТ мүшелері Қызылорда облысының ахуалдық орталығының жұмысымен танысып, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен және аймақ активімен кездесті. Сонымен қатар медициналық ақпараттық жүйені енгізудің таныстырылымын өткізді.

Облыстың актив отырысында Елбасы Жолдауының басым бағыттары, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің артықшылықтары түсіндірілді.

- 2016 жылы медицина қауымына, тұрғындарға, жұмыс берушілерге түсіндіру, талқылау жұмыстары жүргізілді. Облыс көлемінде арнайы штабтар құрылып, жұмысы ұйымдастырылса, ақпараттандыру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталды,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиынды аша отырып.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымының орынбасары Ерік Байжүнісов сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктері туралы айтып, жиынға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Мұнан соң Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мен «SANA-MED» ЖШС арасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде №2 қалалық емхана жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

Осы күні ақпараттық-насихаттық топ мүшелері медициналық қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлермен және медицина қауымымен кездесті.

http://syrboyi.kz/negizginews/10615-r-densauly-satau-ministr-zhmys-saparymen-yzylordada-boldy.html