Ауа райы
Мерекелер

БЕТ КҮТІМІНЕ КӨҢІЛ БӨЛГЕН ЖӨНМедициналық косметологияға, алдымен медициналық тексеру жасалады. Тексерудің түр-түрі бар. Мысалға алсақ, мезотерапия, ботокс, криодермабразия сынды түрлері бар. Олар ине егу арқылы жасалады. Нақтылап айтар болсақ, мезотерапия – бұл процедура кезінде дәрілік препарат жіңішке инелер көмегімен терінің ортаңғы қабатына енгізіледі. Әдетте инъекциялар белгілі бір коктейлдерден жасалады.Көбінесе мұндай препараттарға гиалурон қышқылы, аминқышқылдары мен поливитаминдер кіреді. Биоревитализация – бұл гиалурон қышқылының инъекциясы. Бұл процедураны бетте ұсақ әжімдер пайда болғанда, бет реңі күңгірт тартқанда, ылғал азайғанда жасайды. Бірінші рет жасағаннан-ақ өзгерістер байқалады: әжімдер жазылады, тері жарқырап, ағара түседі. Биоревитализация мезотерапиядан ерекшелігі оның эпидермистің тереңірек қабатына жіберілуінде. Ал ботокске келер болсақ, оны бір нәрсені үлкейту деп түсінеді. «Ботокс жасаттым» дегенді көп естиміз. Шын мәнісінде ботокс – бұл теріге инъекциялық әдіспен енгізілетін дәрілік препарат. Препарат мимикалық әжімдерді бұғаттайтын ботулотоксиннен тұрады. Ботулотоксин егілген соң бұлшықеттер еркін күйге енеді. Ботокс көмегімен көз айналасындағы, маңдайдағы әжімдерді жазуға болады. Процедура сапалы жасалса, әсері 6-9 айға дейін сақталады. Криодермабразия – бұл өте төмен температуралар көмегімен теріні тазалау. Процедура сонымен қатар, бетке түскен дақтар мен тыртықтардан тазарта алады. Олар бірнеше кезеңмен жасалады. Бет бірнеше учаскеге бөлініп, арнайы аппаратпен процедура (криодеструкция) жасалады.

Бетті күту асқорту жүйесінен басталады. Адамның іш құрылысы дұрыс болмаса тері ешқашан дұрысталмайды. Жастардың тамақтануында күтім жоқ. Олар тәтті тағамдарды көп жейді. Ол тәбетті бұзады. Тағы да бір мәселе жастар спортпен аз шұғылданады. Соның салдарынан бауыр жолдарында іркіліс болып тері ауруларына апарады. Тері күтімін әдетке айналдыру керек. Бетті жуатын арнайы гелдер болады. Олар дәріханада сатылады. Бетке күнделікті күтім жасалса тері жақсарады. Скрабтың да өзіндік қолдану тәсілі бар. Скраб жаққаннан кейін күнге шығуға болмайды. Қара дақтар безеу ауруына әкеп соғады. Безеудің шығу салдары салақтықтың бір белгісі. Безеу табиғи тағамдарды жемеу салдарынан пайда болады. Тері түрлі сатыларға бөлінеді. Оның алғашқы сатысы — ешбір қиындығы жоқ, таза тері, екіншісіне — майлы тері, үшіншісі — проблемалы тері. Ол теріде бірінші безеу болады. Мұндайда теріні дәрігер косметологтарға көрсетіп, тазартуға тырысу керек. Терінің төртінші түрі – құрғақ тері, соңғысы – сезімтал тері. Адамның терісі жас ерекшелігіне байланысты бөлінеді. 13-15 жастағы өтпелі кезеңде жасөспірімдердің терісі ағзадағы гармондық өзгеріске байланысты өзгереді. Безеу мен бөртпенің шығатыны да осыдан. Сондай-ақ, 25 жастан бастап теріде қартаюдың алғашқы белгілері байқалады. Мысалға көз айналасында ұсақ әжімдер пайда болады. 35-45-55 жаста терінің қартаюы басталады. Беттегі нұр азайып, әжім түседі.
Өтпелі кезеңде безеу шығуы қалыпты құбылыс. Тек безеуді кетіру жолдарын білсеңіз болғаны. Медициналық тұрғыдан айтқанда, безеу май бездері көбейгендіктен, бауырдың не көк бауырдың жұмысы бұзылғанда шығады. Бетіне безеу көп шығатындар жұмыртқадан, қуырылған тамақтардан, мойонезден, тәтті тағамдардан, газды судан шектелгені дұрыс. Безеуі бар бетті күніне 4 мезгіл сабынмен жуып тұруға тырысу керек. Беттің таза болуы – 85 пайыз дұрыс тамақтануға байланысты. Сонымен қоса ұйқының дұрыс болмауы да бетке әсер етеді. Жазда күн көзінен қорғайтын SPF 15, SPF 20, SPF 25 нөмірлі иісмайларды міндетті түрде жағып жүру қажет. Және оны әрбір екі сағатта жуып тастап, қайта жағып тұру керек. Өйткені, күн нұры теріні қартайтып, тотықтырып жібереді. Екіншіден, дақ түсіреді. Ал қыста суықтан қорғау үшін құрамында белогы бар, майлы иісмайлар жаққан жөн.

 

Еркін АЛДОНҒАРОВ,
І санаттағы дерматовенеролог және косметолог,
косметология бөлімінің меңгерушісі