Ауа райы
Мерекелер

 

31.03.2017

Қарағандыдағы медицина университетінің болашақ дәрігерлеріне электронды қондырғы дәріс береді. Әзірге еліміздің ешбір жоғарғы оқу орнында жоқ «теле-ментор» деп аталатын заманауи жабдықтың мүмкіндігі мол, - дейді ұстаздар. Студенттер бұл арқылы тамырдан қан алу, уланған адамның асқазанын тазалау, қан қысымын өлшеуді үйренеді. Бұдан бөлек, науқаспен қалай қарым-қатынас жасау қажеттігін де біледі. Әмбебап қондырғы медициналық көмектің 20-ға жуық түрін оқытып үйретеді. Студент тапсырманы орындаған соң, автоматты түрде баға қояды.

Гүлшат Кемелова, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ұстазы:

- Біз ешқандай шектеу қоймаймыз. Студенттер кез-келген уақытта келіп, бұл жерде біліктілігін шыңдай алады. Егер берілген тапсырманы түсінбеген немесе сынақтан сүрінген жағдай болса, бірнеше рет орындауға мүмкіндік бар. Бұл жерде студенттің білімін мұғалім емес, заманауи қондырғы бағалайды.

Дереккөз: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/170395-ara-andyny-bolasha-d-rigerlerine-elektrondy-ondyr-y-d-ris-beredi