Ауа райы
Мерекелер

 

31.03.2017

Қарағандыдағы медицина университетінің болашақ дәрігерлеріне электронды қондырғы дәріс береді. Әзірге еліміздің ешбір жоғарғы оқу орнында жоқ «теле-ментор» деп аталатын заманауи жабдықтың мүмкіндігі мол, - дейді ұстаздар. Студенттер бұл арқылы тамырдан қан алу, уланған адамның асқазанын тазалау, қан қысымын өлшеуді үйренеді. Бұдан бөлек, науқаспен қалай қарым-қатынас жасау қажеттігін де біледі. Әмбебап қондырғы медициналық көмектің 20-ға жуық түрін оқытып үйретеді. Студент тапсырманы орындаған соң, автоматты түрде баға қояды.

Гүлшат Кемелова, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ұстазы:

- Біз ешқандай шектеу қоймаймыз. Студенттер кез-келген уақытта келіп, бұл жерде біліктілігін шыңдай алады. Егер берілген тапсырманы түсінбеген немесе сынақтан сүрінген жағдай болса, бірнеше рет орындауға мүмкіндік бар. Бұл жерде студенттің білімін мұғалім емес, заманауи қондырғы бағалайды.

Дереккөз: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/170395-ara-andyny-bolasha-d-rigerlerine-elektrondy-ondyr-y-d-ris-beredi

АЛТЫН ЖҮРЕКТІ ДӘРІГЕРМен бұл ақ халатты абзал жанмен жақын таныс болғаныма 2-3 жылдың жүзі болды. Жалпы ауданда халықтың көпшілігі дәрігерді жақсы біледі. Себебі Қарлығаш Құлбаева жиырма жылдан бері еңбек етіп жүрген аудандағы санаулы мамандардың арасындағы ең танымал дәрігер-кардиолог. Пенде болған соң басы ауырып, балтыры сыздамайтыны жоқ. Соңғы үмітті дәрігерден күтетініміз жасырын емес. Қазақшасы мен орысшасы бірдей дәрігермен сөйлесе келе оның жүрегі нәзік, мейірімді жан екеніне көзіңіз жетеді. «Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деген рас-ау дейсің осындайда.
Алатаудың баурайындағы сұлу шаһар Алматыда туып-өсіп, сондағы №41 орыс орта мектепте оқыған Қарлығаш Әлиқызы ата-анасының мейіріміне бөленіп өседі. Асқар таудай әкесі Әли бар ғұмырын инженер-энергетика саласына арнап, 55 жасында дүниеден өтеді. Аяулы анасы Қайыркамал-ақ халатты абзал жан. Зейнеткерлікке шыққанша ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты емханада терапевт-дәрігер қызметін атқарған. Қос бауыры Асқар ағасы мен Ақтоқты сіңлісі әскери қызметте.
 
– Менің анам өте керемет жан болатын. Оның сүйікті ісі – дәрігерлік қызмет. Менің анамның жолын таңдауым бекер емес. Ол сондай мейірімді жан болатын. Талай науқастарды қабылдап, емдеген кездерін көзіммен көрдім. Анамның алғаны тек алғыс болатын, -дейді Қарлығаш Әлиқызы бүгінде дүниеден өткен анасы жайлы.
Тұла бойы тұңғышы Қарлығаштың таңдауын құптаған ата-анасы дәрігерлік мамандықты алуына бар жағдай жасайды. Мектеп бітірісімен 1985 жылы Алматы медициналық институтқа оқуға түсіп, емдеу ісі факультетін терапевт-дәрігер мамандығы бойынша бітіреді. Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында бір жыл интернатурадан өтеді. Мамандықты терең игеру мақсатында 2 жылдық клиникалық ординатурадан кардиология мамандығын Кардиология ғылыми-зерттеу институтында оқып, сонда еңбек жолын бастайды. Бала кездегі арманы орындалған Қарлығаш Әлиқызы мықты кардиолог-дәрігер атанды. Біліктілігі мен ізденімпаздығының арқасында бірнеше жылдың ішінде жоғары санатты маман иесі болады. Оған ата-анасынан алған тәрбиесі, әке үйіндегі өнегесі үлгі болады. Өмірлік серігін Алматыда кезіктіріп, Сыр еліне келін болу бақытын бұйыртқан тағдырына риза. Тереңөзектік азамат, үлкен шаңырақтың кенжесі Жеңісбек аға Қарлығашты келін етіп түсіреді. Міне сол, 1997 жылдан бері тура 20 жыл өтті. Отбасылық өмір, ата мен ененің өнегесі, қаймағы бұзылмаған қазақы қалыпты жатсынбай, перзент сүйіп, қайта тез сіңсіп кетеді. Шаңырақтың құты мен берекесіне айналған жас келін атасы соғыс ардагері Тұрған ата мен енесі Бибайша ананың жағдайын жасауға да сүйікті ісі дәрігерлікті қатар алып жүруді де қиынсынбайды. Бірнеше жылдар бойы аудандағы жалғыз өзі кардиолог-дәрігер қызметін абыроймен атқарып жүрген Қарлығаш Әлиқызы талай науқастың сауығып кетуіне себепкер болды. Күнделікті 30-35 көрінушіні қабылдап, жүрегінде ақауы барына күдіктенсе, дереу қосымша тексерулер тағайындап, сол адамның толыққанды сауығып кетуін бақылап, дәрігерлік нұсқаулық беру оның күнделікті жұмысы. Дәрігердің өзінің айтуынша «шаршадым» деген кезі болмайды. Бұл, сірә, өз ісіне шын берілген адамның бойында ғана кездесетін қасиет шығар.
-Мен жұмысымнан шаршамаймын, қайта адамдармен қарым-қатынас, олардың дертіне шипа табылғанына қуанамын. Қазір жүрек ишемиялық аурулар мен артериалды гипертензия көбейіп кетті. Есепке 600-дей науқас алынған. Бұрын жасы егде тартқандар науқастанса, бұл ауру жас талғамайтын дәрежеге жетті. Мұны мен дәрігер ретінде адамдардың күйзелісте жүруімен байланыстырамын. Ашушаңдық, мезгілінде тамақтанбау, әлеуметтік жағдай осы дертке әкеп соқтыратын жағдай,-дейді білікті дәрігер бүгінгі күннің өзекті мәселесі туралы толғанып.
Шын мәнінде өз денсаулығына немқұрайлы қарау уақытылы дәрігерге көрінбеу салдары оқыс жағдайға әкелетіні белгілі. Сондықтан дерттің алдын алумен күресуге шаршамайтын ақ халатты абзал жан өз міндетіне адал қарайды. Ол туралы әріптесі, дәрігер Тәжігүл Раманқұлова былай дейді.
-Білікті дәрігер қашанда керек. Мен әріптесімді ауданға келгеннен білемін. Қарлығаштың жұмысына адалдығы, әділдігі, әсіресе құжаттарға аса ыждағаттылығы үлгі етуге лайық. Науқастармен қарым-қатынаста, диагноз қойғанда қателікке жол бермейді. Қарлығаштың мықты кардиолог екенін облыста өткен алқалы жиындардың бірінде министрліктен келген өкіл Раушан Қасымқызының сөзі де дәлел болады. Ол кісі біздің маман жайлы бірауыз жақсы лебіз айтты. Соның өзі Қарлығаштың білікті маман екенін аңғартады.
Өзіне жақын әпкесіндей болған Тәжігүл Жорабекқызын дәрігер ақылшы ұстазы деп есептейді. Сондай-ақ ол әріптестерінің арасынан Айгүл Жакупованың да есімін ерекше атайды. Білікті дәрігермен үнемі тәжірибе алмасып, ақылдасып, кеңесіп отырады.
Жұмыстың шамадан тыс көп болуы, әрі соңғы жылдары жүрекке шағымданушылардың күрт өсуіне орай денсаулық саласының басшылары қосымша кардиолог-дәрігер сұратқан. Сұраныс қанағаттандырылып, жыл басынан бері жас маман жұмысқа кірісті. Гүлзат Тыныштықбаева осы саланы меңгеріп, үйреніп келген кардиолог. Әлі де білгенінен үйренері көп маманға Қарлығаш Әлиқызы тәжірибесін үйретуден жалықпайды,
-Қазір адамдар скринингтік тексерулер өтуде. Бұл аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Әйтпесе тұрғындар өз еркімен келіп, тексерілуге қалыптаспаған. Жалпы біздің салада қандай дертті болмасын ерте анықтау үшін диагностика жасалады. Белгілі бір ауру түріне күдіктенсек, ол расталса, жоспарлы түрде отаға дайындаймыз, сөйтіп, науқастарды сауықтырамыз,-деді өзінің жұмысы жайлы дәрігер Қ.Құлбаева. Жауапкершілікті, ізденімпаздықты алдына мақсат еткен білікті дәрігер отбасында мейірімді ана, аяулы жар, барлық кезде жұбайымен ақылдасып, келісіп отыру шаңырақтың берекесін арттыратынына сенеді және әрдайым солай жасауды жөн көреді. Анасына қарап бойжетіп келе жатқан Ляйла қазір Алматы қаласында жоғарғы оқу орнының екінші курс студенті, болашақ педагог. Кенже қызы Батиха мектепте, тоғызыншы сыныпта, өнерге жақын. Екеуі де ата-аналарын мақтан ететін сүйікті перзенттер.
-Менің Сыр еліне келін болып түскеніме 20 жылдай уақыт болды. Осы киелі топыраққа сіңісіп кеттім. Ата-енемнің берген батасы, ата-анамның ықыласы, ел-жұрттың ризашылығына кенелгендігім болар, көгеріп, көктедік. Ағайын-туыстың, абысын-келіндердің арасында сыйластығымыз бар. Осыған шүкіршілік етемін. Отбасы бақыты деген осы емес пе,-дейді көңілі жайдарланған абзал жан. Әйел бақытына бөленіп, сүйікті дәрігер атанған Қарлығаш Әлиқызының абырой төрінен көріне беруіне тілектеспіз.

Бибісара ЖАНӘЛІ

 

Мемлекет қолдауымен кәсібін кеңейткен кәсіпкер«Шырақ» клиникасы Қызылорда облысына ғана емес, өзге өңірлерге де жақсы танымал. Аталған орталық көздің көру қабілетін субъективті және объективті зерттеу бойынша офтальмологиялық қызметтің барлық түрін, көз жанарының рефракциясы,көздің алдыңғы бөлігіне биомикроскопия және тағы басқа қызметтер көрсететін аймақтағы жалғыз клиника болып табылады. Жоғары санаттағы дәрігер-офтальмолог Дина Сүлейменова офтальмологиялық орталықтың негізін қалағанына небәрі 7 жыл толса да, қысқа мерзім ішінде ол үлкен нәтижелерге қол жеткізді.

Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметке жұмыс жасағанмедициналық институт түлегі Дина Сүлейменова кейіннен жеке бизнесін бастап, өзінің офтальмологиялық орталығын ашты. Бұл саланы қолға алу барысында жолдасы көмектесіп, толықтай қолдады және бүгінде танымал «Шырақ» клиникасынолар бірге басқарып келеді.

Мемлекет қолдауымен кәсібін кеңейткен кәсіпкер-«Көз қорқақ, қол батыр» деген сөздің жаны бар, жаңа бизнес бастайтын кезде барлық адамда қорқыныш туындайтыны рас. Ең бастысы біз кедергілерден өтіп, клиника жұмысын жөнге қойдық. Бүгінде орталығымызда кеңес беруден бастап көздің кемшілігін түзетуге дейінгі біршама қызмет түрлері көрсетілуде. Біздің басты құндылығымыз жұмыс жасайтын білікті мамандарымыз деп білемін. Орталық персоналытек жоғары санаттағы сапалы қызмет көрсететін білікті мамандарған құралған. Осының арқасында біз өз емделушілеріміздің сенімінен шығып, клиникамыз аймақта үнемі үздіктер қатарынан көрінуде,- дейді Дина Сүлейменова.

Өткен жылы кәсіпкерлік қызметін дамыту үшін Дина «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 14% үстемемен несие рәсімдеді және пайызды субсидиялау бағдарламасының көмегімен кәсіпкердің несие ауыртпалығы 2 есеге төмендеді.

- Несие қаражатын клиникада ұсынатын қызмет түрін көбейтуге мүмкіндік берген көздің микрохирургиясына арналған ең соңғы үлгідегі жоғары технологиялық хирургиялық құрылғы сатып алуға жұмсадық. Біздер осыған дейін науқастарға диагностика жасап, тексеруден өткізген соң хирургиялық ем алуы үшін басқа қалаға жолдайтынбыз, қазіргі таңда қол жеткізген жаңа құрал-жабдықтардың көмегімен ота жасайтын арнайы кабинет ашып, шел басқан көздерге микрохирургиялық әдіспен ем жасаймыз. Мемлекеттік қолдаудың арқасында біз бизнесті дамыту бойынша өз жоспарымызды жүзеге асырып, жаңа жұмыс орындарын аштық. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындарға сау көз жанарын сыйлау- дейді Дина Сүлейменова.

http://syrboyi.kz/zedelnews/10455-memleket-oldauymen-ksbn-keeytken-kspker.html

Дәрігерлердің жағдайы туралы ФБ-дағы жазбаМұхтар Тайжан

 

Чего добились латыши за 25 лет Независимости? Пример: латышские врачи покупают себе личные 2-3 местные самолетики по 200 тыс долл в кредит под 3% годовых с первоначальным взносом в 15% и летают по Европе, например, на оперу в Вену на выходные. Визы не нужны, они в Шенгене, в ЕС и НАТО. Услуги частной взлетно-посадочной полосы в районе 100 евро.
Это реальность для их врачей сегодня. А ведь мы были 25 лет назад в одном советском загоне. У них нет нефти, население страны как наш Алматы.
И еще. У них есть дни, когда все обязаны вывешивать свой флаг. А нас за это могут осудить.
Вот так. 25 лет Независимости и такие разные результаты, такая разная идеология.

Даулетбек Жолманов

Бізде дəрігерлердің айлығы шəйлығына жетпейді! Постоянное унижение, оскорбление, угроза, жерден алып, жерге салу медицина қызметкерлерін! Дəрігерлер де медбикелерде заң жүзінде қорғалмаған! Кез келген пациент сені боқтап, күш көрсетіп қырам да жоям деп, үстіңнен арызды қарша боратады! Ал құқық қорғау органдары,əкімдіктегілер дəрігерді емес, жала жауып арыз жазғандардың сөздерін сөйлеп, соларды қолдап қорғайды! Алатын айлықтары мардымсыз, тіпті айтуға ұят! Күндіз түні дежурства! Представте себя, бір күн сол дəрігерлер мен медсестралар, жедел медициналық жəрдемдегілер ауру жандарға жедел жəне шұғыл көмек көрсетпесінші не болар еді!? Оны көз алдыңа елестетудің өзі өте страшно!!! Сондықтан, медицина қызметкерлерін қорламаңыздар,керісінше жұмыс жасауларына барлық мүмкіншілікті жасаңыздар! Жалпы денсаулық сақтау жүйесі де реформадан көз ашпай келе жатырған саланың бірі! Мен айтар едім: не надо реформировать, а надо реанимировать! Совет медицинасын кезінде бүкіл дүние жүзі мойындаған! Оған дəлел1978 жылға Алматы декларациясы!!!

Сурет Kompravda.euсайтынан алынды

ИСКАКОВ Молдахмет: ӘР АЗАМАТ ТУҒАН ЖЕРІНЕ ҚАРЫЗДАР

 

СЕНБІЛІК СҰХБАТ

 


«БІТЕР ІСТІҢ БАСЫНА, ЖАҚСЫ КЕЛЕР ҚАСЫНА» ДЕГЕНДЕЙ, ТУҒАН ТОПЫРАҒЫМЫЗДА ЖАҢАЛЫҚ АТАУЛЫНЫ ЖАНЫМЕН ҚОЛДАП, ОНЫ ҚАЖЫРЛЫЛЫҚПЕН ІСКЕ АСЫРЫП ЖҮРГЕН АСҚАҚ РУХТЫ БІР АЗАМАТЫМЫЗ БАР. ОЛ - МОЛДАХМЕТ ИСКАКОВ. АУДАНДЫҚ АУРУХАНАДА ТҰҢҒЫШ РЕТ РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМІН АШЫП, ӨЗІ СОНЫ БАСҚАРҒАН, ОТЫЗ ЖЫЛДАН БЕРІ ЕЛ САУЛЫҒЫ ЖОЛЫНДА ЖАҢАШЫЛ БАСТАМАЛАРДЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОЛ ТУҒАН ЖЕРДІҢ НАҒЫЗ ПАТРИОТЫ. ОЛ «ЕГЕР ӨМІРГЕ ҚАЙТА КЕЛСЕҢІЗ ҚАНДАЙ ЖОЛДЫ ТАҢДАР ЕДІҢІЗ» ДЕГЕН САУАЛЫМЫЗҒА: "ДӘЛ ОСЫ ЖОЛЫМДЫ ТАҢДАР ЕДІМ" ДЕП ЖАУАП БЕРДІ. МҰНДАЙ СӨЗДІ ӨЗ ӨМІРІНЕ, ӨЗІНЕ КӨҢІЛІ ТОЛҒАН АДАМ ҒАНА АЙТА АЛАДЫ.

 

– Аудан халқының сізді білмейтіні жоқ қой. Десек те, дәрігер мамандығын таңдағаныңызға не себеп болды? Осыған тоқталсаңыз.

 

– Мен өмірге келген 1964 жылдың тамылжыған мамыр айының ішінде қара боран соғып, менің атымды "Боранбай" деп қойыпты. Сол кездері аудандық аурухананың бас дәрігері, халықтық ем-домның білгірі ретінде де атағы алысқа кеткен ауылдың ардақтысы Молдахмет Бақбаев ағамыз үйге кеп қалған екен. Маған "Молдахмет" деп өз атын еншілетіп, аузыма түкіріп, батасын беріп кетіпті. Ол кісі 57 жасында өмірден озып кетті. Кейін осы ауруханаға хирург болып қызметке келгенімде осы кісінің алдындағы парызымды орындап, сала саңлағы атына ескерткіш тақта ашуға ұйытқы болдым. Он жыл аудандық аурухананың реанимация бөлімін басқардым. Әмитов Тәңірберген, Тұрабаева Ғалия, Исмаилов Мұхамеджан, Баешов Рүстем, Әбітаев Асылбек сынды азаматтар кәсіби біліктілігін осы бөлімде ұштады. Күн-түнмен санасу деген бізде болған жоқ. Сол мінез, сол дағдымыз одан бері отыз жыл өтіпті, әлі өзгерген жоқ. Сөйтсе де туған жер алдындағы азаматтық парызымыз өтелмегендей, әлі де ойда жүрген көп жоспарларды іске асырсақ деген ниетіміз бар.

 

– Соңғы 20 жылда хирургиядан қол үзіп қалғаныңызға өкінбейсіз бе? Сізді осы өмір мен өлім арпалысқан қайнаған қарбаластан қара батпақпен емдеу қараорнына қарай жетелеген қандай күш?

 

– Ол - қасиет деп аталады. Емдік шипасы ерек Теріскен көлінің тұзды батпағының жел- құздан сырқат тапқанның баршасын құлан-таза айықтырар атағымен дүрілдегеніне келер жылы 100 жыл толады. Менің ата-әжемнен бастап осы киелі кеннің айналасынан ұзамаған. Ол кезде бұл маң мидай дала, көлдің айналасын қоршалап, тал егіп, таза ұстап, емделушілердің жағдайын жасауда осы арадағы тұрғындардың көбінің еңбегі бар. Әкем Бидаш та майданнан аман-есен оралған соң еңбек жолын осы жерде жұмысшылықтан бастады. Кейін санаторияның қосалқы шаруашылығын басқарып, одан әрі парторг болып қызмет атқарды. Анам да осы мекемеде еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Табиғи тектіліктің қасиеті ме, кеннің заманауи келбетіне мен де бір кірпіш болып қалануды мұрат тұттым. 2004 жылы ауысып келдім.

Ел тоқыраудан еңсесін тіктей алмай жатқан жағдайдың қиын кезі. Іс тетігін бірлесіп табуымыздың нәтижесінде шипажайды аяғынан нық тұрғыздық. Жаңадан заманауи технологияларды іске қосып жоғары талғамға сай ем-дом жасау жолға қойылды. 2013 жылы шипажайдың екінші тынысы ашылып, қоныстың күншығыс бетінен тағы бір сауықтыру мекені іске қосылды. Бұл былайша айтқанда, "үй ішінен үй тіккендей", Жаңақорған шипажайының перзенті сынды ізбасар мекеме. Мен енді осы жас мекеменің буыны бекіп, аяғынан қаз тұруына табанды талаппен атсалысуды азаматтық парызым деп түсіндім. Емдеу-сауықтыру нысанын қажетті технологиялық қамтумен қатар білікті кадрларды сараптауда жан-жақты талапшылдықпен жұмыс жасадық. Мамандарды біліктілігін жетілдіру курстарынан өткіздік. Қазірде жаңа мекеменің де жұмыс ырғағы қалыпты. Мемлекет басшысының Үкімет пен жеке кәсіпкердің әріптестік әлеуетін жөніндегі бастамасын қуаттап, жұмысты жолға қойған Іскендировтер әулетінің ынтымақты талап-тілегі баянды нәтиже тауып, бүгінде 65 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Шипажайда емнің дәстүрлі түрінен басқа гальванобатпақпен емдеу және әйелдер мен ерлер тампоны, нүктелі массаж, классикалық массаж, үзу, мануалды массаж түрлері бар. Физиотерапиялық емдеуге соңғы үлгідегі "Полимаг-02" магниттік өріспен емдейтін аппараты сатып алынды. Бұл арқылы сырқаттың түрлерін бағдарланған жүйе арқылы емдеуге болады. Қан қысымы, жүрек, тамақ, көз, бронхиальды демікпе ауруларына емдік әсері зор. "ОМОК" аппараты арқылы ішек жолдарын тазартуға болады. Ұрпақсыздықты, яғни әйел мен еркекке тең түйіткілді шешуде урогинекология ғылымын игеруге талпыныс зор, әйелдердің бедеулігі мен ерлер белсіздігін емдеп, қаншама отбасының алғысын арқаладық. Тастақты жерді көркейтуде де көп тер төгіп, тал-теректер тамыр ала бастады. Абай атамыздың: "Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, қайратың мен ақылың екі жақтап" деп айтқанындай, үлкен ауызбіршіліктің арқасында әулеттің үлкендерінің демеуімен даңғыл бағытын тапқан шипажай тыныс-тіршілігін мекеме басшысы Жұмахан Ыдырысұлы талап деңгейінде өрістетіп келеді.

 

– Өмірдегі ұстаздарыңыз жөнінде не айтасыз?

 

- Кісі үздіксіз үйрену үстінде өсіп-жетіледі. Білікті хирург болып қана емес, тұлға болып қалыптасуыма бай тәжірибе, көркем мінез, кісілікті қадір қасиеттерімен үлгі болған жандарды айрықша жүрегімде сақтап келемін. Олар Нұрымбетов Шадияр, Шүленбаев Абдулла, Абдуллаев Амангелді, Искаков Сәулебек, Тоғызбаев Асылбек, тағы осылай атай беруге болады. Бұл өмірдегі ұстаздарым менің көп нәрсеге көзімді ашты. Әрбірінен өзінше бір өнеге түйдім.

 

– Сіздің сөз саптауыңызға қарап-ақ әдебиетті көп оқитыныңыз көрініп тұр. Қандай кітаптарға көбірек ден қойып келесіз?

 

– Ауыз әдебиетіне. Қайнап тұрған даналық қой. Қазіргі күндері Бүркіт Аяғанның еңбектерін, Ахмет Адиловтың «Жүректегі естеліктер», Талғат Теменовтың «Айғағым болшы, ақ сәулем» атты кітабын оқып жатырмын. Мұнан өзге мерзімді басылымдар күн сайын үстел үстінен арылған емес.

 

– Отбасыңыз туралы тоқталсаңыз. Дәрігерлік жолыңызды қуғандар бар ма?

 

– Жанұяда келіншегім Гүлнара екеуміздің жолымызды қуып, дәрігер болуды қалаған тұңғышымыз Бейбіт Ақтөбе медициналық институтын бітірген, Ақсауле Алматы медициналық институтының интернатурасында, екінші ұлым Уәли Тынышбаев атындағы академиясының магистратурасын бітірген, темір жол саласында істейді, Ақжелеңім 10-шы сынып оқушысы. Немерелерім Айша, Саламат, Сағадат ушеуі де атасының жолын қуып, келешекте дәрігер боламыз дейді.

 

– Өмірдегі ұстанымыңыз қандай?

 

– Адалдық. Туған жерімізге адал қызмет етсек екен деймін. Бүгінгі жастардың бойынан да осындай қасиетті көргім келеді. Бүгінде жас мамандарға барлық жағдай жасалған. Үй беріледі, көтерме ақы тағайындалған. Дипломмен – ауылға асығатындардың саны артып, бар ынты – шынтысымен атамекеніміздің мерейін асқақтатуға атсалысса деймін.

 

– Әңгімеңізге рахмет. Ел игілігі жолындағы еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз демекпіз.

 

Сұхбаттасқан Баян ҮСЕЙІНОВА

«Жаңақорған тынысы»

25 наурыз 2017 жыл

ЕЛІМІЗДЕ ЕМХАНАЛАРДАҒЫ КЕЗЕК МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАППАҚЕмханалардағы кезек мәселесі міндетті медициналық сақтандыру жүйесін іске қосқаннан кейін шешімін таппақ. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Астанадағы мемлекеттік емханалардың бірін аралап, дәрігерлердің жетіспеуі осындай түйткілдерге себепші екенін айтты.

«Ал жекеменшік клиникаларда керісінше, қаралып жатқан науқастар саны өте аз. Себебі ондағы қызмет түрі 10 есе қымбат», — дейді министр.
Бұл олқылықты шешу үшін жергілікті емханаларда жұмыс істейтін дәрігерлердің жалақысын көтеру көзделіп отыр. Кезек мәселесі болса, арнайы ақпараттық технологияларды енгізгеннен кейін реттеледі. Министрлік міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне жекеменшік клиникаларды да тартып, әкімшілік кедергілерді жою жұмыстарын бастап кетті. Министрмен кездесуде қала тұрғындары мазалаған сұрақтарын қойып үлгерді. Қалың кезек мәселесіне шағымданып, жан айқайын жеткізгендер де табылды.
24.kz

http://syr-media.kz/news/elimizde-emhanalarda-y-kezek-m-selesi-sheshimin-tappa/

Нейрохирург Ақшолақов Сапарбаев сыйға тартқан көлікті Ақтөбеде қалдырдыАҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер 21 наурызда Ұлттық нейрохирургия орталығының президенті, Еңбек ері Серік Ақшолақовқа құрмет көрсетті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе жерінде туып, өскен Ақшолақовқа көлік кілтін сыйға берді. Ал еліміздің бас нейрохирургі сыйды облыстық жедел жәрдем ауруханасына табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбеде «Туған жерім - тірегім!» атты акция басталды. Бұл Ақтөбе жерінде туып-өсіп, еліміз үшін аянбай еңбек етіп жүрген белгілі тұлғаларды ұлықтауға арналған жоба.

Наурыз мерекесі күні Ақтөбе Ұлттық нейрохирургия орталының президенті Серік Ақшолақов, академик Жақсылық Досқалиев пен Ұлттық тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов келді. Бүгінгі шара Серік Ақшолақовқа арналды. «Аты аңызға айналған, Қазақстанның, қазақтың атын дүниежүзіне шығарып, мыңдаған адамға өмір, денсаулық сыйлаған ағаларымыз Ақтөбеге келді. Сіздермен Ақтөбе жұрты мақтанады. Өткен жылы Серік Қуандықұлы тұңғыш рет берілген Еңбек ері атағын алды. Серік Қуандықұлы үлкен дәрежеге ие болып тек Ақтөбенің емес, дәрігерлердің беделін, абыройын өсірді. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәрігерлерге қамқорлығы деп білеміз»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Кейін әкім нейрохирург Серік Ақшолақов туған жерден жаяу кетпесін деген оймен көлік кілтін сыйға берді. «Туған елім - терігім!» атты ұранға қарап, көңіл толқыды. Сіздерге айтар алғысым шексіз. Білім алып, маман болуыма ел азаматтарының ықпалы зор болды. Әке-шешеме, барлық ағайынға алғыс айтамын. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде білім алып, үлкен жетістікке жеттік. Бір келгенде нейрохирургия бөлімінде болған едім. Бүгін қарап, аппараттардың жаңарғанын көрдім. Бәрі өзгерген, жақсарған»,- деді Серік Ақшолақов.

Ұлттық нейрохирургия орталығының президенті алғашқы жұмыс жолын Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасында бастаған екен. Ақтөбеліктермен кездесуінде ұстаздары Жәңгірхан Әжігереев, Юрий Берчиков туралы айтты. Олар медицина, хирургия саласын дамытуға үлес қосқан дәрігерлер. «Қызылордаға барған кезде ғарыш кемесінің ұшқанын көріп, тамашаладым. Көңілді толқытатын сәт. Ал менің «Байқоңырым» - облыстық жедел жәрдем ауруханасы. Маған берген сыйды сол ауруханаға тарту етсем деймін. Себебі, кейде науқастың өмірін дәрігер емес, уақыт белгілейді. Автокөлік сол ауруларға көмектессе, мен өзімді бақытты санаймын»,- деді С.Ақшолақов.

Нейрохирург Ақшолақов Сапарбаев сыйға тартқан көлікті Ақтөбеде қалдырды
Дереккөз: http://www.inform.kz/kz/neyrohirurg-aksholakov-saparbaev-syyga-tartkan-kolikti-aktobede-kaldyrdy_a3009931

САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ МЫҚТЫ СҮЙЕНІШІҚоғамның дамуына байланысты кәсіподақ ұйымының маңызы уақыт өткен сайын артып келеді. Ұжымдағы даулы мәселелерді, оның ішінде еңбек дауын шешуде кәсіподақтың ықпалы зор. Менің мақалам дәрігер психоневролог Курегенов Темірхан Исаханұлы және оның төрағалық етіп отырған Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалының атқарып жатқан жұмысы жайлы болмақ.

Темірхан Исаханұлы 1967 жылы 5 наурызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Керделі ауылдық советінде дүниеге келген. Отбасында сегіз баланың үшіншісі. Шиелі ауданы, бұрынғы Коммунизм колхозында 10 жылдық білім алған.

Мектепті бітірген соң, 1985-1987 жылдары әскери борышын Москва қаласында өтейді. Әскерде жүріп, 1986 жылдан бастап «Семей ядролық» полигонында және төрт ай бойы «Новая Земля» аралындағы ядролық полигонында сынақтарға қатысқан.

Ал, дәрігер мамандығын неліктен таңдағанын сұрағанымда:

- Дәрігерлік мамандықты тандауыма әуелі Құдай, содан соң әкем себепкер болған. Әкем Исахан Көрегенов 1951 жылы Қызылорда медицина техникумын «қызыл дипломен» бітіріп, ауданның бірнеше совхоздарында жалғыз фельдшер, медпункт меңгерушісі болып қызмет атқарған. Мені ойын баласы кезден бастап қасынан тастамай, дәрігерлік шақыртуларға бірге ертіп баратын. Науқастардың дене қызуын өлшеткізіп, жараларды таңу жұмыстарын, жарақаттарға өңдеу жасататын. Келген науқастардың қан қысымын өлшеткізіп, тамыр ұстауды үйретті. Мен қатарлас балалармен ойнап кетсем, әдейілеп шақыртып алып, науқасқа бірге барып көретінбіз. Кейде мен: «Менсіз жарасын таңып, қан қысымын өлшей алмайсыз ба?» - деп ашуланатынмын. 7-8 сыныптардан бастап медициналық есепті бірге отырып жазатын болдық. ("Нәрестелерге үйде белсенді патронаж жасау”; "Дәрі-дәрмектік есеп” және с.с). Жыл сайын малшылардың «дәрілік қобдишасын» жасақтайтынмын. «Дәрі қобдишасының» ішіндегі әрбір дәріні не үшін, қалай, қай кезде ішетіндерін параққа жазып қоятынмын. Міне, бала кезден бастап әкемнің қасында дәрігерге көмекші болып өскен соң, дәрігерлік мамандықты тандадым, - деді ол.

"Әркім өз өмірінің ұстасы” демекші, Темірхан Исаханұлы кішкентайынан осы мамандыққа бейімделіп, дәрігер болуды мақсат тұтты. Ал, дәрігердің адам жанына бір қадам жақын болатыны, ауруымен, өліммен алысқандарға араша түсіп, шипа беретіні белгілі.

Туған жеріне медицина саласының жоғары білімді маманы болып оралған Темірхан Исаханұлы еңбек жолын 1992 жылы облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесіндегі интернатурадан бастаған. Келесі жылы облыстық психоневрология ауруханасына дәрігер болып орналасады. Ал, 1994 жылдың желтоқсан айынан бастап сол ауруханада 2-ші ерлер бөлімшесінің меңгерушісі, 1995 жылдың мамыр айынан 3 төсектік үдемелі палатасы бар 9-шы аралас бөлімшесінің меңгерушісі, 1996-2014 жылдар аралығында 4-ші әйелдер бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Психоневрологиялық ауруханада меңгерушілік жұмысын атқара жүріп, эксперттік кеңес және ГВВК мүшелігіне өтті. 1998 жылдан бастап 1-ші санатты дәрігер атанып, сот психиатриялық сараптамашысы болды.

Жан-жақты болу - уақыт талабы. Дәрігердің негізгі қасиеті ауру адамға жақсылық жасау, қиналғанға қол ұшын беріп, көмектесу, өз ісіне адалдық таныту. Қоғамдық жұмыстарға араласып, белсенділік таныту да сол қасиеттің бір бөлігі болып саналады.

Ол осы ұжымдағы белсенді қызметі және еңбектегі ерекше жетістіктері үшін көптеген марапттардың, республика, облыс деңгейіндегі «Құрмет грамоталар» мен «Алғыс хат», төсбелгілерінің иесі атанды. Мысалы, 1997, 2011 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының; 2002 жылы Денсаулық жылына арналған "Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы байқауға белсене қатысқаны үшін” ҚР Кәсіподақтар Федерациясының; 2003 жылы "ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының 80 жылдығына арналған байқауда І орын алғаны үшін”; 2012 жылы облыстық Денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподақ ұйымының "Жыл қорытындысы бойынша” Құрмет грамоталарымен марапатталды. Демек, ол облыстық деңгейдегі кәсіподақ саласының басшылығына төтеннен келген жоқ, мұның алдында кәсіподақ жұмысының ыстық-суығын өз басынан өткерді. Әңгімемді әрі қарай тарқатсам: ол 2003 жылы республикалық «Үздік клиника» байқауына бас дәрігердің орынбасары атынан қатысып, І-ші орынды жеңіп алды. 2006 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігіне» атты төсбелгісін иеленді.

2001 жылы "ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына” ҚР Кәсіподақтар Федерациясының; 2007 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының; 2010 жылы облыстық Кәсіподақтар кеңесі және облыстық салалық Кәсіподақ комитетінің (ҚР ҚФ-ның 20 жылдығына) Алғыс хаттарымен; 2003 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан «Жыл маманы» Дипломымен; 2013 жылы облыстық Кәсіподақтар кеңесінің "ҚР Конституция күні” құрметіне және «Үздік кәсіподақ көшбасшысы» облыстық байқауының жеңімпазы І дәрежелі дипломымен марапатталған.

2013 жылы облыстық Кәсіподақтар кеңесінің «Құзырлы көшбасшы» номинациясының, ал 2014 жылы «Спартакиада патриоты» номинациясының иегері атанды. Сонымен қатар, «Ерекше қауіп бөлімінің ардагері», «Гиппократ», «СЕМЕЙ-НЕВАДА» Халықаралық ядролық қозғалыс 20 жылдық мерекелік медалі, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» мерекелік медалі, «1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 65 жыл» мерекелік медальдарын иеленді.

Осылайша қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүріп Темірхан Исаханұлы 2009 жылы Москва қаласында «В.П.Сербский атындағы әлеуметтік және сот психиатриясының мемлекеттік ғылыми орталығында»; 2011 жылы Москва қаласындағы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында «Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу»; «Психиатрия» тақырыптарында Ресей медициналық академиясында және көптеген білім жетілдіру институттарында оқып, өз біліктілігін арттырды. 2013 жылы Астана қаласындағы ҚР ҚК одағының Оқу орталығында «Даулы жағдайларды шешу өнері» және «Кәсіподақтардағы кадр саясаты» сертификатын алды.
Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы. Алған білімі өмір шырағына айналып, 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Темірхан Исаханұлы Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болды. Медицина саласы қызметкерлерінің басын біріктіретін, қиындығымен қоса қуанышы қатар жүретін ауқымды сала - кәсіподақ ұйымын басқару оңай шаруа емес. Бұл жерде білімділікпен қоса имандылық, адамгершілік, парасат иесі болу қажет. Ал, Темірхан Курегеновтың бойынан бұл қасиеттердің барлығын да табуға болады. Туындаған мәселелерді шешу, қызметкерлердің құқығын қорғау үлкен белсенділікті талап етеді. Өз ісін жетік меңгерген, жұмысына жауапкершілікпен қарайтын Т.Исаханұлы әріптестері арасында абыройға кенеліп, үлкен жетістіктерге жетті.
Жалпы Кәсіподақ жұмысы туралы сұрақтарыма Темірхан Исаханұлы:
- Қазіргі таңда облыстық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында 16 703 мүше бар. Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы өз мүшелерін кәсіптік мүдделерінің еңбектік ортақтығы негізінде біріктіретін тәуелсіз, дербес салалық мәртебелі қоғамдық ұйым болып табылады. Кәсіподақ қаржысы ай сайын төленетін жарнадан, шаруашылық, кәсіптік қызметтен түсетін пайдадан және басқа заңмен тыйым салынбаған көздерден құралады. Әр айлық мүшелік жарна ретінде айлық жалақысының 1 пайызы алынады. Келісім және ұжымдық келісім-шартқа сай, кәсіподақтың бастауыш ұйымдарында жиналған мүшелік жарна толығымен (100%) тиісті аумақтық филиалдың шотына түседі. Оның: 58%-і бастауыш кәсіподақ ұйымына қайтарылып беріледі, 12%-і кәсіподақтың Орталық Кеңесінің (Республика) қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аумақтық кәсіподақ бірлестіктерімен Кәсіподақтың Орталық Кеңесі белгіленген мөлшерде бағыттайды. Ал, 30% аумақтық филиалдың қызметін қамтамасыз етуге бөлінеді, - деп жауап берді.

Кәсіподаққа 2015 жылда - 301, ал 2016 жылда 340 арыз түскен. Негізі шағымдардың көбісі жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, еңбек ақы төлеу, еңбекке жарамсыздық қағазы, еңбек өтілін есептеу, еңбек кітапшасы, ұжымдық шарт, жұмыс және демалу уақыты, тәртіптік жаза, еңбек демалысы, демалыстан шақыру, басқа жұмысқа ауысу бойынша қаралады екен.

- Жыл сайын кәсіподақ ұйымының мүшелері денсаулығың шипажайларда қалпына келтірді. Мысалы, медицина қызметкерлерін шипажайларға жіберу үшін былтыр облыс бойынша 497 жолдама алынды. Қызметкерлер «Денсаулық», «Жаңақорған», «Сарағаш», «Мерке», «Алмаз», «Сарыағаш», «Береке-7», «Қарғалы», «Арыс» шипажайларында жеңілдік негізінде денсаулықтарын жақсартып, демалды.

Кәсіподақ комитетінің мүшелері балаларын жыл сайын сауықтыру жазғы лагерьлерінде жібереді. 2015 жылы – 648 бала, ал 2016 жылы – 561 бала «Таң нұры», «Көкшетау», «Қамбаш», «Сырдария», «Тау самалы» лагерлерінде демалып қайтты.

Кәсіподақ ұйымының негізі жұмысы мерекелік шараларды, айтулы даталарды өз деңгейінде өткізу болып табылады. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында жыл сайын өткізілетін жазғы спартакиада сондай дәстүрлі іс-шаралардың қатарына жатады. Ауданның барша медицина мекемелері команда бойынша спорттың бірнеше түрінен сайысқа түсіп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Мысалы, 2016 жылы медицина қызметкерлерінің 50-ші спартакиадасы өткізілді. Онда І орынды облыстық психоневрологиялық аурухана; ІІ орынды "Өркениет” медициналық колледжі; ІІІ орынды облыстық медицина орталығы жеңіп алды.

Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ комитеттер байқауларға қатысады. ҚР-ның Бірінші Президенті Күні және ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекесіне арналған «Бастауыш Кәсіподақ - Ынтымақтастық кепілі» бейнебаяндар байқауы өткізілді. Байқау Қызылорда облысы Кәсіподақтар орталығының 2016 жыл жұмыс жоспары орындалуы, салалық кәсіподақтар құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметін жандандыру, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауда кәсіподақтардың рөлін арттыру, кәсіподақ ұйымы мен кәсіподақ төрағаларының жұмыс берушілермен келісімді ынтымақтастықта жұмыс жасауларының алдыңғы қатарлы тәжірибелерін анықтау, зерттеу және тарату мақсатында өткізілді. Бұл байқауға Сырдария аудандық орталық ауруханасының бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Ердаулетов Бектас Ізетұлы қатысып, ІІ орынға ие болды, - дейді кәсіподақ төрағасы Темірхан Исаханұлы.

Бар ынта-жігерін денсаулық сақтау саласына арнап, жемісті еңбек еткен дәрігер халықтың ыстық ықыласы мен алғысына бөленетіні анық.

Темірхан Исаханұлы Курегенов өмірлік жары мен екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп, олардан екі немере сүйіп отыр. Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақ ұйымыныңжұмысы жандана берсін, денсаулық сақшылары оның игілігін көре берсін демекпін.

САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ МЫҚТЫ СҮЙЕНІШІ
САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ МЫҚТЫ СҮЙЕНІШІ
САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ МЫҚТЫ СҮЙЕНІШІ
САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ МЫҚТЫ СҮЙЕНІШІ

Гүлдана АСАНОВА,

"Сыр медицинасы”

Қазақстандық салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалындағы мерекелік шара (фото)3 наурызда денсаулық сақтау қызметкерлері Қазақстандық салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы кәсіподақ әйел төрайымдары мен қазынашыларын құттықтады. Оларға арналып мерекелік дастархан жайылды. Ер әріптестері әйелдерге сыйлық пен гүл сыйлап, мерекелік шағын концерт қойды. Ән айтылып, би биленді және сахналық қойылым қойылды. Облыстық кәсіподақ ардагерлері Гульжамал Абибуллаевна Султанова, Инжу Жусупалиевна Жусупалиева, Акмырза Сыздыкович Сыздыковтар бұл басқосуға арнайы шақырылды.

Қазақстандық салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалындағы мерекелік шара (фото)
Қазақстандық салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалындағы мерекелік шара (фото)
Қазақстандық салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалындағы мерекелік шара (фото)
Қазақстандық салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалындағы мерекелік шара (фото)
Қазақстандық салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалындағы мерекелік шара (фото)

Сенсация: Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түрін емдей алатын дәрі ойлап тапқанын мәлімдеді© Amsalem Medical

Ресейлік ғалымдар қатерлі ісіктің барлық түрін емдейтін дәрі ойлап тапқанын және ғарышта сынақтан сәтті өткізкенін мәлімдеді. Бұл емдік препарат үш-төрт жылда науқастарға беріле бастайды. Бұл туралы "Известия"газетіне Федерал медико-биологиялық агенттігінің аса таза препараттар Мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының директорының орынбасарыАндрей Симбирцев айтып берді.

Басылымның мәліметінше, бұл препарат биотехнология арқылы жасалған және қатерлі ісікті емдеуге арналған жаңа құрал. Айтуынша, жетістікке ғарышта өткізілген зерттеу арқылы қол жеткізілген, осылайша институт онкологияда нағыз революция болатын дәрінің клиникаалды сынағын аяқтады. "Препаратымыздың шартты атауы - "жылу шогының ақуызы" ("Белок теплового шока"). Бұл - адамның стрессорлық түрлі ықпалына жауап ретінде кез келген жасушасымен синтезделетін молекула. Мұның бар екенін ғалымдар ерте кезден білген. Бастапқыда ақуыздың жасушаны зақымнан қорғайтыны ғана күтілді. Ал кейін ерекше қасиеті бар екені анықталды - жасушасындағы иммундық жүйенің ісінген антигендерін көрсете алады және осылайша ісінуге қарсы иммундық ықпалын күшейтеді", - дедіСимбирцев.


Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/densaulyq/sensatsiya-resey-galyimdaryi-katerl-sktn-barlyik-turn-emdey-278043/