Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

Жасулан Шынтаев

 

ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ТҮЙТКІЛІ: АҒЗА ТАПШЫЛЫҒЫЕліміз егемендік алғалы медицина саласы өз арнасына ойысты. Әсіресе жоғары мамандандырылған медициналық көмек белсенді түрде дамуда. Шекара асып жасатып жүрген күрделі оталардың өз Отанымызда жасалуы осыныңбір айғағы іспеттес. ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2012 жыл мен 2016 жылдың қазан айы аралығында Қазақстанда туыстық және қайтыс болғаннан кейінгі донорлар арқылы 1011 ағзаны трансплантаттау отасы жасалған.

Оның 793-і – бүйрек, 170-і – бауыр, 41-і – жүрек, 5-еуі – өкпе және 2-еуі – ұйқы безі. Демек, трансплантация жасау – біздегі медицинаның қолы жеткен жаңа жетістіктері деп нық сеніммен айта аламыз. «Әттеген-ай» дейтін тұстары да жоқ емес. Медициналық мүмкіндіктердің шарапатын қолдану мен қолдау тұрғысында халықтың діни көзқарасына ойысқан мәселенің күрмеуі шешілмей келеді. Осы ретте ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі,Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітініңбас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлын, облыстық медициналық орталығының (бұдан әрі - ОМО) бүйрек бөлімшесінің меңгерушісі, бас нефролог, трансплантация жөніндегі аймақтық үйлестіруші дәрігер Нұрсұлтанова Лиза Нариманқызын және ОМО нейроинсульттық жансақтау бөлімінің меңгерушісі, трансплантация жөніндегі стационарлық үйлестіруші дәрігер Абдіқадыров Нұрлан Тоқжұмаұлын әңгімеге тартқан болатынбыз.

 

- Денсаулық саласындағы соңғы жетістіктер деп нені айтар­ едіңіздер?

ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ТҮЙТКІЛІ: АҒЗА ТАПШЫЛЫҒЫЛ.НАРИМАНҚЫЗЫ:

- Бұл сұраққа бір ғана жауап­ бар. Кез келген ел медиц­инасының даму қар­қынын трансплантология саласын­ың дамығандығымен өлшеуге болады.

- Осы трансплантология Қазақстанда ең алғаш 1978 жылы бүйрек ауыстырудан баста­лған деген дерек бар. Қазіргі күні ағза ауыстыруға мұқтаж науқастардың саны қанша, қаншасы осы қызметтің игілігін көріп жүр?

- Негізінде ағза ауыстыру мәселесі жай шешім емес. Өте өзекті әрі күрделі жағдай. Қоғамдағы әрбір жеке тұлға саналылық тұрғысынан түйсінуі шарт. Мәселен, бір адамның донор ретінде берген рұқсаты 6-7 адамды ажалдан арашалап алуы мүмкін. Осы күннің өзінде республикада ағзаның бүйрек бөлігіне мұқтаж 3500 адам бар. Ал облыс бойынша гемодиализге 140 науқас таңылып отыр. Донорлар арқылы ағза ал­мастырған облыста 56 адам бар, олардың 52-сіне жақын туыстары мен жұрағаты бір бүйрегін берсе, қалған 4-еуі мәйіттік донордан алынған бүйрекпен жүр. Одан бөлек бес адамға бауыр салынған. Соның өзінде аймағымызда жүрекке – 4, бауырға – 21, бүйрекке 57 науқас мұқтаж. Осы кісілердің ағзаларын ауыстыру үшін донор тап­шылығы қолды байлап отыр.

- Оған себеп неде?

ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ТҮЙТКІЛІ: АҒЗА ТАПШЫЛЫҒЫН.ТОҚЖҰМАҰЛЫ:

- Республиканың бір­қатар аймақтарында мәйіттік донордан ағза алмастыру мәселесі шешімін тапқан. Өкініштісі, ішінде оңтүстік бөлікте орналасқан Қызыл­орда облысы жоқ. Оған басты­ себеп, қазақы салт-дәстүр мен діни наным-сенімдерге сүйенген халықтың келісім бермеуі. Яғни, қайтыс болған­ кісінің туыстары өзге адамның өмірін құтқару үшін мәйіттен жарамды ағза алуға рұқсат бермейді. Жұрттың түйсігінде адам өмірге қалай келсе, сол күйінде жер қойнына табысталуы керек деген ой бар. Бәлкім, бұл да дұрыс. Дегенмен де, қазіргі өлім-жітімді азайту мақсатында ағза ауыстыру мәселесі маңызд­ы рөл атқарады. Аймақта­ғы транспланта­циялық жұмыстарға кедергі жасап отырған мәселенің бір тұсы – осы.

- Мәйіттік трансплантация жасау үшін трансплантатқа қойылатын талаптар бар ма? Жас ерекшелігі, денсаулық жағдайы...

- Өте орынды сұрақ. Әрине, медициналық арнайы талаптар бар. Донордың жасы 18-65 аралығында болуы керек. Қайтыс болған адамның барлығы бірдей донорлыққа жарамайды. Өйт­кені одан алынған ағза өлім аузында тұрған келесі науқас­тың өміріне толықтай жауап береді. Сондай-ақ, науқас ауруханада көз жұмуы тиіс. Өйткені қайтыс болған па­циенттің қан айналымы, арте­риялық қан қысымы, жүрегінің жұмысы, басқа органдарының да қызметі дәрінің күшімен ғана сақталып тұрады. Ең маңыздысы, жұқпалы аурулармен (өкпе ауруы, вирусты гепатит, тері аурулары) және онкологиялық сырқаттың түрлерімен ауырған науқастардан ағза алуға болмайды. Бас миы­ның өлуі нақтамасы қо­йылған­нан кейін туыстары қарсылық білдірмесе, ағза­ларын өзге адамға қондыру үшін тиісті жұмыстар басталып кетеді. Әрине, мамандар кез келген жағдайда, кез келген уақытта адамды ажалдан арашал­айтын оталарды жасай­ алатын еді, алайда қажет­ті донор мәселесі күр­деліле­ніп отыр.

Л.НАРИМАНҚЫЗЫ:

- Иә, Қазақстанның сол­түстік облыстарын есепте­мегеннің өзінде 2016 жылдың соңғы жарты жылдығы мен осы уақыт аралығында Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарынан 4 мә­йіттік донор табылған. Біз­дің аймақтағы халықтың санасы­на сіңіру үшін насихат жұмыстарын қолға алу керек. Елдің жадында «ағза беруге болмайды» деген ой-пікір қалып­тасқан. Меніңше, бұл қи­сынға келмейді.

- Сіздер, Алла сақтасын, бірақ, адам жанының арашашысы ретінде осы бастан донор­ ретінде қолхат жазуға дайын­сыздар ма?

Л.НАРИМАНҚЫЗЫ:

- Дайынмын. Кез келген адамның өзі немесе жақын туысы сол мұқтаж адамның кейпіне түсуі мүмкін. Ешкім өзінің өмірін алдын ала болжай алмайды ғой. Сол адамның орнына өзін қойып, психологиялық тұрғыдан ойлап­ көру керек. Сонда ғана қабылданған шешім шынайы әрі нақты болады.

Н.ТОҚЖҰМАҰЛЫ:

- Мен де дайынмын. Өйт­кені қанша адам бір адамның шешімін күтіп, мұқтаждық танытып отырғанын көзім­мен көріп отырмын.

- Жоғарыда айтып өттіңіз­дер, мидың өлуі дегеніміз не?

Л.НАРИМАНҚЫЗЫ:

- Мидың өлімі (бас миының біржола семуі) – жұмыс жасайтын жүрек және өкпені жасанды желдету кезінде тіркелетін бас ми функцияларының толық және қайтарымсыз тоқтау күйі. Бас миы­ның біржола семуі адамның өмірі тоқтады дегенмен тең.

- Ағза ауыстыруға мұқтаждықты тудырмас үшін не істеу қажет?

- Негізгі фактор ретінде саламатты өмір салтын ұстануд­ы айтуға болады. Алдым­ен экологиялықлас­тану, дұрыс тамақтанбау, алкого­льдік ішімдіктер мен шылым тұтыну денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Зиянды әдеттер әр ағзаның тұрақты, қалыпты жұмыс жасауына кедерг­і жа­сайд­ы. Әсіресе созылм­алы бүйрек жетіс­пеушілігінде, бауы­р церрозында, созыл­ма­лы жүрек ақауларында ағза ауыстыру қажеттілігі туындайды. Ал дерттің бұл түріне көбіне қан қысымы жоғары адамдар, қант диабеті­, артериялық гипертензиямен ауыратын науқастар шалдығады. Бұл жерде айта кету керек, қаза болған адамның жүрек, бауыр, бүйрек, ұйқы безі, өкпе, аш ішектер­, сондай-ақтіндер, көздің қасаң қабығы, сүйектер, сіңірлер, жүрек қақ­пақшалары секілді ағзалары арқылы бірнеше адамның өмірін құт­қарып қалуға мүмкіндік болады.

- Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде, яғни сақтандыру қаражаты есебінен инсульт, инфаркт­, онкология, трансплантология бойынша оңалту көмегі көрсетіледі. Ал ағзаны сатуға­, сатып алуға рұқсат етілген бе?

- ҚР-ның «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс­іне сәйкес денсаулық сақтау ұйымы мәйіттен ағзаларды алу сәтінде аталмыш тұлғаның тірі кезінде немесе оның жұбайы, зайыбы, жақын туыстары­ немесе заңды өкілі оның тіндері мен ағзаларын алуға келісім бермесе, онда алуға болмайды. Басқаша айтқанда, мемлекеттің барлық азаматы қаза тапқаннан кейін донор ретінде қаралады, бірақ тікелей келіспеген жағдайларды қоспағанда. Ал адамның ағзаларын мәжбүрлі түрде алуға және оларды ауыстыр­ып қондыруға тыйым салы­нады және заң бойынша қудаланады. Оған себеп, тек біздің елімізде емес, әлемнің барлық елінде адамның ағзасын сатып алуға және сатуға заң жүзімен тыйым салынған.

- 2012 жылы Қазақстан алғаш рет бүйрек пен ұйқы безіне қатар трансплантация жасап, әлемдегі АҚШ, Оңтүстік Корея, Италиядан кейінгі төртінші ел атанды. Қазір қай деңгейдеміз?

Н.ТОҚЖҰМАҰЛЫ:

- Қалай айтсақ болады, негізі шари­ғатта рұқсат етілген. Бір адамға сауапты іс қылсаң, бүтін бір қауымға қол ұшын созғанмен тең. Қарапайым және логикалық мысал, ауруханаға халі ауыр науқа­с түсті. Дәрігерлер аман алып қалудың барлық амалын қарастырғанымен, адамның миы біржола семіп, құтқару мүмкін болмады. Миы өлсе де, адамның­ басқа ағзалары жұмыс жасап тұр. Сол кезде дәрігер науқастың жақындарына барып, «туысыңыздың ағзаларын донор­лыққа алайық» деп төтесінен айта алмайды ғой. Онсыз да олар психологиялық соққы алып тұр. Мұндай сәтте дәрігерге де оңай емес. Біреудің әкесіне, анасына, қызына немесе ұлына, ағасына болмаса інісіне жаңа өмір сыйлау үшін дәрігер қайтыс болған адамның туыстарына көңіл айта отырып, осы қадамға барады. Яғни, бір донор арқылы бірнеше адамға жаңа өмір, жаңа қуаныш сыйлауды ойлайды. Ал оған берілер жауап әр қилы. Ең ауыры, «рұқсат бермейміз» деген сөз. Осы жауап­ біздің облыста көп айтылады. Сол үшін халықты бірлесе жұмыс жасау­ға шақырар едім.

- Уақыт бөлгендеріңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан Нұрбике ҚАЗИҚЫЗЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»мешітінің бас имамы

ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ТҮЙТКІЛІ: АҒЗА ТАПШЫЛЫҒЫТалғат ОМАРОВ:

АҒЗА АУЫСТЫРУ

ШАРИҒАТТА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

Жалпы алғанда трансплантация жасау, яғни бір адамның(тірі немесе өлі) ағзаларын екінші бір адамға ауыстырып, салу шариғатта рұқсат етілген. Бірақ, бұл амал адамды қорламайтын дәрежеде белгілі бір шарттарға сәйкес орындалуы тиіс.

Бірінші: Алла тағала адам баласын ардақта­ды. Ол жайлы Жаратушы иеміз: «Сөз жоқ, Біз Адам балаларын ардақтадық. Құрлықта, теңізде алып жүрдік, жақсы­ нәрселерден ризық бердік әрі жаратқан­дарымыздың көбінен оларды үстем еттік», - дейді.

Сондықтан Ислам адам тәні мен өміріне зиян тигізбеуге үндейді. Адамныңденсаулығына зиян келтіретін нәрселерден алыс болуға шақырады. Харамға, зұлымдыққа алып баратын істерге жоламауды бұйырады. Бірақ, ауырған сәтте емделу жолдарын іздеуді міндеттеді.

Усама бин Шәриктен жеткен риуаятта ол былай дейді: «Шөл далада өмір сүретін бір араб келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Дәрі ішіп, емделсек бола ма?» – деп сұрағанда, Ол (с.ғ.с.): «Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты. Оны білгені білді, білмегені білмеді», – деп жауап берді». Демек, трансплантация жа­сау­ – адам баласының жанын сақтап қалуға себеп болатын емдеу жолдарының бірі.

Екінші: Бұл амал Құранда айтылғандай, бір адамды тірілтумен тең. Алла тағала былай­ дейді. «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді­ өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе, (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең».

Адамның денсаулығына төніп тұрған зиянды кетіру үшін трансплантацияны тірі­ден тіріге ауыстыруға рұқсат болғандай, зәру болған жағдайда өлген адамның ағзаларын тірі адамға ауыстыруға да болады. Өйткені, өлген адам Құран мен хадисте айтылғандай, тірі адаммен бірдей құрметке лайық болғанымен, өлгеннен кейін мүшелерін басқа біреуге ауыстырса да оның құрметі төмендемейді. Оған дәлел, тірі адамның­ мүддесі өліге қарағанда жоғары тұрады. Себебі, тірі пенде тіршілігін жасап,­ Алланың шариғаты мен дінін насихаттап, жалғыз Жаратушыға құлшылық етеді.

Фиқһта ананың жанын сақтап қалу – жатырдағы баланы өлімнен құтқарудан жоғары тұрады деп бекітілген. Өйткені, ананың жанын сақтап қалуға мүмкіндік бар, ал баланыңтірі туылуы екіталай. Осыған орай ананың өмірі жатырдағы баладан­ жоғары тұрса, онда өлі адамның ағзасын тіріге де ауыстыруға болады. Бұл өлген адамға зиян жасаған болып саналмайды. Ендеше, трансплантацияға рұқсат ету қай жағдайда болсын, сауда-саттықтан аулақболып, донордың өзіне немесе өлгеннен кейін мирасқорларына ағза өтемі ретінде материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз етілмеуі шартталған. Ал, жалпылама тіріден тіріге немесе өліден тіріге ағзаны ауыс­тыру үшін мынадай шарттар толықболуы тиіс.

Бірінші, тірі адамның ағза мүшесін екінші бір тірі адамға көшіру шарттары:

1. Мүшені ауыстыруға аса қажеттілік, зәрулік болса. Яғни, сенімді әрі әділ медицина мамандарыныңшешімімен трансплантация жасау – науқас адамды ауруынан айық­тырудың жалғыз жолы һәм емі болуы тиіс. Сондай-ақ ағзасын берушінің балиғат­ жасына толғандығы және өз еркімен беруі шарт.

2. Ағзаны өзгеге салу отасы сәтті әрі нақты пайдалы болатынына толықтай көз жеткізу. Бос нәрсе және қажетсіз қинау болмауы керек. Өйткені, кейбір денелер басқа дене мүшелердіқабылдамауы да ықтимал.

3. Донордың ағзасын алу отасы оған ешқандай зиян жеткізбейтініне немесе өмір тіршілігіндегі амалдарына кері әсерін бермейтініне медицина мамандарының нақты тұжырымдары болуы тиіс.Өйткені, науқастың мүддесі ағзасын беруші адамның мүддесінен жоғары емес.

Шариғатымыз бәріне бірдей талап қояды. Зиянды зиянмен жоюға болмайды. Исламда өзіңе де, өзгеге де зиян келтіріп, зарарыңды тигізуге рұқсат жоқ. Бұл мәселеде егер пайдалы жағы басым болса, әрі әділ, сенімді дәрігерлер ағза берушіге отадан кейін өміріне ешқандай кері әсері болмайтынын айтса, онда донордың өз ағзасын беруіне кедергі жоқ.

4. Бұл амал ешқандай материалдық неме­се рухани қайтарымсыз іске асуы тиіс. Демек, ағза сатылмауы керек.

5. Ең кемі үш адамнан құрылған әділ, сенімді әрі оларға ота жасағаннан пайда­ көрмейтін дәрігер мамандар комис­сиясының ота жасалмай жатып, (емдеу­дің бұл амалы реципиентке (ағза мүшелері ауыстырылып жатқан адамға) нақ­ты пайдасы тиетінін және донорға (ағзаны берушіге) келешекте денсаулығына, өміріне зияны тимейтіні жайлы т.с.с.) жазбаша түрде нақты шешім шығарып, оны донор мен науқасқа беруі шарт.

6. Ауыстырылатын ағза ұрпақ тарату­ жүйесіне байланысты болмауы шарт.

Екінші, өлінің ағза мүшелерін тірі адамға көшіру шарттары:

1. Ағза берушінің шариғи көзқарасы­ жағынан өлімі нақты болу тиіс. Яғни, рухы тәнінен ажырап, бүкіл дене мүшелер­і қайта қалпына келтіре алмай­тындай­ жағдайға жетіп, жерлеуге рұқсат беретін дәрежеде болуы керек. Клиникалық өлім немесе миы өліп, басқа дене мүшелері істеп тұруы шариғи өлім болып­ саналмайды. Тек жүрек соғысы, тынысы тоқтап, мидың бүкіл қызметтері істен шығып­, рухы мен денесі бір-бірінен ажырағанда ғана өлік болып есептеледі. Адамның жаны шыққаны немес­е шықпағаны үш адамнан құрыл­ған білікті, сенімді медицина маман­дарының жазбаша түрде куәлік етуімен болады. Бұл комиссия мүшелері мемлекеттік деңгейде расталған мамандар болуы­ керек. Егер осы аталған шарттар орындалмай, адамның ағза мүшелері тасымалд­анса, оны өлтіргенмен тең күнәға батады.

2. Трансплантация жасау, шынымен де, зәрулік жағдайда болуы шарт. Яғни, дәрігерлер науқасты тек тірі немесе өлі адамның сау мүшелері арқылы емдеуден басқа амалдың жоғын әрі ауру адамға оның пайдасы тиетінін нақты айтуы тиіс.

3. Ағзаны беруші адам өз еркімен тірі кезінде ақыл-есі дұрыс сәтінде өлгеннен кейін белгілі мүшеле­рін бас­қа адамға беруін өсиет еткен болуы шарт. Өйткені, трансплантация жасау адамды қорлауға алып бармау керек. Яғни, қалдырған өсиеті адамның денесі босап­ қалатындай көптеген ағза мүшелерін қамтымауы тиіс. Себебі, бұл Құранда адамды ардақтап келген аятқа қайшы әрекет. Алла тағала былай дейді: «Расында Адам баласын ардақтадық».

4. Өліден тіріге көшіргелі жатқан ағза ұрпақ тарату жүйесіне байланысты болмауы шарт.

5. Мұндай ота түрлері мемлекеттік деңгейде расталған, қатаң бақылау аясындағы мекемелерде­ жасалуы тиіс. Және ағзаны көшіру ешбір материалдық қайта­рымсыз жүзеге асуы керек.

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=6873:2017-02-02-06-51-03&catid=6:2011-11-18-09-03-06&Itemid=6