Ауа райы
Мерекелер

Өз ауылына медпункт салып берген кәсіпкер «Жыл меценаты» атандыҚазталов ауданында кәсіпкер Нұрлыбай Жолдыбаев «Жыл меценаты» атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында түрлі сала өкілдеріне «Жыл үздігі» марапаты мен алғысхаттарын табыс еткен кезде Нұрболат Жолдыбаевтың еңбегін ерекше атап өтті.

Н.Жолдыбаев Тәуелсіздіктің торқалы тойына орай туған жері Талдыапан ауылдық округіне қарасты Сарықұдық елді мекенінде өз қаражаты есебінен 5,2 млн. теңгеге медпункт салып берді. Жуырда ашылған медпунктте фельдшерлік және акушерлік кабинет, екпе бөлмесі жаңа аппараттармен қамтамасыз етілген. Енді ауыл тұрғындары алысқа бармай-ақ осында емделе алады.

Бір айта кетерлігі, кәсіпкер аталмыш ғимаратты мемлекет иелігіне ешқандай қайтарымсыз беріп отыр.

«Облыс көлемінде кәсіпкердің өз ауылына осылайша жаңа ғимарат салып беруі бірінші рет деуге болады. Оның бұл ісі үлгі етуге тұрарлық. Жалпы, ауданда кәсіпкерлердің өз ауылдарына қолұшын беруі бір бұл емес, мұндай жақсы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек», деді ҚазАқпарат тілшісіне аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр.

http://naryk.kz/%D3%A9%D0%B7-%D0%B0%D1%83%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D0%BD%D0%B0-%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D0%BF%D1%83%D0%BD%D0%BA%D1%82-%D1%81%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D0%BF-%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B5%D0%BD-%D0%BA%D3%99%D1%81%D1%96/

ОБЛЫСТА ҮШІНШІ НЕЙРОИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫЖүрек-қан тамырлары аурулары бойынша жол картасы бағдарламасы аясында 140 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынды. Жыл басынан бері инсульт пен инфаркт алған науқасқа медициналық көмек көрсету мақсатында 1000-нан аса медицина қызметкерлері оқыту курстарынан өтті. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады.

— Қан айналым жүйесі ауруларының асқынуын ерте анықтау үшін облыс бойынша алғаш рет жоғары қауіп тобына жататын қан қысымы мен ми қан тамырларының ауруына шалдыққандарға функционалды зерттеу жүргізетін тәуекел тобы жасақталды. Барлық аудандарда ультрадыбыстық зерттеу мамандарының арасында шеберлік сабақтары өткізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 287 науқас жоспарлы түрде коронографияға жіберілді және оның 18%-на стенттеу жүргізілді. 2000-нан астам жүрек пен бас миының тамырларына ота жасалып, былтырғы жылмен салыстырғанда ота жасау көлемі 15%-ға өскен,- деді Ақмарал Әлназарова.
Аймақтың арақашықтығы ескеріле отырып, ағымдағы жылдың ақпан айында Қазалы теміржол ауруханасының базасында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласы тұрғындары үшін үшінші ауданаралық нейроинсульт орталығы ашылды.
Сәуір айынан бастап Қазалы аудандық орталық ауруханасының базасында инсульт ауруымен ауыратындарды оңалту бөлімі, сондай-ақ №3 қалалық емхананың базасында нейрореабилитациялық орталық ашылды.

http://syr-media.kz/news/oblysta-shinshi-nejroinsult-ortaly-y-ashyldy/

Жедел жәрдем көлігі көбейедіКелер жылы жедел жәрдем қызметінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында 24 санитарлық автокөлік алынады. Бұл туралы бүгін облыстық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Баян Бурамбаева мәлімдеді, - деп жазады "Кызылорда ньюс" сайты.

Бұған дейін белгілі болғандай Қызылорда облысындағы жедел жәрдем қызметі пилоттық жобаға қосылған болатын. Бұл облыс аумағында тұратын халыққа және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойындағы жолаушыларға дер кезінде көмек көрсету қызметінің сапасын арттырады.

- Облыстық статусқа ие болған жедел жәрдем қызметінің ауқымы да кеңейді. Жүйені құруға облыстық бюджеттен 19 млн теңге бөлінді. Оған санитарлық авиация қызметі қосылып, күрежол бойындағы төтенше жағдайларға да жедел көмек көрсетуге мүмкіндік туды. Қазір мамандандырылған 28 бригадада 1000-нан аса қызметкер жұмыс атқаруда. Дегенмен, ауа райының қолайсыздығы мен жедел шақырыстар санының көптігіне байланысты кейбір жағдайда жедел жәрдем қызметі кешігіп жетіп жатыр. Операторлардың іріктеуі бойынша ең бірінші балаларға, екіқабат әйелдерге, инсульт алып жатқандарға, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге, қан қысымы көтерілгендерге көмек көрсетіледі. Қазір жедел-жәрдем қызметі толықтай GPS пен қамтылған, қызметтің қай жерде, қашан болғандығы жазылып отырады, - дейді Баян Бурамбаева.

 

http://syrboyi.kz/zedelnews/9144-zhedel-zhrdem-klg-kbeyed.html

ОБЛЫСТА ЖҮРЕККЕ АШЫҚ ОТА ЖАСАУ ҰЛҒАЙДЫБиыл жоғары мамандандырылған медициналық көмек ауқымының кеңеюіне орай, республикалық бюджеттен шамамен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде жүрекке ашық ота жасау 20%-ға, нейрохирургиялық операциялар саны 27%-ға, эндопротездеу саны 2 есеге дейін өсті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады.

- Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап облыста офтальмохирургиялық орталық ашылды. Жергілікті бюджеттен 90 млн. теңгеге жоғары диагностикалық құрал-жабдықтар сатып алынып, өткен жылмен салыстырғанда жасалған ота саны 2 есеге дейін өсті. Облыста офтальмологиялық орталықта алғаш рет глаукомалық кабинет ашылып, 2000-нан астам науқас есепке алынды. Сынақ режимінде Байқоңыр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы ашылды,- деді Ақмарал Әлназарова.

http://kyzylorda-news.kz/zhanalik/lifnews/12658-oblysta-zhrekke-ashy-ota-zhasau-laydy.html

МАМАНДАР ҚАТАРЫ АРТА ТҮСТІҚызылорда облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету желісі 379 адамға толықты. Жыл басында медицина мамандарымен қамтылу 87 пайызды құраған. Есепті мерзімге дейін алғашқы медициналық-сараптамалық көмек көрсету желісіне 32 жас маман тартылып, қызметкерлер саны 95 пайызға ұлғайтылды. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету дәрігерлері мен медбикелердің саны 1:3 сәйкестігіне келтірілді. Сонымен бірге дәрігерлік аймақтарда тіркелген халық санын 2200-ден 1800-ге дейін, ал 2019 жылға қарай 1500-ге дейін азайту жоспарлануда. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында 34 жаңа жалпы дәрігерлік аймақ ашылатын болады,- деді басқарма басшысы.
Облыстағы барлық медициналық мекемелерде емделушілерді қолдау қызметі құрылған. Кезекке тұруды азайту және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының тіркеу жұмыстары іске қосылды. Жүйе әкімшілігі қызметі енгізілді, ірі емханаларда емделушілердің реттілігін бақылау үшін арнайы бейнекамералар орнатылды.

http://kyzylorda-news.kz/zhanalik/lifnews/12660-mamandar-atary-arta-tst.html

Буын ауруынан бір аптада арылтады«Ауырмаңыз!» газетінің редакциясына буын ауруларынан зардап шегетін адамдар жиі хабарласады. Арасында ауруханаға жатып ем алып, дәрігер кеңесін бұлжытпай орындаса да жазылмай, қайта жүріп-тұруы қиындағанын айтатындары бар. Буынның бұлай ауыруына не себеп? Оны түбегейлі емдеу мүмкін бе? Оқырмандарымызды мазалайтын осы сұрақтарды біз травматолог Асқарбек Қамбарбековке (суретте) қойған едік. Дәрігер бізге бұл аурудан бір апта ішінде арылта алатынын айтты. Оның өзіндік тәсілі бар екен.

 

– Бүгінде маған тізесі ауыратындар, яғни 1 – 4 сатыдағы артрит, артроздан зардап шегетіндер көп келеді. Сосын бел омыртқадағы жарықтың (грыжа) асқынуынан қимыл-қозғалысы қиындағандар жиі көмек сұрайды. Өкше сүйелі (пяточная шпора) мазалайтындар да жетерлік. Мен оларды өзіндік тәсілмен емдей­мін. Бір апта ішінде нақты нә­тижені көргендер риза болып, бұл жайлы таныстарына, туыстарына айтып жатады. Сөйтіп буыны ауыратындар басқа облыстардан да жұмысыма, үйге іздеп келіп жүр.

– Осы өзіндік тәсіліңіздің құпиясын айта аласыз ба?

– Құпиясы кәдімгі «укол». Ол медицинада қолданылып жүрген заманауи дәрілер. Тек мен аурудың түрі мен сатысына қарай оны басқа қажетті дәрі­лермен араластырамын. Мұны студент кезімде, институтта оқып жүргенде жасы келген бір профессор үйреткен. Өйткені оның өзі де буын ауруларынан зардап шеккен. Одан бері де буын ауруларының себебі мен емін табуда ізденіп, еңбек етіп жүргеніме отыз жылдан асты. Бұл уақыт аралығында мол тәжірибе жинадым, керекті дәрілердің әсері мен бір-біріне үйлесімін қоса зерттедім. Сөйтіп әлгі дәрі құрамын тағы өзгерттім. Осылай бірнеше дәріден жылдам әсер етіп, тез сауығуға көмектесетін жаңа құрам жасап шығардым.

Екінші құпиям – мен «уколды» ауру ошағына саламын. Өйткені жамбастағы бұлшықетке, көктамырға салған дәрі­лер бүкіл денеге тарайтындықтан, әсері буындарға толық жете бермейді. Ал ауру көзін дәл тауып, екпені тура сол жерге салғанда жылдам әрі толыққанды әсер етіп, адам ауруынан тез жазылады.

– Сонда емделу қанша уақытқа созылады?

– Артрит немесе артроздың бас­тап­қы сатысында 1«укол» ғана салынады. 2-ші – 3-ші саты болса, 3 екпеде толық жазылып кетеді. Ал 4-ші сатыдағы буын ауруын емдеуге 12 күн керек.

Мен екпені күн аралатып, ары кеткенде 6 рет саламын. Оның 3-еуі тұзды ерітеді, суықтауды, буындағы ісінуді қайтарады. Осының өзінде аяқтың түнімен қақсап, мазаны алуы басылады. Кейінгі екпе шемір­шекті қалпына кел­ті­реді. Ең соңында сүйек буындары түйіс­кен жердегі кеуіп кеткен сұйықтықтың қайта түзілуіне көмек­тесетін дәрі егіледі. Нау­қас «укол» салдырып болған соң үйіне қайта береді. Тек одан кейін біраз уақыт суық пен тұмаудан сақтануы, ауыр көтермеуі керек.

7-8 жыл бұрын Ресейде «Нолтрекс» деген дәрі шықты. Бұл буын үшін теңдесі жоқ ем: әсері операция жасағанмен бірдей. Әзірге әлемде оған тең келер дәрі шыққан жоқ. Тізе буындары арасындағы шеміршегі мүлде жарамай, жүруден күдер үзген 3 адамға соны өзімнің әдісім бойынша салдым. Өзім де күтпеген өте керемет нәтижелерге қол жеткіз­ге­нде науқастан бұрын мен жас балаша шаттандым.

– Омыртқааралық жарықты да осылай емдейсіз бе?

– Иә, бәрінің тәсілі бір.

– Асқарбек Керімұлы, осы буын ауруларының себебі неде?

– Менің буын ауруларын емдеп жүр­геніме отыз жылдан асты. Байқайтыным, тізе ауруының 90%-ы тұз жиналуы­нан болады. Омыртқааралық жарық та тұз әсерінен екі омыртқа ара­сындағы шеміршектің желінуінен туындайды. Ол 70-80% жағдайда бүйректің созылмалы ауруынан бастау алады. Оны созылмалы пиелонефрит дейді. Өкше­дегі сүйел де артық тұздың жинақталу­ынан. Негізі адам қанының құрамы те­ңіздің ащы суының құрамымен бірдей. Оны Жапон ғалымдары дәлелдеген. Яғ­ни қанда онсыз да адам ағзасына қажет­ті тұз мөлшері бар. Біздің күнделікті азығымызға тағы да тұз қосылады. Оның артық мөлшері бүйрек және тер арқылы сыртқа шығып кетуі тиіс. Бүйрек жұмысы бұзылғанда тұзды толығымен сыртқа шығара алмайды. Сөй­тіп тұз буындарға жинала бастайды. Неге буындарға? Себебі сүйек өзіне керекті кальций, фосфор сынды эле­мент­терді буындар арасындағы шемір­шек арқылы алады. Артығы тап сол жерде жиналатынының сыры осында. Етті тұздағанда ол кеуіп, қатты болып қалады емес пе? Сол сияқты шемір­шек те қатып, кебеді. Сосын ол қозғалғанда сықырлай бастайды. Бұл буынның ауруға ұшырағанының алғаш­қы белгісі.

Шеміршек айналасындағы тұз мұз сүңгілері сияқты болады. Адам оқыс қимылдағанда, уқалағанда ол сынып, майдаланып, шеміршек үстіне жайылады. Осылай әр қозғалыста шеміршек желіне береді. Мұны артроз дейді. Ал артрит ондағы жұмсақ тіннің қабынуы. Артроз осы артритке алып келеді. Бұл аурулар шеміршектің жағдайына қарай 4 сатыға бөлінеді. 1-ші және 2-ші сатысы жеңілдеу, оны 2-3 «уколмен» емдеуге болады. Ал 3-ші сатыда шеміршек жартысына дейін желініп, ондағы жүйке талшықтары ашылып кетеді. Осыдан бастап буын толық ашылмай, дұрыс бүгілмей қалады. 4-ші сатыда шеміршек толығымен мүжіліп, жиналған тұз сүйектерге жетеді. Сосын сүйек қақсап ауырады. Ауру әсіресе түнде мазалайды. Медицинада оны операция арқылы емдейді. Мұны эндопротез дейді. Яғни буындар ортасына темір қояды. Одан да толық жақсы болып кеткендерді көргенім жоқ. Менің жаңа тәсілге бет бұруыма осы жай себеп болды.

– Еңбекақыңызды білуге бола ма?

– Бір укол 5 мың теңге. Дәрінің де, еңбегімнің де ақысы соның ішінде. Сосын келушілердің жағдайына қарай қан қысымы, бүйрек ауруына қарсы дәрі-дәрмек жазып беремін, оны өздері үйлерінде қабылдайды.

– Сізді іздегендер қайдан таба алады?

– Мен Шымкенттегі «Дора» клиникасында жұмыс істеймін. Маған 8-702-383-01-04, 8-705-695-69-53 телефондары арқылы хабарласуға болады.

– Уақыт бөлгеніңізге рахмет.

Сұхбаттасқан – Р. САҒАТҚЫЗЫ.

http://www.zamana.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=306%3Abirinshi-bajly&catid=2%3Auncategorised

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойын аймағымыздың ақ халатты абзал жандары да айрықша атап өтті. Мерекелік шарада «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен 18 адам марапатталса, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан 5 дәрігер «Еңбек ардагері» медалін кеудесінен тақты. Сондай-ақ тағы бірнеше маман облыс әкімінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды. Еліміз Егемендік алған ширек ғасыр ішінде қандай белестерге көтерілсе, бұл биікке жетуде дәрігерлердің сіңірген еңбегі орасан. 25 жыл ішінде мемлекетіміздің денсаулық саласа елмен бірге жасасып, дами түсті. Оның ішінде Сыр өңірінің медицинасы да қарыштап дамып, көптеген оталарды өз жерімізде жасай алатын дәрежеге жетті. Аймақ тұрғындарының өмір сүру жасының ұзақтығы да артып, орта жас 72 жасты құрады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын осындай жетістіктерімен қарсы алған дәрігерлерді құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыс әкімінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хатын бірнеше дәрігерге табыс етті. Тәуелсіздік тұсында облыстың денсаулық сақтау саласында да көптеген өзгерістер мен жаңару болды. 1998 жылы облыстағы ең айтулы кезең Ел Басы өз қолымен – облыстық медицина орталығын ашты. 2005 жылы саланы қаржыландыру 6 жарым млрд теңге болса, 2015 жылы 32 млрд теңгеге дейін, яғни 87 пайызға өскен. Осы жылдар аралығында 119 нысан жаңадан пайдалануға беріліп, 311 нысан күрделі жөндеуден өткізілсе, емдеу мекемелері санитарлық автокөліктермен толық жарақтандырылған. Осы істердің басы-қасында жүрген денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова әріптестерін құттықтап, тағы да бірнеше маманды марапат мінберіне көтерді. Облысымызда 2009 жылы кардиохирургиялық орталық, 2013 жылы Нейроинсульттық орталық ашылды. 2009 жылы санитарлық авиация жұмысы жанданды. Үлкен орталықтардан ана мен бала, облыстық балалар ауруханасы іске қосылды. Сондай-ақ , аудандардағы емханалар түгелдей жаңартылды, жыл аяғына дейін Жаңақорған аудандық емханасы мен 11 дәрігерлік амбулатория өз жұмысын бастайтын болады. Бұлардың барлығы тек Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен толағай табыстар.

 

http://kogamtv.kz/t%D3%99uelsizdikti%D2%A3-25-zhyldy%D2%93ynda-a%D2%9B-xalattylar-marapattaldy/


 

Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар саны өсуде21 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Назар аударыңыз: Диабат жаныңызда» жобасының ұйымдастыруымен және «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша дөңгелек үстел өтті.

 

Елімізде 290 мыңнан астам адамға диабет диагнозы қойылған. Олардың саны жыл сайын 12 пайызға өсіп келеді. Ресми деректер бойынша өткен жылы тағы да 30 мың 346 адамға диагноз қойылса, биылғы жылдың тоғыз айында олардың саны 26мың 524 адамды құраған. Оның 90%-ы екінші типті диабет. Бұл ауру көбіне тамақтану режимін сақтамау мен қозғалысы аз өмір салтын ұстау нәтижесінде пайда болады.

«Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша комиссия жетекшісі, Парламент мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолованың айтуынша адамға диабет диагнозы қойылса, ол өмір бойына және айналасындағыларға ол адамдармен тұруды үйреуі керек.

- Қазіргі таңда Қазақстанда өлімге алып келетін аурулардың көш басында 5 ауру түрі тұр. Соның ішінде қант диабеті жүрек- қан тамыры аурулары мен онкологиялық аурулардан кейінгі үшінші орында тұр.Біздің қант диабеті ауруын бөлек қарап отырған себебіміз ол әлемдік ауруға айналып кетті. Өкінішке орай, аурудың алғашқы типі байқалмай өтетіндіктен көбіне екінші типке келгенде диагноз анықталып жатады, - деді депутат.

З. Аманжолова қант диабетінің алдын алуға болатынын айтып оқырмандарға медицина қызметкері ретінде кеңестер де беріп өтті. Қазірде бала дүниеге келгеннінен бастап оның осы аурудан сақтаудың жолдары қарастырылған. Егер сәби туылған кезде салмағы әдеттегіден көп болса, онда бірден денсаулығын тексереді. Өйткені, толықтық та диабеттің бір нышаны болуы мүмкін. Мектеп жасындағы оқуышының немен тамақтанып, қандай спортпен айналысып жүргеніне ерекше назар аударған жөн. Қант диабетіне шалдықпау үшін ылғи қозғалыста жүріп, спортпен айналысу керек. Сонымен қатар, жылына бір рет қант диабетінен тексерістен өту қажет.

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунованың айтуынша қант диабеті асқынуынан емделуден гөрі, ауру белгілері енді басталып кеткен науқасқа емделу 12 есе арзанға түседі.

 

- Қант диабеті мүгедектік емес. Алайда диабет кезіндегі мүгедектік – оның қатты шиеленісіп кетуінен туындайды. Ол инфаркт, инсульт, бүйректің жұмыс істемей қалуы, көздің көрмей қалуы және ампутация.Халықаралық диабеттік ассоциацияның ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда 700 мың адам қант диабетімен ауырады. Тек көптеген науқастар өзінің қант көрсеткішінің жоғарылап кеткенін білмейді, - деді Н. Годунова.

Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар саны өсудеДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас штаттан тыс эндекринологы Лаура Даниярованың мәліметінше 2040 жылға қарай әлемде қант диабетіне шалдыққан адамдардың саны 642 млн болуы мүмкін деп күтілуде.

-Халықаралық диабет федерациясына 415 млн адам тіркелген. 2005 – 2015 жж аралығында қантдиабетімен ауыратын науқастардың саны 130 пайызға өскен. Ағымдағы жылдың алғашқы алты айы бойынша үлкендердің бірінші типтегі ауруға шалдығуы 3.1 пайыз өсуін қамтыса, балалар мен жасөспірімдерде ол 4.5 пайызға өскен. Ал екінші типте жалпы ортақ өсуі көрсеткіші 3.1%-ды құрап отыр. Бізді екінші типтің балалар мен жасөспірімдерде кең етек алып жатқаны қобалжытады. Аймақтық аурудың таралуына келсек, Алматы облысы, ШҚО және ОҚО науқастардың саны жөнінен алғашқы орындарда тұр, - деп атап өтті Л. Даниярова.

ҚР диабеттік ассоциация президенті Лейла Жұбандықова 2015-2016 жж ҚРДА(ҚР диабеттік ассоциациясы)мониторингіқорытындысымен бөлісті.

- Диабеттік ассоциация 2014 жылдан бері қант диабетіне мониторинг жүргізіп келеді. Соңғы екі жылда біз 15 аймақты аралап щықтық. Негізгі проблемаларға тоқталсақ, бірінші кезекте балалар эндекринологы сияқты қызметкерлердің жетіспеушілігі, онан соң диабеттік табан кабинеттерінің аздығы, подиатр деген мамандықтың жоқтығы, мемлекеттік бюджеттен диабеттік табан қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға қаржы бөлінбегендігі. Сонымен қатар, диабеттік орталықтардың тек облыстық ауруханаларда ғаан бар екенін атап өткім келеді. Ең басты проблема - білімді мамандардың тапшылығы, - деп негізгі мәселелерді тізіп шықты Л.Жұбандықова.

Көркем ӨМІРӘЛІ

Фото: Советбек МАҒЗҰМОВ

http://aikyn.kz/ru/articles/show/32245-_aza_standa_ant_diabet_ne_shaldy_andar_sany_sude

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА КӨМЕК КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫБиыл Қызылорда облысында қатерлі ісік ауруларына көмек көрсетуді жетілдіру бағытында ауруды ерте анықтау және онкологиялық ауруларға көмек сапасын жақсарту үшін мақсатында 32 мамандандырылған кабинет ашылды. Профилактикалық кабинеттермен жабдықтау 45,8%-дан 87,5%-ға, кадрмен қамтамасыз ету көрсеткіші 37,5%-дан 79,1%-ға жоғарылады. Сонымен қатар, аудандарда аталмыш ауру түріне анальгетиктердің қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады.

- Жыл басынан бері жоспарланған 70 маманның 90%-ы білім деңгейлерін арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде 14 маммолог, 8 онколог қайта даярлаудан өтсе, проктологиялық және қарау кабинеттерінің 40 маманы білімдерін жетілдірді. Қатерлі ісік ауруынан І-ІІ сатысында алғаш анықталғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 24% өскен. Аталмыш аурудың асқынуы 42%-ға, дерттен қайтыс болу көрсеткіші 21%-ға төмендеген,- деді А.Әлназарова.

http://kyzylorda-news.kz/zhanalik/lifnews/12638-onkologiyaly-aurulara-kmek-kabinetter-ashyldy.html

Қазақстанда соңғы 7 жылда миокардтың жіті инфарктінен болатын өлім-жітім 2009 жылғы 3 мың 476 адамнан 2015 жылы 1 мың 876 адамға, яғни 1,8 есеге азайды. 2016 жылғы 10 айдағы өлім-жітім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 12,18 болды. Бұл өткен жылдың аталған уақытымен салыстырғанда 12,1%-ға төмен (2015 жылғы 10 айда - 13,86) болды, деп хабарлайды Қазақпарат ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне сілтеме жасап.

Жүрек-қан тамырлары аурулары әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себебі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын инфаркт пен инсульттан 17,1 млн. адам қайтыс болады. Ол көп жағдайда жастардың арасында кездеседі. Дұрыс емес тамақтану, физикалық инерттілік, темекі мен ішімдікті пайдалану - ауру тудыратын қауіптің негізгі факторлары болып табылады. Қазақстанда жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту мақсатында ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында негізгі әлеуметтік мәні бар, жұқпалы емес аурулар мен елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар 5 ауру, оның ішінде миокардтың жіті инфаркті бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі енгізілуде. Бүгінгі таңда әрбір бағыт бойынша қызметтің барлық түрлері көрсетілуде: профилактика, емдеу шаралары, оның ішінде оңалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер. Медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі енгізу бойынша Жол картасын жүзеге асыру шараларының аясында облыстық, Астана және Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармаларының, республикалық және аймақтық медициналық ұйымдардың жұмысын үйлестіру мақсатында 5 үйлестіру кеңесі құрылды.

http://syrboyi.kz/zedelnews/9135-azastanda-zhrek-an-tamyrlary-zhyesn-aurularynan-bolatyn-lm-zhtm-krsetksh-tmendeude.html

Назад Вперед