Ауа райы
Мерекелер

КӘСІБІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІАстана қаласынан медицина ака­­демиясын провизор-дәрігер ма­мандығы бойынша бітірген Тұрсынай Жолдасбекқызы Кенебаева Байқоңыр қаласында біршама уақыт дәрігер болып қызмет атқарды. Кейін келе, яғни 2009 жылы жоғары білімді маман заман талабына сай дәріхана кәсібін қолға алып, кәсіпкерлікпен шұғылдануға ден қояды. Алғашқыда жүрексіне іс бастаған Тұрсынай бү­гін­де жосалылықтардың алғысына бөленген белгілі кәсіп иесі.

 

Оның Абай көшесі, №71 мекен-жайы­нан ашылған «Тұрсынай» дәріханасы тұр­ғындар көңілінен шығуда. Түскі үзіліс­сіз әрі демалыс күндерінсіз халыққа сапалы қызмет көрсететін дәріхана жұмысына ардагерлердің де айтар алғысы шексіз. Кәсіптің көзін таба білген білікті маман 2015 жылы Сәрке батыр көшесі, №1 үйден екінші дәріханасын ашып, кәсібін кеңейтті. Жарқынай, Жеңіскүл, Назира, Анар, Гау­һар есімді кент тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Ол мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы аналар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмектесіп, қайы­рымдылық жасауды азаматтық парызым деп санайды.

-Адам алдына мақсат қоя білуі керек деп ойлаймын. Қиындықсыз ештеңе болмайды. Бір ізге түскенше шыдамдылық қажет. Кәсіпті өз қара­жатыммен бастадым. Жаман емес­піз. Өткен жылы кәсібімізді ке­ңейттік. Екі дәріхана да түнгі 12.00-ге дейін жұмыс жасайды. Кім болса да бас ауырып, балтыр сыздағанда дәріханаға жүгіреді. Осындайда біздің дәріханалардың есігі қашан да ашық,-дейді Тұрсынай күлімдеп.

Иә, кентте түскі үзіліссіз, түнгі уақытта, сенбі, жексенбі күндеріде жұмыс жасап, халыққа сапалы қызмет ұсынуды бі­рінші болып бастаған да осы Тұрсынкүл болатын. Бұл да кәсіп иесінің же­ке басынан гө­рі өзгелердің қамын ойлағанының бір кө­рінісі болса керек.

Тұрсынкүл Жолдасбекқызы жары Тал­ғат Танабаевпен Дәурен, Данияр, Айшолпан, Даниял атты перзенттер тәрбиелеп отырған көпбалалы ана.

Ол 2 рет аудан әкімінің және Жосалы кенті әкімі мен аудандық ардагерлер ке­ңе­сінің алғыс хаттарымен марапатталған кәсіпкер.

Аналық бақытын отбасынан, несібесін дәріхана кәсібінен тапқан жанға біз де ел­дің айтар алғысы әркез көп бола берсін деп ті­лейміз.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ

«Қармақшы таңы» газетінен

http://qarmaqshy-tany.kz/k-sibi-ke-ejip-keledi/