Ауа райы
Мерекелер

КӘСІБІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІАстана қаласынан медицина ака­­демиясын провизор-дәрігер ма­мандығы бойынша бітірген Тұрсынай Жолдасбекқызы Кенебаева Байқоңыр қаласында біршама уақыт дәрігер болып қызмет атқарды. Кейін келе, яғни 2009 жылы жоғары білімді маман заман талабына сай дәріхана кәсібін қолға алып, кәсіпкерлікпен шұғылдануға ден қояды. Алғашқыда жүрексіне іс бастаған Тұрсынай бү­гін­де жосалылықтардың алғысына бөленген белгілі кәсіп иесі.

 

Оның Абай көшесі, №71 мекен-жайы­нан ашылған «Тұрсынай» дәріханасы тұр­ғындар көңілінен шығуда. Түскі үзіліс­сіз әрі демалыс күндерінсіз халыққа сапалы қызмет көрсететін дәріхана жұмысына ардагерлердің де айтар алғысы шексіз. Кәсіптің көзін таба білген білікті маман 2015 жылы Сәрке батыр көшесі, №1 үйден екінші дәріханасын ашып, кәсібін кеңейтті. Жарқынай, Жеңіскүл, Назира, Анар, Гау­һар есімді кент тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Ол мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы аналар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмектесіп, қайы­рымдылық жасауды азаматтық парызым деп санайды.

-Адам алдына мақсат қоя білуі керек деп ойлаймын. Қиындықсыз ештеңе болмайды. Бір ізге түскенше шыдамдылық қажет. Кәсіпті өз қара­жатыммен бастадым. Жаман емес­піз. Өткен жылы кәсібімізді ке­ңейттік. Екі дәріхана да түнгі 12.00-ге дейін жұмыс жасайды. Кім болса да бас ауырып, балтыр сыздағанда дәріханаға жүгіреді. Осындайда біздің дәріханалардың есігі қашан да ашық,-дейді Тұрсынай күлімдеп.

Иә, кентте түскі үзіліссіз, түнгі уақытта, сенбі, жексенбі күндеріде жұмыс жасап, халыққа сапалы қызмет ұсынуды бі­рінші болып бастаған да осы Тұрсынкүл болатын. Бұл да кәсіп иесінің же­ке басынан гө­рі өзгелердің қамын ойлағанының бір кө­рінісі болса керек.

Тұрсынкүл Жолдасбекқызы жары Тал­ғат Танабаевпен Дәурен, Данияр, Айшолпан, Даниял атты перзенттер тәрбиелеп отырған көпбалалы ана.

Ол 2 рет аудан әкімінің және Жосалы кенті әкімі мен аудандық ардагерлер ке­ңе­сінің алғыс хаттарымен марапатталған кәсіпкер.

Аналық бақытын отбасынан, несібесін дәріхана кәсібінен тапқан жанға біз де ел­дің айтар алғысы әркез көп бола берсін деп ті­лейміз.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ

«Қармақшы таңы» газетінен

http://qarmaqshy-tany.kz/k-sibi-ke-ejip-keledi/


«Аурухана ескi деп тұрғындарды сандалтып қоя алмаймыз»Арал аудандықауруханасыныңбас дәрiгерiМарат РШЫМБЕТОВ:

«Аурухана ескi деп тұрғындарды сандалтып қоя алмаймыз»

 

Тәуелсiз елге тiрек болар ұлы күштер жетерлік. Десек те әрқайсысының мәнi мен қадiрiне жете бiлуiмiз де керек. Сол ұлы күштiң бiрi – халықтың денiнiң саулығы. Елбасы Жолдауында жүктелген маңызды мiндеттердiң бастысы да осы ел денсаулығын қорғауға бағытталған. Бұған немiс философы Артур Шопенгауэрдiң «Бiздiң бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» деген сөзiн де қосып қойыңыз. Қысқасы, айтпағымыз аралдық ағайынның бүгiнгi жай-күйi, денiнiң саулығы, аудандағы денсаулық сақтау саласының жұмыс барысы туралы. Бұл тұрғыда бiз ауданның бас дәрiгерi Марат Құбылұлын әңгiмеге тартқан болатынбыз.

 

 

- Марат Құбылұлы, әуелi өзiңiз басшылық ететiн аурухананың бүгiнгi беталысы, тыныс-тiршiлiгi туралы айтып берсеңiз.

 

- Алдымен, атауға аты жағымсыз, дегенмен ең қажеттi саналатын травматологиялық бөлiмшенiң ашылғаны туралы жаңалықтан бастайын. Бүгiнгi таңда «Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде 5 бағыт (жарақаттану-травматизм, ана мен бала, онкология, инсульттiк аурулар, қан айналым жүйесi аурулары) бойынша қарқынды жұмыстар атқарып жатырмыз. Өздерiңiзге белгiлi, «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолы пайдалануға берiлгелi жол апаты көбейiп тұр. Жасыратыны жоқ, қайғылы оқиғалар да орын алуда. Ал осы айдау жолда апатқа ұшыраған шарасыз жолаушыға барынша шұғыл көмек керегi анық. Осыны ескере отырып облыстың екi жақ қақпасында отырған қос аудан Жаңақорған мен Аралда аймақ аралық 20 орындық травматологиялық бөлiмше ашылды. Аталған 5 бағыт бойынша құрылғыларды толықтай жаңарту жоспары қойылған.

Осыған сәйкес бiз қазiргi уақытта травматизмге қатысты аппараттарды алып жатырмыз. Мысалға, жақында лизингпен «С дуга» деген рентген құрылғысын алдық. Оның ерекшелiгi қай деңгейдегi жарақат болсын, науқастың жанына батпайтындай етiп дененiң барлық бөлiгiн түсiре алуында. Жарақаттанған адамды жатқызып, бекiтемiз. Қалған жұмысты аппарат өзi атқарады.

Сонымен қатар, ана мен балаға қатысты арнайы құрылғы алынды. Мониторда баланың да ананың да қан қысымы, жүрек соғысы көрiнiп тұрады. Сосын дозатор. Бұл құйылатын дәрiлердiң секундына қанша миллилитр жiберiлетiнiн өзi есептейтiн құрылғы. Ал, қаржылық жағдайға келетiн болсақ, 2016 жылға бюджет есебiнен 2 333 815 мың теңге қаржы бөлiндi. Оның iшiнде республикалық бюджеттен 1 997 789 мың теңге, жергiлiктi бюджеттен 3 360 026 мың теңге қаралған. Аталған қаржының 2016 жылдың 9 айына – 1 669 301,9 мың теңгесi игерiлдi. Материалдық-техникалық жабдықтауға ағымдағы жылы лизинг бойынша медициналық құрал-жабдықтар алуға тиiстi құжаттар дайындалып, жұмыстар жүргiзiлуде.

 

- Бiрқатар жаңа технологиялар алдық дедiңiз. Ендi сол аппара ттардың «құлағында ойнайтын» мамандар жеткiлiктi ме?

 

- «Ана мен бала» бағыты бойынша бiздiң перзентхана бұған дейiн бiрiншi деңгейде болатын. Тиiстi талап-тәртiптерге байланысты екiншi деңгейге өте алмаған едi. Себебi, мамандармен, құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етiлмеген. Биыл мамыр айынан бастап аудандық перзентханада неонатологтардың тәулiктiк кезекшiлiгi ұйымдастырылып, 11- шi мамырдан бастап перзентханамыз босанудың II деңгейiндегi медициналық ұйым болып бекiтiлдi. 3 дана дозатор алынды. 4 дәрiгер неонатологиядан облыстық медициналық орталықтың симуляция орталығында бiлiмдерiн жетiлдiрдi. 1 дәрiгер қазiргi таңда неонатология бойынша 4 айлық қайта даярлау курсында оқып жатыр. Травматология бойынша да мамандарды оқытып, қайта даярлықтан өткiзудемiз. Жақында ғана жас нейрохирургiмiз бiлiмiн жетiлдiруге кеттi. 4 реаниматологты оқыттық. 3 акушер-гинеколог, бiреуi Алматыда бiлiм жетiлдiрсе, екеуi Қызылордадағы «Ана мен бала» орталығында бiр айлық тәжiрибеден өттi.

 

- Қазiр аурудың барлығы жер бетiне шыққан заман. Халықтың денсаулығы неге төмендеп кеттi? Бұған экология ма, әлде, адамдардың өз денсаулығына немқұрайлы қарауы себеп болып отыр ма? Дәрiгер ретiнде сiздiң ойыңыз?

 

- Мен ойлаймын, барлығы ең әуелi адамның өзiне байланысты. Дұрыс тамақтану, салауатты өмiр салтын ұстану деген қарапайым қағидаларды ұмытып кетемiз. Соның салдарынан кiшкентай балалардағы семiздiк, тепсе темiр үзетiн жас жiгiттердiң инсульт алуы көбейiп кеттi. Бұрын орта жастан асқан адамдарда болатын едi, қазiр жас талғап тұрған жоқ. Жаман әдеттердi жанына серiк еткендер қатары да кемiмей тұр. Басқа аудандағы әрiптесiмiз бiр жиында «жас жiгiттердiң қан қысымы көтерiлiп немесе түсiп кетуiнен қыршын кетiп жатқаны қай жылдары құлаған гептильден шығар» деп айтып едi. Мен сонда «төгiлген гептиль тек қана сол 30-35 жастағыларды таңдап құлатып жатпаған шығар?» дедiм. Алатын ажал алып кетедi, десек те адам өмiрi үшiн жанымызды салып күресуiмiзге сол адамның да ерiк-жiгерi, қайраты, сенiмi көмектеседi. Сондықтан басқа факторлардың әсерiнен кiнә iздемес бұрын адам жоғарыда айтып өткен қарапайым қағидаларды күнделiктi дағдыға айналдырып отыру керек.

 

- Сенiм туралы айтып кеттiңiз. Қарапайым халық әуелi Алласына, сосын ақ халатты сiздерге сенедi. Ал, сол сенiмдi қаншалықты деңгейде ақтап жүрмiз деп ойлайсыз?

 

 

- Жұмыс болғаннан кейiн алғыс та, өкпе де, барлығы болады. Бәрiне бiрдей көмектескiмiз келедi. Дегенмен, ойлағанымыз түгел жүзеге аспай қалатын кездер бар. Айтып келмейтiн ажалмен айқасымыз бiздiң пайдамызға шешiлмей қалуы да мүмкiн. Сондай шақтарда науқастың туыстарында дәрiгерлерге деген көңiл толмаушылық, ренiш сезiмдерi орын алады. Құтқарып қалсақ, алғысын, рахметiн айтып батасын берiп кетедi. Бiз қалай болғанда да қолымыздан келгендi жасаймыз. Мысалы, жақында бiр өкiнiштi, қайғылы жағдай болды. Бiр жас жiгiт көлiк апатына ұшырап, басынан қатты жарақат алды. Облыстан арнайы санитарлық авиация көмегiне сүйендiк. Бiлiктi мамандар шақыртып, 4 күн бойы ұйықтамай жас жiгiттiң өмiрiн сақтап қалу үшiн алыстық. Алла iсiне амал жоқ деген, құтқарып қала алмадық.

Ал, оның алдында бiр үлкен кiсi «Төретам» жақта апатқа ұшырап, қатты жараланған. Сол жақтың дәрiгерлерi «ендi үмiт жоқ-ау» деп қайтарған, бiрақ, осында келгесiн тағы да облыс орталығынан мамандар, яғни нейрохирург тікұшақпен ұшып келiп, емдедi, ота жасады. Шүкiр, бәрi жақсы аяқталып, осыдан бiр-екi күн бұрын ғана үйiне, туған-туыстарына аман-есен оралды. Осы ретте айта кеткiм келедi, бiздiң облыста дәрiгерлiк авиация жақсы жұмыс iстеуде. Дер кезiнде келедi, еш кедергi жоқ. Телемедицина дегендi де жолға қойып келемiз. Өзiмiз дұрыс түсiнбеймiз бе, ұялы телефонмен қағаздағы нәтижелердi, рентген пленкасын суретке түсiрiп «Whatsapp» желiсi арқылы облысқа жiберемiз. Олар қарап, бiрден түсiнбегенiмiздi айтып бередi. Тiкелей байланысқа шығатын да бөлмемiз бар. Науқастың жағдайы «жолға жарайды» десе, өзiмiздiң көлiктерiмiзбен апарамыз, «жарамайды» десе арнайы мамандар өздерi тікұшақпен келедi. Тiкелей сол жақтың нұсқауымен жұмыс істейміз.

 

- Жоғарыда айтып өткен бағдарламаның «Ана мен бала» бағытында да жаңа жетiстiктерге жетiп жатыр екенсiздер.«Ел байлығы - азаматымен» десек, ел ертеңi болар денi сау ұрпақты дүниеге әкелер аналарымыздың жағдайы қалай?

 

- Бiз қазiргi таңда ана мен баланы, соның iшiнде жүктiлiк мерзiмiндегi жас әйелдердi арнайы алдын ала тiркеп, топтарға бөлiп бақылап отырамыз. Жүктi әйелдердi зерттеп, олардың қай кезде, қайда босанатынына дейiн ойластырамыз. Алматыда босану керек болса, ол төртiншi деңгей болып саналады. «Босануға мүлде болмайды» деген де әйелдер болады. Себебi, денсаулығы жарамайды. Қаназдық, бүйрек ауруы сияқты дерттерге шалдыққан. Оған қарамай босанатын болса, көп жағдайда өзiнiң де баланың да өмiрiне қауiп төнуi мүмкiн. Бiрақ оны тыңдамайды көбiсi. Бала тууды жоспарлау дегендi бiлмейдi, бiлгiсi де келмейдi. Қазақтың саны көбейсiн ғой, дегенмен ұлттың денi сау болуын да ойлау керек арасында. Ал егер, «жоқ, босанам» деп табан тiреп отырып алатын болса, амал жоқ жоғары жақпен, яғни облыспен, Алматымен ақылдасып отырып босанғанша тыным таппаймыз. Бiзде әлгi айтқан «мүлде босануға болмайды» деген топта 2 әйел болды. Абырой болғанда екеуi де аман-есен босанып үйлерiне қайтты. Бiрақ әлi де болса дәрiгерлердiң тұрақты қадағалауында.

Былтыр әр түрлi диагноздағы 15 әйел болды. Жылдың басында босанып, жылдың аяғында тағы да жүктi болғандар да кездеседi. Көпшiлiгi ауылдық жерде тұратындар. «Iшкi құрылыс демалу керек, қайтадан қалыпты жағдайға келу керек» деген ескертпелерiңе пысқырып та қарамайды. Қазiр бүкiл адамды 100 пайыз денi сау деуге келмейдi. Әйтеуiр бiр науқас жанында жүредi. Жүктi әйелдердiң қан қысымы дұрыс емес, қаны аз, туғаннан жүрек талмасы барлары да кездеседi. Бәрi бiздiңжiтi бақылауымызда.

Жоспарламай бала көтеру нәтижесiнде 3-4 айлығында бала түсiп қалуы сияқты жағдайлар орын алады. Тағы екi-үш айдан кейiн көтередi, ол тағы түсiп қалады. Олар ренжидi, «неге бұлай?» деп. Қарапайым тiлмен айтқанда әйелдiң ағзасы оны қабылдамай тұр, яғни дайын емес деген сөз. Бала тууды жоспарлау деген осындай келеңсiздiктерден барып жолға қойылған нәрсе.

 

- Жаңа үлгiдегi жаңа аурухана ғимараты керек сияқты?..

 

- Әрине, бiзге керек. Жоспарда бар негiзi. Жерi, жобасы бәрi дайын тұр. Барлықаудандарға салынып шықты. Бiздiңаудан мен Қазалы ғана қалып қойып отырмыз. Шиелiдегi, Қармақшыдағы емханаларды көрiпқатты таң қалдым.Әзiршеқолқусырып отырған жоқпыз, тiршiлiк жасап жатырмыз. Жоғарыдан үмiттiүзеқойған жоқпыз. Рет-ретiмен бола берер деген ойдамыз. Аурухана ескi деп аудан тұрғындарын сандалтып қоя алмаймыз. Елдiң, халықтыңденсаулығын жақсарту жолында еңбек ете беремiз.

 

- Тәуелсiздiктiң аудан медицинасындағы жемiсi деп ненi айтасыз?

 

- Шүкiр деп айтамыз, елiмiз тыныш, бейбiт кезеңде өмiр сүруде. Төтенше апаттан аулақпыз. Төбемiзден қиқу кетпеген заманнан құтылдық. Еңсе тiктедiк. Аудан медицинасы жылдан-жылға дамып келедi. Бiр ғана мысал, биылғы «Жол картасы» жасалғалы көптеген жұмыстар атқардық. Мамандарымыз тегiн, яғни облыстық бюджет есебiнен қайта даярлаудан өтуде. Соның өзi үлкен көмек. Бүкiл облыстан жақын күндерi 4 адам Астанаѕа оқуға кету керек, соның бiреуi бiздiң ауданнан. Бұл да болса ескерусiз қалмағанымыз деп ойлаймын. Тәуелсiздiктiң арқасы, Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында, бiлiктi мамандар ойлап тапқан бағдарламалар арқасында денсаулық сақтау саласы өркендеп келедi. Осының бәрi Тәуелсiздiктiң жемiсi.

 

- Сұхбатыңызға рахмет!

 

Сұхбаттасқан: Ұ.БЕКҰЗАҚҰЛЫ

«Ақмешіт ақшамы» газеті. 19 қазан 2016 жыл

 

«Аурухана ескi деп тұрғындарды сандалтып қоя алмаймыз»

Әр аурудың емі бар, бірақ...Жан КЕНЖЕ

Әбу Хурайра жеткізген хадисте Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) «Алла өзі жіберген кез келген аурудың шипасын да жібереді» дегені жайлы айтылады. Яғни, кез келген дерттің дауасы бар деген сөз. Десе де, кей сырқаттардың емі табылса да, ол жайлы ақпарат жеткілікті деңгейде таралмай, құзырлы ұйымдар көбінде ол жайлы үнсіз қалатыны туралы әңгімелер ел арасында көп айтылады. Кейде осы айтылған әңгімелер рас-ау деп қаласың.

Бір кездері дәрі-дәрмек тапшы дүниенің бірі болса, қазір дәріхана сөрелерінен бәрін табуға болады. Ең қызығы – біз үшін дәріханаға бару дүкенге немесе базарға барып, нан сатып алғандай қалыпты дүниеге айналды. Күн сайын теледидардан көретініміз – тағы сол дәрі-дәрмектің жарнамасы. ХХІ ғасырда фармацевтика қалайша табысты бизнес көзіне айналып үлгерді? Біз неге дәріге сонша тәуелді болып кеттік? Жауап біреу – бәріне дәрілік препараттардың жоғары кәсіби деңгейде жасалған әрі кең таралған жарнамасы кінәлі. Ресми мәліметтерге сенсек, фармкомпаниялардың ТВ мен интернеттегі жарнамаға жұмсайтын инвестициясы миллиардтаған долларды құрайды. Былайша айтқанда, ол мемлекеттің денсаулық сақтау саласына бөлетін қаржысының қомақты бөлігіне тең.

Одан бөлек, көптеген жазылмайтын, ауыр науқастардың емі табылған деседі. Оны бізге сұхбат берген дәрігер де растады. «Мысалы, АҚШ, Канада, Германия сияқты алпауыт елдер барлық ауруларды емдей алады, алайда құпиясын айтпайды» дейді дәрігер. Сонымен бірге, дәрі-дәрмектің де құрамын ашық айтпауға тырысады. Көбінде құрамында ингредиенттердің химиялық атауларын жазғанымен, олар негізінен өсімдіктерден және жануарлардан жасалатын көрінеді.

Қарап тұрсаң, химиялық, фармакологиялық өнеркәсіптің өкілдері адамзатқа қарсы бірдеңе ойластырып жатқандай. Ерте ме, кеш пе, олар адамды сиреп кеткен биологиялық түрлердің біріне айналдыратын сияқты. Фармацевтика бизнесінің пайдакүнемдігі мен арамзалығына ХХ ғасырда АҚШ-та орын алған мына оқиға дәлел бола алады.

1901 жылы пенициллинді жасап шығарған Флеминг оны бүкіл адамзаттың игілігі деп атап, патент рәсімдеуге қарсы болған-ды. Бірақ, АҚШ үкіметі оның дегенін болдырмады. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде КСРО сол пенициллинді сұрағанда, Америка бермеді. Сондықтан, оны КСРО өздері ойлап табуға мәжбүр болды. Ол аз болғандай, АҚШ 1946-1948 жылдары пенициллиннің әсерін тексеру үшін 1300 гватемалалық тұтқындар мен ақыл-есі кем науқастарға әдейі соз ауруларын жұқтырып, заңсыз эксперимент жасаған.

Міне, сырқаттың шипасы мен оған қажет дәрілік препараттарды жасыру – әу бастан бар «дәстүр». Айталық, 70-жылдары қатерлі ісік қарапайым В17 дәруменінің жетіспеушілігінен туындайтынын ойлап тапқан Дж. Эдвард Гриффин «Қатерлі ісіктен ада әлем» атты кітап жазды. Алайда, бұл жаңалық насихатталмайды, керісінше халықты химиялық дәрі-дәрмекпен қамтып, үнемі олардың қажеттілігін туғызып отыру, ауруды тек уақытша басатын препараттарды көптеп шығару фармацевтік компанияларға әлдеқайда тиімді. Медициналық сауатымыз кем, тек дәріге сеніп үйренген сорлы басымыз сол компаниялардың дайын жемтігі болып отырмыз. Сондықтан да, құрметті оқырман, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.

https://korrespondent.kz/index.php/kogam-news/item/1968-r-aurudy-emi-bar-bira

АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН АБЗАЛ ЖАНЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Сыр өңірі медицинасының қанат жайғанына да ширек ғасырға толып отыр. Бүгінде облысымыздың әрбір тұрғыны керекті ем-дом шараларын уақытылы алып, халықтың әлеуметтік хал жағдайы оңала түскен-ді. Медицина саласының сан тармағында жер-жердегі амбулаториялық емханалардағы қызметкерлердің көзге көріне бермейтін еңбектері еселі. Себебі, ауыл халқы көбіне ауылдық емханалардан алғашқы көмек алып, ем-домын жүргізіп шығады.

Басың ауырып, балтырың сыздағанда да сол ақ халатты абзал жандарға барып жан тыныштығын табатынымыз жасырын емес. Әсіресе, үй-үйді аралап, жанына дауа іздеген әрбір ауыл тұрғынына өз көмегенін жеткізуші фельдшер мамандары әр ауылға керек маманның бірі. Шаршауды білмейтін, өз мамандығын бар ынтасымен орындап ел-халықтың алғысына бөленіп жүрген азаматтың бірі – Руслан Бейсенбаев. Ол Еңбек ауылының жас маманы, Тәуелсіздіктің төл құрдасы. Тіршілігі қазандай қайнап жатқан ауыл тұрғындарының әр қайсысының жан жарасы мен шипасын Русланнан артық білетін жас кемде-кем шығар?!
Елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген дәрігер жігіт Ақтөбе медициналық колледжінің 2011 жылғы түлектерінің бірі. Қым-қуыт қарбаласқан қалада өз қызметін бастап кеткен Русланды 2013 жылы ауыл әкімі маман тапшылығына байланысты шақыртқан екен. Елге келіп қызмет етуді ойлаған жас маман осы жылы «Дипломмен–ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға ат басын бұрыпты. Уақыт өте келе бағдарлама аясында алғашқы жарнасын алып, кейін баспаналы болады. Бүгінгі таңда жауапты маман иесі Еңбек ауылдық дәрігерлік емханасында жалпы тәжірбиелік фельдшер қызметін атқарады. Медицина саласының қиындығынан мойымайтын ол ауыл халқының денсаулығы үшін уақытпен санаспай жұмыс жасайтындығын да жасырмады.
–Емхана қызметіне күніне кем дегенде 10-15 ауыл тұрғыны жүгінеді. Оған қоса күніне 5-6 науқас үйге шақыртып, ем-домын жүргізіп кетеміз. Ауру айтып келмейді демекші, түнде егде жастағы науқастарға алғашқы көмек көрсету де біздің мойнымызда. 3 жыл ішінде ауыл тұрғындарының бір баласындай болып кеттім, — дейді Руслан өз сөзінде.
Жас маман өз қызметі барысында түрлі тосын жайттарға да кездесіп жатады екен. Өткен жылы таңғы уақытта дәрігерлік пунктке шақырту келіп түседі. Ай-күні толған келіншекті толғақ қысып, ауданнан жедел жәрдем шақыртады. Ауылға жедел жәрдем біршама уақыттан соң жетіп, Бұқарбай батыр ауылының бойында келіншек жолға шыдамай босанып қалады. Фельдшер маманы болса да Руслан жаңа дүниеге есігін ашқалы отырған сәбидің өмірін сақтап қалуға өзі білек сыбана кіріседі. Бұл Русланның алғаш сәбиді аман-есен анасына қауыштырған қуанышты сәтінің бірі еді.
Түйін. Өзі, сөзі, пышағы ем болатын дәрігерлер қауымы ауыл тұрғындарының ғана емес бүтін ұлт саулығына үлес қосатыны сөзсіз. Тәуелсіздікпен қатар жасасқан Сыр медицинасына талмайтын қайсар жүректі ұл-қыздар керек-ақ. Көптің батасын алып жүрген Руслан бүгінде шаңырағын биік ұстап отырған азамат. Келіншегі Ардақпен жарасымды жанұя құрып, Аяна есімді тәтті періштенің қызығына кенеліп жүр.

Жайна ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ.

«Жалагаш Жаршысы» газетінен

http://zhalagash-zharshysy.kz/al-ys-a-b-lengen-abzal-zhan/

Балалар хирургиясының атасына автокөлік табыстадыДостық үйінде Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін салушы, академик Камал Ормантаевтың 80 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Камал Сәруарұлы Ормантаевтың балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Ол 1953 жылы қызылордалық 13 талапкердің бірі болып Алматыға аттанады. Сол жылы жалғыз өзі студент атанады. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң елімізде балалар хирургиясының қалыптасуына алғашқылардың бірі болып кіріседі. Камал Сәруарұлы 35 жасында балалар хирургиясынан докторлық диссертация қорғады. Бұл – кеңестік кезеңдегі сирек кездесетін жайт. Сіңірген мол еңбегі үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілді және «балалар хирургиясының атасы» дәрежесіне көтерілді.

Мерейтой иесін аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев құттықтады.

- «Дәрігердің ауру балаларға деген жан жылуы болмаса, нағыз кәсіби маман бола алмайды»,- деген салиқалы сөзін Камал Сәруарұлы айтып қана қоймай, оны өзінің ісімен де дәлелдеді. 1996 жылы облыс орталығынан педиатрия факультетінің филиалын ашты. Осы салада жергілікті мамандарды тәрбиелеуге күш салды. Арал балаларына айрықша жағдай жасап, өзi басқарып отырған Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығынан «Экология және балалар» бөлімшесін ашып, ай сайын Қызылорда облысында 30 баланың тегін емделуіне жағдай жасады. 15 жыл ішінде осы бастаманың шарапатын мыңдаған сәби көрді,- дей келе, облыс әкімі мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Сондай-ақ, аймақ басшысы Ормантаевқа Қызылорда облысының Құрмет грамотасын беріп, автокөліктің кілтін табыстады.

http://syrboyi.kz/zedelnews/8469-balalar-hirurgiyasyny-atasyna-avtoklk-tabystady.html

Академик атындағы конференцияОблыстық медицина орталығында еліміздегі балалар хирургиясының білгірі, медицина ғылымының докторы, профессор, жерлесіміз Камал Ормантаевтың 80 жылдығына орай кеуде клеткасының туабітті деформациясы ауруына көрнекі ота жасалды.

Бұл отаны Қызылордада алғаш рет А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бөлім меңгерушісі Б.Шертаев жасады. Осы ауруға туабітті шалдыққан 15 жастағы Айжан есімді науқас отадан кейін өзін жақсы сезінуде. Жаңа технологиялардың көмегімен стернопластика әдісімен жасалған емдеу шарасының артықшылығы – денеде тыртық іздері қалмайды, науқас отаның ертеңіне аяғынан тік тұрып кетеді. Бұрын мұндай ота ұзақ күтім мен дәрігерлік бақылауды қажет ететін.

Бір айта кетерлігі, енді қызылордалық дәрігерлер орнатылған жаңа құрылғылардың көмегімен мұндай отаны өздері де жасайтын болады.

* * *

Сол күні медицина орталығының конференц-залында «Қызылорда облысындағы балалар хирургиясының даму жолдары мен күрделі мәселелері» тақырыбында ғы¬лыми-теориялық конференция өтті.

Оған медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қызылорда облысы мен қаласының кұрметті азаматы К.Ормантаев, академик Т.Шарманов қатысты. Конференцияға жиналғандар балалар хирургі туралы деректі фильмді тамашалады. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов тәуелсіздік жылдарындағы отан¬дық медицинаның қол жеткен табыстарын атап өтті.

Жас ұрпақ өмірінің арашашысы – дәрігер Ормантаевтың шипалы қолынан дәру тапқандар саны бірнеше мыңдап саналады. Ол жасаған 14 мыңнан астам ота түрлі ауруға шалдыққан балаларға өмір, ата-аналарына үміт сыйлады. Қырық жылдан астам уақыттан бері еліміздің әр тарабына қанат қаққан профессордың шәкірттері қазір жер-жерде балаларды емдеп жүр.

Конференцияда сөз алған К.Ормантаев облыс әкімінің ша¬қыруын қуанышпен қабыл алғанын, туған топырағы – Қармақшы ауданында жиі болатынын айтты. Кезінде дәрігер педиатрия және балалар хирургиясы орталығында қармақшылық балғындардың емделуіне жағдай жасаған. Туған жермен байланысын әлі күнге дейін үзген емес.

– Қызылорданың күннен күнге көркейгеніне, өмір сүруге ыңғайлы қалаға айналғанына қуанамын. Бастысы – балаларымыз ауырмасын, бақытты болсын,– деді профессор.

Конференцияда Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бөлім меңгерушісі Б.Шертаев, ОМО балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі А.Нұрымов, балалар хирургі Ә.Төлегенов, неонатальды хирург Б.Маханбетияров баяндама жасады.

М.МЕРЕЙ.

http://syrboyi.kz/zedelnews/8462-akademik-atynday-konferenciya.html

ДӘРІГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ10 қазан күні, Достық үйінде Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін салушы, академик Камал Ормантаевтың 80 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Камал Сәруарұлы Ормантаевтың балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Ол 1953 жылы қызылордалық 13 талапкердің бірі болып Алматыға аттанады. Сол жылы жалғыз өзі студент атанады. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң елімізде балалар хирургиясының қалыптасуына алғашқылардың бірі болып кіріседі. Камал Сәруарұлы 35 жасында балалар хирургиясынан докторлық диссертация қорғады. Бұл – кеңестік кезеңдегі сирек кездесетін жайт. Сіңірген мол еңбегі үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілді және «балалар хирургиясының атасы» дәрежесіне көтерілді.
Мерейтой иесін аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев құттықтады.
— «Дәрігердің ауру балаларға деген жан жылуы болмаса, нағыз кәсіби маман бола алмайды»,- деген салиқалы сөзін Камал Сәруарұлы айтып қана қоймай, оны өзінің ісімен де дәлелдеді. 1996 жылы облыс орталығынан педиатрия факультетінің филиалын ашты. Осы салада жергілікті мамандарды тәрбиелеуге күш салды. Арал балаларына айрықша жағдай жасап, өзi басқарып отырған Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығынан «Экология және балалар» бөлімшесін ашып, ай сайын Қызылорда облысында 30 баланың тегін емделуіне жағдай жасады. 15 жыл ішінде осы бастаманың шарапатын мыңдаған сәби көрді,- дей келе, облыс әкімі мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Сондай-ақ, аймақ басшысы Ормантаевқа Қызылорда облысының Құрмет грамотасын беріп, автокөліктің кілтін табыстады.
Камал Ормантаевтың құрметіне концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, 9-11 қазан күндері академик үшін «Атамекен» балалар үйі мен облыстық Ана мен бала орталығына бару, сондай-ақ облыстық медицина орталығында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыру және Қармақшы ауданында әріптестерімен кездесу жоспарланған.

http://syr-media.kz/o-am/oblys-kimi-balalar-hirurgiyasyny-negizin-salushy-d-rigerdi-merejtojymen-tty-tady/


АЛАШТЫҢ АРДА АЗАМАТЫ

 

«Адамның мейірбандығы туған жердің топырағынан, ананың сүтінен дариды. Ал, біздің бесігіміз де, несібеміз де–ауыл».

Академик Камал ОРМАНТАЕВ.

ЕРЛІККЕ ТОЛЫ ӨМІР

Өткен ғасырдың 70-90 жылдары Арал аймағы өңірінде адам өлімі екі есеге дейін өсіп, ол ел арасында үлкен мәселе тудырған еді. Оның ішінде ана мен бала өлімі одақтық көрсеткіштен еселеп жоғары болатын. Адам санасына сыймайтын бұл дерек кімді де болса ойландырмай қоймайтын. Жарық дүние есігін ашпастан қаншама қызылшақа сәбилер мен аналар пәни өмірмен қоштасты десеңізші?! Бірақ ұлтының ауыр қасіреті көлеңкеде қала беретін.

Осы бір түйіні тарқамаған өліара тұста балалар хирургиясы көгіне жұлдызы жарқырай жас ғалым, дарынды дәрігер, талантты тұлға, күллі қазақ елінің мақтанышына айналған балалар хирургиясының негізін қалаушы, академик Камал Сәруарұлы Ормантаев келді.

АЛАШТЫҢ АРДА АЗАМАТЫОл өмір мен өлім жан алысып, жан беріскен медицина саласында 60 жылдай шаршамай-шалдықпай еңбек етті. Ұлттық намыс пен рухани болмысты биік ұстай жүріп, қазақ ұлтының ұлы перзентіне, үлкен жүректі азаматына айналды.

Қарапайым отбасында өмірге келіп, халықтың шын мәніндегі қалаулысы, туған жерінің тұғыры биік тұлғасы атана білді. Тынымсыз еңбектің арқасында атақ-даңққа бөленді. Оның осы бір ауыр да сан тарау саладағы жанкешті еңбек жолы-халқын шексіз сүйетін, оның бола­шағы-бала тағдыры мен денсаулығына бей-жай қарай алмайтын­дығы­ның айқын көрінісі. Оның елге, Отанға деген ыстық сүйіспеншілігі «Балалар хирургиясының атасы» дәрежесіне көтерді. Небәрі 35 жасында Қазақстанда бірінші болып бала­лар хирургиясынан докторлық диссертация қорғаған тұңғыш профессор. Бүгінгі күнге дейін сан мың сәбидің өмірін аман сақтап, мыңдаған білікті де білімді шәкірт тәр­бие­леген-ұлағатты ұстаз, ұлт жанашыры.

Туған жер топырағынан түлеп ұшып, алтын бесік аймақ­тың айбарын асырып жүрген академик Камал Сәруар­ұлы­ның медицина саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

Қорқыт абыздың мәңгілік мекенінен кіндік тартқан тау тұлғаның есімі қазіргі кезде өз еліміз де ғана емес, әлемнің көптеген елдеріне мәшһүр.

Оның қолы да, жүрегі де алтын. Сол алтын жүрегі мен алтын қолымен 14 мыңнан астам балаға күрделі операция жасап, оларға екінші рет өмір сыйлады.

Камал Сәруарұлы өзінің «Ұрпақ-ұлт тағдыры» атты кітабында: «…Медицина институтын 1959 жылы жақсы бітіріп, 1961 жылға дейін сол кафедрада болдым. Балалар хирургиясы ғылыммен шындап терең айналысқан жыл­дардың тізбегі басталды. «Туа біткен аурулар» атты тақы­рып­ты талмай зерттедім. Ізденіс, ерінбей еңбектену, том-том кітаптарды, күрделі ғылыми еңбектерді үздіксіз оқып, игерумен ұйқысыз өткізген түндердің ауырлығы мен рухани ләззатын айтып жеткізу оңай емес. Адам өзі сүйіп атқарған ісінен рухани қанағаттанғандық алуға да тиісті, сонда ғана оның төккен тері, еткен еңбегі еш болмайды. Еңбек, ізденіс бақыты дегеніміздің өзі осында…» деп жазады.

Ғалымның бұл сөздері жастарға, жас мамандарға үлгі-өнеге болғандай.

Еңбек, ізденіс бақыты-оны биік белестерге, асуларға жетеледі. Жігер берді, қамшы салды. Ізгілікті ізденістер мен жемісті жылдар жаңғырығы оны медицина ғылым­дарының докторы, Қазақстан Республикасының Ұлттық академия­сының академигі, Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» ордені мен 2000 және 2003 жылғы «Алтын адам» ата­лым­ының, тәуелсіз «Тарлан-2004» платина сый­лы­ғы­ның иегері етті.

Ертеде бір данышпан: «Бұл өмірде бізге бәрі жетеді, жетпейтін бір-ақ нәрсе бар. Ол-уақыт»-деген екен. Да­на­лық­пен айтылған осы бір сөздің астарында расында да шындық жатыр. Камал Сәруарұлы тынымсыз тір­шілік арасынан уа­қыт тауып, туған жер топырағына атбасын тіреп тұрады. Өзі білім алған Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектепке соқпай кетпейді. Өткенге көз жүгіртіп, балалық, боз­ба­лалық шақты сағына еске түсіру де бір ғанибет?!

Ауылға келгенде бірге оқыған сыныптастары академик­ті құшақ жая қарсы алады. Әйтсе де бүгінде олардың да қа­тары сиреп келеді.

Әйгілі хирургтің бірге оқыған сыныптасы, білім са­ласы­ның ардагері Көшербай Іскендіров сыныптас жайлы бы­лай­ша ой толғайды.

-1942 жылы аудан орталығынан 25 шақырым жерде орналасқан Байзақ тоғайында бірінші сыныпқа барып, сол жерде төрт жыл бастауышта білім алдық. Содан соң Жосалыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте (бұрынғы Молотов атындағы) оқуымызды жалғастырдық. Камал екеуміз сыныптастығымызбен қатар, көршіміз және бір атадан тараған туыстығымыз да бар. Бірінші сыныптан мектепті бітіргенше қол ұстасып бірге жүрдік, бірге білім алдық. 1953 жылы орта мектепті тәмамдағаннан кейін білім қуып, әр тарап­қа аттандық. Кәмекең медицина, ал мен педагогика саласын таңдадым. Бір сыныпта 24 оқушы оқыдық. Оның 8-і қыз бала да, қалғандары ер бала болатын. Сол 24-тен бүгінде үшеуміз, Камал Ормантаев, Марат Кірекесов (ол да дәрігер) және мен қалдық. Өмір деген осы ғой… Мен Қы­­зылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың математика фак­уль­тетінің студенті атансам, сол жылы Камал Алматы мемлекеттік медициналық институтына оқуға қабылданды. Содан бері де арада 63 жыл сырғып өтіпті. Біз сыныптастар әрдайым Камалды мақтан тұттық, ол біздің ғана емес, күллі қазақтың мақтанышы десем артық айтқандық болмас. Ауылда туып, қазақ мектебін бітірген өрімдей жас сабағы тек орыс тілінде жүретін медицина институтында оқып, қазіргідей зор жетістікке жетіп, ғылымға орасан жаңалықтар енгізген Камалдың бұл әрекетін батырлыққа теңегім келеді. Ол бірде студент атан­ғаннан кейін орыс тілін үш айда таза меңгеріп кеткенін айтқан еді. 35 жасында Мәскеуден докторлықты екінің бірі қорғай алмайды. Қайсыбір қасиет болмасын тектен тарайды. Камалдың ата-анасы өте еңбекқор, батыл, мейірімді жандар болатын. Сәруар әкеміз осы заманның адамы болғанда-нағыз кәсіпкер болған болар еді. Айжан анамыз қарапайым жан болды. Камал інім медицина саласына бар ынта-жігерімен берілген ғалым. Оның салаға келуінің де өзіндік себебі бар. Оның алдында 3 ұл, 3 қыз шетінеген. Отбасындағы 7-ші бала Камал да, 8-ші бала Самал дүниеге келген. Ана құрсағында тоғыз ай, тоғыз күн тербелген шарананың жарық сәуле көрмей, қыршыннан қиылуы шындығында да нәубет болатын. Әкесі бала Камалға дәрігер бол, адамдарға шипа дарыт деп жастайынан өсиет етті. Ол өсиетін орындады да. Ініммен әлі күнге арамыз жақын. Жағдай, амандық сұрасып тұрамыз. Інім биыл мерейлі 80 жасқа толып отыр. Құдай берген жасын жасай берсін дегім келеді. Қазақта «Еңбегін ескермесе обал, ер­лігін ескермесе қасірет» деген даналық сөз бар. Барлық еңбегі ескерілді, алайда ерлігі ескерілмей жүргендігі мені ойлантады да тұрады. Академик Камал Ормантаевқа «Ха­лық Қаһарманы» атағы берілсе екен деген тілегіміз бар,-дейді ар­дагер аға.

Туған жерден бойына мейірбандық дарытып, әлемдік деңгейде алтын тұғырға айналған ағамызды біз де 80 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз.

Халқыңыздың, еліңіздің абыройын асқақтатып жүре беріңіз, аңыз Аға!

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.

***

СЫР ПЕРЗЕНТІ

Сырдың бойы «Байзақ» тоғай қос басы,

Сәруар әке, Айжан ана отбасы.

Шілдехана тойы болды көл-көсір,

Мәре-сәре, көрші-көлем, ағайындар бас қосты.

Азан айтып Камал деп ат қойыпты,

Қалжасы деп көк саулық та сойыпты.

Жиналғандар қайдан білсін, япыр-ай,

Сол «шарана» қазақ атын жер шарына танытты.

Ғажайып көп, Жаратқанда қуат көп,

Кім ойласын осы ауылдан ұлы ғалым шығады деп.

Кім ойласын шыққан жігіт Сыр бойынан,

Ғалымдардың алды Ормантаев боп тұрады деп.

Ғылым іздеп, білім іздеп дүние кезіп шаршамай,

Елден шыққан пысық еді қара бала қаршадай.

Мақсат үлкен, талап таудай, арман көп,

Инеменен құдық қазды, қаншама жыл, қаншамаай.

Қанша оқып ізденсе де көңілі бір толмайды,

Іңгалаған сәби көрсе елжірейді, ет жүрегін қозғайды.

Жанашырлық, азаматтық ар-ождан,

Әдет болған науқас көрсе емдемесе болмайды.

Мансап іздеп, байлықты да қумады,

Бар еңбегін, маңдай терін Отанына арнады.

Шүкір қазір шәкірттері жетерлік,

Академик, докторлары бар әлемді шарлады.

Ақ жеңгеміз Розаменен бақытты,

Немере мен балалары бар жүзігіндей жақұттың.

Бақытты адам Кәмекеңдей болсайшы,

Абыройлы батасымен халықтың.

Шүкір қазір атағы бар атан түйе зорға-зорға көтерер,

Қаһармандық атқа лайық кеудеде бар берсе егер.

Сол баяғы ақ көңілді қарапайым қалыпы,

80 Сізге ештеңе емес,100-ден де асып өте бер…

Ордабек ТОТАЙҰЛЫ.

***

АҒАМА ХАЛЫҚ ДӘН РИЗА

Әрбір адамның көрнекті тұлға болып қалыптасуына туған жерінің тигізер әсері зор. Себебі адам өзі өскен ортасында жетіліп, оның өткен тарих жылнамасынан рухани нәр алып қанаттанады. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгідей биік деңгейге жетуіне еліміздің айтулы тұғырлы тұлғаларының белгілі үлестері бар. Сондай атпал азаматтардың бірі де бірегейі Сыр елінің перзенті, Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, академик, ғалым Камал Ормантаев.

АЛАШТЫҢ АРДА АЗАМАТЫОл әкесі Сәруар мен анасы Айжанның отбасында дүниеге келген. Оның дәрігерлік саласына біржола бет бұрып, өмір жолын таңдауда шешу­ші орын ал­ған әкесінің көп­­теген адамдар өмірін сақтап қалған білікті әс­кери дәрігерлер жайындағы, олар­дың жанкешті ерліктері туралы естеліктері болды. Ауыр әлеу­меттік-эконо­ми­ка­лық жағдай, білікті ма­ман­дардың бол­мауы Камал Сәруарұлының алты бірдей бауырының өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бермеді. Міне, осы жағ­дайлар ағама пе­д­иатриялық са­­ланы таң­дауы­­ның басты себебі болды.

Ардақты аға 1953 жылы қазіргі Шоқан Уә­ли­ханов атын­дағы №26 қазақ орта мектебін тәмам­­даға­сын Алматы мемлекеттік медицина инс­ти­тутының педиатрия факультетіне жоғары оқу орнына оқуға түсті.

Аталмыш білім ордасын­да оқып жүріп сту­дент­тер­дің ғылыми үйір­мелерінің бел­сенді қатысу­шысы ре­тінде Бүкіл­одақ­тық форумдарда өзекті мәсе­лелерге байланысты баяндамалар жасады. 1962-1965 жылдары Алматы мемлекеттік ме­ди­­цина­лық институтында әйгілі ға­лым Михаил Иванович Брякин басқарған госпитальдік хирургия кафедрасына ас­пирантураға оқуға түсті. Ас­пиран­тураны аяқтағаннан кейін балалар хирургиясы кафе­д­ра­­­сының ас­сисенті қыз­­­метінде ғылыми-пе­да­го­ги­­калық жұ­мы­сын жал­ғас­тырып, 1966 жылы өз ма­ман­­­дығына сәйкес диссертациясын сәтті қорғап шықты.

Осылайша білікті сала маманы еңбек жолында көп­теген жүйелі жұмыстар ат­қарып, мың­даған сәбилердің өмірге қайта келуіне теңдессіз көмегін тигізді. Ту­ған хал­қына жасаған қалтқысыз қызметі ес­керу­сіз қалмай, көптеген жо­ғары марапаттарға ұсынылып, елдің батасын алды. Осы уақытқа дейін ауыр бас сүйек-ми жарақаттарына, кеуде, құрсақ қуысының туа біткен ауруларына, урологиялық патологиялар бойынша созылмалы бронх-өкпе ауру­ларына 14 мыңнан аса ота жасады. Сонымен қатар, құрсақ аурулары кезінде шұ­ғыл көмек көр­сетіп, көптеген бала­лар­дың өмірін сақтап қалды.

Академик Камал Ормантаевтың ға­лым, клиницист және педагог ретіндегі та­биғи дарыны төрткүл дүниеге кеңінен танымал. Ол әлденеше рет педиатрия мен балалар хирургиясының өзекті мәсе­ле­леріне ар­налған ха­лық­аралық конференцияларда, мәжі­лістерде, ғылыми форумдарда баянда­малар жасаған ғалым ретінде есімі әлемдік деңгейде абыроймен аталады.

Ағам Камал Сәруарұлы бүгінгі таңда сексен жастың сеңгіріне шыққан ел ағасы. Балаларының аяулы әкесі, немере-шөберелердің қамқор атасы.

Анамыз 11 құрсақ көтерген жан болатын. Ата-анамыз бізді қарапайым­ды­лық­қа, еңбексүйгіштікке, Отанды сүйіп, құр­мет­теуге, ұлттық дәстүр­лері­­міз­ді қас­­­­терлей білуге, адамдарға жылы көз­қараста қарауға баулыды. Біздің ба­лалық шағымыз өз замандастарымыз секілді елдің басына келген қиын ке­зеңмен тұспа-тұс келді. Сол уақыттың ауыр зардабын бастан кешірген ұрпақ өкілдеріміз. Қазір Қазақстан өз алдына дербес мемлекет болып, егемен ел атанғалы 25 жыл болды. Бұл тарих үшін аз ғана уақыт болғанымен адам жасымен салыстырғанда жігіт­тің жілік майы толысып, буыны қа­тайған яғни, ат жалын тартып мінер азамат болған кезеңі. Елі­міз­дің осы уақыт аралығында жеткен жетістігін санамаласа саусақ шаршап, тізбектесе тіл сүрінеді. Мұның барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі. Ендігі кезекте Камал ағам жайлы айтар болсам, ол кісі жайлы көп айтуға да, айтпауға да болады. Себебі атқарған жұмысы, жа­саған еңбегі бәрі дерлік хал­қының көз алдында жүріп жатыр. Ол жайында сөзімнің бас жағында айтып та өттім. Ағам дәрігерлік мамандықты жас­тайынан қалап, сол жарқын жолда тер төгіп келеді. Менің де дәрігер болуыма көп септігін тигізді. Өзім де осы салада еңбек етіп, зейнеткерлік демалысқа шықтым. Қыркүйек айында Алматы қаласында 80 жылдық мерейтойы өз дәре­же­сін­де сән-салтанатымен аталып өтілді. Әлі күнге дейін шәкірт­тері іздеп келіп, кеңес сұрап немесе арнайы шақырып үлкен операцияларға қатыстырып жатады. Сонда ағам «Ел үшін қызмет жасауға қашанда әзірмін» деп ешбіріне қарсылық танытпай, я болмаса қабақ шытпай қолынан келгенінше ем-до­мын жасап қайтады. Бала-бауыр етің. Ол қандай отбасында не болмаса қандай қоғамда өмір сүрсе де елдің бір азаматы. Ата-анаға бала амандығынан артық байлық та, бақыт та жоқ. Жас­өс­пі­рімдердің денсаулығы жолында бар саналы ғұмырын арнап келе жатқан тұлғаның танымы терең, өмірі өнегеге толы. Алла тағала ендігі жерде ұзақ ғұмыр беріп, ел-жұртының ортасында қуанышқа кенеле беруін нәсіп еткей деп тілей­мін. Еліміздің еңсесі биік, іргесі берік болсын. Қазақтың алда да ғажап күндері көп болғай.

Мариямкүл СӘРУАРОВА,

қарындасы.

***

АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ

Өмірде түрлі жағдайлар болып жатады. Менің де жас кезімде денсаулығым сыр беріп, жүрегім ауырған еді. Алланың бұйыртуымен басыма түскен қиын сәтте танымал балалар дәрігері, белгілі хирург, жерлес ағамыз, академик Камал Сәруарұлы Ормантаев көмек қолын созған болатын. Сол кісінің алтын қолымен жүрегіме операция жасалып, науқасымнан құлантаза жазылып кеткен едім. Өмірде бір адамға қарыздар болсам-ол Камал ағам. Өмірге қайта әкелген алаш азаматына айтар алғысым шексіз. Бүгінгі таңда жігіт ағасымын. Отбасымда 3 бала тәрбиелеп отырған әкемін. Бірінші құдай, одан соң Камал аға сыйлаған денсаулықтың арқасында ел қатарлы күн кешіп жатырмын. Жеңгем Шырынкүл Күзенбаевамен бірігіп «сыбаға» бағдарламасымен ірі қара мал алып, кәсіпкерлікпен айналысып жатқан жайым бар. Міне, мұның бәрі денсаулықтың, амандықтың арқасы деп білемін.

Кәрім Анафин,

Қармақшы ауылы.

http://qarmaqshy-tany.kz/alashty-arda-azamaty/

«Болашақ» түлегi қатерлi iсiк пен туберкулездi анықтау әдiсiн ойлап тапты«Болашақ» түлегi қатерлi iсiк пен туберкулездi бастапқы кезеңде анықтау әдiсiн ойлап тапты. Бұл туралы ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова BARSEF – «Болашақ» бадарламасының III халықаралық конференциясында айтты, деп хабарлайды baq.kz тiлшiсi.

 

«Болашақ» жобасы – болашақ басқарушылар мен әлемдiк деңгейдегi мамандарды дайындауға құйылатын президенттiк инвестиция. Бағдарлама бекiтiлгеннен бастап 15 мыңнан астам стипендия берiлiп, 8,5 мыңнан астам маман даярланды. Бағдарламаның арқасында жылдан-жылға жоғары бiлiктi мамандар қатары артып, елдiң еңбек және ғылыми әлеуетi нығаюда. Олар қазақстандық ғылым мен экономиканы дамытуға үлкен үлес қосып келедi», — деді Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттiк хатшы «Болашақ» студенттерi ауыл шаруашылығы, медицина, өнер саласында жаңалықтар ашқанын атап өттi.

«АҚШ-та докторантураны бiтiрген, қазiр Назарбаев Университетiнде ғылыми қызметкер болып жұмыс iстейтiн Дамира Қанаева қатерлi iсiк пен туберкулез диагнозын бастапқы кезеңде дәл анықтауға мүмкiндiк беретiн оптикалық биосенсор ойлап тапқан. Бұл әдiспен ауру бiрнеше сағатта анықталады. Ал Германияның университеттiк клиникасында бiлiм алып, ординатурасында оқыған балалар кардиохирургi Дмитрий Горбунов жүрек ақауы бар балаларға 2 мыңнан астам күрделi ота жасаған», — деп толықтырды мемлекеттiк хатшы.

https://szh.kz/11224/bolashaq-tulegi-qaterli-isik-pen-tuberkulezdi-anyqtau-adisin-ojlap-tapty/

ХАДИСТЕ АЙТЫЛҒАН ҚАСТЫҢ ҚҰПИЯСЫН ҒЫЛЫМ ЕНДІ АШТЫПайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде:

«Сіздерден қайсыбіріңіз май (крем) жаққысы келсе, алдымен қастарынан бастасын. Бұлай істесе бас ауруы қайтады. Қастар – адам баласында ең алғаш пайда болған қылдар»деген екен (Хикам ән Қатада (р.а.), Рамуз әл хадис).

Хадис қас пен бас ауруы арасында байланыс барын әрі қастың адам баласында ең алғаш пайда болған қылдар екендігін айтуда.

Пайғамбарымыздың айтқан медициналық мұғжизасын ол кезде елдің түсіне қоюы екіталай болатын. Өйткені ол үшін ана жатырындағы ұрықтың микроскоппен әбден зерттелуі керек еді.

Қазіргі таңда медицина факультетінде оқытылып жатқан проф. Док. Увейс Маскорға тән «Эмбриология» дәріс кітабының 207-бетінде былай жазылған:

«Ұрықтағы алғашқы қылдар эмбрионның Ч – кезеңінде біте бастайды. Ең алдымен қастар пайда болады».

Қазіргі медициналық жаңалықтар Пайғамбарымыздың айтқандарын кезегімен растауда.

"Аңсар" журналы

http://muslim.kz/kk/article/1273-hadiste-aitylgan-qastyn-qupiyasyn-gylym-endi-ashty.html