Ауа райы
Мерекелер

СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ШИПАЖАЙ ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЕҢ ҚАУІПТІ ТҮРІНЕ ҚАРҚЫНДЫ ЕМ БЕРУГЕ ҚАУҚАРЛЫЖаңақорған ауданындағы 200 орынды туберкулезге қарсы күрес шипажайы құрт ауруының ең қауіпті түріне қарқынды ем беруге қауқарлы, деп хабарлады «24 хабар».

Қарт Қаратаудың бөктеріндегі шипажайдың қымызы мен шұбаты, кешенді емі кесел біткеннен құлан таза айығып шығуға сеп болады. Өкпесі ауырған адамның дертіне дауа таба білген Шалқия шипажайы жуырда қайта жаңғыртылды.
Шалқиядағы өкпе ауруларын емдейтін шипажай он алты жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қызылорда қаласының тұрғыны Күләш әжейдің мұнда келгеніне тоғыз ай болды. Соңғы терапиясынан өтіп жатқан зейнеткер орталықтың шипалы емі мен құнарлы асына дән риза.
Күләш Сұлтанбаева, ем алушы:
— Жақсы демалып жатырмыз. Бүгін азанда өлшеп еді салмағымды, 34 келі салмақ қосыппын. Енді айдың аяғына шығамын деп отырмын.
Айгүл Абаева, фтизиатр:
— Бұл жердегі науқастар негізінде туберкулезбен 2-рет ауырған, өмірінде қайталап ауырған 2-санаттағы науқастар. Сұлтанбаева Күләш келген уақытында 10 айға ем берілген. 5 ай қарқынды, 5 ай сүйемелдеу кезеңіндегі емін алып жатыр. Бізге келген уақыттағы жағдайы орташа ауырлықта. Қазір емін аяқтап қалдық.
1999 жылы ашылған шипажай жуырда қайта жаңғыртылды. Физиотерапиялық кабинеттен бастап, массаж бөлмесі, кітапхана, бильярд залы бар. Айта кетейік, мұнда арнаулы тіс дәрігері де қызмет көрсетеді.
Ерғабит Ілиясов, Шалқия шипажайының бас дәрігері:
— Негізгі ауруы туберкулез болғанымен, бұл науқастардың қосымша аурулары болады. Асқазаны, бауыры, бүйрегі – ол науқастарды да емдеуге барлық мүмкіндіктеріміз бар. Осы айтылған емдердің барлығы тегін, Үкімет тарпынан бөлінеді.
Жалпы, облыс көлемінде іштен кеміретін кох талшығымен күресетін 11 мекеме бар. Ілгеріректе аурушаңдық жөнінен көш басынан көрінетін Қызылорда өңірі қазір туберкулез көрсеткіші бойынша республикада 11-орында тұр. Кезінде ғасыр індетіне баланған жұқпалы тажалмен күрес жұмыстары жылдан-жылға күшейіп келеді.

http://syr-media.kz/news/syr-irindegi-shipazhaj-tuberkulezdi-e-auipti-t-rine-ar-yndy-em-beruge-au-arly/

Информбюро 31


Біресе сапасына, біресе бағасына қатысты дау арылмайтын фармацевтика қатаң қадағалауға алынбақ. Бұдан былай, дәрі-дәрмектің қауіпсіздігі үшін тасымалдаушыдан бастап, сақтаушы да, сатушы да жауапты болады. Жуық арада қолға алынатын өзге де жаңалықтарды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың өзі айтып берді.