Ауа райы
Мерекелер
0

Корей дәрігерлері қармақшылықтарға тегін қызмет көрсеттіҚармақшы ауданының ІІІ Интернационал ауылына Оңтүстік Кореяның Гуанджу қаласындағы клиниканың бас дәрігері Яң Хан Мо бастаған білікті дәрігерлер келіп, бір күнде 500-ден астам адамға тегін медициналық қызмет көрсетті.

 

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ауыл тұрғындары осы күні отбасылық дәрігерлер мен тапшы білікті мамандардың қабылдауында болды. Құрамында хирург, терапевт, стоматалог, оториноларинголог, офтальмолог, гинеколог, косметологтар бар топ ауыл халқына сапалы қызмет көрсетіп, көптеген дәрі-дәрмек, дәруменді тегін таратты.

Қонақтар ауылдың негізін қалаушы Социалистік Еңбек Ері Цай Ден Хактың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның атындағы мұражаймен танысты. Енді корейлік дәрігерлер тобының сапары Қызылорда қаласында жалғасады.

Айта кетейік, бұған дейін де Яң Хан Мо бастаған топ 2014 жылы облыс орталығында этникалық кәріс өкілдерінен бастап басқа да қала тұрғындарына тегін медициналық қызмет көрсеткен болатын.

http://syrboyi.kz/zedelnews/8294-korey-drgerler-armashylytara-tegn-yzmet-krsett.html

ГЕРМАНИЯЛЫҚТАР КӘСІПТІ ДАМЫТУҒА КӨМЕКТЕСУДЕОсымен екінші апта бойы германиялық профессор Фритц Мильтнер және доктор Ута Мильтнер өздерінің кәсіби тәжірибелерімен қаламыздың «Prime Clinic» медициналық орталығының мамандарымен бөлісуде.

«Даму» Қоры арқылы шетелден эксперт шақыртуға болатынын естіген «Prime Clinic» ЖШС директоры Гүлфарида Әбдіразақова кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, «SES-эксперт» жобасына өтініш берді. Кеңесшілер Қызылорда облысындағы «Аға эксперттер қызметі» жобасының ресми өкілі «ПРЭКО Кызылорда» консалтингтік компаниясымен бірлесіп, жергілікті кәсіпорынға неміс эксперттерін шақырды. Осымен екінші апта бойы олар медициналық клиникада қызметкерлерді оқытып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісумен қатар, клиника емделушілерін де қабылдауда.

Соңғы уақытта тұрғындар арасында омыртқа жарығы мен тітіркену ауруларымен ауыратындар саны артып келеді. Сонымен қатар, аталған ауру түрлерін тиімді емдейтін кәсіби білікті мамандар жетіспейді. Міне, сондықтан да «Prime Clinic» мединицалық клиникасының директоры шетел мамандарының көмегіне жүгіну қажет деп шешкен.

Профессор Фритц Мильтнер – нейрохирургиялық отаның барлық негізгі бағыттары бойынша сан қырлы білімі мен көп жылдық тәжірибесі бар маман. Сонымен қатар, жедел емдеудің нейрохирургиялық тәсілдерін де (омыртқа, бас және жүйке жүйесі) жетік меңгерген. Оның университетте тәлімгер, профессор ретінде оқыту бойынша үлкен тәжірибесі де бар. Сондықтан да жоба аясында ол жергілікті дәрігерлерге тек нұсқаулар беріп қана қоймай, науқастардың ауруларын анықтау мен емдеудің маңызды техникаларын практикалық тренинг барысында үйретуге дайын. Аға эксперттің біліктілік бағыты қазіргі заманғы нейрохирургияның, оның ішінде ауруды емдеудің толыққанды тәсілі ретінде омыртқаны консервативті өзекті емдеуге негізделген.

Ал доктор Ута Мильтнер медицинаның барлық басым бағыттарында тәжірибесі мол маман. Атап айтқанда, гериатриялық науқастарды анықтау мен оны емдеудің ауқымды және арнайы білімін меңгерген, аллергияны жалпылама және арнайы емдеу тәсілдері мен сусамыр дертіне шалдыққандарды күтіп-баптау бойынша білікті дәрігер. Эксперт қызметінің өзгеше бағыты ретінде дәрігерлік клиниканы ұйымдастыру, менеджмент пен оны әкімшіліктендіруі жағынан білімін әрі тәжірибесін атап өткен жөн.

«Мен шетелдік эксперттің кеңесіне жүгінуге шамамыз жетпейді деп ойлайтынмын. «SES-эксперты» бағдарламасына қатысып, бірден екі экспертті шақыртуға мүмкіндік алдым және эксперттің гонорары мен оның жол сапар шығындарын аға эксперттер қызметі өтеді», — дейді Гүлфарида Абдразақова.

Кәсіпкерлер бизнестеріне шетелдік экспертті шақырту үшін «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, өтінімге компанияның мәселелері мен маманның міндеттерін көрсетеді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты әрбір кәсіпкер өз мекемесіне Германиядан кез-келген сала бойынша тәжірибелі экспертті қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, әлемдік тәжірибе жинақтау, жаңа бизнес бастау мен әрекет етуші бизнесті дамыту, өтімділікті арттыру мен Еуропадан құрал-жабдықтар іздеу мен тапсырыс беру сияқты басқа да мәселелер бойынша шақыртуға мүмкіндіктері бар. SES бағдарламасы тарапынан эксперттің екі бағыттағы ұшу шығыны мен виза және сыйақысы төленеді. Кәсіпкер тарапынан тек экспертті тұрғын үймен, тамақтанумен қамтамасыз етіп, тәулігіне 5 еуро ғана төлеу міндеті жүктеледі. Аталған бағдарлама Германия мен Қазақстан арасындағы тығыз әріптестік аясында шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жүзеге асырылуда.

http://aqmeshit-zhastary.kz/news/germaniyaly-tar-bizneske-k-mektesude/