Ауа райы
Мерекелер

Қызылорда облысында 6 айда 9 мыңға жуық сәби дүниеге келдіҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда облысында биылғы жылдың 6 айында 8963 сәби дүние келді. Табиғи өсім көрсеткіші 10,4 пайызды құрады.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Осы мерзімде сәбилер өлімі - 1,5 есеге, ана өлімі көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге төмендеді. Сондай-ақ, осы кезеңде ауыр асқынулары бар әйелдерге арналған 30 төсектік оңалту бөлімі ашылды. Сонымен бірге 5 төсек орындық балалар гинекологиясы бөлімшесі, аудандарда жалпы саны 36 төсек орын балалар неврологиясы бөлімшелері ашылды.

Бұған қоса 1 деңгейлі босандыру бөлімдерін құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 400 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Бүгінде облыс бойынша 18 «дені сау бала және отбасын жоспарлау» кабинеттері қызмет көрсетуде. Жүкті әйелдерді ерте 12 аптаға дейін анықтау және есепке алу 63 пайыздан 87,4 пайызға көтерілді.

 

 

Автор:Елубай Әуезов

http://www.inform.kz/kaz/article/2945853