Ауа райы
Мерекелер

Көкшетаудағы медбикелер даярлайтын колледждің атауы өзгертілді. Енді білім ордасы Жоғары медицина колледжі деп аталады. Соған сәйкес ерекшелігі де бар. Бұл оқу орнын бітірген медбикелер нұсқаусыз-ақ дәрігерлермен қатар науқастарға емшара жасай алады. Мұндай мәртебеге елдегі 6 колледж ие.

Айта кеткен жөн, медицина мекемелерінде жұмыс істеп жүрген медбикелер де қысқа мерзімде, яғни, бір жарым жылдың ішінде білімін жетілдіре алады. Олар үшін арнайы грант та бөлінген. Тіпті медбикелер үшін академиялық бакалавр, одан әрі магистратура мен докторантураны да оқуға мүмкіндік жасалуы мүмкін. Ал мектеп бітірісімен түскен талапкерлер мамандық бойынша 3 жарым жыл білім алады. Мұндай тәжірибе Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастық негізінде жүзеге асып отыр.

Ақмарал Ысқақова, қалалық аурухананың бас медбикесі:

- Финляндияға мен өзім барып келген кезде, Финляндияның медбике ісі өте жоғары деңгейде дамыған. Сонда біз армандағанбыз, шіркін осындай оқу саласы бізде де ашылса екен деп. Өтініш білдіргенбіз, жоғарғы білім алсақ деп. Өйткені, біз білімімізді арттырып, үйренбегенімізді үйреніп, осы барлық оқыған нәтижемізді науқастарға арнасақ дейміз.

Светлана Мұратбекова, Көкшетау жоғарғы медицина колледжінің директоры:

- Бұрынғы балалар медбикелік іс бойынша диплом алғандар, олар 70 пайыз теория болды, 30 пайызы ғана практика болды. Ал мына абитуриенттер, прикладной бакалавр болатындар, оларда 50 пайыз теория, 50 пайыз практика болады. Яғни, практикалық медсестра болады. Олар приемды өздері бірінші істейді. Анализге жолдамаларды өздері береді.

24.kz.

Көкшетаулық медбикелер қысқа мерзім ішінде білімдерін жетілдіре алады