Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

Өңірімізде 2010-2014 жылдары адамдар арасында құтырма ауруының 8 жағдайы тіркелген. Соның барлығы өкінішке орай өлім жағдайымен аяқтал­ған екен. Ал соңғы екі жылда ауру тіркелмесе де, жарақат алғандар саны былтырғымен салыстырғанда артқан. Бұл туралы Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ұ.Аханаева БАҚ өкілдерімен өткізген брифинг барысында мәлімдеді.

– Өңірімізде жануарлардан жарақат алған адамдар саны жоғары деңгейде тұрақтануда. Ағымдағы жылдың осы күніне дейін жануарлардан жарақат алған 2618 жағдай тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 есеге өсіп отыр,-деді.

Індеттің алдын алу мақсатында 39,6 млн теңге бөлінген. Аталған қаржы қаңғыбас иттер мен мысық­тарды аулауға жұмсалып жатыр.

Биылдың өзінде (9 айда) 18821 бас ит пен мысық ауланып жойылды. Әлі де жойылуды қажет ететіндері бар. Өйткені облыс бойынша 54297 иттің тек 22083-і, 17659 мысықтың 3020-сы ғана паспорт­талған,- деді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Марат Ойнаров.

Бұл орайда әр адам үй жануарларын ұстау ережелерін жауапкершілікпен орындаса, жарақаттанудың алдын алуға болады. Ал жарақат алып қалған жағдайда дер кезінде тиісті антирабиялық егу жұмыста­ры жүргізіледі. Антирабиялық вакци­на­ мен иммуноглобулин препараттары барлық облыстық­ медициналық мекемелерде жеткілікті мөлшерде қамтылған. Сондықтан да қандайда бір жануардан жарақат алсаңыз, қауіптілігі жоғары құтырма ауруының алдын алу үшін дер кезінде ауруханаға қаралыңыз. Ал оған дейін жарақат алған жерді кір сабынмен жуу қауіптің бетін қайтаруға көмектеседі.

"Сыр медиа” ЖШС жанындағы облыстық коммуни­кация орталығында Халықаралық құтырмамен күрес күні қарсаңында өткен брифинг барысында күз айларында қоздырғышы жоғарылайтын тұмау ауруы мен онымен сырқаттану қаупі жоғары тұлғалар арасында вакцинациялау тақырыбы да сөз болды. Әлемде ең көп таралған аурулар тобына жа­тат­ын тұмауға қарсы вакцинациялау ең әуелі қауіпті топтарға жататын кісілерге жүргізіледі. Олар – жүкті әйелдер, 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалар, 65 жастан асқан қарт адамдар, созылмалы аурулармен ауыратын адамдар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері. Қазірдің өзінде егу жұмыстарына қажетті вакциналар толығымен алынып, емхана­ларға жеткізілген. Биылдан бастап бірінші рет Ресей­ден әкелінген вакциналар тұмаудың алдын алудағы тиімді дәрмектер болмақ. Бұл вакциналар жайлы №1 емхананың инфекционист дәрігері Марал­ Желібаева:

Тұмауға қарсы вакцина 60 жылдан аса қолданылуда. Мәліметтерге сәйкес, дені сау ересектер арасында тұмауға қарсы вакцинация аурудың 70-90 пайызға дейін алдын алуға көмектеседі. Ал қарт адамдар арасында 60 пайызға дейін аурудың асқыну­ының алдын алса, өлім-жітім оқиғасын 80 па­йызға дейін төмендетеді,- деді.

Бұл ретте әрбіріміз тұмауға қарсы вакцина салып,­ аурудың асқынуына жол бермегеніміз жақсы­. Қазіргі күні вакцина бағасы 800 теңгені құрап отыр. Былтыр бұл баға 2500 теңгеге дейін көтерілген болатын.

Жансая ЖҮНІСОВА

Сурет www.medznayka.ru сайтынан алынды

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=6171:2016-09-28-09-37-31&catid=2:2011-11-18-08-59-27&Itemid=2

СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ШИПАЖАЙ ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЕҢ ҚАУІПТІ ТҮРІНЕ ҚАРҚЫНДЫ ЕМ БЕРУГЕ ҚАУҚАРЛЫЖаңақорған ауданындағы 200 орынды туберкулезге қарсы күрес шипажайы құрт ауруының ең қауіпті түріне қарқынды ем беруге қауқарлы, деп хабарлады «24 хабар».

Қарт Қаратаудың бөктеріндегі шипажайдың қымызы мен шұбаты, кешенді емі кесел біткеннен құлан таза айығып шығуға сеп болады. Өкпесі ауырған адамның дертіне дауа таба білген Шалқия шипажайы жуырда қайта жаңғыртылды.
Шалқиядағы өкпе ауруларын емдейтін шипажай он алты жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қызылорда қаласының тұрғыны Күләш әжейдің мұнда келгеніне тоғыз ай болды. Соңғы терапиясынан өтіп жатқан зейнеткер орталықтың шипалы емі мен құнарлы асына дән риза.
Күләш Сұлтанбаева, ем алушы:
— Жақсы демалып жатырмыз. Бүгін азанда өлшеп еді салмағымды, 34 келі салмақ қосыппын. Енді айдың аяғына шығамын деп отырмын.
Айгүл Абаева, фтизиатр:
— Бұл жердегі науқастар негізінде туберкулезбен 2-рет ауырған, өмірінде қайталап ауырған 2-санаттағы науқастар. Сұлтанбаева Күләш келген уақытында 10 айға ем берілген. 5 ай қарқынды, 5 ай сүйемелдеу кезеңіндегі емін алып жатыр. Бізге келген уақыттағы жағдайы орташа ауырлықта. Қазір емін аяқтап қалдық.
1999 жылы ашылған шипажай жуырда қайта жаңғыртылды. Физиотерапиялық кабинеттен бастап, массаж бөлмесі, кітапхана, бильярд залы бар. Айта кетейік, мұнда арнаулы тіс дәрігері де қызмет көрсетеді.
Ерғабит Ілиясов, Шалқия шипажайының бас дәрігері:
— Негізгі ауруы туберкулез болғанымен, бұл науқастардың қосымша аурулары болады. Асқазаны, бауыры, бүйрегі – ол науқастарды да емдеуге барлық мүмкіндіктеріміз бар. Осы айтылған емдердің барлығы тегін, Үкімет тарпынан бөлінеді.
Жалпы, облыс көлемінде іштен кеміретін кох талшығымен күресетін 11 мекеме бар. Ілгеріректе аурушаңдық жөнінен көш басынан көрінетін Қызылорда өңірі қазір туберкулез көрсеткіші бойынша республикада 11-орында тұр. Кезінде ғасыр індетіне баланған жұқпалы тажалмен күрес жұмыстары жылдан-жылға күшейіп келеді.

http://syr-media.kz/news/syr-irindegi-shipazhaj-tuberkulezdi-e-auipti-t-rine-ar-yndy-em-beruge-au-arly/

Информбюро 31


Біресе сапасына, біресе бағасына қатысты дау арылмайтын фармацевтика қатаң қадағалауға алынбақ. Бұдан былай, дәрі-дәрмектің қауіпсіздігі үшін тасымалдаушыдан бастап, сақтаушы да, сатушы да жауапты болады. Жуық арада қолға алынатын өзге де жаңалықтарды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың өзі айтып берді.

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОСЫМША ЖАРНА ТӨЛЕНБЕЙДІБұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (әрі қарай – МӘМС) енгізу бойынша Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының аймақтық штаб мүшелері үшін селекторлық тәртіпте өткен семинарда мәлімдеді, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

ҚР ДСӘДМ басшысы медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің себептері бойынша қажетті ақпарат берді. Оның айтуынша, аталған жүйені енгізу – ең алдымен медициналық көмек көрсету стандарттарының ЭЫДҰ елдері деңгейінде болуын қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Ол мемлекеттің құрамына 17 миллион қазақстандықтарды вакциналау, әлеуметтік маңызы бар ауруларға көрсетілетін медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек қызметтері кіретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінің аясында медициналық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландырудың бүгінгі таңдағы бар көлемін сақтап қалатынын атап айтты. Сақтандыру медицинасы жүзеге асырылған жағдайда мемлекет Медициналық сақтандыру қорына халықтың әлеуметтік тұрғыдағы осал тобының 10,1 млн. азаматы үшін жарнаны төлеу міндеттемесін өз мойнына алады.
Сондай-ақ, Министр МӘМС жүйесін енгізу кезінде медициналық қызметтер үшін ешбір қосымша жарна төленбейтіндігін, ал олардың қызмет көрсету сапасы медициналық ұйымдарды қаржыландырудың негізгі талабы болатындығын мәлімдеді.
«Медициналық сақтандыру жүйесінде ешбір адам қосымша жарна төлемейді. Қаражатты тек қана Қор төлейді, ол медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы болады. Қордағы қызметтің басты басымдығы – медициналық қызметтердің сапасы болмақ», - деп атап айтты Тамара Дүйсенова.
Семинар барысында Тамара Дүйсенова аймақтық штаб өкілдерінің сауалдарына жауап бере отырып, медициналық сақтандыру жүйесіне өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтыған азаматтардың қатысуына ерекше мән берді.

http://kyzylorda-news.kz/zhanalik/lifnews/11444-medicinaly-satandyru-zhyesnde-osymsha-zharna-tlenbeyd.html

БАҚ-ң адам ағзасына тигізетін зиянды әсеріБАҚ – Адам өміріне мүлдем қажет емес биологиялық активті қоспа. Адам ағзасының дамуына, дұрыс тамақтану кезінде адам ағзасына түсетін майлар, көміртегі, ақуыздар, сонымен қатар түрлі дәрумендер қажет. Осыған орай, БАҚ-ң адам ағзасына қажет еместігін байқаймыз.

 

БАҚ дәрілік затқа жатпайтындықтан, қауіпсіздігіне ешқандай тексеру жүргізілмейтіндіктен, оны кез келген өндіруші жасауы мүмкін. БАҚ өнімінің арзандауы, сапасының төмен болуы, құжаттардың болмауы және өндіру кезінде фармацевтикалық талаптарының қадағаланбауына байланысты. Яғни, Сіз өзіңізге керек нәтиже көрсетпейтін БАҚны қомақты ақшаға сатып аласыз.

БАҚ-ң ең басты көрсеткіші нәтижесінің төмендігі. Адам ауырған кезде, ем алу үшін жарнамадан көрген БАҚ-сын алып, ауруынан айығамын деп қабылдайды, нәтижесінде, аурумен күрескенде ағза өзіне керек препараттарды алмаған соң денсаулығы нашарлайды. БАҚ ауруды емдемейтіндігімен қауіпті, дәрілік затқа жатпайтындығы зиянды әсерін тигізеді. БАҚ азық-түліктен тартылған нәр, сол нәрді сіз күнделікті пайдалы және дәмді жеміс-жидектерден аласыз.Сіз азық-түлікпен ауруыңызды емдемейсіз, себебі, ол дәрілік затқа жатпайды, сол сяқты БАҚ-ң да азық түліктен айырмашылығы жоқ.

Автор:

Ғ.А. Абдукаимова, Жамбыл аудандық ТҚҚБ басшысы З.К. Куштекова ТҚҚ бөлімінің басшысы

http://zhardem.kz/news/8042

Кеңесбай Қалиев «Еңбек ардагері» медалімен марапатталдыБүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Кеңесбай Қалиевті 95 жас мерейтойымен құттықтады.

Медициналық техникумді бітірісімен 1941 жылы соғысқа аттанды. Оқ пен оттың ортасында жүріп, Кеңес жауынгерлерінің аман қалуына зор еңбек сіңірді. «Батыр қала» Мәскеуді қорғауға, Кенингсберг қаласын, Белоруссияны, Польшаны босатуға қатысып, Берлинді алуда ерлік көрсетті. Отан алдында жасаған адал қызметі мен танытқан батырлығы үшін 2 мәрте «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» («За боевые заслуги») медалымен, екінші дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» орденімен марапатталды.

Соғыстан кейін, 15 жыл бойы Литваның, Түркіменстанның Мемлекеттік қауіпсіздік әскери бөлімдерінде қызмет етіп, медицина саласындағы қызметін шекара қызметімен ұштастырды. Қайырымдылық пен мейірімділіктің шыңы саналатын «Қызыл крест және қызыл жарты-ай» қоғамында қызмет етті. 1964 жылы әскери қызметтен демалысқа шығып, облыстың денсаулық сақтау саласының өркендеуіне үлесін қосты. Денсаулық сақтау саласының кәсіподағын 20 жыл басқарып, бұл салада да ерен еңбектің үлгісін танытты. 1966 жылы Кеңесбай Смағұлұлының бастамасымен медицина қызметкерлерінің денсаулығы тексеріліп, дәрігерлер арасында салауаттылықты насихаттау мақсатындағы Спартакиада жалауы бірінші рет көтерілді. Кейін бұл бастама жалғасын тауып, дәстүрлі түрде өткізілуде. Биыл сол дәстүрлі Спартакиаданың 50 жылдығын медицина қауымы салтанатты түрде атап өтті.

Кеңесбай Смағұлұлы - қажырлы еңбегі үшін ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы. 2005 жылдан бастап Қызылорда медицина колледжінде үздік студентке Кеңесбай Қалиев атындағы шәкіртақы беріліп келеді.

- Үлкен қоғамда да, шағын ортада да өзінің бітім – болмысымен, мінезі, ақыл-парасатымен ұлтының бар жақсы қасиетін көрсетіп тұратын тұлғалар болады. Міне, сол тұлғалардың бірі және бірегейі бүгінгі мерейтой иесі Кеңесбай Смағұлұлы деген пікірмен ағамызды білетін әрбір азамат келіседі деп ойлаймын- деген аймақ басшысы Кеңесбай ақсақалды облыс әкімінің алғыс хатымен және «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

http://syrboyi.kz/zedelnews/8330-keesbay-aliev-ebek-ardager-medalmen-marapattaldy.html

КІРШІКСІЗ КӨҢІЛ, АҚ ПЕЙІЛХалық үшін, ел үшін деп еңбек еткен жастарды көргенде сүйсінесің. Кейде алғыс білдіргің келіп тұрады. Өйткені қоғамда ортақ мүддеден гөрі жекенің мүддесі биік тұрғанда халықтың мүддесін биік қоюы көз қызықтырады.

«Жас келсе іске» деген ежелден жүрген сөз бар. Қолынан іс келетін жастарға арналса керек. Әйтпесе қаншама жас қолында қауқары, бойында қуаты болса да ата-анасына емініп отыр. Шыны керек, әлі күнге солардың мойнына асылып жүр. Алайда Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылының тумасы Бота Жакенованың тірлігіне қарап былайғы жұрт разылығын білдіреді. Өйткені ол ауыл тұрғындарының саулығы үшін аянып жүрген жоқ және отбасының да жайын түзеп жүр. Алғашында дипломын қолына алып, ауыл дәрігері атанғанда күмән туындатқаны рас. Кейін білек сыбана кіріскен жас маман талайды аяғынан тік тұрғызып жіберді. Бүгінде ауылдағы алпысты алқымдаған ақсақал мен алты жасар баланың өзі разылығын білдіріп жүр.

Ботаны бала күннен білемін. Көрші үйдің бүлдіршін қызы тұлымшағы желкілдеп жүрген сәттен дәрігерлікке құмар-тын. Ауладағы өзімен қатар балаларды үлкен талдың түбіне жайғап, бәріне ем-дом жасап жүретін. Бала болмаған жағдайда ит пен мысықтың да емдеушісі Бота-тын. Қолындағы дене қызуын өлшеуіш құрылғысымен ала мысықтың соңынан қуалап жүргені. Бірде мысық мойнына шалма орап жүрсе, енді бірде алдыңғы аяғы дәкемен оралып жүретін. Сонда көршілер Бота дәрігердің мысығы тұмауратыпты немесе қолынан зақымданған екен деуші еді.

Адам нағыз маман болу үшін мамандыққа деген махаббат қажет. Ал махаббат қалай пайда болады? Мәселе сонда. Ботаның дәрігерлікке сезімі сонау бала күнінде оянған. Бәлки теледидардан аңғарды, мүмкін емханадан дәрігердің шынайы бейнесін көрді. Елдің амандығы мен халықтың саулығы үшін жанұшырған дәрігер боламын деген арманның нәзік сәулесі көкейінің төріне шұғыласын төккен шығар. Әйтеуір бүгінде кешегі жас маман бүгінгі білікті дәрігер.

Бота Жакенова 1991 жылы тамыздың 13-жұлдызында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Бақыт егіншілікпен айналысады. Елге сыйлы, ортасына құрметті азамат. Анасы үй шаруасындағы кісі. Өз қуанышы мен шаттығы бар отбасында 5 бала тәрбиеленуде. Бота сол бесеудің екіншісі. Алдыңғы толқын апасы тұрмысқа шыққан. Ал ауылдың дәрігері атанған Бота арман қуып, Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетке оқуға түседі. Табиғатынан тік, тәрбиеге аса мән беретін әкесі мен шаңырақтың шаттығына айналған анасының тәлімін алған студент қоғамдық шаралардың бел ортасында жүрді. Жақсыдан үйренді, жаманнан жиренді. Бастысы, білікті маман болуға талпынды.

Мемлекет жастарды қай жағынан да қолдап келеді. Әсіресе елім деген өрендерді қолпаштауда. Мемлекеттің қолдауына Бота Жакенова да ие болды. Жуырда жас дәрігер «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша баспаналы болды. Бұл оның жұмысына тың ынтамен ден қоюына себепші.

Бірде ауылдық амбулаторияға бас сұқтық. Мұнда күйкі тірлік. Үстін-үстін ағылған ауыл тұрғындары. Жас әрі білікті дәрігерден шипа іздеп келген. Ем-дом жасаған дәрігердің мойнына жүктелген ауыртпалыққа қарамастан күлім қағып, жымиып жүруіне таңданасың. Сірә, Гиппократ антын қабылдаған сабырлы да салмақты ұстанымы болар. Үстіне киген ақ халаты жүрегі таза, пейілі ашық, көңілі кіршіксіз екеніне көзіңді жеткізгендей. Сонда мынадай ой туды: Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылы тұрғындарының денсаулығы сенімді қолда.

Д.САДЫҚ

http://aqmeshit-zhastary.kz/zharshy/kirshiksiz-k-il-a-pejil/

Департаментке медицина қызметкерлерінен келіп жатырған сұрақтарға ТҮСІНІКСурет azh.kz сайтынан алынды

ҚР ДСжӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментке медицина қызметкерлерінен келіп жатырған сұрақтарына түсінік жұмысы ретінде келесіні хабарлайды:

 

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрiнiң 2015 жылғы 29 маусымдағы № 531 бұйрығына өзгерістер 2016жылғы 5 шілдедегі №596 бұйрығы мен бекітілген.

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – Комитет департаменті) кеңсесі арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Үміткерлер куәлік алу үшін құжаттарды қолда бар куәліктің немесе 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген біліктілік санаты берілетін маман сертификатының қолданыс мерзімі өткенге дейін үш айдан кешіктірмей ұсынады.

Куәлікті маманға оның негізгі жұмыс орны бойынша орналасқан Комитеттің тиісті департаменті береді.

Жоғары мәлімделген санатқа куәлікті алу үшін маман қолданыстағы куәлігін (біліктілік санатын беру туралы маман сертификаты) алған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін жіберіледі»;

9,10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Куәлікті алу үшiн үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

осы Қағидаларға3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

мәлімделген мамандық бойынша Бағалау нәтижесі;

білімі туралы дипломы;

мәлімделген мамандық бойынша интернатураны не резидентураны немесе клиникалық ординатураны бітіргені туралықұжат (бар болса);

мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау туралыкуәлік (бар болса);

соңғы бес жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқаны туралыкуәлік;

мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы біліктілік санаты берілетін маман сертификаты немесе куәлік (бар болса);

клиникалық практикамен айналысатын тұлғалар үшін клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты;

Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралыкуәлік;

Тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен кезде, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстырғанын растайтын құжат беріледі;

Шет тілінде берілген құжаттарға қосымша мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аударма қосымша ұсынылады.

Өтініш беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметінің бар екендігі туралы ақпарат осы Қағидаларға3-қосымшаға сәйкесмәліметтер нысанында көрсетіледі.

10. Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік санатын беру өлшемшарттары:
1) мыналар:

құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру;

біліктілігінің екінші санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;

құжаттарды беру кезінде соңғы бес жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 108 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға екінші біліктілік санаты беріледі;

2) мыналар:

құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде алты жыл еңбек өтілі, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру;

біліктілігінің бірінші санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;

құжаттарды беру кезінде соңғы бес жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 162 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға бірінші біліктілік санаты беріледі;

3) мыналар:

құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде он жыл еңбек өтілі, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру;

біліктілігінің жоғары санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;

құжаттарды беру кезінде соңғы бес жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 216 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға жоғары біліктілік санаты беріледі.

Қайтарып алған жағдайда, маман куәлікті қайтарып алғаннан кейін мәлімделген мамандық бойынша өткен жалпы көлемі кемінде 216 сағаттық біліктілікті жоғарылату курстарынан қосымша өткенін растайтын құжаттарын ұсынады.

11. «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша оқуды 1998 жылдан кейін және «Шығыс медицинасы» мен «Стоматология» мамандықтары бойынша оқуды 2006 жылдан кейін бітірген адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 5-тармағына сәйкес интернатураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралықұжатты ұсыну болып табылады.

«Емдеу ісі», «Педиатрия» және «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім беру ұйымдарын 2014 жылға дейін бітірген,Номенклатурада көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткерлер адамдар интернатура, клиникалық ординатура немесе резидентура мамандығы мәлімделген мамандыққа сәйкес келмеген кезде «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы №691бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – № 691 бұйрық) Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) оқу сағатының ұзақтығын көрсете отырып мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өткені туралы құжатты ұсынады.
Медициналық, оның ішінде клиникалық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз жұмыс өтілі бар адамдарға осы мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.

Жоғары медициналық білім беру ұйымдарында оқуды 2013 жылдан кейін бітірген, «Интернатурада және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген) Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде (бұдан әрі – Клиникалық мамандардың тізбесі) көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжат ұсыну болып табылады.»;

20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Куәлікті қайтарып алуды Комитет департаменттері денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) бойынша:

лауазымды тұлғада:

1) күнтізбелік бір жыл ішінде тексеру нәтижелері туралы актілермен дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін ұйымдастыруға бес немесе одан да көп негізделген өтініштер;

2) мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) және/немесе денсаулық сақтау ұйымы қызметінің тиісті түріне лицензиясы жоқ маманның клиникалық практикамен он және одан да көп айналысу жағдайы болған жағдайларда;

маманда:

1) күнтізбелік бір жыл ішінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша актілермен дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың маманның көрсеткен медициналық көмегінің сапасына үш немесе одан да көп негізделген өтініштер болған;

2) күнтізбелік бір жыл ішінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша актілермен дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың маманның көрсеткен фармацевтикалық көмегінің сапасына үш немесе одан да көп негізделген өтініштер болған;

3) маман куәлік алу кезінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша анықталған жалған ақпарат бергені туралы фактіні анықтау;

4) сертификаты жоқ маманның клиникалық практикамен айналысу жағдайлары болғанда.

21. Куәлікті қайтарып алуға болатын жағдайды анықтаған немесе осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайлардың болуы туралы ақпаратты анықтаған Комитет департаменті куәлікті берген Комитет департаментіне осындай жағдай анықталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қайтарып алу қолдаухатты жібереді. Куәлікті берген Комитет департаменті осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген ақпартты не қолдаухатты алғаннан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде куәлікті қайтарып алу туралы бұйрық (еркін түрде) шығарады.

Осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайларды өздігінен анықтаған Комитет департаменті осындай жағдай анықталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде куәлікті қайтарып алу туралы бұйрық (еркін түрде) шығарады.

22. Куәлікті қайта алу үшін, бірақ оны қайтарып алған мерзімнен алты айдан кешіктірмей маман осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.»;

Департамент басшысының

міндетін атқарушы Ғ.Байменова

 

 

Департамент Комитета контроля медицинской и фармацевтической деятельности Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан по Кызылординской области в связи с поступающими обращениями от медицинских работников разъясняет следующее:

Приказом от 05 июля 2016 года №596 внесены изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 июня 2015 года №531 «Об утверждении Правил выдачи и отзыва свидетельства о присвоении квалификационной категории для специалистов в области здравоохранения, за исключением специалистов в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения».

«1. Настоящие Правила, сроки выдачи и отзыва свидетельства о присвоении квалификационной категории для специалистов в области здравоохранения, за исключением специалистов в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 176-1 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения» и определяют порядок присвоения квалификационных категорий лицам, имеющих среднее, послесреднее, высшее медицинское и фармацевтическое образование, к осуществлению профессиональной медицинской и фармацевтической деятельности.

Пункт 4 данного приказа: «Претенденты подают документы на получение свидетельства не ранее трех месяцев до истечения срока действия имеющегося свидетельства, либо сертификата специалиста с присвоением квалификационной категории, выданного до 9 октября 2015 года» дополнен слндующим «Для получения свидетельства на выше заявляемую категорию, специалист допускается по истечении трех лет со дня получения действующего свидетельства (сертификата специалиста с присвоением квалификационной категории)».

Свидетельство специалисту выдается соответствующим департаментом Комитета, расположенным по месту основной работы специалиста.

«9. Для получения свидетельства претендент предоставляет следующие документы:

заявление по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

форма сведений согласно приложению 3 к настоящим Правилам;

результат Оценки по заявляемой специальности;

диплом об образовании;

документ об окончании интернатуры или резидентуры либо клинической ординатуры по заявляемой специальности (при их наличии);

удостоверение о переподготовке по заявляемой специальности (при наличии);

свидетельство о повышении квалификации за последние пять лет по заявляемой специальности;

действующее свидетельство, либо сертификат специалиста с присвоением квалификационной категории по заявляемой специальности (при наличии);

сертификат специалиста для допуска к клинической практике, лицам занимающимся клинической практикой;

удостоверение о признании и (или) нострификации документов об образовании, для лиц получивших медицинское образование за пределами Республики Казахстан.

При изменении фамилии, имени, отчества (при его наличии) предоставляется документ, подтверждающий перемену фамилии, имени, отчество (при его наличии);

К документам, выданным на иностранном языке, дополнительно предоставляется нотариально заверенный перевод на государственном или русском языке.

Информация о наличии медицинской деятельности по заявляемой специальности на момент подачи заявления указывается в форме сведения, согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

В случае отзыва специалист предоставляет документы, подтверждающие дополнительное прохождение курсов повышения квалификации в общем объеме не менее 216 часов по заявляемой специальности, пройденные после отзыва свидетельства.

11. Для лиц, окончивших высшее медицинское учебное заведение после 1998 года по специальностям «Лечебное дело», «Педиатрия», «Общая медицина», и по специальностям «Восточная медицина» и «Стоматология» после 2006 года, обязательным условием допуска к клинической практике является предоставление документа об освоении профессиональной учебной программы интернатуры в соответствии с пунктом 5 статьи 21 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании».

В пункт 20 внесены изменения «Отзыв свидетельства осуществляется департаментами Комитета по результатам государственного контроля в области здравоохранения»:

у должностного лица при наличии:

1) у физических и юридических лиц пяти и более обоснованных обращений на организацию деятельности субъектов здравоохранения в течение одного календарного года, подтвержденных актами о результатах проверки;

2) десяти и более случаев занятия клинической практикой специалистами медицинских организаций, не имеющих сертификат специалиста для допуска к клинической практике (далее – сертификат) и (или)лицензии на соответствующий вид деятельности организации здравоохранения в течение одного календарного года, по результатам государственного контроля;

у специалиста при наличии:

1) от физических и юридических лиц трех и более обоснованных обращений на качество оказанной специалистом медицинской помощи в течение одного календарного года, подтвержденных актами по результатам государственного контроля;

2) от физических и юридических лиц трех и более обоснованных обращений на качество фармацевтических услуг, предоставленных специалистом в течение одного календарного года, подтвержденных актами по результатам государственного контроля;

3) выявления факта о предоставлении недостоверной информации специалистом при получении свидетельства, выявленного по результатам государственного контроля;

4) осуществление клинической практики специалистом без наличия сертификата.

21. Департамент Комитета, обнаруживший или получивший информацию о случаях, предусмотренных в пункте 20 настоящих Правил, направляет ходатайство об отзыве в Департамент Комитета, выдавший свидетельство, в течение тридцати рабочих дней со дня выявления такого случая. Департамент Комитета, выдавший свидетельство, со дня получения информации либо ходатайства о выявлении случаев, предусмотренных в пункте 20 настоящих Правил, в течение пяти рабочих дней издает приказ (произвольная форма) об отзыве свидетельства.

Департамент Комитета, выдавший свидетельство, самостоятельно обнаруживший случаи, предусмотренные в пункте 20 настоящих Правил, в течение тридцати рабочих дней со дня выявления такого случая, издает приказ (произвольная форма) об отзыве свидетельства.

22. Для повторного получения свидетельства, но не ранее шести месяцев после его отзыва, специалист предоставляет документы, предусмотренные в пункте 9 настоящих Правил.»;

 

 

7 медициналық мекемеге – жаңа жабдықтар«Аяла» қайырымдылық қоры Қызылорда облысының аудандарында «Өмір сыйлайық» жобасын жүзеге асыра бастады. Қор тарапынан бүгін 7 медициналық мекемеге жаңа құрал-жабдықтар табысталды, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Қайырымдылық шарасына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қатысып, қор өкілдерін алғыс білдірді. Қор өкілі Берік Даржанов өз мақсаттарын баяндай келе, емдеу мекемелеріне медициналық құрал-жабдықтарын табыс етті.

Айта кетейік, «Өмір сыйлайық» жобасы еліміздегі балалар ауруханаларының жан сақтау бөлімшелеріне көмек көрсетуге арналған. Жоба 2007 жылы басталды. Ол кезде қор Алматы қаласының қалалық жұқпалы балалар ауруханасының (БҚКЖА) жан сақтау бөлімшесіне медициналық жабдық алып берді. Қызылорда облысында алғаш рет іске асырылып отыр.

Сыйға тартылған жабдықтар балалар өлімін төмендетуге мүмкіндік береді, нәрестелерге және бір жастағы балаларға медициналық көмек көрсетуді қолжетімді етеді деген үміт бар. Бұдан басқа, қор болашақта облысқа Литва неонатологтарының келуін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жетекші мамандар семинарлар өткізіп, қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасады.

http://syrboyi.kz/zedelnews/8319-7-medicinaly-mekemege-zhaa-zhabdytar.html

7 медициналық мекемеге – жаңа жабдықтар
7 медициналық мекемеге – жаңа жабдықтар
7 медициналық мекемеге – жаңа жабдықтар
7 медициналық мекемеге – жаңа жабдықтар

МҮМКІНДІГІ МОЛ АУРУХАНАБиыл Қазалыда теміржол ауруханасының жанынан нейроинсульт бөлімшесі ашылғаны көпшіліктің құлағын елең еткізді. Оның себебі де бар. Бұрын қан қысымымен ауыратын науқастарды шалғайдағы облыс орталығына апаратын едік, енді аудан дәрігерлерінің көмегіне жүгіне алатынымыз қуанышты жайт. Жаңадан іске қосылған осы бөлімнің жұмысы бүгінде қызу. Дертіне шипа тапқандар да жетерлік. Дәлірек айтсақ, тоғыз айдың ішінде екі жүзден астам науқас оңалып шыққан.

 

Осы орайда, біз аудан көлемінде қан қысымы жоғары науқастарды емдеу барысы және оның алдын алудың жолдары туралы білгіміз келіп, нейроинсульт бөлімінің меңгерушісі Дастан Аманбаймен тілдескен едік.

– Бөлімшенің ашылғанына көп уақыт өтпегенімен жұмыс жүйелі де сапалы жүріп жатыр деп толық айтуға болады. Оған қоса облыс аудандарының ішіндегі жалғыз нейроинсульт орталығы әзірге тек Қазалы ауданында ғана орналасқан. Нақты кезеңде аудан тұрғындарынан бөлек, Арал, Қармақшыдан да көптеген науқас келіп ем алуда. Жыл басынан бері 9 айдың ішінде 220 науқас түсіп, оңалып шықты. Алдымен ауруханаға келген науқасқа компьютерлік томография жасалып, нақты диагноз қойылғаннан кейін жан сақтау бөліміне жіберіледі. Жағдайы жақсарған соң жалпы бөлімге шығарылып, емін алады. Емдеу ұзақтығы науқастың жағдайына байла­нысты он күннен жиырма тәулікке дейін созылуы мүмкін. Егер науқас толық айығып кетсе үйіне, ал әлі де емді қажет ететін болса, қайта қалпына келтіру бөліміне жібереміз. Медициналық көмектің барлығы тегін жүргізіледі. Ескеретін жайт тромблизис әдісі бойынша науқасты толық айықтырып жіберуге мүмкіндік бар. Ол үшін азамат ауырғаннан бастап үш сағаттың ішінде орталыққа келіп болуы тиіс. Тілі күрмеліп, қан қысымы көтеріле бастағанын сезсе, дереу жедел жәрдем көлігін шақыртып, орталыққа келуі керек. Олай дейтінім, алғашқы үш сағатта тромблисиз әдісі арқылы, яғни арнайы дәрі жіберіп, ми қан тамырындағы тромбты ерітіп жіберуге болады. Бұл дегеніміз қан тамырларында ұйып, түйіршіктелген қанды ерітіп, науқастың жағдайын бұрынғы қалпына келтіру дегенді білдіреді. Осы уақытта жүргізілген емдеу әдісі ғана өз нәтижесін береді. Ал науқас кешігіп келсе, ми қан тамырларында қалпына келмейтін өзгерістер туындап, аталған әдісті қолдану тиімсіз болуы ықтимал. Аурудың алғашқы белгісі білінген сәттен дер кезінде бізге келіп көрінген (тілі күрметіліп, аяқ-қолының қозғалысы нашарлай бастаған) бес науқасқа жоғарыда айтылған тромблизис жасалды. Соның нәтижесінде бес науқастың баршасы сауығып шығып, отбасына қауышты, – дейді білікті дәрігер Дастан.

Тағы білгеніміз, осы бөлімшеде 6 науқастың басына сәтті операция жасалыныпты. Осылайша олардың миында ұйып қалған қан алынып, аман қалыпты. Өте қуантарлық жағдай. Сонымен қатар, бөлімшеге қарасты науқасты қалпына келтіру кабинетінде 75 адам ем алған. Сүйсінерлігі, мұндағы дене шынықтыру бөлмесі соңғы үлгідегі спорт құрылғыларымен жасақталынған екен.

Аурухананың нейроинсульт бөлімше­сінде емделуші Айсұлу Сыдық есімді әжеймен тіл­де­скенімізде: «Менің басыма қан қысы­мымның көтерілуіне байла­нысты осы жерде ота жасалынды. Шүкір, қазір сауығып келемін. Жағдайым да біршама жақсарып қалды. Емдеуші дәрігерлер менің жай-күйімді келіп қадағалап тұрады. Дәрі-дәрмектерді уақытылы аламын. Дәрігерлер мен мейірбикелерге аналық алғысым шексіз», – деген лебізін жеткізді.

Оқырмандарымызға түсінікті болуы үшін «Инсульт дегеніміз не? Оған адамдар қалай ұшырайды?» деген сұрақтарға жауап іздеген едік. Көпшіліктің көкейінде жүрген бұл сұрақтарға дәрігер Дастан Аманбай: «Инсульт тез пайда болады, алдын ала сезу қиын. Сондықтан қан қысымы жоғары, жүрегі ауыратын, қант диабеті бар адамдар өз денсаулығын күтіп, жиі қан қысымын өлшеткендері жөн. Адамдардың жүйке жүйесіне түсетін салмақ көп. Әрі артериялық қан қысымы, қант диабеті, жүрек ауруымен ауыратындар саны ұлғайып кетті. Бұған қоса адамдардың көпшілігі спортпен шұғылданбайды, дұрыс тамақтанбайды. Соңғы жылдары сыраға құмарлардың қатары көбейіп кетті. Ал сыра семіздікке душар етеді. Бауырды зақымдап, бүйрек пен қуыққа кері әсерін тигізеді. Бұл өз кезегінде адамға салмақ қосып, қан қысымының көтерілуіне әкеледі. Сөйтіп, инсульттің қаупін күшейтеді. Қозғалыстың аздығы мен құнарсыз тамақ – барлық аурудың бастамасы. Қазір тұрғындардың көпшілігі жартылай дайын тағамдарды пайдаланады. Аурудың астан екенін ескерсек, газдалған сусындар мен түрлі қуырылған қытырлақтардың денсаулыққа тигізер зияны болмаса, пайдасы жоқ. Инсульттің алғашқы бастамасында адамның көңіл-күйі бұзылады, басы айналады, тілі күрмеледі, бір жақ аяқ-қолы жансызданады», – деп жауап қайтарды.

Айта кетейік, бүгінгі әңгімемізге арқау болған Қазалы теміржол ауруханасының ұжы­мында кәсіби сауаттылығы, білік-параса­тымен жұртшылықтың ықыласына бөленіп жүрген медицина саласының майталмандары еңбек етеді. Аурухана 1904 жылы шағын амбулатория есебінде ашылған. Ал келесі жылы Орынбор теміржол бөлімінің құрылуына байланысты теміржол ауруханасы болып өзгертілді. Міне, ғасырдан астам уақыттан бері халыққа тұрақты қызмет жасауда. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң аурухана замана талабына сай ғимаратқа көшіріліп, жаңа үлгідегі қондырғылармен жабдықталды. Талай жанның алғысын арқалаған ұжымды ұзақ уақыттан бері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі Құбыл Ршымбетов басқарып келеді.

Есет ТАБЫНБАЕВ.

http://qazaly.kz/m-mkindigi-mol-auruhana/

Назад Вперед