Ауа райы
Мерекелер

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы А.ӘЛНАЗАРОВА: Дәрігерлер бар мүмкіндікті жасады«Тәні саудың жаны сау» деген халқымыздың сөзі бекер айтылмаса керек. Денсаулық сақтау мәселесі – халықтың жанына батар ең басты жайлардың бірі. Денсаулық жайлы сөз бола қалса, дәрі-дәрмек жайы, онкологиялық аурулар мен емханалық көмек жағдайы, дәрігерлердің біліктілік деңгейі секілді мәселелер шыға келеді. Бір қарағанда барлығы өз деңгейінде атқарылып жатқандай көрінетін өмірдің осы саласында қиындықтар аз емес. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау мәселелері медициналық көмек көрсету, жұқпалы аурулардың алдын алу, халық денсаулығын нығайту сияқты шаралар да өз мақсатына толық жетті дей алмаймыз. Оған қоса, денсаулық әл-ауқат пен жалпы жағдайдың рухани қажеттілігіне жету болып табылады. Бұл тұрғыда денсаулық саласындағы бар мәселе шешім тапты деу артық. Себебі, бұл өмірлік мәселе. Халық үшін ең маңызды мәселе.

 

Осы орайдағы жұмыстар турасын­да БАҚ өкілдерінеарналған брифингте облыстық денсаулық сақтау басқар­масының басшысы Ақмарал Әлназаро­ва ағымдағы жылдың алты айлық есебін қорытындылады.

Есепте айтылмақ негізгі мәселеге көшпес бұрын «Денсаулық» мемлекет­тік бағдарламасы сөз болды. Елбасы Жарлығымен ҚазақстанРеспубликасы­ның денсаулықсақтау саласын дамыту мақсатында 2016-2019 жылдарға арналған бағдарлама саладағы биылғы жылдың басты оқиғасы болып отыр. Жаңа бағдарлама медициналыққыз­меттің сапасын көтеріп, қолжетімділігін жақсартудаоң ықпалын жасамақ.

Биылғы жыл көлемінде Жаңақор­ған ауданы, Түгіскен ауылын­дағы дәрігерлік амбулаторияпайда­лануға беріліп, көптен күткен облыстық балалар ауруханасымен Жаңақорған аудандық емханасы іске қосылады. Осы тараптағы жұмыстардыңең ауқым­дысы облыстық медициналықорталық жанынан офтальмохирургиялық орталық ашылғаны болды. Ендігі жерде медицина орталығының көз аурулары бөліміндежылына жасайтын 1100-1200 ота көрсеткіші 1,5 есеге көбейеді деп жоспарланып отыр. Осыған дейін Алматы, Астана, Орынбор қала­ларынан ем іздеп келген жерлесте­ріміздің енді осы орталықта емделе алатынын айтқан басқарма басшысы Ақмарал Шәріпбайқызы:

-Жалпы денсаулық сақтау сала­сында азаматтардың есебін нақтылау мәселесінекөңіл бөлінуі керек. Бұл ең алдымен емдеу-алдын алу ұйымда­рының жұмысын жеделдетеді– деп, негізгі мәселелерге көшіп, денсаулықсақтау ұйымдарына тіркелгентұр­ғындар жайына тоқталды. Облыс бойынша өткен жылы 714 545 тіркел­ген болса, өткен жартыжылдықта тұрғындардыбелсенді анықтау, аймақтағыазамат­тардың есебін нақтылау, бекіту жұмыс­тарының сапасы артқан. Соның нәтижесінде облыс бойынша тіркелгентұрғындар саны 13 535-ке көбейіп, жалпы саны 728 080-ге жеткен. Туу көрсеткішіне келер болсақ, соңғы алты айда облыс бойынша 8963 сәби дүние­ге келген. Егер осы уақыт аралығында тіркелген 1305 өлім жағдайын есепке алар болсақ, облыс тұрғындары 7658-ге артқаны байқалады.

Бұдан бөлек, облыста 363 мыңнан астам ауру жағдайы тіркелгенекен. Олардың 30 мыңнан астамы балалар мен жасөспірімдер. Барлық тұрғын­дардың 14,5 пайызын құрап отырған бұл көрсеткішбойынша атқарылған жұмыстар да жоқ емес. Атап айтар болсақ, өткен жарты жылда тәуліктік стационарларда 58 мыңнан астам науқас сауықтырылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету турасында:

-Аурудың қай түріне болмасын, оның алдын алу және емдеу үшін пайдаланатындәрі-дәрмек бар. Дегенмен, тұрғындардыңберілген дәрілерді дер кезінде қабыл­дамай, өз денсаулығына салғырт қарауы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі таңда республикалықжәне жергілікті бюджеттенбөлінген қаржы есебінен тегін дәрі-дәрмектерменқамтамасыз ету амбула­то­риялық деңгейде жүргізіліп жатыр. Соның ішінде 57 науқас түрін емдеуге 445 дәрілік препараттар диспансерлікесептегі науқастарға тегін берілуде – деді.

Науқастарды ерте анықтау, сол арқылы ерте сауықтыру және өмір сапасын арттыру мақсатындаскрининг­тік тексерулерде жүргізілуде. Аталған тексерудің 11 түрі бойынша 257 677 азамат жоспарланған. Есепті кезеңде облыс бойынша 168 мың тұрғын скри­нингтік тексеруден өтіп, тексерілгендер арасында 6512 науқас анықталған. Бүгінгі таңда олардың 5470-і диспан­серлік есепке алынып, сауықтырылуда.

Осы тараптағыатқарылған жұмыс­тарды саралау мақсатындаәр сырқат­тану тобына бағытталғанЖол карта­ларына жеке-жеке тоқталғанОблыс­тық денсаулық сақтау басқарма­сы­ның басшысы Ақмарал Әлна­за­рова онкологиялық аурулар мәселесі жөнінде:

-Өңірімізде онкологиялықауру­лар­ды интеграцияланған басқару моделін енгізудіңЖол картасы жұмыс жасауда. Жалпы онкологиялық ауру­лардың зардабын жеңілдетудіңбірден бір жолы оларды ерте анықтау. Осы мақсатта медициналықмекемелерде жаңадан 30 онкологиялықкабинет ашылды. Соның нәтижесінде қатерлі ісіктерді кеш сатысында анықтау көрсеткіші екі есеге дейін төмендеді – деді.

Басқарма басшысы келтірген мәлі­метке сүйенер болсақ, онкологиялықаурулармен күрес тарапындағымаман­дар біліктілігіде назарға ілігіп отыр. Қазіргі таңда жоспарланған 70 маман­ның 55-і білімін жетілдіріп, облыстық онкологиялық орталық пен аудандардақатерлі ісікке шалдыққаннауқастардың өмірін ұзарту, күтуге бағытталған паллиативтіккөмек бөлімдерін ашып, қызмет көрсете бастады.

Шынында да,ерте анықтау арқылы онкологиялық науқастарманкүрес нәтижесі жақсара түседі. Бұған бас­қарманың 6 ай қорытындысына сәкес өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға жоғарылап, 219 адамнан қатерлі ісіктің ерте сатысын анықтауы дәлел бола алады. Қазіргі таңда қатерлі ісікке қатысты өлім-жітім көрсеткіші де азайып келе жатыр.

Өңірде мұнан бөлек жедел бас ми қан айналым бұзылысына медициналықкөмек көрсету, жіті миокард инфарк­тысы, жарақаттанукезінде көмек көр­сету секілді салалар бойынша да жол карталарыжұмыс жасауда. Аталған жол карталарыбойынша атқарылған шаралар нәтижесінде, қан айналым бұзылысынан 138 науқас, кардиология­лық көмек нәтижесінде 20 науқас ем қабылдап шықты.

Аталған шаралар барысындағы жетістіктертуралы айта келе,облыс­тық денсаулық сақтау басқарма­сының басшысы Ақмарал Әлна­за­рова жүктілік және балаларға арналған көмекті ұйымдастыру мақсатында жол картасын орын­далу шеңберіне ерекше тоқталды.

-Ана өлімін болдырмаумен сәби­лер өлімін төмендетубірінші кезекте болуы керек. Сол үшін халықтың орна­ласу аймағы, елді мекендер алшақтығы, мамандарменжәне медициналық көмек көрсету кезінде қажетті құрал-жабдықтарменқамтамасыз етілуіне көңіл бөлінуде. Десек те, ана мен бала өмірін қорғау мақсатында 77 маманның жетіспеушілігі бар екен. Олардың орнын мамандардықайта даярлаудан өткізу арқылы жабу жоспары жыл аяғында жүзеге асырылмақ – деген басқарма басшысы барлық атқарылған жұмыс­тардың мамандарға байланыстыекенін де естен шығармады.

Облысымызда медицина ұйымда­рының дәрігерлермен қамтамасызетілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 27,4-ті құрап отырған тұста маман мәселесі де маңызды. Бұл тарапта 122 дәрігер қайта даярлауданөткізілген екен.

-Осы орайда айта кету керек тағы бір жай бар. Облыс әкімдігі мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Соны­мен қатар, облыс орталығында ашыл­ған С.Асфендияроватындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қызылордаоблыстық филиалының жұмыс атқаруы да кадрлар тапшылығынжоюға оң септігін тигізеді деген ойдамыз – деген басқарма басшысы Ақмарал Шәріп­байқызы тапшы мамандықтардырезидентурадан өткізуге облыс әкімінің 25 гранты бөлінгенін айтты. Бұған қоса, биыл облысымызға Ақтөбе, Қарағандымедициналық академияларынан 120 дәрігер келеді деп күтілуде.

Облыстық денсаулықсақтау басқармасының басшысы Ақмарал ШәріпбайқызыӘлназарова өз есебін көпшілік қызу талқылаған жағдай турасында қорытындылады. Атап айтқанда, Сырдария ауданының тұрғыны Алтынай Ташимовағақатысты қайғылы оқиға осы күнгі жұртшылық­ты толқытар түйткіл болып отыр. Сыр­да­рия аудандық ауруханасында ұл бала босанған Алтынай Ташимова қан кету фактісі бойынша жағдайы нашарлап, облыстық медициналық орталықтыңжансақтау бөліміне жеткізілген.

-Орын алған жағдайға байланысты дәрігерлербар мүмкіндіктерін жасады. Телемедицинаарқылы Астанамен бай­ланысқа шығып, кеңестер алды. Дәрі­лік ұйқыда жатып, 46 күннен соң көз жұмды. Бұл өкінішті оқиға медициналық қателік себебінен орын алды ма дегенге келер болсақ, қазір осы іске қатысты құқық қорғау органдарытергеу амал­дарын жүргізуде. Тергеу жұмыстары аяқталмайыншанақты ақпарат бере алмаймыз – деді басқарма басшысы.

Б.САТЖАНОВ

https://baq.kz/kk/news/densaulik/kizilorda_oblistik_densaulik_saktau_baskarmasi_basshisi_aalnazarova_darigerler_bar_mumkindikti_zhasadi20160810_182100


Облыста биыл өлім-жітім саны көбейіп тұр. Мәселен, биылдың өзінде облыс бойынша 1305 өлім жағдайы тіркелген. Оның басты себебі қанайналым жүйесінің, жүректің ишемиялық аурулары және мидың тамырлық зақымдалуынан екен. Бұдан бөлек, жылына аймақта 700 адам қатерлі ісік ауруынан көз жұмады. Аты жаман аурудың пайыздық көрсеткіші былтырғыға қарағанда жоғарылаған. Мұны Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарованың өз аузынан естідік.

- Өлім-жітім санының артуы күннің күйіп тұрған мәселесі болып отыр. Көрсеткішті кеміту мақсатында үлкен жұмыстар жасайтын боламыз. Ел демографиясына кері әсерін тигізетін 5 сырқаттанушылық тобы анықталып, арнайы жол картасы бекітілді. Оның ішінде онкологиялық ауруларды ерте анықтайтын болсақ, оны емдеу оңайырақ болады. Осы мақсатта медициналық мекемелерде жаңадан 30 онкологиялық кабинет ашылды. Оның ішінде 4 онкологиялық, 4 маммологиялық, 8 проктологиялық және 14 ерлерді қарау бөлмесі бар,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова.

Оның айтуынша бүгінде жас аналар жүктілікті алдын ала жоспарламайды. Бұл ана мен баланың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сол себепті жүктіліктің алдында әйел толықтай емделу процесінен өтуі керек дейді ол. Расында ана мен бала өлімінің артуы денсаулыққа бейжай қараудан басталады. Ана мен бала өлімінің алдын алу және оны болдырмау мақсатында жұмыстар басталып кетті. Мәселен, Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарында перзентхана бөлімдері екінші деңгейіне ауыстырылды. Бұл жағдай біріншіден, медициналық көмектің уақытылы атқарылуына және сапасының қолжетімділігіне ықпал етсе, екіншіден, облыстық перинаталдық орталықтағы шамадан тыс жүктемені азайтады. Негізі аймақта ана мен бала денсаулығыны қорғау мақсатында 77 маманның жетіспеушілігі бар. Олардың орнын мамандарды қайта даярлаудан өткізу арқылы жыл аяғына дейін толтыру жоспарлануда.

Орайы келгенде атап өтейік, Сырдария ауданының тұрғыны А.Тәшімованың хал-ахуалы жайында осыған дейін де баспасөз беттерінде жарияланған болатын. Ол Сырдария аудандық ауруханасына 17 маусымда түскен. Сол күні әйелді акушер-гинеколог Жаңабергенова мен акушер Қантаева босандырған. Дәрігерлердің салғырттығынан көп ұзамай Тәшімованың денсаулығы нашарлап кеткен. Содан бері ол Қызылорда медицина орталығында ауыр халде жатып, екі айдан соң көз жұмды. Бұған аймақтың бас дәрігері:

- Науқасқа республикалық деңгейдегі білікті мамандарды шақыртып, барлық мүмкіндіктерді қарастырдық. Ол көп қан жоғалтқан. Өкінішке орай, қарастырылған мүмкіндіктер сәтсіз болды. Қазір бұған қатысты сот процестері жүргізіліп жатыр. Оның шешімі шықпай, нақты пікір айта алмаймын,-деп жауап берді.

Егер өз денсаулығыңызды толықтай тексеруден өткізуді ойға алсаңыз, емхана дәрігерлеріне қабылдауға алдын ала emdeu.kz жәнеwww.egov.kzэлектрондық үкімет порталы арқылы жазылуға болады. Бұл емхана есіктеріне телміріп, кезек күтіп отырғаннан әлдеқайда тиімді.

Облыста дәрігер мамандарының жетіспеушілігі алаңдатады. Медицина ұйымдарының дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 27,4 пайызға төмен. Бүгінде жоғары медициналық және фармацевтикалық мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың 3 жылдық перспективті жоспары бекітілді. Үстіміздегі жылы неантолог, акушер-гинеколог, пульмонолог, профпатолог, анестезиолог және өзге де дәрігер мамандары даярланатын болады. Айтпақшы, Қызылорда облысы әкімдігі мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Облыс орталығында ашылған Қазақ Ұлттық медицина университетінің Қызылорда облыстық филиалының жұмыс атқаруы да кадр тапшылығының орнын толтырады деген үмітімз бар.

- Сыр медицнасы үлкен жаңалығымен бөліседі. Байқоңыр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы ашылғалы отыр. Осы мақсатта біз көп жылдар бойы жұмыс жасаған болатынбыз. Енді алдағы жылдары оның да нәтижесін көретін боламыз деген сенім бар. Оған Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының тұрғындары мен Төретам кенті, Ақай елді мекенінің тұрғындары емделетін болады,-деді А.Әлназарова аймақ тілшілеріне берген брифинг барысында.

Аты жаман аурулардың бірі – мерез ауруы. Былтыр аймағымыз мерез бойынша республика бойынша бірінші орынға шықты. Аталмыш ауру көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 52 пайызға азайған.

"Сақтансаң, сақтайды” дейді. Денсаулығымызға дұрыс қарамады деп дәрігерлерлерді кінәламас бұрын, басты байлығымыздың қадірін ұғынуды өзімізден бастаған жөн-ақ.

Ә.НАЖМАДИНҚЫЗЫ

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=5948:2016-08-10-04-02-29&catid=2:2011-11-18-08-59-27&Itemid=2

Қызылордалық медбикелердің мәдениетсіздігі тұрғындардың жағасын ұстаттыҚызылорда облысының медицина саласында қордаланып қалған мәселелері аз емес. Әсіресе, емханалардың жұмысына көңілі толмайтын сырбойылықтар жетерлік деп хабарлайды NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі.

 

Мамандардың біліксіздігі мен ұзын-сонар кезек, қағазбастылық тұрғындарды әбіржітіп жіберді.
Қызылорда қаласындағы №3 емханада да аталмыш мәселелер көптеп кездесуде. Қаланың қақ ортасында орналасқан бұл медициналық мекеменің салынғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Жаңадан пайдалануға берілген нысанның материалдық–техникалық жағдайы өзге емханаларға қарағанда әжептәуір ілгеріде. Соған қарамастан, 20 аумақтың тұрғындары тіркелген мекеменің жұмысына сын айтып, шағым білдірушілер көп –ақ.

«Мен осы №3 емханаға қараламын. Мұндағы медбикелердің мәдениетсіздігі жаға ұстатады. Қашан барсаң да ұзын–сонар кезек. Дұрыстап диагнозыңды да қойып бермейді. Әбден шаршатты», - дейді Досымжан Жалғас.

Айта кету керек, 17 маусым - медицина қызметкерлері мерекесінде аталмыш емхананың ұжымы мараптталып, құрметке бөленген болатын. Салтанатты шарада Қызылорда облысының әкімі «кезек күттірмейтін емхана» номинациясымен марапаттап, бас дәрігерге алғысын білдірген еді.

Алайда, осы мәселе бүгінде әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Тіпті бұл номинация қандай мақсатта берілгендігін түсінбей жатқандар көп. Осы орайда, №3 емхананың бас дәрігерімен NUR.KZ тілшісі сұхбаттасқан болатын.

Бұл қызметке келгеніне небәрі екі ай болғанын айтқан басшы қордаланып қалған мәселелерді рет-ретімен шешіп жатқанын жеткізді.
«Біз өндіріске өркениетті елдердің тәжірибесін енгізіп жатырмыз. Қазір электронды кезек деген жүйені қолданудамыз. Кезектің әлі де бар екенін мойындаймын. Әсіресе, аса қажет мамандарға кезек бар. Оның үстіне қазір жалпы тәжірибе дәрігері деген ұғым пайда болды. Бұл мамандар таңертең балаларды, түстен кейін ересектерді қабылдайды. Халық осы үрдіске үйрене алмай келеді. Шу осыдан шығып отыр», - деді бас дәрігер Гүлстан Мақсұтова.

Осы уақытқа дейін 9 аумақта ғана жалпы тәжірибедегі дәрігерлер болса, бүгінде барлық науқастар осындай мамандармен қамтылған. Алайда, бұл жүйенің қандай нәтиже берері белгісіз. Әзірге науқастар ашулы. «Кезек күттірмейтін емхана» қай уақытта расымен кезек күттірмейтінін күтіп жүр.

Дереккөз: NUR.KZ

 

8 августа состоялся вебинар с участием д.м.н. Акарачковой Е. С. на тему"Стресс как преморбид соматической патологии"


Лектор:
Акарачкова Елена Сергеевна– д.м.н., ведущий научный сотрудник научно-исследовательского отдела неврологии Научно-исследовательского центра ГБОУ ВПО «Первый Московский государственный медицинский университет имени И.М. Сеченова» Министерства здравоохранения Российской Федерации.


Түйенің шұбатын үздіксіз ішуді дағдыға айналдыру- онкологиялық аурулардың алдын-алудың ең тиімді жолы. Осындай тұжырым жасаған отандық дәрігерлер, қазақстандықтарға қатерлі ісікпен күресудің тағы да қарапайым бірнеше ережесін ұсынады. Тіпті, біз біле бермейтін күлкі мен айқайлап ән айтудың өзі рак ауруының даму тәуекелділігін төмендете алатын қасиетке ие екен. Сондай-ақ, мамандар35 пен 60 жас аралығындағы азаматтарғажыл сайын "Скринингтік" тексерістен өтіп тұруға кеңес береді.

 

"Скрининг сізді сақтайды" деп өздері айдар таққан жаңа тәсілмен жұмыс істеп жатқан аймақтың бірі Алматы облысындағы Жамбыл ауданының дәрігерлері. Кеселдің алдын-алудағы әдістері қарапайым. Аудандағы 35 пен 60 жас аралығындағы әр тұрғынның үйіне "Скринингтен өтуге келіңіз" деген хабарландыру таратумен айналысатын арнайы жұмыс тобын құрған. Нәтижесінде, көптеген науқастың алғашында жаңға батпайтын дертіне дауа дарыды дейді.

 

ДОҒДЫРГҮЛ ӨМІРҚҰЛҚЫЗЫ, Жамбыл аудандық орталық аурухананың бас дәрігері:

- Белгілі бір жастағы адамдарды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Барлығын шақыртып жасатамыз. Халықтың өздері де келіп менің денсаулығымды тексеріп берсең деп сұранып келсе тіптен жақсы болар еді.

 

Медицинасы озық Кореялық ғалымдармен тәжірибе алмасып келген Доғдыргүл Өмірқұлқызы қазақстандықтарға қатерлі ісікке қарсы қосалқы ем ретінде пайдалануға болатынын қарапайым тағы бірнеше ережелердің бар екенін айтады. Мысалы «күлу» немесе "айқайлап ән айту" қатерлі ісік пен жүрек-қан тамырлары ауруын болдырмайды екен. Көңіл көтерудің бұл әдісін жапондық ғалымдар қырық пен алпыс жас арасындағы алпыс мың адамға тәжірибе жүргізу нәтижесінде дәлелдеген екен.

 

ДОҒДЫРГҮЛ ӨМІРҚҰЛҚЫЗЫ, Жамбыл аудандық орталық аурухананың бас дәрігері:

- Кореяда кәдімгі біз көрдік, адамдарды кіргізіп алып күлдіріп жатқандарын. Адамда гормон Счастье деген бар. Егер ол көп болатын болса адамда қатерлі ісік болмайды деген тұжырым бар.

 

Айғайлауда сол тәсілдің бір түрі. Дауысты қатты айғайлап іштегі бүкіл жаман энергия сыртқа шығады.

 

Сондықтан, ән айтудың пайдасын жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар. Өйткені, шылым шегу, қозғалыстың аздығы, дұрыс тамақтанбаудан бөлек, күйзеліс те қатерлі ісік ауруларына алып келетін басты факторладың бірі.

 

Мақсат Толықбай.

http://31.kz/video/show/id/14106


Тағам аллергиясыЖануар және өсімдік тағамдарында бізге жат ақуыздар болады. Олар аллергенге айналғанда, кейбір тағамдардан бас тартуға мәжбүр боламыз. «Тағам аллергиясы» деген термин белгілгі клиникалық сипатпен көрініс тапқан иммундық реакцияны айқындайды. Аллергиясы бар адамдардың көбі өздеріне қандай тағамды жеуге болмайтынын кішкентайынан біледі. Алайда көпшілігіміз өз аллергеніміздің қай тағамда жасырынып жүргенін анық біле бермейміз. Бұнымен қоймай, аллергиясы бар кей адамдар, шындығына келгенде ешқандай аллергия бермейтін тағамнан бас тартады.

Аурудың шығу тегі, даму тетіктері

Ас қорыту ағзаларының аллергиялық зақымдануларының шығу тегі тағамдық, дәрі-дәрмектік, бактериялық және т.б. болады. Тағам аллергиясы белгілі бір тағам өнімін жегенде байқалады. Олар, мысалы, кейбір көкөністер, жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар, сирек жағдайда теңіз және балық өнімдері. Аллергия сондай-ақ кейбір дәрі-дәрмектен де (антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, гидразиндер, атофан, пиразолон, т.б.) болады. Тыныс жолдары арқылы ағзаға гүл тозаңы, шаң және химиялық заттардың булары секілді кейбір аллергендер түскенде де ас қорыту жүйесі зақымдалады. Асқазан-ішек жолында өмір сүретін гельминттер, бактериялар ыдырағанда түзілетін ақуыздық антигендер де аллерген болуы мүмкін. Аллергиялық реакцияны науқас адамның психикалық жағдайы, метеорологиялық фактор, әйелдерде етеккір айналымы да күшейтуі мүмкін.

Ас қорыту ағзаларының аллергиялық зақымдалуы жіті және созылмалы, ара қашықтығы әртүрлі ұстама тәрізді болуы, кейде ешқандай белгі бермеуі де мүмкін.

Асқазан-ішек жолының зақымдалуы регионарлық ісіктермен (Квинке тектес ісік), шырышты қабат гиперемиясымен, петехиямен және одан да ірі геморрагиялармен байқалады. Құрсақ қуысы лимфа түйіндері үлкеюі мүмкін. Бауырдың аллергиялық зақымдалуы холестатикалық, сирек паренхиматозды гепатит және бауырдың майлы дистрофиясы түрінде, кейбір ауыр жағдайларда бауыр паренхимасының көптеген ірі некроздарымен көрініс беруі мүмкін. Кейде гранулематозды гепатит анықталады.

 

Тағам аллергиясының белгілері

Тағам аллергиясының белгілері әртүрлі болуы мүмкін: ас қорыту (іштің ауыруы, іш өту, құсу), тыныс алу ағзалары (ринит, конъюктивит, бронхоспазм), тері арқылы (қышу, есекжем, ісік) білінеді. Бұл белгілер аллерген әсер еткен соң бірден немесе кешеуілдеп байқалады.
Өңеш зақымданғанда жұтынудың бұзылысы, кеуде артының ауыруы байқалады. Асқазан-ішек жолы зақымдалғанда іш ауырады, кейде абдоминальды криз болады, асқазан-ішектен қан кетуі мүмкін. Бауыр зақымданғанда ол үлкейеді, сарғаю пайда болады, функционалдық биохимиялық көрсеткіштер өзгереді.

 

Тағам аллергиясыннақтамалау

Аурудың тегі аллергиялық деген күдік туғызатын белгілі факторларға байланысты және басқа аллергиялық белгілердің негізінде жасалады. Қанның біршама эозинофилиясы да аурудың аллергиялық табиғатын растай түседі. Аллергенді жойып, аялаушы емдәм тағайындайды. Десенсибилизациялайтын ем жүргізеді. Ем қонбайтын ауыр жағдайларда күшті дәрі-дәрмек беріледі.

Тағам аллергиясы

Аллергия туғызатын тағам өнімдері

Сүт - бүкіл жер шары халқының бір жарым пайызының сүтке аллергиясы бар. Емшек сүті - кейбір жаңа туған нәрестелерде байқалады. Тауық жұмыртқасы да күшті аллерген. Тауық эмбриондары өскіндерінен жасалатын кейбір вакциналар да аллерген болуы мүмкін. Балық өнімдеріне деген аллергия көбіне бүкіл теңіз өнімдерінің жақпауына соқтырады. Жемістер мен көкөніске келсек, аллергия тудыру жөнінен көбіне алма, алмұрт, шие, шабдалы, сары өрік, грек жаңғағы, жержаңғақ, каштан және миндаль алдыңғы қатарда.

С. Биғазиева, емдәмгер

http://bilim-all.kz/article/3878-Tagam-allergiyasy

Назад Вперед