Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

Журналистің архивінен

 

37 ЖЫЛ БҰРЫНИә, дәл осыдан 37 жыл бұрын, 1979-дың шілде айы. Үш қабатты зәулім ғимарат. Ол кезде мұндай үйлер Аралда тым санаулы-ақ. Солардың ішіндегі еңселісі - перзентхана тұғын. Ол өзі қаланың батыс бөлігіне, елден оқшау орналасқан. Айналасы тас плиталармен қоршалып, ауласына тал егілген. Демек, қай жағынан болса да, көз тартарлық. Ал, адамдары ше?! Мұнда барлығы 150-дей қызметкер бар. Оның 8-і дәрігер-гинеколог, 36-сы акушер, 28-і медбике. Жыл сайын кеміне есептегенде, екі мыңдай әйел босанады. Аз шаруа емес. Әсіресе, демалыс күндері келушілер өте көп. Солардың арасында біз де тұрмыз. Сәкең ағайымыз немерелі болып, соны құттықтағалы келдік. Жас нәрестені орап, ақ халаттылар тысқа шықты. Со бойда жанымдағылар ақ халатты қағылез келіншекті жабылып сүйіп жатты. Өзгелерін құшақтамай айрықша қағылез келіншекке «жабыса» қалғандары несі? Ол кім екен өзі? Дәрігер ме, әлде акушерка ма? Сұрастырсақ, есімі бұрыннан таныс дәрігер-гинеколог, әрі хирург Пак Валентина Евгеньевна осы кісі болып шықты. Әйтсе де ол жайында жазу бұл жолы ойым да тіпті болған жоқ. Ал, кейін қолға қалам алуыма мынандай оқиға себеп болды. Лауазымды Ерекең осы перзентханаға рұхсатсыз кіріп келеді де әлгі дәрігер Пакке жөнсіз тиіседі.

- Әйелімнің ішіндегі баласын ота жасап алуға қарсымын, - деп дүрсе қоя береді,- бұлай етсеңіздер, қайда шағымданатынымды өзім білемін!..

- Сізге мұнда келуге болмайды. Ананы да, баланы да аман алып қалу жағын қарастырудамыз. Бұл жөнінде ойланып шешім қабылдауға мұрша беріңіз,-дейді Валентина Евгеньевна сыпайы ғана.

Бірақ, лауазымды адам оның сөзін құлаққа ілмейді. Сол арада тұрып-ақ әр жерге телефон соғады. Өзінің ота жасауға қарсылығын білдіреді. Осыдан кейін Пактың шыдамы таусылады. Онсыз да әлгі әйелге жасалатын отаның жайын ойлап басы қатып отырған-ды… Отаның аса күрделі екені дәрігерлердің бәріне анық еді. Өйткені, ол әйелдің мұнан бұрынғы баласы да ішінен жарып алынған екен. Сол жырықтың ізі әлі бар. Екінші рет баласын жарып алуға әйелдің денсаулығы жарай ма, жоқ па, осы жағы көп мазалайтынды оны.

- Сіз бөлмені босатыңыз енді, - деп, Пак те лауазымды кісіге қатты келеді,-сырқатты емдеу және оны еңбекке қайта қосу - біздің борышымыз. Осы міндетімізді орындауға қол сұқпаңыз!..

Лауазымды кісі одырайып біраз үнсіз тұрады. Оған бұлайша ешкім де қатты келіп сөз айтпайтын. Мына келіншектің түрінен шошып, жылыстап жүре берді. Бұл оқиғаны мен аудандық денсаулық сақтау бөлімінен есіттім.

Осы әңгімеге қатысқандар Валентина Евгеньевна жағында екендігін білдіріп жатты. Осының арты не болды? Әлгі әйелге ота жасалды ма екен?! Мені қызықтырған жайлар осы еді.

Сол мақсатпен перзентхананың бас дәрігері Болат Әлсейтовке телефон соғуыма тура келді.

- Анау лауазымды ағамыздың әйелі есен-сау босанды ма?

Ол менің не жайында білгім келетінін бірден түсініп:

- Босанды. Жеңгей де аман, бала да аман. Бірақ, іштен жарып алынды. Валентина Евгеньевна көп еңбек сіңірді. Бірнеше тәулік бойы ұйқы көрген жоқ.

Ал, ағамыздың қуанғанын көрсең!.. Өзі келіп Валентинадан кешірім сұрады. Және гүл ұсынып, шын жүректен алғысын жаудырды. О кісіні де кінәлауға болмайды ғой. Әйелі мен баласынан кім айрылғысы келеді дейсіз. Оның бұл қиналысын Валентина да кейін түсінді.

Пак Валентина Евгеньевна 1960 жылы Семей қаласындағы дәрігерлер дайындайтын институты бітіріпті. Сол институт қабырғасында жүріп-ақ акушерлік қызметке кіріседі. Ал, Арал қаласына 1963 жылы көшіп келеді. 1965 жылға дейін аудан көлеміндегі акушер-гинеколог Пактың жалғыз өзі болады. О жылдары аудан орталығындағы фельдшерлік пункттің өзі мамандармен толық жасақталмаған еді. Сондықтан шалғайдағы мал жайылымдары мен балықшылар ауылына Валентинаның жиі шығып тұруы өте қажет болды. Осылай жүріп елмен, оның ақ көңілді адамдарымен етене араласып, ағайын болып танысып кетті. Бұрын ғыдай емес, оны тұс-тұстан іздеп келушілер көбейді.

Валентина Евгеньевна он алты жылғы қызметінің ішінде 1672 рет, яғни, 1979-жылға дейін осынша гинекологиялық ота жасапты, оның 571-і тым күрделі еді. Әр ота - әрбір әйел ананың өмірі үшін күрес… Өмір бойы жас нәресте көрмеген әйелдер де Валентинаны көп мазалайтын.

Айтарлық, Нина Викторовнаның тұрмысқа шыққанына 15 жылдың жүзі болған. Ол өзі тағдырынан тым түңілулі екен. Нәресте көрмедім, деп жылағанда жанында адам тұра алмайтын. Сол құрбысынан ақыл-кеңесін аямайды және 12 жыл тынбай ізденіп, оны тұрақты емдеумен болады. Сол көп жылғы күрестің арқасында Викторовтардың үйінен жас сәбидің іңгалаған дауысы естіледі. Ұлды болады. Осыдан кейін, бұл отбасының Пакке деген ықыласын, ыстық сүйіспеншілігін айтып жеткізуге сөз табудың өзі қиын-ақ.

Е-е, Пак Валентина көпке таныс, әрі өте сыйлы адам. Ол әрбір жанұяға қуаныш әкелуші. Осы жылдар ішінде тәжірибесі молайып, бұрынғыдан да мамандана түседі. 1968 жылы оған бірінші категориялы маман дәрігер, акушер-гинеколог, ал 1976 жылы «Денсаулық сақтаудың үздігі» атағы беріледі. Гинекология бөлімінен емделіп шыққан Гунко, Сүлейменова, Бердалиева және басқаларымен пікірлесе қалсаңыз, Валентина Пак туралы тек қана жылы лебізін айтады.

- Несін сұрайсыз, өлім аузынан алып қалды ғой,-деп аса ризашылығын білдіреді. Сүлейменованы әкелгенде тамыры мүлде соқпайды екен. Оның жанынан Валентина бір минутке болса да ұзап кетпеді. Іштен қан кеткен. Соны тоқтатудың барлық айласын жасап бақты. Ал, Бердалиеваны емдегенде үш тәулік бойы үйіне барған жоқ. Үш жастағы ұлын көршілеріне тапсырып, өзі әл үстіндегі ана өмірі үшін талай таңды ұйқысыз өткізді. Баласын іштен жарып алды. Бердалиеваның қазір денсаулығы өте жақсы, бес баланың анасы. Мұндай мысалдарды акушер-гинеколог, әрі хирург Пак жолдастың еңбек жолынан көптеп келтіруге болады. Уақытына жетпей босанатын әйелдерге де қызметі аз болмаған.

М.Құлымбетова жас ана. Жеті айға жетпей сәбиінен айырылып қалады екен. Бір емес, бірнеше рет осылай болады. Оны Валентина жеке бақылауға алады. Тұрақты ем жасайды. Баланы айы толғасын барып өмірге келтіру үшін бірнеше жылғы тәжірибесін қолданады. Ақыры ғылым жетістігімен ұштасқан тәжірибе жеңіп шығады. Жас ана уақытына жетіп босанады. Осындай жағдай Л.Қосжановадан да кездеседі. Ол баласынан әлгі жас анадан да ерте айырылып қалады. Және екі рет қатарынан солай болады. Ол да Валентина Евгеньеваның араласуымен бұл күндері бірнеше ұл мен қыздың анасы атанып отыр. Ота кезінде оған өздерінде істейтін гинеколог-дәрігерлер Ташканова, Мыңғышпановалар, сондай-ақ, аудандық аурухананың Кеншімбаев, Пак, Романова сияқты хирургтері де қолғабысын тигізеді.

Ал, медбикелер Г.Грибонкина, Г.Огишева, А.Құлтасовалар ұдайы оның жанында жүреді. Енді сол Пактің өзімен сөйлесуді жөн көрдік. Оны сол өзінің меңгеруіндегі гинекология бөлімінен таптым. Пак әңгімеге, әсіресе, өзі туралы айтуға тым сараң екен. Және бұл күні онымен әңгімелесуімізге бас дәрігер Б.Әлсейітов те ыңғай бере қоймады. Неге олай?!

Біздің көмейімізде осындай сауал тұрды. Әлсейітов бізді оңаша шығарып алып былай деді:

- Валентинаны бүгін мазалауға болмайды. Өйткені, күні ертең оның аса қиын ота жасауы керек. Сол мәселе төңірегінде ойланып-толғанып жүр. Облыстық ауруханадан гинеколог шақырып едік, олар операцияға келіспеді. Және бара алмаймыз деп кесіп айтты. Сонымен таңдауды Пактың өзіне қалдырдық. Ол болса операция жасамақ. Отасыз ол әйелді өмірге оралту мүмкін емес те сияқты. Ұмытпасам, фамилиясы Рзалиева. Иә, Рзалиева. Қырыққа әлі жетпеген. Қайталап айтайын, бұл әйел жынысына жасалатын оталардың ішіндегі ең салмақтысы болмақ. Мұның өзі ерлікпен тең. Ондай ерлік жасау-аса тәжірибелі, өзіне кәміл сенімді гинеколог-хирургтердің ғана қолынан келмек. Міне осындай хирург біздің Валентина Евгеньевна болып отыр. Ауыр сырқатты ананы да, оған пышақ жұмсауға батыл кіріскелі отырған дәрігерді де аяп кеттік. Қайсысы жеңеді?! Сырқат па, әлде дәрігер ме?! Бұл жағы әзірге белгісіз еді. Бұл сауалдың жауабы кейін болмақ. Оның жайын хабарлауды бас дәрігер өз мойнына алды. Сонымен, перзентханадан қоңырау соғылуын бір жетідей күттім. Таңертеңгілік бас дәрігердің көңілді дауысы естілді.

- Біз жеңдік! - деді ол.

- Не нәрсені?!-дедім алғашқыда не айтқалы тұрғанын түсінбей. Ота сәтті шықты. Рзалиева бір аптадан кейін мүлде айығып кетеді. Гинеколог-хирург Пак Валентина Евгеньевна туралы нендей мақтау сөз айтсаңыздар да жарасымды.

Әңгіменің түйіні түсінікті болды. Валентина Пак жайында жақсы лебіз айтуға осыдан кейін қолға қалам алдық.

 

Шәкірат ДӘРМАҒАМБЕТҰЛЫ,

Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мәдениет қайраткері.

 

Суретте: В.Е.Пак 1979 жылы түсірілген.

 

«Толқын» газеті. 20 тамыз 2016 жыл.

СЫР МЕДИЦИНАСЫНЫҢ СЫНДАРЛЫ КЕЗЕҢІЕл тәуелсіздігін алған сәттен күні бүгінге дейін ең көп реформаға ұшырап келе жатқан саланың бірі бұл – денсаулық сақтау саласы екені белгілі. Мұның барлығы әрине, қазақстандықтар саулығын сақтау мақсатында қолға алынып жатқан ауқымды шаралар. Себебі, дені сау адам ғана мемлекеттің баға жетпес байлығы бола алмақ. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсу, Реформалар, Даму» атты Жолдауында: «Біздің халқымыз ешқашан бүгінгідей бақуатты тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағын салдық. Олардың барлығын ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықтадық. Аса күрделі операцияларды өз елімізде, өз дәрігерлеріміз жасайтын жағдайға жеттік. Жалпы халықтың тұрмысының, денсаулығының түзелуі, санының өсуінің нәтижесінде қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жуықтады», – деп нақты айтқан болатын. Осы уақыт аралығында Сыр медицинасы да көптеген қиындықтардан өтті. Қаншама белестерді бағындырды. Осы орайда газет тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназаровамен сұхбаттасқан еді.

 

– Ақмарал Шәріпбайқызы, егемен ел атанып, бөлек шаңырақ көтерген алғашқы жылдар қоғамның қай саласына да оңай болмағаны белгілі. Әсіресе, мемлекетіміздің құнды байлығы болып табылатын адамның саулығын сақтау ісінде кездескен қиындықтар аз болмаған шығар? Яғни, тәуелсіздік жылдарындағы Сыр медицинасының дамуы жайлы айтып берсеңіз...

– Иә, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Сыр медицинасы да бірден аяққа тұрып кеткен жоқ. Кеңес дәуіріндегі жүйе жаңартылып, денсаулық сақтау саласы көптеген қиындықтарға ұшырады. Дегенмен, 1992 жылы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назар­баевтың қаты­суымен об­лыс­тық диаг­нос­ти­­калық кеңес беру орталығының іске қосылуы мен Қазалы аудандық емханасының жаңа ғимаратқа кө­ші­рілуі Сыр медицинасын бір сер­пілтіп тас­та­ды. Сол жылдары облыстық ден­саулық сақтау саласын Ернияз Омаров басқарды. Облыс бойынша 7500 төсек-орын болып, барлық жерде ауылдық ауруханалар жұмыс істеді. Өңірде екі мыңға жуық дәрігер, жеті мыңдай орта буын қызметкер сырбойылықтар саулығын қорғауға еңбек етті.

1994-1996 жылдары облыстың денсаулық сақтау саласына Тұрғанбай Маханов ағамыз жетекшілік етті. Бұл еліміз үшін қиын кезеңдердің бірі еді. 1994 жылы саланы қаржыландыру 860 млн теңгеге, 1996 жылы 900 млн-ға жетті. Жалақысы төмен болған соң медицина қызметкерлері басқа салаға ауысып кетіп жатты. Медициналық құрал-жабдықтар алуға қаржы бөлінген жоқ.

1997-1999 жылдары облыстық денсаулық сақтау саласына Бақыт Исмағанбетов басшылық жасады. Сол кездегі ел саясаты бойынша барлық қалалық мекемелер жекешелендірілуге көшіп, аурухана төсек орындары қысқартуға ұшырады. Барлық жерде аудандық денсаулық сақтау саласы қысқарды. 1998 жылы республика бойынша «ДОТС» бағдарламасы енгізілді.

– Денсаулық сақтау саласы қай жылдан бастап қарқынды түрде дами бастады?

– 2000 жылдан бастап саланы жүйелі қаржыландырудың тиісті қа­дам­дары жасала бастады. Бұл уақыт ара­лығында, яғни, 1999-2003 жылдары саланы Дамир Дәулетбаев бас­қарған болатын. Облыстағы емдеу-алдын алу мекемелерінің функциялары айқындалып, дәрігерлердің білімін жетілдіру, айлық жалақыларының төлену тәртібі түзілді. Облыс әкімдігімен бірлесе арнайы бағдарлама жасалды. Осы бағдарлама негізінде қай жерде медбекеттер, ауылдық ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар, яғни, жаңадан салынатын құрылыстар айқын­далып, медициналық құрал-жабдықтар, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлер бөлінісі төңірегінде жүйелілік орнатылды. 2000 жылы аудандық денсаулық сақтау саласы қайта қалпына келтіріліп, қысқартуға кеткен ауруханалар қайта ашыла бастады. 2001 жылы облыстық балалар ауруханасы пайдалануға берілді.

Жалпы, жоғарыда айтып өткенім­дей, 2000 жылдан бастап Сыр медицинасы дамудың даңғыл жолына түсті. 2003-2005 жылдары салаға өзім басшылық жасаған кезеңде де бірқатар тың істер атқарылды. Онан кейінгі жылдары Марат Абдуллаев, Мұрат Көшімбаев, Болатбек Баймаханов басқарды. Сыр медицинасының дамуында бұл кісілердің әрқайсысының қосқан үлесі таудай деп айта аламыз. Кезең-кезеңімен бірінен соң бірі жаңа денсаулық сақтау нысандары бой көтерді. 2005 жылы саланы қаржыландыру 5 млрд теңгені құраса, 2010 жылы 13 млрд теңгеге жетті. 2009 жылы облыста Кардиохирургиялық орталық ашылып, ашық жүрекке ота жасала бастады.

– Осы тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында біздің дәрігерлер қандай жетістікке қол жеткізді, мақтанарлық көрсеткіштеріміз қаншалықты?

– Иә, биыл ел болып Тәуел­сіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын тойлаймыз деп отырмыз. 25 жыл деген онша көп уақыт та емес, алайда біздің мамандарымыздың жеткен жетістіктері қуантарлық көрсеткіш деп айта аламыз. Мәселен, 2000 жылдан бері қарай сараптасақ, жалпы туу көрсеткіші 6,7 пайызға артты, ана өлімі көрсеткіші 42,4 пайызға төмендеді, сәби өлім-жітімі 10,8 пайызға азайды, ал, өмір сүру ұзақтығы 64,4 жастан 71,9 жасқа жетті. 2005-2010 жылдар аралығында аймақтық терапевтер мен педиатрларды жалпы дәрігерлермен алмастыру 15,9-дан 60 пайызға өсті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу-алдын алу ұйымдарын санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы 47 санитарлық автокөлік алынса, 2009 жылы – 42, 2010 жылы 20 санитарлық автокөлік алынды.

– Осы жылдар аралығында ден­саулық сақтау саласын дамытуға арнал­ған бірнеше мемлекеттік бағдар­ламалар қабылданып, жүзеге асырылды. Сол бағдарламалардың Сыр өңірі медицинасының дамуына ықпалы қандай болды?

– Әрине, елімізде ең көп рефор­маға ұшыраған саланың бірі ол –денсаулық сақтау саласы екені белгілі. Көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Солардың біріне ғана тоқтала кетейін. Мәселен, 2011-2015 жылдар аралығындағы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында саланы қаржыландыру 14 млрд теңгеге дейін көтерілді. Бұл жылдар аралығында аймақта заманауи үлгідегі «Ана мен бала орталығы», №3 қалалық емхана, Шиелі, Тереңөзек, Қармақшы, Жалағаш аудандық емханалары, ауылдарда 38 жаңа денсаулық сақтау ғимараты салынды. Саланың санитарлық автокөліктерге деген сұранысы толық жабылып, 5 жыл ішінде 375 мамандандырылған санитарлық автокөлік жаңадан алынды. Соның ішінде, шалғай елді мекен тұрғындарының денсаулығын тексеру мақсатындағы жылжымалы медициналық кешеннің қызметі орасан болды. 2012 жылы Нейроинсульттік орталық ашылып, инсульт алған науқастарға ота жасау мен қалпына келтіру қолға алынды. 2014 жылы облыс дәрігерлері елімізде 4-ші болып бүйрек ауыстыру отасын жасады. Облыстың медицинасы алыс-жақын 28 мемлекетпен қарым-қатынас орнатты.

Облыстың денсаулық сақтау саласын көтеруде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев үлкен қолдау танытып келеді. Мәселен, 2013 жылы облыс әкімінің қолдауымен «2013-2014 жылдарға арналған Жол картасы» қабылданып, оны іске асыруға 4,4 млрд теңге қаралды. Жол картасы аясында ана мен бала денсаулығын нығайтуға, заманауи қондырғылар алуға, жедел жәрдем қызметін жетілдірілген автоматты жүйеге көшуге мүмкіндік алды. Облыстағы туберкулезге қарсы емдеу ұйымдарының материалдық-техникалық базасы жаңартылды.

Жалпы, салада істелген істер аз болған жоқ, дегенмен Тәуелсіздігіміздің 25-ші жылында бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағ­дарламасы бізден мұнан да көп шаруаны күтеді. Биылдың өзінде «Ана мен бала орталығында» босанудан кейінгі сауықтыруға арналған 30 төсектік бөлімше ашылды, облыстық онкология орталығында 15 төсектік, аудандарда 35 төсектік паллативті көмек бөлімдері және барлық ауданда 5 төсектік неврологиялық науқасы бар балаларға арналған бөлімшелер ашылды. Жүктілік және балаларға арналған көмекті ұйымдастыру мақсатында жол картасын орындау шеңберінде ана өлімін болдырмау және сәбилер өлімін төмендету мақсатында, бірінші кезекте ұйымдастыру шаралары қолға алынды. Ол үшін ха­­лықтың орналасу аймағы, елді мекендер алшақтығы, маман­дармен және медициналық көмек көр­сету кезеңіндегі қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еті­луіне сараптама жасалды. Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарында перзентхана бөлімдері екін­ші деңгейге ауыстырылды. Ағым­дағы жылдың мамыр айынан бастап облыстық перинаталдық орталықтың негізінде 5 төсектік балалар гинекология­сы бөлімшесі ашылды.

Ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында 77 маманның жетіспеушілігі бар, олардың орнын мамандарды қайта даярлаудан өткізу арқылы жыл аяғына дейін жабу жоспарлануда. Үстіміздегі жылдың сәуірінен бастап неонатолог дәрігерлерді қайта даярлау циклі жүріп жатыр. Облыста алғаш рет туа пайда болған ақаулардың инвазивті пренаталды диагностикасы әдісі енгізілді. Облыс бойынша 18 дені сау бала кабинеті қызмет көрсетуде. Олар жас аналарға бала күтімі, дұрыс тамақтандыру жөнінде толық ақпарат береді. Жүкті әйелдерді ерте 12 аптаға дейін анықтау мен есепке алу жұмыстары күшейтілді. Сонымен бірге, ұрпақ өрбіту жасындағы жүкті болуға абсолютті қарсы көрсеткіші бар әйелдердің анықталуы 1900-ден 3407-ге жеткізілді. Оған қоса, барлық жүкті әйелдерге алғаш келгенде және жүктіліктің 30 аптасында міндетті түрде ЭКГ түсіру енгізілді. Жалпы, 2016 жылдың алты айында облыс бойынша 8963 сәби дүниеге келіп, табиғи өсім көрсеткіші 10,4-ті құрап, облыс тұрғындары 7658-ге артты.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбатты жүргізген:

Айнұр БАТТАЛОВА.

http://syrboyi.kz/negizginews/8178-syr-medicinasyny-syndarly-keze.html

Кандидоздардың лабораториялық диагностикасыКандидоз деп - Candida туыстастығының ашытқы тәрізді зеңдерімен қоздырылған терінің, шырышты қабаттардың және ішкі ағзалардың қабынуын айтады. Негізі Candida туыстастығы 196 түрден тұрады, адам патологиясында маңызды рөл атқаратын оның 7 түрі бар. Candida туыстастығы шартты-патогенді микробтар қатарына жатады.

Адамға патогенді түрі Candida albicans болып келеді. Ол сүт қышымасынан жүйелі кандидиозға дейін ауруларды қоздырады.

C. albicans барлық зеңдік қабынулардың 80 процентін құрайды.

Кандидоздың пайда болу себептеріне: созылмалы ауруларға байланысты ұзақ уақыт антибиотиктер қабылдау, демікпе, сусамыр, лейкоз, обырлар, авитаминоздар жатады. Кандида зеңдері ағзаның барлық органдары мен жүйелерін зақымдайды.

Жиі кездесетін кандидоздарға: стоматиттер, фарингиттeр, бронхиттер, бронхопневмониялар, пиелиттер, вульвовагиниттер, холециститтер, менингиттер және т.б жатады.

Ауыз қуысы ас-қорыту жолының (трактының) кіре берісі болып есептеліп, сыртқы орта микроорганизмдері енетін жер болғандықтан, ауыз қуысы шырышты қабатының кандидозын ерте анықтап, диагностикалап, емдеп, жұқпаның (инфекцияның) төмен қарай таралуына жол бермеудің маңызы зор.

Кандидоздың клиникалық көріністері мен ауру ұзақтығы әр түрлі болады: беткейліктен терең таралған висцералдық зақымдануларға дейін, қысқа жедел өтетін түрінен созылмалы ұзақ ағымға дейін, жеңіл түрінен ауыр процесстерге дейін.

Кандидоздардың клиникалық көріністерінің сан алуандығы, жасырын формаларының болуы мен кандида тасымалдаушылық кандидоздың зертханалық нақтылануын (лабораториялық диагностикасын) қиындатады.

Лабораториялық зерттеуге науқастан зақымданған жерге байланысты: несеп, нәжіс, қақырық, ауыз қуысы шырышы, бронхтардың шайынды сулары, жұлын сұйықтығы, қан, ірің, түрлі пунктаттар, отадан кейінгі материал және т.б алынады.

Алынған биоматериалдың зерттеуі 3 сатыдан (этаптан) құралады:

1. Микроскопиялық зерттеу.

2. Зеңді қоректік орталарда дақылдандыру.

3. Зеңнің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.

Зеңдердің этиологиялық рөлін растау үшін олардың биоматериалдарының ең аз көлеміндегі саны жеткілікті болуы қажет. Мысалы: қақырықта – 500-ден астам жасуша, нәжісте – 300-ден астам, несепте – 1000-нан астам.

 

Салтанат ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ,

облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы,

бактериологиялық зертхана дәрігері

Сурет boleznimatki.ru сайтынан алынды

Несепті бактериологиялық зерттеу тәсілдеріНесеп - микроорганизмдерде жиі зерттелетін биологиялық материал. Несеп жолы инфекцияларының көпшілігі қуық пен уретрада кездеседі. Инфекция бұл органдардан уретра арқылы жоғары көтеріліп, бүйректі қабындыруы мүмкін (пиелонефрит).

Несеп жолдарының инфекцияларына ерлерден гөрі әйелдер бейім. Несеп жолдарының инфекциясы әйелдерде де, ерлерде де симптомсыз жедел немесе созылмалы түрде өтеді.

Әйелдердің симптомсыз пиелонефриті ұзақ уақытқа дейін анықталмай, несептің көп мөлшерін зерттегенде ғана қоздырғышты бөлуге болады.

Ерлерде несеп жолдары инфекциялары созылмалы простатиттерге әкеп соғуы мүмкін.

Несепті бактериологиялық зерттеуге барлық зарарсыздық шараларын сақтап алу қажет. Ол үшін зарарсыздандырған қақпағы тығыз жабылатын шыны немесе пластик ыдыс қажет. Несепті табиғи жолмен немесе науқастың жағдайына байланысты, қуық үстінен пункциялау, цитоскопиялау, катетеризациялау арқылы алады.

Табиғи әдіспен олардан бұрын науқас жыныс мүшесін жууы қажет. Несептің алғашқы бөлігі ағызып жіберіліп, зерттеуге ортаншы порциясы 5-10 мл көлемінде алынады.

Несептің өзі бактериялар дамуына қолайлы қоректік орта болғанымен сынама зерттеуге алынғаннан соң, лабораторияға 2 сағат көлемінде жеткізілуі қажет. Егер ондай мүмкіндік болмағанда тоңазытқышта 4 градус С жағдайында 18 сағатқа дейін сақтауға болады.

Зертханада бактериологиялық зерттеуді Грам әдісімен бояп, микроскопиялаудан бастау қажет. Өйткені, несеп шартты-асептикалық материалға саналатын болғандықтан, оның 1 мл көлеміндегі бактериялар санын анықтау керек. Егер микроскоптың бір көру алаңында бір немесе бірнеше жасуша табылса, ол 1,0 мл зерттеу материалында 10 немесе одан көп микроорганизмдердің болуын білдіреді.

Бір көру алаңда бір немесе бірнеше лейкоциттардың болуы несеп тракты инфекциясының көрсеткіші болып саналады.

Кейде әйелдер несебінің жағындысында көп мөлшерде эпителий анықталып, ол несептің қынап микрофлорасымен араласқанын (контаминацияланғанын) көрсетеді. Бұл кезде несеп зерттеуін қайта тағайындау қажет.

Несепте жиі анықталатын патогендерге стафилококктар, энтерококктар, псевдомонадалар, ішек таяқшалары жатады. Егер микроскопиялау кезінде микроорганизмдер мен лейкоциттер анықталмаса: онда несеп жұқпаланбаған (инфицирленбеген).

 

Салтанат ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ,

облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы,

бактериологиялық зертхана дәрігері

Cурет pro-analizy.ru сайтынан алынды

Жұлын сұйықтығын бактериологиялық зерттеуҚалыпты жағдайда жұлын сұйықтығы стерильді және мөлдір, 1 мл көлемінде бірнеше лейкоциттер болып, эритроциттер болмайды. Менингитті және церебралды қабынуларда (менингиттер мен энцефалиттер) жұлын сұйықтығының химиялық және цитологиялық құрамы өзгереді. Жұлын сұйықтығында жиі анықталатын патогендерге -менингококк, пневмококк, инфлюэнция таяқшасы, туберкулез микобактериялары жатады. Бактериологиялық зерттеуге науқастың жұлын сұйықтығы мен менингококкты менингитте көмейдің мұрын бөлігінен шырыш алынады. Жұлын сұйықтығын дәрігер стерильді жағдайда люмбалды (жұлындық) немесе омыртқа аралық пункция арқылы 5-10 мл көлемінде алады. Пункция алар алдында тері бетін залалсыздаған дұрыс. Алынған жұлын сұйықтығының бір бөлігін химиялық және цитологиялық зерттеуге, екіншісін – микробиологиялық анализге пайдаланады.

Микробиологиялық анализға алынған жұлын сұйықтығын стерильді жылы центрифугалық пробиркаларға құю қажет. Алынған үлгілерді жылдам зертханаға жеткізу керек. Кешіктірген жағдайда микроорганизмдердің саны азаяды.

Зертханада материалды центрифугада айналдырып, түбіндегі тұнбасын зерттейді. Тұнбадан 2 түрлі микроскопия жасалады. Бірі - тікелей микроскопия, екіншісі - Грам әдісімен боялған жағынды микроскопиясы.

Тікелей микроскопияда жұлын сұйықтығы тамшысында лейкоциттерді, эритроциттерді, бактериялар мен зеңдерді анықтайды. Жағынды препаратта грам оң немесе теріс боялған бактериялардың анықталуы мүмкін.

Соған байланысты материал егілетін қоректік орта таңдалады. Егер, грам теріс таяқшалары анықталса материалды қанды агарға, Мак-Конки агарына, триптиказо-соя сорпасына егеді, грам теріс кокктар анықталса қанды агар мен триптиказо-соя сорпасына егеді.

Ал жағындыда микроорганизмдер анықталмаған жағдайда материал барлық аталған орталарға егіледі.

Жұлын сұйықтығының бактериологиялық, химиялық, цитологиялық зертеулерінің нәтижесінде лейкоциттердің түрін, глюкозаның концентрациясын, ақуыздың көлемін ескере отырып менингит түрін (бактериалды, туберкулезды, зеңдік, вирустық) анықтауға болады.

Зерттеу нәтижесінде қоздырғышты ажыратқан соң: антибиотиктерге сезімталдық тесті қойылып қорытынды нәтиже беріледі.

 

Салтанат ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ,

облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы,

бактериологиялық зертхана дәрігері

Сурет mamapedia.com.ua сайтынан алынды

Жоғары тыныс алу жолдарының жұқпаларын (инфекцияларын) микробиологиялық зерттеуЖоғары тыныс алу жолдары – бұл қуыс ағзалар (органдар) жұтқыншақтан мұрынға дейінгі. Оларға: көмейдің ауыз бөлігі мен мұрын бөліктері, синустар, ортаңғы құлақ жатады. Жоғарғы тыныс алу жолдарында болатын инфекциялар фарингит, назофарингит, отит, эпиглоссит, синуситтер болып келеді.

Жұтқыншақтың қалыпты микрофлорасы альфа-гемолитикалық стрептококктар, пневмококктар, стафилококктар, дифтероидтар, ашытқы зеңдер түрінде білінеді.

Көмейдің ауыз және мұрын бөліктерінде қалыпты жағдайда стрептококктар, бактериоидтар, стафилококктар кездеседі.

Жоғары тыныс алу жолдарының патогендеріне - іріңді стрептококк, дифтерия коринебактериясы, пневмококк, гемофиль таяқшасы, көгілдір ірің таяқшалары жатқызылады.

Иммунды тапшылықтан зардап шегетін немесе ұзақ уақыт антибиотик емін қабыдаған егде жастағы адамдардың жоғарғы тыныс жолдарында энтеробактериялар мен ферменттемейтін грам теріс бактериялар жиі ұшырады.

Зертханалық (лабораториялық) зерттеуге стерильді мақта тампонмен қабынған жерлерден шырыш алынады. Материал алу кезінде тампонды тістерге, тілге, ұрттың шырышты қабатына тигізуге болмайды. Алынған материалға жолдама толтырып, тез арада зертханаға жеткізу қажет.

Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда 4 сағатқа дейін тоңазытқышта сақтауға болады.

Зерттеудің микроскопиядан басталуы қажет. Ол үшін алынған материалдан заттық шыныға жағынды жасалып, Грам әдісімен боялады. Микроскопиялау арқылы микроорганизмдердің түріне болжам жасалып, келесі зерттеу және ажырату сатылары бағытталады.

Мысалы: жағындыда грам оң ланцет тәрізді қос кокк анықталса, материалды қанды агар ортасына, ал грам оң сопақша пішінді зеңдер табылса Сабуро ортасына егу керек. Қоздырғыштың түрі ажыратылғаннан соң, оның антибиотиктерге сезімталдығы анықталып, ақырғы нәтиже берілуі тиіс.

 

Салтанат ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ,

облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы,

бактериологиялық зертхана дәрігері

 

 

Сурет pvdc.ru сайтынан алынды

ДЕНСАУЛЫҚ: Балаларға планшет пен смартфондар неге зиян?АСТАНА. ҚазАқпарат - Кішкентай балалар планшет пен смартфондарды тез меңгеретініне қазір таңғалмайтын болдық. Жаңа технология жетістіктерімен шектен тыс әуестену балаға қандай қауіп әкелуі мүмкін екенін баяндайтын, ғылыми зерттеулерге негізделген осы мақаланы уақыт тауып, оқып шығуға кеңес береміз, деп жазады bilim-all.kz.

1. Мидың тез жетілуі. Баланың миы туғанынан және 2 жасқа дейін үш есе тез жетіледі және 21 жасына дейін жетілуін тоқтатпайды. Заманауи гаджеттердің (ұялы телефондар, интернет, теледидар) жетіліп келе жатқан миды одан сайын тездетеді - бірақ мұның теріс жағы да бар. Зерттеулер көрсеткендей, гаджеттерді пайдалану назар жетіспеу синдромына, дамудың когнитивті бөгелісіне, білім алуының қиындауына және есіріктікке әкелуі мүмкін.

2. Дамудың тежелуі. Қимыл-қозғалыс - денсаулықтың кепілі, сонымен қатар бұл зейін мен зеректікті дамытады. Бірақ заманауи ойыншықтарға әуес бала аз қимылдайды - нәтижесінде, дамуы тежеледі.

3. Артық салмақ. Ғалымдар балаларда артық салмақтың пайда болуын ұзақ уақыт бойы смартфонда ойын ойнауымен және теледидар қарауымен байланыстырады. Түрлі гаджеттерді өз бөлмесінде еркін пайдалана алатын балалардың 30%-ы көбіне толықтықтан зардап шеккен. Өз кезегінде, 30% толық балалардың диабетке ұшырау қаупі жоғары, сонымен қатар толық адамдар ерте инсульт алуға және жүрек тоқтап қалуға бейім келеді.

4. Ұйқының жетіспеуі. Ата-аналардың 60%-ы балаларының гаджетпен қанша уақыт отырғанына назар аудармайды. Әрине балалар ойынның қызығына кіріп, кеш жатады, ұйқылары қанбайды, күн тәртібі бұзылады, ал кейде ұйқысыздыққа ұрынады - мұның бәрі олардың денсаулығына кері әсер етеді.

5. Психикалық аурулар. Көптеген зерттеулер тағы мынадай пікір айтады: заманауи ойыншықтар мен құрылғыларды шамадан тыс көп пайдалану балаларда күйзеліс, үрей, назар жетіспеушілік синдромы, аутизм, қос полярлық ауытқушылық, психоз бен баланың іс-әрекетіндегі басқа да ауытқушылықтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

6. Агрессия. Психикасы әлі қалыптаспаған кішкентай балалар теледидар мен ойындарда көрсетілетін көріністерге аса бейім. Онда кейде өлтіру, сабау, қиынау мен зорлау сияқты зұлымдық іс-әрекеттерді көрсетеді. Мұның бәрі балада агрессияның пайда болуына әкеледі.

7. Ақпараттық қайта жүктеу. Шамадан тыс көп ақпарат (мысалы, БАҚ) та назар жетіспеушілік синдромының пайда болуына себеп болуы мүмкін, сонымен қатар бұл зейін қоюды сейілтіп, жақсы оқуға кедергі болады.

8. Гаджеттерге байлану. Ата-аналар балаларымен ойнап, сөйлесудің орнына көп уақытын ноутбукқа және смартфонға қараумен өткізеді. Егер бала ата-анасына байланбаса, онда кейбірі заманауи ойыншықтардан жұбаныш іздеп, соларға байланып қалады.

9. Радиациялық сәулелену. Балалар үлкендерге қарағанда әлдеқайда сезімтал, сонымен қатар олардың миы мен имундық жүйесі әрдайым даму үстінде. Сол себепті ұялы телефондардан бөлінетін радиациялық сәулеленуге назар аудармауға болмайды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы оларды және басқа да сымсыз құрылғыларды 2В санатына - ықтимал канцерогенге жатқызды.

http://inform.kz/kaz/article/2937556

Қызылордада дәрігерлердің кінәсінен босанған әйел көз жұмдыПрокуратураның ұсынымы бойынша жас ананың өліміне кінәлі Сырдария аудандық ауруханасының қызметкерлері – дәрігер-хирург Зетов пен акушер-гинеколог Жаңабергенова жұмыстан қуылды.

Қызылорда облыстық медицина орталығында 26 жастағы келіншек көз жұмды. Жас ана босанғаннан кейін екі ай бойы ауыр халде жатқан, деп хабарлайды BNews.kz.

 

«Тәшімова Сырдария аудандық ауруханасына 17 маусымда түскен. Сол күні әйелдерді акушер-гинеколог Жаңабергенова мен акушер Қантаева босандырған. Дәрігерлердің салғырттығынан көп ұзамай Тәшімованың денсаулығы нашарлап кеткен. Содан бері ол Қызылорда медицина орталығында ауыр халде жатты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ботакөз Сейіл.

Облыстық прокуратураның ақпаратынша, босанғаннан кейін әйелге 6 ота жасалған. Прокуратураның ұсынымы бойынша жас ананың өліміне кінәлі Сырдария аудандық ауруханасының қызметкерлері – дәрігер-хирург Зетов пен акушер-гинеколог Жаңабергенова жұмыстан қуылды. Ал аудандық аурухананың бас дәрігері Садықоваға қатаң сөгіс жарияланды. Алайда ақхалаттылар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

«Аталған факті Сырдария ауданы ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу облыстық прокуратураның арнайы прокурорларына тапсырылды», - деді Қызылорда облысының прокуроры Халидолла Дәуешов.

Фото: life.ru

http://www.zakon.kz/4810419-1178yzylordada-d1241rgerlerd1187.html

0

Байқоңыр қаласында медициналық орталық ашылды (ФОТО)ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Байқоңыр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы ашылды. Аталмыш орталықта жұлдызды қалашықта тұратын Қазақстан азаматтары мен Қармақшы, Қазалы және Арал аудандарының тұрғындары медициналық көмек ала алады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім негізінде Байқоңыр қаласында 80 төсектік перзентхана, Қазақстан Республикасының қаражаты есебінен ауысымына 100 келушіге арналған әйелдерге кеңес беру орталығын салу туралы шешім қабылданған болатын.

Орталық ғимаратының құрылысына 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Құрылыс жұмыстары 2010 жылдың аяғында аяқталып, әртүрлі себептермен нысанның ашылуы кейінге қалдырылып келді. Тек 2015 жылдың қарашасында Қызылорда облысы әкімдігінің бастамасымен Мәскеуде өткен үкіметаралық комиссия отырысында аталмыш ғимаратты Қазақстан тарапына беру туралы шешім қабылданып, аурухананы жабдықтау үшін қосымша қаражат бөлінді.

Облыстық медициналық орталық филиалының ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Жер үсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану» орталығы бас директорының міндетін атқарушы Ранохон Джураева қатысып, Байқоңыр қаласы тұрғындарының қуанышына ортақтасты.

«Облыстық медициналық орталық филиалының ашылуы - Байқоңыр қаласында тұратын қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш. Тәуелсіздіктің 25 жылында облыста 3 медициналық орталық пайдалануға берілді. Олар: облыстық медициналық, диагностикалық және перинаталдық орталықтар. Сонымен қатар, 5 аудандық емхана, бір аурухана, 4 туберкулезге қарсы диспансер, Қызылорда қаласынан заманауи емхана және өңірдің барлық елдімекендерінен жалпы саны 100-ге жуық емдеу мекемесі ел игілігіне пайдалануға берілді. Олардың барлығы автокөлікпен, қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, жоғары мамандандырылған кардиологиялық және нейроинсульттік орталықтар ашылды. Нәтижесінде республиканың басқа қалаларына барып емделетін қызылордалықтар саны 3 есеге азайды», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Байқоңыр қаласында жаңадан ашылған медициналық орталық 240 мың халқы бар Қармақшы, Қазалы мен Арал аудандарының тұрғындары үшін де медициналық көмек көрсететін болады.
Медициналық көмек солтүстік аудандардың тұрғындары облыс орталығына барып ем алатын басты бағыттар бойынша жүргізіледі. Қазірдің өзінде Байқоңырдағы облыстық медициналық орталық филиалында оңалту және терапия бөлімшелері жұмыс істеп тұр. Кезең-кезеңімен офтальмология, лор, хирургиялық, гинекологиялық бөлімше мен перзентхана жұмысын бастайды.

Байқоңыр қаласында медициналық орталық ашылды (ФОТО)
Байқоңыр қаласында медициналық орталық ашылды (ФОТО)
Байқоңыр қаласында медициналық орталық ашылды (ФОТО)
Байқоңыр қаласында медициналық орталық ашылды (ФОТО)
Байқоңыр қаласында медициналық орталық ашылды (ФОТО)

 

Автор:Елубай Әуезов

http://inform.kz/kaz/article/2936393

Запись доклада Акарачковой Е. С."Лечение и реабилитация пациентов с болью в спине в амбулаторных условиях", прозвучавшего 10 августа 2016 года в рамках интернет-конференции «Новые направления в лечении больных неврологического профиля»

 

Лектор:
Акарачкова Елена Сергеевна– д.м.н., ведущий научный сотрудник научно-исследовательского отдела неврологии Научно-исследовательского центра ГБОУ ВПО «Первый Московский государственный медицинский университет имени И.М. Сеченова» Министерства здравоохранения Российской Федерации


Назад Вперед