Ауа райы
Мерекелер
Сіз емшіге қаралдыңыз ба?

Министр халық алдында есеп берді29 маусымда Қазмедиа орталығында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың тұрғындармен кездесуі өтті. Шара барысында ҚР ДСӘДМ басшысы азаматтарға министрліктің медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша атқарып отырған жұмысы туралы мәлімдеді.

Шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ішкі істер, қаржы, әділет, энергетика, қорғаныс, білім және ғылым, ауылшаруашылық, ақпарат және коммуникациялар, мемлекеттік қызмет жөніндегі министрліктерінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Тамара Дүйсенованың халық алдындағы есептік кездесуіне ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінің мүшелері, «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «Атамекен» ҰКП, Ұлттық денсаулық сақтау саласы палатасы, кәсіби бірлестіктер, Медициналық қызметкерлер кәсіподағы, ҮЕҰ, ведомствоға қарасты ұйымдардың өкілдері және ҚР ДСӘДМ ардагерлері келді. Видеоконференция режимінде денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармаларының, ҚР ДСӘДМ комитеттерінің аймақтық департаменттерінің өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері және т.б. қатысты.
Сөз басында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Елбасы айқындаған Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамды» жүзеге асыру шараларының аясында Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың ортақ жауапкершілігі негізінде денсаулық сақтау жүйесінің жаңа үлгісі енгізіледі. Биылғы жылы ҚР ДСӘДМ ҚР Денсаулықсақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттікбағдарламасын жасады. Оны Елбасы ағымдағы жылғы 15 қаңтарда бекітті. Бұл құжат алдыңғы бағдарламалардың логикалық жалғасы әрі денсаулық сақтау саласындағы түбегейлі өзгерістердің әрі қарай толықтырылуы болып табылады.

Жаңа бағдарламаның маңызды бағыты

Жаңа Мемлекеттік бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – аурулардың алдын алу мен оны ескерту болып табылады. Сондықтан ЭЫДҰ елдері тәжірибесінің, Дүниежүзілік Банк және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының ұсынымдары негізінде Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен тамақтануды оңтайландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды біріктіру негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылатын болады. Оның негізгі қызметі - жұқпалы және негізгі жұқпалы емес ауруларды бақылау және эпидемиологиялық қадағалау; профилактикалық шараларды өткізу; халықтың хабардарлығын арттыру және т.б. Балалар арасындағы аурулардың алдын алу мақсатында мектептегі медицина білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне берілетін болады. Тиісті Заң жобасы әзірленді. Жыл басынан бастап пилоттық тәртіпте жүзеге асырылып келе жатқан сауықтыру шараларының күнтізбесі балаларды жыл бойы сауықтыруды қарастырады: балаларды профилактикалық тексеру мамандар бригадасын шығару арқылы білім беру ордаларында жүзеге асырылатын болады; оқу кезеңі мен демалыс уақытында сауықтыру шараларын ұйымдастыру; мектептерде мүсін мен көрудің бұзылуын алдын алу шаралары, қосымша дәрумендеу, физиотерапиялық процедуралар, «функционалдық» тамақтану азық-түліктерін қолдану (қышқыл сүт өнімдері), фитопрепараттар мен оттегі коктейлін қолдану және т.б. сияқты денсаулық сақтау технологияларын енгізу. Қаңтар-наурыз айларының аралығында профилактикалық тексерумен 2,6 млн. оқушы немесе оқушылардың жалпы санының 97,9%-ы қамтылды. Аурудың алғаш рет анықталуына байланысты диспансерлік есепке 305,8 мың (11,4%) оқушы тіркелді.

«Бала - аман» бағдарламасы

«Бала-аман» бағдарламасы әзірленді. Бұл бастауыш сынып оқушылары арасында шаршағандықты төмендету үшін әртүрлі жаттығуларды көрсетуді; нақты мысалдар арқылы дұрыс мүсін қалыптастыруға; дұрыс тамақтану дағдыларына; балаларды медициналық алғашқы көмек көрсетуге үйретуді қарастыратын веб-ресурс болып табылады. Бұл бағдарлама пилоттық тәртіпте 2016 жылғы қыркүйек айынан бастап желтоқсан айына дейін Астана және Алматы қалаларының мектептерінде, ал 2017 жылдың 1 қантарынан еліміздің барлық мектептерінде іске асырылады.
Ауруларды ерте кезеңде анықтауға ерекше көңіл бөлінетін болады. ДДСҰ сарапшыларымен бірге Ұлттық скринингтік бағдарламаның тиімділігі анықталды. Нәтижесінде жас бойынша мақсатты топтың құрамы мен скринингті өткізу жиілігін қайта қарау қажеттілігі туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, ауруды ерте кезеңде анықтау мәселелері бойынша медқызметкерлерді оқыту ұйымдастырылып, скринингтік тексеруден өткен азаматтарды бақылау мен есепке алудың ақпараттық жүйесі құрылады. Сонымен бірге, ересек тұрғындарды профилактикалық тексеру тәртіптері жеңілдетілмек. Азаматтар міндетті профилактикалық тексеруден өту кезінде (жұмысқа тұру немесе оқуға барар кезде және т.б.) мерзімі өтпеген жағдайда, денсаулығы жайында медициналық анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ала алады. Ал бағдарлы мамандарға қаралу қажеттілігі туындаған жағдайда олар «Азаматтарға арналғанүкімет»мемлекеттіккорпорациясыныңбөлімінде емхана мен қызмет көрсету уақытын таңдай алады. Сонымен бірге, диспансерлік есепте тұрған ауруларға жеңілдігі бар дәрілік заттарды беру процедураларын оңайландыру қарастырылуда. Дәрігерлер жеңілдігі бар дәрілер рецептін созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұратын пациенттер үшін тоқсанына бір рет, қымбат дәрілер алатын ауыр түрдегі сырқаттанғандар үшін ай сайын жазып беретін болады. Дәріханалар пациенттерге берілген рецептер негізінде сәйкес дәрілік заттарды беріп, олардың есебін жүргізеді. Ресцептерді келісімдерден өткізу автоматты тәртіпте «ИСЛО» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады. Оны апробациялау ағымдағы жылғы шілдеден бастап Астанада жүргізілмек. Министр «Денсаулық» Мембағдарламасының басты бағыттарының бірі – алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу болып табылатынын (әрі қарай - АББ) айтты. Қазақстанда АББ 2013 жылдан бастап пилоттық тәртіпте Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының 7 емханасында үш нозология бойынша енгізілуде: артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті. Бағдарламаға қатысушылар саны 1,2 мыңнан астам адамды құрады. Пилоттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пациенттердің 75%-ында артериалдық гипертензия деңгейінің көрсеткіші тұрақталып, артериалдық қысымды бақылау және гипотензивті препараттарды тұрақты тұрде қабылдау машықтарының қалыптасуы байқалды. Созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттерді ауруханаға жатқызу жағдайы 2 есеге азайды.Пилоттық аймақтардағы АББ-ны енгізудің тиімді тәжірибесін ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру биылғы жылы Астана, Алматы қалаларының, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының емханаларында жүзеге асырылатын болады. 2018 жылдан бастап АББ еліміздің барлық өңірлерінде енгізілетін болады.

Жол картасы

Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ негізгі әлеуметтік мәні бар, жұқпалы емес аурулар мен елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар 5 ауру: миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша Жол картасын жасағанын хабарлады. Аталған бағыттардың әрқайсысы бойынша қызметтің барлық түрлері көрсетілетін болады: профилактика, емдеу шаралары, оның ішінде оңалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер. Сонымен қатар, күрделі технологиялық құрылымдар мен жоғары білікті мамандарды талап ететін қызметтер ауданаралық, аймақтық және республикалық деңгейде орталықтандырылатын болады. Күрделі технологиялық құрылымдарды талап етпейтін қызметтер тұрғылықты мекен-жай бойынша медициналық ұйымда көрсетілетін болады. Жол картасын жүзеге асыру шараларының аясында 5 үйлестіру кеңесі құрылып, оларға жауапты республикалық денсаулық сақтау ұйымдары анықталды. Медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша нақты шаралар дайындалды: медициналық көмек көрсету медициналық қызметкерлері барлық деңгейінің біліктілігін арттыру бойынша курстар ұйымдастырылды; емдеу стандарттарын қайта қарау бойынша, емханалық хаттамалар мен процестердің алгоритмін жетілдіру жөнінде, пациенттердің қозғалыс маршруты бойынша жұмыс басталды және т.б.
Жедел медициналық көмек көрсетудің екі сатылы біріктірілген үлгісін құру жоспарланып отыр. Бірінші жергілікті деңгейде жедел көмек пен санавиацияның бірыңғай қызметі құрылады. Оған облыстың санавиациясы, ауданның, қала мен ауылдық жерлердегі жедел көмек стансалары кіреді. Екінші – республикалық деңгейде қызмет құрамына санавиация, автоматтандырылған GPS жүйесі мен телемедицинасы бар жедел көмек қызметінің бірыңғай диспетчерлік қызметі кірмек. Отандық медициналық ЖОО-дағы кадрларды дайындау сапасын арттыру мақсатында әлемдегі 500 үздік университеттер қатарына кіретін стратегиялық әріптестерді шақыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея, Финляндия және т.б. елдердегі медициналық мектептер. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы қыркүйек айынан бастап 6 медициналық колледжде мейірбикелерді дайындаудың финдік үлгісі енгізілетін болады.
Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын әрі қарай дамыту бойынша жобалау тобы құрылып, инфрақұрылым мен МЖМӘ-ні дамытудың 2016-2018 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып аймақтардың медициналық картасы жасалуда. Картада азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан, оларға медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қажет болатын денсаулық сақтау ұйымдары нысандарының саны анықталатын болады. Тізімделген нысандарға құрылыс, қайта құру, жеке секторды тарту мен жекелеген нысандарды МЖМӘ тетіктерін қолдана отырып, сенімді басқару ісі кіреді. Қазіргі таңда қолданыстағы барлық медициналық техника мүліктері түгенделіп, оның тозу деңгейі анықталды. Медициналық техниканы сатып алуды өзгерту бойынша ұсыныстар дайындалды: медициналық ұйымдар құны 5 млн-ға дейінгі медициналық техниканы өздігінен сатып ала алады, 5-100 млн. теңге көлеміндегі техниканы лизинг арқылы, ал құны 100 млн.теңгеден астам бұйымдарды республикалық және жергілікті бюджет есебінен сатып ала алады. ҚР ДСӘДМ дәрілік қамсыздандыруды жетілдіру мақсатында сапаның халықаралық стандарттарына сай дәрілік заттарды тіркеуді жеңілдету бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын дайындады. Шетелдің сарапшылармен бірлесе отырып Ұлттық дәрілік формуляр әзірленіп, енгізілді. Оған республикада тіркеліп, барлық клиникалық тиімділігі дәлелденген және әрбір дәрінің шектік бағасы көрсетілген дәрілік заттар кіреді. Кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясында сатып алынатын дәрілік заттардың тізімі жаңартылып, референттік баға құруды енгізудің бірінші кезеңі қамтылды. Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына (GXP) өту бойынша жұмыс атқарылуда. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында және денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкерлердің ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу (әрі қарай - МӘМС) бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. МӘМС енгізілгеннен кейін Қазақстанда әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындар қатарына кіретін (азаматтардың 12 санаты) 9,8 млн-нан астам адам медициналық көмекті мемлекет енгізетін жарна есебінен алатын болады.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

Әлеуметтік-еңбек саласының мәселелеріне тоқтала келе, Тамара Дүйсенова халықты жұмыспен қамту мақсатында ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасын жүзеге асырып келе жатқанын еске салды. 2015 жылы бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 167 мың адам, оның ішінде ашық бос орындарына азаматтар жұмысқа орналастырылды. Олардың 85%-ы тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды (142 мың адам). Сонымен қатар, 6 мыңнан астам адам өз бизнесін ашу мен ұлғайту мақсатында микрокредит алды, олар 6,1 мың қосымша жұмыс орындарын ашты. 14 мың адам тегін кәсіби оқытуға жіберілді, 24,5 мың адам мемлекет субсидиялаған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 1,2 мың адам жаңа мекен-жайға көшірілді. Оларға тұрғын үй беріліп, жұмыспен қамту шаралары көрсетілді.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында аталған бағдарлама жаңғыртылған болатын. Онда жұмыс орындарын сақтауға негізделген жаңа құралдарды қарастырылды. Бұл – білікті мамандардың жоғалған еңбекақысының бір бөлігін субсидиялау, жұмыс берушілерге өз қызметкерлерін оқытуға арналған гранттарды беру (қайта даярлау мен бліктілікті арттыру), жұмыс орындарын міндетті түрде сақтау шартымен жұмыс істейтін жастарды кәсіби оқытуды ұйымдастыру. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген 100,8 млрд.теңгенің 63 млрд. теңге көлеміндегі бөлігі жаңа бастамаларды жүзеге асыруға бағытталатын болады. Министр ағымдағы экономикалық жағдайға қарамастан, Үкіметтің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы әрі толыққанды орындап отырғанын атап айтты. 2016 жылы ынтымақты зейнетақы 9%-ға ұлғайтылды, барлық жәрдемақылар - 7%-ға, мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағы 25%-ға артты. Мемлекет басшысының әлеуметтік қолдау бойынша берген бірқатар тапсырмалары азаматтардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатындағы шаралардың жалғасы болып табылады. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» шараларын іске асыру аясында 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап қазіргі таңда аз қамтылған азаматтарға төленетін әлеуметтік көмектің үш түрі атаулы әлеуметтік көмек түріне (әрі қарай - АӘК) жаңа үлгіде өзгертіледі. Ол отбасының жұмысқа жарамды мүшелерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді түрде қатысқан жағдайда ғана беріледі. Сондықтан 2014 жылы 3 аймақта пилоттық режимде, 2015 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап республиканың барлық облыстарында (38 аудан мен қала) басталған «Өрлеу» жобасының аясында жаңа әдістерді жүзеге асыру сатылай жүргізіліп келеді.
«Өрлеу» жобасы қатысушыларының жан басына шаққандағы орташа кірісі 2 еседен астам ұлғайды; АӘК алушалыр саны 31,8%-ға, балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 2,1%-ға азайды; жобаның жұмысқа жарамды мүшелерінің 90%-ы жұмыспен қамту шараларына қатыстырылды. Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етужәне өмір сүру сапасынжақсартужөніндегі2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары сатылай жүзеге асырылып келеді. Әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым нысандарын паспорттау мен бейімдеу арқылы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру бойынша; мүгедектерді оңалтудың техникалық қосалқы (компенсаторлы) құралдарымен қамтамасыз ету, кохлеарлы имплантация отасынан кейінгі есту қабілетін оңалту, кохлеарлы импланттардың сөйлеу процессорлары ауыстырылып, күйге келтіру шаралары жүйелі түрде атқарылып келеді.
Жұмыспен қамту орталықтарының мәліметінше, жыл сайын орталыққа жүгінетін мүгедектердің 75%-ы жұмысқа орналастырылады.
Қиын өмір жағдайына тап болған адамға стационар, күндізгі орталық, үй күтімі, уақытша орналасу жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бүгінде әлеуметтік қызметтер мүгедектерді, жасы ұлғайған адамдарды, адам саудасының құрбандары, сотталған адамдар, пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды қамтиды. Өткен жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында арнаулы әлеуметтік қызметтердің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Жыл соңына дейін мүдделері бір қызметтердің өзара қарым-қатынас тетіктерін құру бойынша Жол картасы жасалып, білім жүйесі, денсаулық сақтау саласы, әлеуметтік қорғау мен пробация қызметі мамандарын оқыту ұйымдастырылатын болады.
Баяндамадан соң Тамара Дүйсенова азаматтардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

 

http://www.zhardem.kz/news/1467344604.html

САЛЬМОНЕЛЛЕЗ ТУРАЛЫСальмонеллез зооантропонозды жұқпа (инфекция) қатарына жатады. Жұқпа көзі – сырқат адам, бактерия тасымалдаушы. Сальмонеллездің қоздырғышы – сальмонелла. Ол қоршаған ортаға төзімді: ашық суда, топырақта 30-90 күнге дейін сақталады. Дезинфектанттарды қолданғанда 2-3 минутте көзі жойылады.

Қоздырғыш аш ішектің кілегейлі қабатына жабысып көбейеді, лимфа жүйесінен қанға түсіп, бактеремия туғызады. Қан арқылы сүйек кемігіне, талаққа (көкбауыр), өт қабына өтеді. Өт сальмонелланың өсіп-өнуіне қолайлы орта болып есептеледі. Өт арқылы ұлтабарға еніп, аш ішекке екінші рет өтеді. ішектің жатауын зақымдап, эндотоксин бөліп, организмде уыттану (интоксикация) болады.

Сальмонелла патогенді микробтар қатарына жатқандықтан адам организміне әсер етуі үшін оның аз мөлшері де жеткілікті. Олар организмге су, тамақ және ластанған заттар арқылы түседі. Оған қоса жеміс-жидектің қабығында, топырақта, құс еттері мен жұмыртқада ұшырасады. Қоздырғыш адам организмінен оның нәжісі арқылы сыртқы ортаға түседі. Организмдегі клиникалық өзгерістер былайша білінеді: 2-3 күннен соң науқас адамның іші өтеді, құсады, басы ауырады, дене қызуы артады. Улану дәрежесі жоғары болса, ауру сезімі күштірек болады.

Сальмонеллездің іш өтпей, бірінші рет дене қызуы көтерілетін нейротоксикозды түрі бар.Тифоздық түрінде бөртпелер пайда болады. Ауру адамның асқа тәбеті шаппай, іші кебеді, ауыр жағдайда сандырақтайды. Септикалық түрінде дене қызуының бірде жоғары бірде төмен болып өзгермелі күйде болу әсерінен дененің уыттануы күшейіп, басқа ағзалар да зақымданады. Кесел түрінің алуандығы себепті жедел түрде дәрігерге қаралып, тек дәрігердің емдегені жөн.

Іш өту, құсу салдарынан адамда сұйық азайғандықтан адам әлсірейді. Дәрігерлік көмекке дейін науқасқа қайнаған суды жоғалтқан сұйықтың орнын толтыру үшін оны көбірек ішкізген жөн.

Алдын алу шаралары:

-адамның жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы;

-ыдыс-аяқты, үй мүліктерін таза ұстау;

-шыбындарды жою;

-жеміс-жидектерді мұқият тазалап жуып барып тұтыну;

-құс өнімдерінің толық пісірілуін қадағалау.

 

Бейсенкул Пайзрахмановна БЕРДИЯРОВА,

бактериологиялық зертхана лаборанты,

ҚР ҰЭМ ТҚҚК «ҰСО»ШЖҚ РМҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, Жаңақорған аудандық бөлімшесі

Сурет ladyspecial.ru сайтынан алынды

БАЛАЛАРДАҒЫ ІШЕКҚҰРТ КЕСЕЛДЕРІ (ГЕЛЬМИНТОЗДАР) Адамдар арасында аса көп таралған ауру түрлерінің біріне паразитарлық кеселдер жатады. Паразитарлық кеселдерге көп жағдайда диагнозды дәл қою қиындық келтіреді. Себебі адам ағзасындағы дерт қоздырғыштары клиникалық тұрғыда көрініс түрлі болады.

Ішек қызметі нашарлайды, нерв жүйесінің жұмысы бұзылады, иммунитет төмендейді, бұлар жұқпалы және соматикалық ауруларға бейім болуға жетелейді.
Аскаридоз ластанған топырақ, көкөністер, көкшөп, жидектер және ластанған немесе адамның нәжісімен қоректендірілген топырақ және т.б. арқылы жұғады. Адам гельминттерді жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда да жұқтыруы мүмкін (лас қол арқылы).
Жаздың соңғы айларында топыраққа түскен аскарида жұмыртқалары келесі жылдың көктем айларында өсіп-жетіледі де көкөніс, жидектер, алғашқы көк шөптерге түсіп, осы азық-түліктерді пайдаланатындарға жұғады. Топырақта жұмыртқалардың 2 жылдан 5 жылға дейін сақталуы ықтимал. Аскарида жұмыртқаларын жоғары температура (100 градусқа дейін), күннің тура түскен сәулелері ғана жояды.

Нәжістерді қоршаған ортаға шашу, сонымен бірге өңделмеген нәжістерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға болмайтынын ескерген абзал.
Гельминтоздардың алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтау, оны әсіресе балалардың сақтауы үлкен рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.

 

 

Алдын алу шаралары:

- қолды ас ішер алдында міндетті түрде жуу;
- көкөністі, көкшөпті, жемістерді сүзгіні қолдана отырып 5 минут ішінде ағын таза сумен мұқият жуып барып пайдалану;
- әжетханаға барған сайын міндетті түрде қолды жуу керектігін естен шығармау;
- жерге түскен заттарды ауызға салмауын балалардың естеріне үнемі салып отыру.
Бұл қорғаныс шараларын ұдайы есте сақтап, оны орындау гельминттердің жұқпауына ықпал етеді.

 

 

Бейсенкул Пайзрахмановна БЕРДИЯРОВА,

бактериологиялық зертхана лаборанты,

ҚР ҰЭМ ТҚҚК «ҰСО»ШЖҚ РМҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, Жаңақорған аудандық бөлімшесі

 

 
 
Сурет pishhevarenie.com сайтынан алынды

Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттары бекітілдіАСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттары бекітілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 30 сәуір №304 Астана қаласы

Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 87) тармақшасына сәйкесбұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шартта- ры бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қаржы департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми ин- тернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №304 бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Ақылы медициналық қызметтер медициналық қызметтерді тұтынушылар болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі - пациенттер) көрсетіледі.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

ақылы бөлімшелер (палаталар) - денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы негізде ТМККК-ге кірмейтін медициналық қызметтерді көрсетуге арналған бөлімшелер (палаталар);

ақылы қызметтер - ТМККК-ге кірмейтін, пациенттердің жеке қаражаты, жұмыс берушінің, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден ақы төленетін қызметтер;

денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) Қазақстан Республикасының азамат тарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын медициналық көмектің бірыңғай көлемі.

2. Ақылы қызметтер көрсету тәртібі

4. Ақылы медициналық қызметтерді мемлекеттік және жеке меншік медицина ұйымдары аурудың бейіні мен медициналық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензиясы сәйкес келген кезде көрсетеді.

5. Ақылы қызметтердің түрлері және олардың баға прейскуранты медицина ұйымдарындағы көрнекі ақпарат арқылы халықтың назарына жеткізіледі. 6. Азаматтарға ақылы қызметтер көрсету кезінде есеп және есептілік құжаттамасын жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 56272 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша жүзеге асырылады.

7. Денсаулық сақтау ұйымдары ақылы негізде медициналық көмек алған пациенттерге:

1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткен кезде тиісті медицина қызметкерлерінің қорытындысын;

2) стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсету, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту кезінде ауру тарихынан үзінді көшірме;

3) көрсетілген медициналық көмекке жұмсалған шығыстар туралы ақпарат ұсынады.

8. Ақылы медициналық қызметтер денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарт негізінде көрсетіледі.

9. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтердің бағалары медициналық, сервистік қызметтер көрсетуге байланысты барлық шығындар және өзге де қосымша шығыстар ескеріле отырып айқындалады және жарты жылда бір реттен артық қайта қаралмайды. Ақылы қызметтерге баға ТМККК арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісі белгілейтін ұқсас медициналық қызмет тарифінен төмен белгіленбейді.

3. Ақылы қызметтер көрсету шарттары

10. Денсаулық сақтау ұйымдары ақылы қызметтер көрсетуді мынадай жағдайларда:

пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасынсыз диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсеткенде;

емдік формулярға енгізілмеген емдік құралдармен емдегенде;

ТМККК-ге кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізгенде;

тиісті жолдамасыз санаторийлік емдеуде;

медициналық көрсетілімдерсіз медициналық-генетикалық зерттегенде;

жұмысқа орналасу және оқуға түсу үшін азаматтарды медициналық тексеріп-қарағанда;

ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсеткенде; қосымша сервистік қызметтер көрсеткенде жүзеге асырылады.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11341 болып енгізілді.

http://www.inform.kz/kaz/article/2918589

ВЕТРЯНАЯ ОСПА У ДЕТЕЙВетряная оспа как одна из самых распространенных заболеваний, часто встречаются у детей. Ею болеют только один раз, после этого у человека вырабатывается пожизненный иммунитет. Передается ветряная оспа через слизистые оболочки глаз и верхних дыхательных путей. Таким образом она передается воздушно-капельным путем.

 

Ветрянка чаще встречаются у детей, посещающих детские дошкольные и образовательные учреждения. Ею болеют в основном дети младше 10-12 лет. Лечение ветрянки у детей должны осуществляется в карантинных условиях. Заразной ветрянка у детей становится за один день до начала кожных высыпаний. Карантин заканчивается через 5 дней после появления последних высыпаний.

Ветрянка у детейи взрослых никак себя не проявляет в течение 1-3 недель. Минимальный срок инкубационного периода составляет 7 дней. После этого срока у заболевшего ребенка резко повышается температура до 39-39,5 градусов. А также при ветрянке появляются головная боль и чувство слабости.

В начале на коже появляются несильные высыпания, просто плоские розовые пятнышки. Буквально за несколько часов количество высыпаний резко увеличивается. Пятнышки становятся более выпуклыми и образуются пузырьки с жидким содержимым. Их ни в коем случае нельзя выдавливать.Лечение ветрянки у детей проводится совсем по-другому. Первые 3-4 дня ветрянка у детей сопровождается очень сильными высыпаниями и не только на коже, но на слизистых оболочках – глазах, гениталиях, во рту. Самое неприятное, что эта сыпь еще и сильно зудит, но расчесывать ее нельзя, во избежание занесения в ранку инфекции. Одни пузырьки проходят – появляются новые. Ветрянка у детей протекает волнообразно. Новые высыпания обычно появляются в течение 3-4 дней. Затем болезнь идет на спад. На месте волдырей остаются корочки, которые постепенно отпадают самостоятельно и при соблюдении всех рекомендаций врача не оставляют от себя следов.

Айнагуль Танатовна АГМАНОВА,

лаборант бактериологической лаборатории,

Жанакорганское районное отделение,

филиал РГП на ПХВ Комитета по ЗПП РК Кызылординской области

Фото с сайта medsked.ru



АСТАН УЛАНУ. АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫБүгінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметті алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі астан улану болып табылады. Тағамнан, яғни астан улану - тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жатады. Тағамнан уланулар – бұл табиғаты микробты және микробсыз болатын, дерт тудырушы микроорганизмдердің немесе олардың әр түрлі токсиндерімен және сонымен қатар улы заттармен ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын жедел (сирек созылмалы), қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру болып есептеледі.

Таралу жолы - алиментарлы, берілу жолы - тағам өнімдері арқылы. Ауыздан тағаммен бірге түскен қоздырғыш асқазан-ішек (АІЖ) жолдарына өтіп, экзотоксин бөледі. Жасырын (инкубациялық) кезеңі 30 минуттан 24 сағатқа дейін созылады. Жаз айларында, ауа райының ыстық кезеңінде микроағзалар, соның ішінде ауру тудырушы бактериялар үшін қолайлы жағдай туындап, тағамнан улану қаупі арта түседі. Себебі, бұл уақытта тағамдардың дайындалуы, сақталуы мен тасымалдануына қойылатын санитарлық талаптардың бірінің дұрыс орындалмауынан микроағзалар жылдам көбейеді де, тікелей тағамнан улануға алып келеді.

Астан улану көп жағдайда стрептококк, стафилокок, сальмонелла, ботулизм бактериясы сияқты ауру тудыратын микроорганизмдерден пайда болады. Олар сапасыз тамақта көбейіп, улануға жол беретін токсиндерді тудырады. Ет өнімдерінен және пісірілмеген сүттен жасалған тағамдар мен сапасыз салаттарды пайдаланғанда адам сальмонеллез ауруына шалдығуы мүмкін.

Көп жағдайда құрамында нитраттар көлемі мөлшерден тыс бақша және көкөніс өнімдерінің салдарынан жедел ішек кеселдері жиірек орын алуда. Қазірде дүкендер мен базарлар сөресі ерте піскен өнімдерге лық толы, олардың бірқатары оңтүстіктен әкелінсе, бірқатары жылыжайларда өсірілген. Олардың пісуін жеделдету үшін құрамында нитраттары бар тыңайтқыштар қолданылады. Алайда, олар белгіленген нормадан артық болса, тағамнан улануға әкелуі әбден мүмкін. Аудан халқын сақтандыру мақсатында ерте піскен табиғат сыйын пайдалану кезінде сақ болулары сұралады: қолдан немесе стихиялық базардан көкөніс сатып алмаған жөн. Бақша өнімдерін ұйымдастырылған базардан немесе дүкендерден сатып алған сенімдірек, өйткені сауда желілерінде сатылған азық-түліктің жауапкершілігі әкімшілік, сатушы, ветеринарлық, санитарлық сараптама зертханаларының қызметкерлеріне жүктеледі. Бақша өнімдерін сатып алу кезінде олардың қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарды талап етуді ұмытпаңыз.

Алдын-алу шаралары:

 

- мектеп, бала-бақша асханаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің мерзімінде бактериологиялық зерттеуден өтуі;

- тері аурулары немесе қолында іріңді жарақаттары бар қызметкерлердің жұмысқа жіберілмеуінің қадағалануы;

- тағам дайындау технологиясы режімінде, дайындалуында, сақталуында, тасымалдануында санитарлық-гигиеналық талаптардың қатаң орындалуы;

- тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау және тағамның бетін ашық қалдырмау;

- консервілердің жарамдылық мерзіміне назар аудару, ісінген (бомбаждалған) болса пайдаланбау; - азық-түлік өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жағдайлары бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау;
-тамақтан уланудың қауіптілігін салаттар, сүт, ет, балық өнімдері, торттар мен пирожныйлар сияқты тез бұзылатын тамақ өнімдерінің түрлері төндіреді, сондықтан оларды +2 +6 С температурада сақтау керек және оларды белгіленген мерзімге дейін пайдалану;
- сүт өнімдерін рұқсатсыз сауда орындарындағы белгісіз тұлғалардан алмау;
- шикі сүтті пайдаланар алдында міндетті түрде қайнату;
- үй жағдайында консервіленген салаттарды, саңырауқұлақтарды, көкөністерді сатып алмау;
- ас мәзірін құрастырарда аса тез бұзылатын тағамдарды, соның ішінде кремді-кондитерлік өнімдер мен құрамында бірнеше тағамдар бар, майонез қосылған күрделі салаттардың болмауын қарастыру;
- тамақтану залындағы температуралық режімді қатаң сақтау (салқындатқыштардың жұмыс жасап тұруын қадағалау);
- салқын тағамдар мен салаттар1,5 сағатқа ғана сақталуы.

 

Айнагуль Танатовна АГМАНОВА,

бактериологиялық зертхана лаборанты,

ҚР ҰЭМ ТҚҚК «ҰСО»ШЖҚ РМҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, Жаңақорған аудандық бөлімшесі

Сурет zeludok.com сайтынан алынды

 

 

ЕМХАНА ҰЖЫМЫ – ҰЙЫМШЫЛ«Қарақұм дегенше, қарағым десеңші» деген сөз әлі күшінде. Рас, тоқсаныншы жылдары совхоз тарап, кезінде атағы дүркіреген шаруалардың шаруасы шатқаяқтап қалғаны бар. Бірақ, еңбекқор жұрт тез ес жиды. Яғни, қолда бар малын көбейтуге ден қойып, өз күштерінше қарекет жасады. Бастысы, ертеңге деген сенімдерін жоғалтпады. Қазіргі таңда қарақұмдықтар елдің елу жылда емес, ширек ғасырда-ақ жаңалана алатынын сезінді. Айталық, мұндағы жатағандау мектеп зәулім білім ұясына айналғалы да біршама жылдар алға сырғыды. Ал, пойыз үнін естіп, бөріктерін аспанға атқан ауыл тұрғындарының шаттығы әлі басыла қойған жоқ. Осынау жағымды жаңалықтарға бірінші болып үлкен қалаларға ғана тән ұялы байланыс жүйесі орнатылғанын тағы қосыңыз. Иә, тоқталғымыз келгені бұл емес, ауыл халқына ем-дом жасаған емхана жайында еді.

Алыстан мен мұндалайтын дәрігерлік амбулаторияның күндізгі стационары іші мұнтаздай таза. Бәрі орын орнында. Бізге аға дәрігер Толыбай Ізбасхановпен тілдесудің сәті түсті.

- Мемлекетіміз денсаулық саласына айрықша басымдық бергенін шалғайдағы округ орталықтарынан өздеріңіз көріп отырғандай, медициналық ғимараттар салғанынан-ақ аңғаруға болады. Уақытпен үндесе тұрғызылған емхана құрылысы қалың жұртшылықтың көз алдында сапалы аяқталды. Қазіргі таңда тұрғындарға медициналық көмек дер кезінде көрсетіледі. Бірнеше адамға арналған төсекте кезек-кезегімен үлкен-кіші ем-домдарын алуда.

Басы ауырып, балтыры сыздағандардың қасынан табылатын фельдшерлер Қадір Мырзалиев, Жанар Жұмабаева, Жеңіс Қалымбетов және оннан астам аяжан қауымының еңбегімен көпшілік жақсы таныс. Аула жанындағы «жедел жәрдем» көлігі кез келген шақыртуға әзір, - деп, ұжымның сапалы қызметінің нәтижесінде науқасынан айыққандар жетіп артылатынына тоқталып өтті. ...

«Жедел жәрдем» көлігіне шұғыл мінген акушер Базаркүл Бектілеуованың толғағы мазалаған жас әйелді аудан орталығына қарай әкеткенін көрген біз іштей жол болсын айтып, ананың аман-есен құндақталған нәрестесін құшағына қысып оралуын тіледік...

 

А. ЖАЙШЫЛЫҚ

 

«Толқын» газеті, 22 маусым 2016 жыл

ДӘРІГЕР БЕДЕЛІ ҚЫМБАТЕлімізде маусым айының екінші жексенбісі Медицина қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді. Осынау кәсіби мерекеге орай газет тілшісі «Сыр медицинасы» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Беисовпен әңгімелескен болатын.

 

 – Облыстың ден­сау­­лық сақтау саласында қырық жылдай қызмет еткеніңізді білеміз. «Сыр медицинасы» қоғамдық бірлестігін құруға не себеп болды?

 

 – Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын осыдан тура қырық жыл бұрын «балалар дәрігері» мамандығы бойынша бітірдім. Еңбек жолымның көп бөлігі басшылық қызметте өтті. Қызылорда қалалық біріккен балалар ауруханасы, облыстық наркологиялық орталық, қалалық №2 және №4 емханаларда бас дәрігер болдым. Зайыбым Үрмия да дәрігер. Бір сөзбен айтқанда, дәрігерлер отбасымыз.

Адам денсаулығына медицинаның қатысы тек оннан бір бөлігі ғана. Мұны ресейлік ғалым Лисицын дәлелдеген.Соған қарамастан, бәрі дәрігердің қолында тұрғандай, медицина қызметкерлеріне алғыспен қатар сын да айтылады. Ел алдындағы дәрігер беделі сәл ақсағанын да мойындаймын. Десек те, бәрінен де дәрігер беделі қымбат.

Дәрігерлер қауымында өз салалары бойынша бірлестіктер жеткілікті. Олардың көбісі облыстағы филиал ғана. Үкіметтік емес ұйым құрып, облыс медицина қызметкерлерінің өзекті мәселелерін шешуге осындай бір бірлестіктің қажеттігін өмір көрсетті. Бұл идеяны әріптесім Серікбай Смағұлұлы берген болатын.

Бірлестіктің бұлай аталуының себебі бар. Аймақ медицинасының абыз ақсақалы, республикаға еңбегі сіңген дәрігер Ернияз Омаров пен дәрігер Серікбай Смағұлұлы бірлесіп жазған облыстың денсаулық сақтау саласының 1,5 ғасырлық тарихын қамтыған кітаптың аты «Сыр медицинасы» екенін ескердім.

 

 – Бірлестік қызметінің мақсаты қандай?

 

 – Сыр өңірі медицина қауымының бай дәстүрі бар. Басты мақсат – сол дәстүрді жалғастыру, облыс медицина қызметкерлерінің беделін арттыру. Сондай-ақ, тың жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жәрдемдесу, түйткілді мәселелерді шешуге атсалысу, құқықтық кеңес беру, облыс көлемінде жеке медицина қызметінің дамуына ықпал ету және олардың құқықтарын қорғау, облыс медицинасына қазіргі заманғы озық технологияларды енгізуге ықпал ету.

 

 – Атқарылған жұмыстарға тоқталсаңыз...

 

 – Бірлестіктің құрылғанына осы маусым айында бір жыл болады. Өткен жылы оның жұмысы туралы барлық аудан орталықтарында болып, әріптестерімізді толық ақпараттандырдық. Бүгінде бірлестікке 6 мыңдай адам мүше. Біздің басқа бірлестіктерден айырмашылығымыз, тіркеуден өткен «Сыр медицинасы» атты газетіміз бар. 3000 таралыммен тарайтын газет айына екі рет шығады. Облыс медицинасының төл газетіне биыл 20 жыл толады. Сондай-ақ, өз ісін абыройлы атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрген медицина қызметкерлерін ынталандыру мақсатында бірлестіктің «Сыр медицинасының үздігі» медалін тағайындап, онымен он бес адамды марапаттап үлгірдік. «Интернет» желісінде бірлестіктің жеке ресми сайты тұрақты жұмыс істеуде.

 

 – Қазіргі денсаулық сақтау саласының дамуы қалай?

 

 – Біз қатарлы ұрпақ институтты тегін оқып, стипендия алды, жатақханада тұрды. Ол кездегі ақпарат көзі тек кітап болатын. Сосын әр бес жыл сайын білім жетілдіріп отыратын. Бүгінде бәрі өзгерді. Медициналық орта және жоғары оқу орнында ақы төлеп оқиды. Оның ықпалының қандай болатыны алдағы кездің еншісінде.

Медицина қызметкеріне қажет ақпарат көзі жетерлік. Дегенмен, әрбірі бос уақытында өз бетінше білімін жетілдіріп отырса, құба-құп болар еді. Өйткені қазіргі медицинаның даму қарқыны өте жоғары. Көптеген әріптестеріміз тіпті шет елден білім алып, біліктілігін арттыруда. Мұндай біздің қиялымызға да кірмейтін.

Дәрігерлер әлі де қағазбастылықтан арыла алмай жүр. Денсаулық сақтау саласында да реформалар көп. Олардың нәтижелерін уақыт көрсете жатар.

Біздің кезімізде адамның тәнін оқытты. Ал адам онымен қоса жаннан да тұрады ғой. Әріптестеріме сырқат адамның жанын түсіну жағына көбірек ден қойса деп ойлаймын. Сол үшін өз газетімізде медициналық психология, қарым-қатынас өнері сияқты мәселелерге көбірек мән береміз. Бұл тақырыпта семинар-сабақтарды да өткіздік.

Облыстың аға газетінің мүмкіндігін пайдалана оты­рып, бірлестік атынан Сыр өңірінің барлық медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаймын. Олардың кәсібіне береке, өздері мен отбастарына мықты денсаулық тілеймін.

 

 – Әңгімеңізге рахмет!

 Әңгімелескен

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ

«Сыр бойы» газетінен

АРАЛДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРГЕ НАЗАР АУДАРЫЛДЫ6 маусымда облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Марат Делмұханов арнайы жұмыс сапарымен Арал ауданында болды.

 

 

Сапар барысында №83 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары қажет екендігі, «Жазира», «Толқын» балабақшаларын, қалалық №1 кітапхананы жаңадан салу керектігіне көз жеткізілді.

Сондай-ақ, аудандық аурухананың ғимаратымен танысып, республикалық бюджет есебінен жаңадан салынатынын атап өтті.

Ал, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеуден өткізілетін №62 орта мектеппен танысу барысында жөндеуге берілген қаржыны тиімді пайдаланып, жұмыстың сапалы болуын қадағалауды тапсырды.

Келесі кезекте вокзал маңында жаңадан бой көтерген екі қабатты «Назым» тіс емханасының жұмысымен танысты. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының II бағыты бойынша несиеге қол жеткізген А.Дабылованың қазіргі заманауи технологиялармен жабдықталған тіс емханасына және бірнеше маманды жұмыспен қамтып отырған оңды жұмыстарына риза болып, ісіне сәттілік тіледі.

 

http://seykhuninfo.kz/kogam/4638-aralda-leumettk-mselelerge-nazar-audaryldy.html

Қазақстанда Денсаулық фестивалі басталдыАСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауымен «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты ұранмен Денсаулық фестивалі басталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарланды.

 

Шараның мақсаты - дене шынықтыру белсенділігін арттыру және дұрыс тамақтану талаптарын сақтай отырып, жаман әдеттерден арылу арқылы қоғам назарын денсаулықты сақтау мен оны қорғаудың ортақ жауапкершілігіне аудару.

«Денсаулық фестивалінің аясында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында ашық есік күндері өтеді. Осы ретте адамдар көп шоғырланған жерлерде салауатты өмір салтының әр түрлі бағыттары бойынша терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, эндокринологтар, пульмонологтардың тегін консультациясы көрсетілетін «денсаулық қалашығы» құрылады; жастар мен жасөспірімдер арасында «Біз денсаулығымызды бағалаймыз!» атты тақырыпта түрлі байқаулар мен флешмобтар, спорттық іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр»,-делінген ведомство хабарламасында.

Денсаулық фестивалі аясында өткізілетін шаралар иммунитеттің тұрақты болуына, жұқпалы, жүрек-қантамырлары ауруларының, тұмаумен сырқаттану қатерлерін азайтуға, өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға, жалпы өзін-өзі жақсы сезінуге ықпал етеді.

Атап айтқанда, денсаулық фестивалі 11 маусым күні Астана уақытымен сағат 11:00-де республика тұрғындарының қатысуымен бір сәттік «Денсаулық марафоны» шарасымен аяқталмақ.

 

Автор:Руслан Ғаббасов

http://www.inform.kz/kaz/article/2911269

Назад Вперед