Ауа райы
Мерекелер

Қара зеренің емдік қасиеттеріАСТАНА. ҚазАқпарат - Қара зере (тмин) - адам ағзасын қалыпқа келтіріп, иммунитетті көтеріп, терді тез шығарып, ыстықты түсіретін емдік қасиеті мол өсімдік.

Сонымен қатар, қан қысымын төмендетіп, қатерлі ісік ауруларының алдын алады және омырауда баласы бар аналардың сүтін көбейтіп, гармондардың дұрыс бөлінуін реттейтін қасиетке ие.

Қара зеренің вирусқа, қабынуға, түрлі бактерияларға қарсы және іштегі құрттарды түсіретін, зәр айдайтын қасиеттері де бар. Емдік өсімдіктен жасалған дәрілерді жүкті әйелдерге және ағзадағы мүшені (бүйректі немесе өтті) алып тастаған жағдайда қабылдауға болмайды, деп жазады massaget.kz.

Назарларыңызға қара зеренің емдік қасиеттері жөнінде ақпарат ұсынамыз.

Халықтық медицина қара зереден дайындалған қоспалар арқылы түрлі дертен айығуға болатынын айтады. Мәселен:

- Бронхит, демікпе, жөтел ауруларынан айығу үшін қара зире майына (1/5) зәйтүн майын қосып араластырады да, осы қоспамен көкіректі майлайды және күніне бір мезгіл қара зере майымен ауыз қуысын булайды.

- Қан қысымы қатты көтерілгенде 1 шай қасық қара зере дәнін 1 стақан шайға қосып араласырып ішеді. Содан кейін самай мен мойынды зере майымен майлайды.

- Бас ауырғанда ұнтақталған қара зере мен бәден дәнін (анис) және қалампыр (гвоздика) гүлін теңдей мөлшерде араластырып, дайын қоспадан күніге таңертең және кешкісін 1 шай қасығын қайнаған сумен қосып қабылдайды. Тағы бір тәсіл - қара зерені ұнтақтап 1 шай қасығын 3 ас қасық зәйтүн майымен араластырады. Содан соң сүзгіден өткізіп, мұрын қуысына тамызады.

- Сүйек қақсап ауырғанда 1 дана пиязды үккіштен өткізіп қайнатады да, 1 шай қасық қара зере майымен араластырады. Қоспаны күніге 2 мезгіл қабылдайды. Ауырған жерге өсімдік майын жағады.

- Асқазан жарасында 10 тамшы қара зере майын 1 стақан бал мен 1 ас қасық кептіріп ұнтақталған анар қабығымен жақсылап араластырады. Дайын қоспаны күніне аш қарынға 1 шай қасықтан 1 стақан сүтпен қосып ішеді. Емдік курсты 2 ай қабылдайды.

- Ішек құрты ауруынан айығу үшін 1 шай қасық қара зере мен үккіштен өткізілген 3 тал сарымсақ және 1 ащы қызыл бұрыш, ұнтақталған 10 дана асқабақ дәнегімен араластырып, үстінен 1 шай қасық зәйтүн майын құйып араластыруды жалғастырады. Дайын қоспаны ұйықтар алдында жеп жатады да, таңертең аскөк тұнбасы немесе қайнатпасынан 1-2 ұрттам ішеді. Қара зере мен алма сіркесуын араластырып ішке жағады.

- Артрит ауруына күніге таңертең және кешкі астан 25 минут бұрын 1 шай қасық қара зере майын ішеді. Артынша ½ стақан суға 1 ас қасық балды араластырып ішу керек.

- Тері ауруларында күніне 2-3 мезгіл 1 шай қасық қара зере майын қабылдайды. Ал теріге 1,5 шай қасық қара зере майын 1 шай қасық зәйтүн майымен араластырып жағады да 1 сағаттан соң сабындап жуады.

- Құлақ ауруында 1-2 тамшы жылы қара зере майын құлаққа тамызады.

- Жүрек қысылып ауырғанда 1 стақан ыстық сүтке 3 тамшы қара зере майын және 1 шай қасық бал қосып араластырып ішеді.

- Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін 1 шай қасық жалбызды 1 стақан суға салып бір қайнатады да сүзгіден өткізіп, 1 шай қасық бал және 7 тамшы қара зере майын тамызып араластырады. Дайын қоспаны күніге 1 мезгіл ішеді.

http://inform.kz/kaz/article/2902852

Зәйтүн майы және сұлулық сырларыАСТАНА. ҚазАқпарат - Зәйтүн майы тамақ өнеркәсібінде ғана емес, косметика жасау саласында да үлкен сұранысқа ие, деп хабарлайды anabol.kz.

Тері күтіміне тигізер көмегі көп. Зәйтүн құрамындағы А, Е, B, D, K дәрумендері - нағыз сұлулық бұлағы іспеттес. Зәйтүн майы теріні жұмсартып, қоректендіреді. Әсіресе, құрғақ тері үшін ол - таптырмас ем. Ылғалды ұзақ уақыт ұстап тұрады, тері жасушаларының қайта қалпына келуіне себепші болып, әжімдердің алдын алады.

Тері күтімі

Құрғақ теріге ерекше күтім қажет. Мұндайда көмекке зәйтүн майы келеді. Лосьон дайындау үшін:

3 ас қасық зәйтүн майы

4 ас қасық қияр шырыны

½ шай қасық ас содасы

1 шай қасық раушан суы (розовая вода) керек.

Бұлардың барлығын жақсылап араластырып, дайын болған қоспаны бетке жағып, бір минуттан кейін жылы сумен жуыңыз. Мұндай лосьонды үш күннен артық сақтауға болмайды. Қияр шырыны тез бұзылып кетеді.

Майлы тері үшін зәйтүн майы мен лимон шырыны қосылған лосьон дайындаңыз. Ол үшін жоғарыдағы лосьон құрамындағы қияр шырынының орнына лимон шырынын, ал ас содасының орнына тұз қосыңыз.

Зәйтүн майынан дайындалатын теріні әлдендіретін, қоректендіретін маска майлы тері үшін де, сондай-ақ құрғақ тері үшін де өте пайдалы. Ол үшін:

1 шай қасық зәйтүн майы

1 шай қасық қаймақ

1 шай қасық лимон шырыны

1 шай қасық сәбіз шырыны

1ас қасық ашытқы керек.

Барлығын араластырып, бетіңізге жағыңыз. 10-15 минуттан кейін салқын сумен жуыңыз.

Көздің айналасындағы нәзік теріні нәрлендіріп, ондағы ұсақ әжімдерді жазу үшін де зәйтүн майын қолданыңыз. Ол үшін жылытылған майды көздің айналасына жағып, 30 минуттай көзіңізді жұмып жатыңыз. Мүмкін болса, бұл процедураны күнделікті кешкісін қайталап тұрған дұрыс.

Құрамындағы Е дәруменінің арқасында зәйтүн майы тері жасушаларының қайта қалпына келуіне көп көмек болады. Осы орайда терінің созылуын да зәйтүн майымен «емдеу» өте тиімді. Сондықтан іштегі (қарын), кеудедегі, жамбастағы созылған теріні қайта қалпына келтіру үшін зәйтүн майын қолданыңыз. Ол үшін зәйтүн майына 1-2 тамшы лимон не апельсин майын қосып, созылған теріні сүртіңіз.

Шаш күтімі

Зәйтүн майы шашты нәрлендіріп, оны жібектейін жұмсартып, жылтыратады.

Басыңызды жуар алдында саусақтарыңызды зәйтүн майына малып алып, 10 минуттай бас терісіне массаж жасаңыз. Ал одан кейін басыңызды жылы сумен шайып алып, әдеттегідей жуа беріңіз.

Шашыңыздың көлемін арттырып, жылтыратқыңыз келсе:

2 ас қасық зәйтүн майы

1 жұмыртқа

1 шай қасық алма сіркесуы немесе балды араластырып, шашқа жағып, 10 минуттан кейін жылы сумен шайыңыз. Нәтижесі көңліңізден шығады.

Шаштың ұштануын тоқтату үшін оған нәрлендіретін компресс жасаңыз. Бір стаканға жылытылған зәйтүн майын құйып, шаштың ұшын соған салып, 10-15 минут отырыңыз. Одан кейін шаштың ұшын желке тұсыңызға жинаңыз. Басыңызды жылылап орамалмен ораңыз. Жарты сағаттан кейін қалған майды сумен шайыңыз. Мұндай компресті аптасына бір рет жасап тұру артық болмайды.

http://inform.kz/kaz/article/2902035

Қазақстандық онкологтар пластикалық ыдыстарды қолданбауға кеңес бердіҚазақстандық онкологтар пластикалық құтылардың зиян екенін айтты. Дәрігерлер бұл байламға шетелдік әріптестерінің зерттеулеріне сүйене отырып келіпті. Полимерлі ыдыстарды пайдаланған кезде олардан рак тудыруы мүмкін химиялық заттар бөлінеді екен.


Дәрігер-онколог Қазыбек Қарабаев жастығына қарамастан бөлім басқарып отыр. Оған да, басқа дәрігерлерге де қойылатын сауал – қауіпті аурудан қалай қорғануға болады.

"Диспансер есебінде 9 мыңнан астам адам тұр. Жыл сайын екі мыңға жуық адамды есепке аламыз”, – дейді Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің бөлім меңгерушісі Қазыбек Қарабаев.

Ауруға шалдығудан республика бойынша Солтүстік Қазақстан облысы алда тұрса, одан кейін Шығыс Қазақстан мен Павлодар орналасқан. Онкологиялық аурулардың нақты себебі елімізде де, шетелде де табылмады. Бірақ, мамандар қауіпті дерттің өршуі экология, зиянды әдеттер әсерінен деп топшылайды. Бұл қауіпті ауруды шақыратын тағы бір нәрсе – пластикалық құтылар да болуы мүмкін екен.

"Дәрігерлер адам денсаулығы үшін маңызы зор деп суды көбірек ішуге кеңес береді. Бірақ, бұл ретте пластикалық бөтелкелерді қолданбаған жөн. Олардың қай түрі болмасын канцероген бөледі екен.

Полимерлі ыдыстар 90 жылдары шыға бастаған. Одан тек бөтелкелер емес, бір рет пайдалануға жарайтын ыдыстар да жасалады. Пластикалық құтылар құрамындағы формальдегид, гексан, ацетон, метилді спирттер адам ағзасына зиян екен.

Stan.kz

http://reactor.inform.kz/kz/detail/25003

Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің тұрғындары ауылдарындағы өкпе ауруына қарсы диспансердің ел-жұрт қоныстанған жерден алысқа көшірілгенін қалайды. Өйткені тұрғындар мұнда емделіп жатқан науқастар аурухана сыртында жүреді, тіпті сол маңдағы дүкендерге барып сауда жасайды дейді. Сондықтан көпшілік науқастардан ауру жұқтырып аламыз ба деп қорқады.

 

Тасбөгет ауылында орналасқан өкпе ауруына қарсы диспансерде ем қабылдап жатқандардың көпшілігі туберкулездің ашық түріне шалдыққандар. Тұрғындар науқастар күнде кешкі уақытта көшеге шығып, серуендеп жүреді дейді. Тіпті беттеріне медициналық бетперде киместен дүкендерге барып, сауда жасайтындарын айтады. Ал ауа арқылы тарайтын бұл дертке шалдыққандардың мұндай әрекеттері бізге зиянын тигізе ме деп қорқамыз дейді тұрғындар.

 

Әбілда Оспанов,Тұрғын:

- Магазиннен сауда істейді. Сауда істегенде бәрін енді қуып жібермейміз ғой сен туберкулезсің деп. Сондықтан осындай мәселені шешу керек қой. Мына туберкулез больницаны елден бөлек алу керек, балаларға зиян болады.

 

Жанар Уәкелбекова, Тұрғын:

-Біреуі маска киіп шығады,біреуі маска кимейді. Прогулка жасайды ма. Магазинге келеді көпшілік сауда жасайтын орынға. Одан қалды әрі қарай дарияның арғы бетіне прогулка жасайды.

 

Тұрғындардың шағымына жауап алу үшін аурухананың басшыларына кіріп көргіміз келді. Алайда қызметкерлер ауруханаға кіруге бізге рұқсат етпеді.

 

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары бұл аурухананы үнемі бақылауларында ұстайтындарын айтады.

 

Нұржамал Мырзағалиева,Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:

-Сыртқы есіктері жабық. Науқастар сыртта жүрген жоқ.

 

АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ, Тілші:

Бұл ауруханада жұқпалы дертпен ауыратындар жатқандықтан сырттан келген бөтен адамға кіруге рұқсат жоқ. Ал тұрғындар науқастардың аурухана сыртында емін-еркін жүргендері бізді алаңдатады деп отыр. Сондықтан олар өкпе дертіне қарсы диспансерді жуық арада қаладан шалғай жерге көшірсе екен дейді

 

Абай Нұржанұлы,Рақымжан Ысқақов

- See more at: http://31.kz/video/show/id/12833/show/ib#sthash.osWf4CY2.dpuf


ҚАНДАС БАУЫРЛАРЫ МОЛ ДӘРІГЕРОрақпен таныстығым сонау жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының Қазалыға жолдаған іс сапары кезінде басталды. Қазалыда таныстарым жоқ, қонақ үйге орналасқанмын. Менің сол жерде екенімді білген ол іс сапар біткенше үйіне қонақ қылды. Кейінірек өмірлік досқа айналды. Менің ұнатқаным: оның бойындағы турашылдық, еңбекқорлық, жан-жақтылық, ең бастысы дәрігерге аса қажет қасиет – адамға деген сүйіспеншілік. Басқаның қайғысын түсіну үшін жүректің кеңдігі қажет. Соның бір көрінісі – керек кезінде өз бойындағы қасиетті қанымен мұқтаж жандарға бөлісті, ұзақ жылдар донор болды.

Мақала кейіпкері Орақ Кеубасов қасиетті Қазалының перзенті, 1976 жылы менімен қатар, бірақ Ақтөбедегі мемлекеттік медициналық институтты педиатр мамандығы бойынша бітірді. Бір жыл Қызылорда облыстық аурухананың балалар бөлімшесінде өз саласы бойынша интернатурадан өтті. Міне, қырық жылға жуық бір орында, Қазалы аудандық ауруханасында инфекционист дәрігер болып еңбек етіп келеді.

1983 жылы сол аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне меңгеруші болды. Ол кезде бөлімше 50 төсек орындық еді, бүгінде 20 төсек орын ғана қалды. Орақ кезінде бөлімшені басқарған білікті дәрігер, медициналық жоғары білімді Ресейден алған Валентина Ивановна Нефедованы ұстаз тұтып, оны әрдайым ардақтайды.

Ол Қазалыда алғаш рет бұғана асты артериясына катетер салу, жұлынға пункция жасау және көптеген реанимациялық шараларды бөлімшеге жаңалық ретінде енгізді. Мұны байқаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қызылордадағы дәрігерлерді Қазалыға үйренуге де жіберген болатын. Алматы, Ақтөбе, Новокузнецк қалаларында бірнеше мәрте инфекциялық дерттер бойынша білімін жетілдірді, күнделікті медициналық кітаптарды оқып, ондағыларды күнделікті дәрігерлік практикасында қолданды.

Бір айта кетерлігі – өңірдегі 2 оба ошағын тұрақтандыру бойынша басын қатерге тігіп, жұмыс істеді. Бірақ оның бұл еңбегі кезінде ескерілмеді, марапат басқа адамға бұйырды. Қазалы ауданында кездесетін жұқпалы кеселдермен – іш сүзегімен, сары аурумен, құтырмамен және т.б. табысты күресті. Аты жұқпалы деп айтып тұрғандай, бұл аурулардың емдеуші дәрігерге де қауіпі болатынын есте ұстаған жөн.

Оның біліктілігі туралы мына мақаланың үзіндісінде жақсы айтылған: Жұмабек ТАБЫНБАЕВ, «Құрметке лайықты ЛАЙЫҚ» мақаласынан:

«Бірде ауылда тұратын құрдасымды көшеден кездейсоқ жолықтырдым. Жанында келіншегі бар. Қашан көрсең де жайдары жүретін досымның жүзі тым сынық көрінді. Әлденеге абыржып тұрғаны аңғарылады. Аздап жүдеген де тәрізді. Жөн сұрастық. Айтуынша сырқаттанып жүргеніне біршама уақыт болыпты. Қызуы көтеріледі, тәбеті де төмендепті. «Ой аздырады» деген рас екен. Өзі аты жаман­ кесел шығармын деп қауіптенетін сынды. Құрдасым үшін мен де қорықтым. Не істеу керек? Есіме Орекең, білікті дәрігер Орақ Кеубасов түсті. Дереу қоңырау шалдым. Бізді мұқият тыңдаған ағамыз әлі кездеспеген емделушісіне «бруцеллез» деген қорытынды қойып, кабинетіне келуді өтінді. Бардық. Түрлі сынамалар тапсырды. Міне, керемет. Кеубасовтың диагнозы тура шықты. Ауруханада жатып ем алған құрдасым құлантаза айығып кетті. Кәсіби сауаттылық дегеніміз осы.» («Халық» газеті).

Кезекті бір іс сапарымда Орақтың үйіне қыста бардым. Үйі салқын екен. «Неге от жақпадыңдар?» деген сұрағыма жұбайы Орынша «Орекең үйдегі бар көмірді бөлімшеде отын жоқ деп алып кетті» деді. Кейін бұл әңгіменің жөнін айтқан Орақ «Бөлімше суық. Жағатын отын жоқ. Бас дәрігер отын кейін болады, қазір қаржы тапшы деп қол қусырып отыр. Содан ашуға булығып, аурухананың бас дәрігеріне: Сіз осы суық бөлімшеге өз балаларыңызды жатқызар ма едің? деп сұрақ қойдым» деген болатын. Мұны ол ерлік жасағандай емес, қарапайым адами тірлік ретінде баяндады.

Орақ жұбайы Орыншамен бірге тәрбиелеген ұл—қыздары бүгінде бір отау. Қуанышы – Талдықорғанда әскери қызметте, подполковник. Қайраты – Қазалыда, инженер. Гаухары – Ақтөбеде, Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетте аға оқытушы, магистрант. Олардан өрбіген 8 немере бар.

О.Кеубасовтың денсаулық сақтау саласындағы сіңірген еңбегі еленіп, ол кезінде «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Мақалаға арқау болған тақырыпты оның «ҚР Құрметті доноры» төсбелгісімен марапатталуы одан әрі дәлелдей түседі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Орақ өз өміріндегі ауры кезеңді бастан өткерді, онкологиялық кеселге шалдығып, операция жасатты. Дегенмен, өмірге құштар жан бұл қиындықты да жеңе білді. Қазір зейнеткерлікке шыққанына қарамастан өз сүйікті ісін жалғастыруда.

 

С.СМАҒҰЛҰЛЫ,

Әйтеке би кенті,

Қазалы ауданы

БІЛІКТІ МАМАН, АБЗАЛ АЗАМАТ ЕДІ!10 жыл. Адам өмірі үшін 10 жылды біршама уақыт деп айтуға болатындай. Себебі, 10 жылда жаңа туған нәресте мектеп табалдырығын аттап, әріп танып, сандарды санап, бастауыш білімді аяқтайды. Ал, енді жаңадан мектепке барған бала кәмелеттік жасқа жетіп, жаңа өмірге қадам басады. Жоғарғы оқу орнына түскен түлек, жас маман атанып, жаңа еңбек жолының бесінші жылын тәмамдар еді. Міне, өмір осылай «Өмір-өзен» деп аталатын, өз ағысымен өте беретіні бір жағынан қандай қуаныш болса, екінші жағынан өтіп бара жатырған уақытқа қарап, өмірдің өткінші екендігіне өкінесің. Иә, осындай өткінші бір өмір, тура 10 жыл бұрын білікті маман, абзал азамат Алмас Жақсылықұлы Жетесовті арамыздан алып кеткен болатын.

 

Бұл күн, 2006 жылдың мамыр айының бір күні еді. Осы бір азалы күн жанұя жандарының жанына өксік болып кіріп, жүректеріне жазылмастай жара салып кетті. Осы кезде қызы Жанар Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық университеттің «шет тілдер» факультетінің магистратурасын «қызыл дипломмен» бітіріп, ұлы Әлімжан Атырау мұнай- газ институтын ойдағыдай бітіріп, диплом алып, елге оралатын қуанышты сәтіне аз ғана күн қалып еді. Иә, солай дейтіндей, Алланың ісіне не шара бар.

Алмас аға 1956 жылы тамылжыған тамыздың 18-жұлдызында Арал қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Сексеуіл кентінен орта мектепті бітірген жалын ды жас, осы жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі» факультетінің түлегі атанады. Аталмыш оқу орнын ойдағыдай бітіріп, өмірге жолдама алған жас маман Қызылорда облыстық ауруханасында ЛОР дәрігері мамандығы бойынша интернатурадан өтеді.Содан соң, Арал аудандық орталық ауруханасында ЛОР мамандығы бойынша еңбек жолын бастайды.

1991-1996 жылдары аудандық аурухананың ЛОР аурулары бөлімшесінің меңгерушісі, 1996-2000 жылдары Қызылорда облыстық міндетті медициналық сақтандыру қорының Арал аудандық филиалының директоры, 2000-2006 жылдары аралығында Арал аудандық денсаулық сақтау бөлімінің ұйымдастыру-әдістемелік орталығының меңгерушісі болып өсу жолынан өтеді.

Осы жылдары экологиялық аймақта тіршілік етіп жатырған Арал ауданы адамдарының денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп, Үкімет тарапынан бірнеше рет «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттар» иеленеді. Алмас аға денсаулық сақтау саласының қай жерінде жүрмесін, өзінің терең білімі мен біліктілігі, еңбекқорлығы, өз мамандығының адал иесі ретінде еңбек еткендігін осы күнгі замандастары әлі күнге дейін құрметпен еске алады.

Солардың бірі де бірегейі, осы күнгі медицина саласының ардагері Сайлау Ботабаев ағамыз «Үмітті Арал» газетінің 2014 жылғы 27 наурызы күнгі санында «Жаны жайсаң, жақсы іні еді» атты мақаласында Алмас аға туралы: «Иман жүзді, үнемі күлімдеп жүретін бұл адамды Хақ Тағала о баста адам жанының арашасы етіп жаратқан ба дерсің. Ақ халатын киіп, палата жағалап, науқастың жанына келіп, жанға жайлы жағымды дауыспен халін сұрап, қарай бастағанда-ақ, науқас та кеселін ұмытып, оған үлкен үмітпен, өзінің құтқарушысына кездескендей, жанарынан үміт оты маздап, қуана қарсы алатын еді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, жақсы іні, абзал азамат, өз ісінің маманы, беделді жанұя басшысы ретінде еске аламыз» -деп жазған болатын.

Алмас ағаның кезіндегі медицина саласында бірге қызметтес болған ағалары мен замандастары, бүгінде марқұм болған сала майталмандары - Мамай Бұйраев, Махашбай Алмағамбетов, Ерғазы Орынбаев, Досхана Ранов, Шакидулла Жүрментаевтар мен қазіргі таңдағы білікті дәрігерлер - Алдақияр Махамбетжанов, Жеткерген Өтегенов, Нағашыбай Халықұлов, Абат Тәжіғұлов, Самат Ильясов, Гүлжан Дошниязова, Толыбай Медетов, Арғынбай Асанбаев, Асылхан Нұрхожаев, Әмірхан Жүсіпов, Серік Сералиев, Жаңаберген Жұмахметов, Жолдасбай Жақсылықов, Ғабит Нұрғалиев, Шарапат Медетов, Бақытжан Қасымов, Амантай Нұрпейісов, Балтабек Кемалов, Әшім Әлмаханов сынды дәрігерлердің бірқатары медицина саласының ардагерлері атанған. Осы елдің денсаулығын сақтауда халық ықыласына бөленген жандармен қызметтес болуы ұрпағы үшін үлкен өнеге болғандай.

Дәрігер мамандығы бәрімізге науқастың кеудесіне үміт отын тұтатып, адам өміріне араша болып, оған екінші өмір сыйлайтын жандар болып көрінеді. Әдептілік пен кішілік көрсете отырып, кісі болу Алмас ағаның өз тегінен алған тәлім-тәрбиесі екендігі аңғарылып тұратын еді.Алмас ағаның әкесі, марқұм Жақсылық Жетесов 30 жылдай «Құланды» жылқы зауытын басқарған, «Қызыл Ту» орденінің иегері, республикаға танымал тұлға екені өз замандастарының жадында мәңгі қалып, ұрпақ үшін өнегеге айналды.

Ал, анасы марқұм Шакен апа да 10 бала тәрбиелеп өсірген «Батыр Ана» болатын.

"Орнында бар оңалар” дегендей, Алмас ағаның жары Бақтыгүл Сермағамбетова -”Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі”, «Ерен енбегі үшін» медалінің иегері, бүгінде ардагер ұстаздар қатарынан саналатын аяулы жан. Тұңғыштары Жанар - Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің шетел тіл дері факультетінің «Аударма ісі» кафедрасының оқытушысы, күйеу баласы Самат - темір жол маманы, ұлы Әлімжан - мұнай-газ саласы маманы, келіні Эльвира - фармацевт, кенже қызы Анар әке жолын жалғап, үлкен арманды арқалап, Ақтөбе қаласындағы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік меди цина университетінде «Жалпы дәрігер» мамандығы бойынша интернатурадан өтуде.

Балаларынан тараған Әсем, Әлинұр, Гүлназ, Дәулет, Асқар сынды немерелері аталарының суретіне қарап, балалық са ғыныштарын баса алмай, үнемі еске алып отырады.

Шүкір, "Қыз өссе - өріс, ұл өссе - қоныс”дегендей, құда-құдағилы болып өріс кеңейген. Үлкен құдасы Елеуғазы Қиғашов, Бақтылы Абдуллина ақтөбелік ұстаздар болса, Аралдағы құдасы мен құдағайы Шүкірла Шарапатов пен Сұлуша Ешниязовалар - медицина ардагерлері.

Уақыт - емші, өміріңді жұбатады, емдейді, Өмір - айна, оңды істер тек биікке өрлейді. Дәуір көшіп, тау алыстап, тарих бетін жапқанмен, «ғалымның хаты, жақсының аты еш уақытта өшпейді» - дегендей, ендігі жерде Құдайым осы үрдістен жаңылдырмағай дейміз

 

Шолпан БАЛМАНОВА,

«Толқын» газетінің қоғамдық тілшісі.

 

Арал аудандық «Толқын» газеті. 4 мамыр 2016 жыл

Қазақстанда жоғары технологияны қолдану арқылы емделгендер саны 5 есеге арттыАСТАНА. ҚазАқпарат - 2010 жылдан бастап Қазақстанда жоғары технологияларды қолдану арқылы емделгендердің саны 5 есеге өсті.

«Сонымен бірге, аталған қызметті күнделікті енгізуге байланысты, 2014 жылдан бастап жоғары мамандандырылған көмектің (ЖММК) 30 технологиясы мамандандырылған көмек қатарына ауыстырылды. ЖММК - азаматтар диагностикалау мен емдеудің ерекше қиын тәсілін әрі бірегей медициналық технологияларды талап ететін аурумен сырқаттанған жағдайда медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетуі. 2010 жылдан бастап Денсаулық сақтаудың бірегей ұлттық жүйесін енгізу - еліміздің барлық өңірлерде жоғарғы технологиялардың белсенді дамуына ықпал етті. Бұл ЖММК-нің ауыл тұрғындарына қолжетімді болуын қамтамасыз етіп отыр», - делінген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметінде.

ЖММК қызметі 2010 жылы 10690 адамға, 2011 - 34706, 2012 жылы - 41747, 2013 жылы - 54454, 2014 жылы - 46391, сондай-ақ 2015 жылы - 55975 пациентке көрсетілді.

Сонымен бірге, елімізде соңғы жылдарда отандық трансплантологияны дамыту бойынша кешенді шаралар қолданылуда. Бұл жылдан жылға трансплантология көрсеткішін ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Егер 2010 жылы тек 2 технология енгізілсе, 2011 жылы - 4, 2012 жылы - 7, ал 2015 жылдан бастап 10-ы енгізілді. Бұл тұрғыда жүрек, бауыр, жасанды сол жақ асқазан, бүйрек, ұйқы безі, сүйек кемігін ауыстырып отырғызу бойынша оталарды қамтып отыр. Бұған дейін мұндай медициналық қызметтерді алу үшін еліміздің азаматтары тек шетел қызметтеріне жүгінетін.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда алғаш рет жүректі ауыстыру 2012 жылы жасалған болатын. Ал 2015 жылы осындай 20 ота жасалды. 2012 жылы 6 науқастың бауыры ауыстырылса, 2015 жылы мұндай ота 51 адамға жасалды. Ең көп ауыстырылып отырғызылған мүше - бүйрек. 2010 жылы - 9, ал 2015 жылы 204 ота жасалды. Сүйек кемігі 2010 жылы 1 пациентке ауыстырылды, 2015 жылы 44 адамға жасалды.

Автор:Руслан Ғаббасов

http://inform.kz/kaz/article/2899964

·Игорь Васильевич Черепанин

Лекцию читает заведующий кафедрой общей психологии и педагогики РНИМУ им. Н.И. Пирогова М.Г. Ивашкина.

Ссылка на оригинал:https://www.youtube.com/watch?v=-s58KyiUSf0

http://vrachirf.ru/concilium/21449.html

Назад Вперед