Ауа райы
Мерекелер

ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ЕМШІСІ БЕС ЖАСАР БАЛАНЫ ІЗДЕЙДІ«Тасбақа» дертінен зардап шеккен қызылордалық бес жасар Жасұлан Қорғанбекті қытайлық қазақ дәрігері сирек кездесетін «тасбақа» ауруынан айықтыра алады. Бұл туралы «Айқын» газетіне ҚХР-дың Ұйғыр-Шыңжаң өлкесінен қазақ азаматтары хабарлады.

 

Сирек кездесетін әрі жазылуықиын дертке шалдыққан балақай­дың ауыр жағдайы туралы «Айқын» газеті кешегі санында «Дертке дауа табыла ма?» деген тақырыппен жаз­ған болатын. Осыдан кейін Қытай­дың Үрімші қаласынан жанашыр қазақ азаматтары хабарласып, сонда Шыңжаң-Ұйғыр автономиясы өлке­сі ұйғыр шипаханасы тері аурулар бөлімінің меңгерушісі Әмина Қа­сымқызына баланың газетке шық­қан суретін көрсеткендерін, ол оның «тасбақа» ауруына шалдыққанын тап басып, оны емдеуге болатынды­ғын айтқанын жеткізді. Осы ақпаратты хабарлау үшін Қорғанбектер отбасы­на телефон шалдық.

Жаңбырбай Қорғанбек өз қуа­нышын жасырмай, баласын аурудан айықтыру үшін қажет болса, Қытай­ға да баратындықтарын айтты. Ол отбасының қасіретін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы естіген бейтаныс жандардың жан-жақтан қолдау көрсетіп жатқанына риза­шылығын білдірді. «Жылы жүректі адамдардың көп екендігіне көзім жетті» дейді Жаңбырбай Қорғанбек.

Ал оның зайыбы Ұлбибі баласы­мен Алматыдағы тері-венерология­лық ғылыми-зерттеу институтына келген. Дәрігерлер оған баланың еш­қа­шан жазылмайтындығын, тек сауықтыру орындарында ем қабыл­дау арқылы оның өмірін жеңілдету­ге болатындығын айтыпты.

– Бұрын «ихтиоз» деген диагноз қойған. Енді оған күмән келтіруде. Мұнда терісіне жағып жүрген дәрі­сін уақытша тоқтатып қойды. Қазір қайта тексеруден өткізуде, – дейді баланың анасы шаршаңқы әрі мұң­ды дауыспен. Ол осындай науқас­тар­ды Израиль, Әзірбайжанда мұнай­мен емдейтіндігі туралы естігенін, соған баласын апарғысы келетінін айт­ты. Алайда ондай емді бір рет қабыл­дау құны 8 миллион теңге екен. Мұн­дай шығынды қарапайым әрі жас отба­сы көтере алмайтыны анық.

Кеше Үрімшіде тұратын білікті дәрігер Әмина Қасымқызына хабар­ласқан едік. 30 жылдан бері тері ауруларын емдеуге машықтанған шипагер «тасбақа» ауруын жазуға болатындығын, одан жазылып кет­кендер бар екенін, бірақ ең алды­мен науқасты көру керектігін айтты. Оның сөзіне қарағанда, «бұл ауру­ды емдеуге ұйғыр емі қолданылып, дәрілік шөптер пайдаланылады». Қытайда тұратын қазақ азаматта­ры Қорғанбектер әулеті үшін Үрімшіге келіп, емделу де әлдеқайда арзанға түсетіндігін хабарлап, өздерінің ба­лаға тілекші екендіктерін жеткізді.

Дәрігерлер қанша басқаша тон пішсе де, қазақта: «Жазылмайтын дерт жоқ, емшісіне кез болса...» деген мақал бар. Ең бір ауыр дерттер­ден адамдардың құлан-таза айығып кеткен жайттар кездеседі. Сондық­тан бес жасар баланың жарық дү­ниедегі азапты күндері аяқталып, кең тыныстап, құрбыларымен ер­кін ойнап, рақаттанар күндері тақаудеп сенеміз.

Р е д а к ц и я д а н:

 

Бұл дерт ешкімді бей-жай қалдырмай тұр. Қытайдағы білікті дәрігер­лер қандастарымыз қатерлі дерттен баланы айықтыруға сенімменқарап отырғанда, Жасұланға біздің нақты көмегіміз қажет. Қол ұшын бе­руге даяр азаматтар табылып жатса, балақайдың ата-анасына 8 702 884 44 37 немесе 8 701 606 31 83 ұялы телефоны арқылы хабарласа алады.

"Айқын"

http://arasha.kz/post/1631