Ауа райы
Мерекелер

15 мамыр – ЖИТС (СПИД) ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніӘр жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде, Халықаралық ЖИТС (жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы) ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Бұл күн алғаш рет 1983 жылы Сан-Франциско қаласында аталып өтілген болса, қазіргі таңда әлемнің 115 елінде, 1200 жуық қоғамдық ұйымдардың атсалысуымен өткізілетін кең көлемді шаралардың бірі болып табылады.

Биылғы жылы Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні 34-ші рет өткізілмекші. Бұл күнді өткізудің мақсаты АИТВ-мен (адамның иммунитет тапшылығының вирусы) өмір сүруші адамдарға моральдік, рухани және психологиялық қолдау көрсету, АИТВ/ЖИТС проблемасының бар екенін қоғамның барлық құрылымдарының есіне салу, біздің әрқайсымыз АИТВ жұқтырған адамдар үшін не істей алатанымызды ойлану. Сонымен қатар АИТВ жұқтырғандардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. «Кемсіту нөл» ұраны арқылы АИТВ жұқтырғандар мен ЖИТС ауруына шалдыққандарға алалау, кемсіту, «таңба басу» сияқты көзқарасты азайту болып табылады.

ЮНЭЙДС-тің (БҰҰ-ның ЖИТС індетіне қарсы біріккен бағдарламасы) ақпаратына сүйенсек жер шарында 32 млн астам АИТВ жұқтырғандар өмір сүреді, оның 20 млн. ЖИТС індетінен қайтыс болған. АИТВ жұқтырғандардың көбісі 30 жасқа дейінгі жастар.

Қазіргі таңда әр түрлі үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып АИТВ/ЖИТС-тың алдын алуға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізіледі. Олардың мақсаты жалпы халықты оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді АИТВ инфекциясынан сақтандыру және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Қызыл лента

1991 жылы сәуір айында ЖИТС проблемасына қоғам назарын аудару мақсатында СПИД-ке қарсы қозғалыстың мүшесі, суретші Франк Мур "Қызыл лентаны” алғаш рет ойлап шығарды,оны алғашқылардың бірі болып Визуал АИДС ұйымының мүшелері тақты (суретшілер, өнер адамдары, т.б) Сол жылы Фредди Меркуриді еске алуға арналған концертке оның 70 мың табынушысы кеуделеріне ”Қызыл лента” тағып келді. Сол жылдан бастап "Қызыл лента ”АИТВ/ЖИТС-мен күрес және ЖИТС проблемасын түсіну қажеттігін көтерген адамдардың дауысын біріктірген үміт символы бола бастады. Бұл күндері "Қызыл лента”:

АИТВ/ЖИТС-мен өмір сүретін адамдарды алалауға, оларға таңба басуға қарсылық белігісі;

Оларға сыйластық пен дұрыс көзқарасты қалыптастырудың белгісі;

Жақын уақытта АИТВ/ЖИТС-ның емі табылады деген үміттің белгісі;

ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды есте сақтау белгісі

Дүниежүзінде АИТВ жұқтырған адамдардың ынтымақтастық символы болып табылады

Квилт

КВИЛТ-ті 1987 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында Клив Джонс атты азамат өзінің ЖИТС-тан қайтыс болған досына арнап тікті, бұл КВИЛТ-інде ол тек досына деген сүйіспеншілігін ғана емес, әрекетсіз отырған Америка елінің басшылығына өз қарсылығын да білдірді. Бұл бастаманы қаланың басқа тұрғындары да қолдағаны соншалық, КВИЛТ тігетін арнайы орталық ашылды. Бірнеше жылдан соң бұл қозғалыс әлемнің 40 елінде қолдау тапты.

КВИЛТ-әр түрлі тағдырдан хабар береді. Матаға өлгендердің аты-жөні, туған-қайтыс болған күні мен жылы, оларға деген туыстарының сағынышы кестеленіп,тіпті олардың жақсы көретін ойыншықтары мен заттары да қоса тігіледі.

КВИЛТ-АИТВ/ЖИТС-мен өмір сүретін адамдарға деген қоғам мүшелерінің көзқарасын өзгертетін бірден-бір құрал болып табылады.

АИТВ/ЖИТС жөнінде толығырақ ақпарат алғыңыз келсе 23-41-50сенім телефоны жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз.

 

Сурет www.arw.gov.by сайтынан алынды

 

Әсель ОРАЗАЛИЕВА,

Қызылорда облыстық ЖИТС-тің алдын

алу және оған қарсы күрес жөніндегі

орталықтың баспасөз хатшысы

Қара зеренің емдік қасиеттеріАСТАНА. ҚазАқпарат - Қара зере (тмин) - адам ағзасын қалыпқа келтіріп, иммунитетті көтеріп, терді тез шығарып, ыстықты түсіретін емдік қасиеті мол өсімдік.

Сонымен қатар, қан қысымын төмендетіп, қатерлі ісік ауруларының алдын алады және омырауда баласы бар аналардың сүтін көбейтіп, гармондардың дұрыс бөлінуін реттейтін қасиетке ие.

Қара зеренің вирусқа, қабынуға, түрлі бактерияларға қарсы және іштегі құрттарды түсіретін, зәр айдайтын қасиеттері де бар. Емдік өсімдіктен жасалған дәрілерді жүкті әйелдерге және ағзадағы мүшені (бүйректі немесе өтті) алып тастаған жағдайда қабылдауға болмайды, деп жазады massaget.kz.

Назарларыңызға қара зеренің емдік қасиеттері жөнінде ақпарат ұсынамыз.

Халықтық медицина қара зереден дайындалған қоспалар арқылы түрлі дертен айығуға болатынын айтады. Мәселен:

- Бронхит, демікпе, жөтел ауруларынан айығу үшін қара зире майына (1/5) зәйтүн майын қосып араластырады да, осы қоспамен көкіректі майлайды және күніне бір мезгіл қара зере майымен ауыз қуысын булайды.

- Қан қысымы қатты көтерілгенде 1 шай қасық қара зере дәнін 1 стақан шайға қосып араласырып ішеді. Содан кейін самай мен мойынды зере майымен майлайды.

- Бас ауырғанда ұнтақталған қара зере мен бәден дәнін (анис) және қалампыр (гвоздика) гүлін теңдей мөлшерде араластырып, дайын қоспадан күніге таңертең және кешкісін 1 шай қасығын қайнаған сумен қосып қабылдайды. Тағы бір тәсіл - қара зерені ұнтақтап 1 шай қасығын 3 ас қасық зәйтүн майымен араластырады. Содан соң сүзгіден өткізіп, мұрын қуысына тамызады.

- Сүйек қақсап ауырғанда 1 дана пиязды үккіштен өткізіп қайнатады да, 1 шай қасық қара зере майымен араластырады. Қоспаны күніге 2 мезгіл қабылдайды. Ауырған жерге өсімдік майын жағады.

- Асқазан жарасында 10 тамшы қара зере майын 1 стақан бал мен 1 ас қасық кептіріп ұнтақталған анар қабығымен жақсылап араластырады. Дайын қоспаны күніне аш қарынға 1 шай қасықтан 1 стақан сүтпен қосып ішеді. Емдік курсты 2 ай қабылдайды.

- Ішек құрты ауруынан айығу үшін 1 шай қасық қара зере мен үккіштен өткізілген 3 тал сарымсақ және 1 ащы қызыл бұрыш, ұнтақталған 10 дана асқабақ дәнегімен араластырып, үстінен 1 шай қасық зәйтүн майын құйып араластыруды жалғастырады. Дайын қоспаны ұйықтар алдында жеп жатады да, таңертең аскөк тұнбасы немесе қайнатпасынан 1-2 ұрттам ішеді. Қара зере мен алма сіркесуын араластырып ішке жағады.

- Артрит ауруына күніге таңертең және кешкі астан 25 минут бұрын 1 шай қасық қара зере майын ішеді. Артынша ½ стақан суға 1 ас қасық балды араластырып ішу керек.

- Тері ауруларында күніне 2-3 мезгіл 1 шай қасық қара зере майын қабылдайды. Ал теріге 1,5 шай қасық қара зере майын 1 шай қасық зәйтүн майымен араластырып жағады да 1 сағаттан соң сабындап жуады.

- Құлақ ауруында 1-2 тамшы жылы қара зере майын құлаққа тамызады.

- Жүрек қысылып ауырғанда 1 стақан ыстық сүтке 3 тамшы қара зере майын және 1 шай қасық бал қосып араластырып ішеді.

- Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін 1 шай қасық жалбызды 1 стақан суға салып бір қайнатады да сүзгіден өткізіп, 1 шай қасық бал және 7 тамшы қара зере майын тамызып араластырады. Дайын қоспаны күніге 1 мезгіл ішеді.

http://inform.kz/kaz/article/2902852